Реферат Тақырыбы:" Сыпыра жыраумен Қодан тайшыны зерттеген ғалымдар" фи22-5К2 Орындаған: Ләйлі Мөлдір



Дата25.06.2024
өлшемі81.06 Kb.
#502781
түріРеферат
елтаева


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
«М.ӘУЕЗОВ атындағыОңтүстік Қазақстан университеті»

Реферат
Тақырыбы:“ Сыпыра жыраумен Қодан тайшыны зерттеген ғалымдар”




ФИ22-5К2
Орындаған:Ләйлі Мөлдір
Қабылдаған:Елтаева Ж.

Шымкент 2024.


Жоспары:
1.Алғашқы қазақ ойшылдары Асан Қайғы , Сыпыра Жырау мен Қодан Тайшы шығармашылығының қазақ халқының рухани мәдениетінің дамуындағы маңызын көрсетеді.
2.Дешті Қыпшақтағы ауыз және жазба әдебиетін талдай отырып, тарихи маңызын зерттейді және қазақ ойшылдары мен жырауларын салыстыра отырып талдайды, қоғам өміріндегі орнына сипаттайды
1) С.Мұқанов: «Сыпыра жырау, Асан қайғы, Бұқар жыраулар XIX ғасырға дейінгі қазақ ақындарының символы, олар хан қасында отырып батырды жырлаумен қатар, сол кездегі мемлекет мәселесін шешуге қатысады», - деп ескертеді.
Сыпыра жырауды еске салатын қазақ ақындарының сөздерін, атап айтқанда, Мұрын жырау, Жамбыл, Нұрпейіс, Ығылман т.б. ақындар пікірлерін естен шығармау керек. Олар Сыпыра жырауды тарихта болған кісі және көп жырлардың шығарушысы екеніне күмән келтірген емес.
Кейінгі жылдары жырау туралы соны деректер табылуда. Есім Байболов Сыпыра жыраудың өмір жолын анықтарлық бағалы материал жариялап, оның көпшілікке белгісіз өлеңдерінен хабар береді. Ол Сыпыраның жүрген жері мен тарихта аттары мәлім адамдарға қарым-қатысы туралы деректер жариялады. Е.Байболовтың байқауынша, Сыпыра жырау Солтүстік Кавказ маңындағы Ақшахан, Еділдің бойындағы Ноғай хан, Алтын Орданы билеген Тоқтамыс ханның жерлерінде еркін жүрген адам.
М.Мағауин Телағыс, Құбағұл аттарына байланысты туыстас халықтар арасындағы барлық жырларда «Сыпыра – Сувра, Супра чырау, Сефар-дау»-деген аттармен көрінетінін айта келіп, «Сыпыра қарақалпақ әдебиетіндегі ең үлкен эпосшы, жыраулар мектебінің негізін салушы болып саналады»,- дейді.
Белгілі зерттеуші Ә.Дербісәлиннің: «Мұнда тарихи Едігеге берілген халық бағасы бар»,-деген пікірін толық мақұлдауға болады, алайда қарт жырау ханға «Қасыңа ал да, басын ал» деп кеңес бергенде, бір ғана Тоқтамыс ханның мүддесін ойлаудан гөрі, ертеңгі іргесі сөгілмес ел бүтіндігін көздеген тәрізді.
Ә.Марғұлан: «Біздің дәуірге жақындаған сайын, көне заман жыршыларының бейнесі айқын сипатқа ие бола бастайды. Қыпшақ руынан шығып, аты аңызға айналған Сыпыра жырау бейнесін XIV ғасырға жатқызған жөн...Ол XV- XVIII ғасырлардағы көптеген қазақ ақындарының көшбасшысы және ноғай-қазақ эпостарын («Ноғайлы жыры») бірден-бір жазушы кісі... Қарт жырау, ел «аңыздарына қарағанда, ең соңғы рет халық толқуларына орай» (1393) Тоқтамыс ханның шақыртуымен Маңғыстаудан әдейі келіп, хан сарайында келелі жыр толғаған», - деп жазады.
Сыпыра жырау туралы сан қырлы аңыз, әңгімелер мен жырлардың кезінде жарық көрген зерттелуіне Ш.Уәлиханов, В.В.Радлов, М.Османов (құмық ақыны), С.Сейфуллин сияқты жинаушы-фольклористердің елеулі үлес қосқаны мәлім. Айталық, Ш.Уәлиханов Едіге жырын өзге ұлттарға таныстыру мақсатымен алғаш рет орыс тіліне аударса, В.В.Радлов өзінің халық әдебиетінің үлгілеріне арналған көп томдық еңбегінде барабы, құрдақ, қырым татарларында кең тараған Тоқтамыс, Едіге туралы әр алуан аңыздарды жазып алып, жариялады. Ал М.Османов өзінің «Ноғай уа құмық шығырлары» деген кітабында «Тоқтамыс ханның хикаяты» атты жыр аралас көлемді аңыз әңгімені бастырып шығарды. Сондай- ақ, С.Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» деген жинағына Сыпыра атынан айтылатын әйгілі «Ноғайлының ауыр жұрты» атты толғауы еніп, жарық көрді. Бұлардан тыс, осы тақырыптағы аңыз, жырлар әр түрлі хрестоматия, жеке жинақтарда үздіксіз басылып келеді.
Сыпыра жырау – қазақ пен ноғай, қарақалпақ пен башқұрт, барабы, құрдақ, қырым татарларына бірдей ортақ әдеби тұлға. Мәселен, қазақтар оны « Сыпыра», «Сып жырау» (Шоқан) деп атаса, ноғайлар «Сыбыра жырау», қарақалпақтар «Сопбасылы Сыпыра жырау», башқұрттар «Сбырырай жыршы», барабы татарлары «Сафардау», құрдақ татарлары «Сұрғантайұлы Сыпыра», ал Қырым татарлары «Сыпыра жырау» деп атап кеткен. Сондықтан Сыпыра жырау туралы пікір айтқанда, оның өзге туысқан әдебиеттерде жасалған бейнесіне де зер салып, салыстыра зерттеуге тиіспіз.
Мұнда ол Сыпыра жырау атынан берілген « Ей, Оралтау, Оралтау» атты толғаудың композициялық жағынан өзгеше құрылып, ерлік пен ездікті, әділдік пен жауыздықты, шындық пен көлгірлікті шендестіре жырлайтынын айтады. Дәл осы іспеттес пікірлер ноғай әдебиетшісі Ә.Секалиев еңбектерінен де ұшырасады.
Кезінде фольклор үлгілерін жинап, бастырған ғалым, құмық ақыны Магомет Османов (1840 - 1904) Петербург университетінің шығыс тілдері факультетінде 1867 – 1881 жылдар аралығында дәріс оқи жүріп жинаған «Ногай уа кумык шығырлары» атты әңгіме кітабында ноғай-құмық фольклорының небір қайталанбас асыл үлгілерімен қатар, аталған «Тоқтамыс ханның хикаяты» атты әңгімені де қоса бастырады. Осыдан 101 жыл бұрын жарық көрген бұл әңгіме күні бүгінге дейін, ішінде Шалгез, Асанқайғы жырлары бар, сол бағалы кітаптың өзі де қалың оқушы жұртшылыққа мәлім болмай келді. Мұнда өзге барабы, құрдақ, Қырым татарлары әңгімелеріне қарағанда, Сыпыра жырау бұрын танылмаған жаңа бір қырларымен дараланып көрінеді.
Қазақ арасында аты кең жайылған (бірақ өз атымен шығармасы сақталмаған) үлкен ақын-жыраулардың бірі – Сыпыра жырау Сұрғалтайұлы. Сыпыра жырау ноғайлы-қазақ ақын-жырауларының атасы есепті. Оның өмір сүрген кезі XIV ғасыр деп шамаланады. Бірақ жырау жайындағы аңыздарда оның жасы туралы сөздер әр алуан. Бірінде 180 жас жасаған десе, енді бірінде 230 жастағы қарт жырау делінеді.Үшіншісінде тағы басқаша. Ноғайлы жырларында Сыпыра жыраудың жасы шамадан тыс әсіреленеді. Жырау бұларда да ханның ақылгөй, батагөй қарты рөлінде көрінеді. Алайда оның кезінде Дешті Қыпшақтағы ең атақты сөз зергері болғаны, мол мұра туғызғаны байқалады.
Сыпыра жырау Тоқтамыс хан тұсында XIV ғасырда жасаған. Маңғыстау мен Жайық бойын, Сарайшық қаласын мекендеген. Ол – Еділден Донға дейінгі Кубанның кең даласын, Арал теңізі мен Каспий жағасын, Қырым мен Кавказ арасын ен жайлаған қыпшақтар мен ноғай-қазақ ұлыстарының аты аңызға айналған перзенті. Тірі кезінде-ақ даңқы шартарапқа жайылып, сөз ұстаған, аузы дуалы ақсақалы, хан-қара демей, бетке айтқан сөзімен жұртын ұйыта білген, көпті көрген көне көз жырауы, жыраулық өнердің кемеңгері. Амал не, сөйлесе көмейінен өлең төгілген,ағылтегіл ақтарылған ғаламат жырлардың авторы болған ұлы жырау шығармаларын тарихтың қалың құрдымы жұтып жіберген. Ел есінде оның қадірмен есімі, кейбір естеліктер, ақыл-кеңестерінің үзік-жұлық үлгілері ғана сақталған.
Сыпыра жырау қай жырда да халық басына ауыр іс түскен мезгілде көрініп түбегейлі ой айтады, ол ой халықтың тыныш, бейбіт өмір туралы арман-тілегінен онша ұзап кетпейді. Жырдың бірінде Тоқтамыс пен Едігенің билікке таласы, Едігенің қашып кетуі, осы кездегі ноғайлы елінің ауыр халі сөз болады. Сонда сасқан ел кәріліктен жағы түсуге айналған Сыпыра жыраудан ақыл сұрайды.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002
2. “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.
3. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009
4. Чингиз-наме. Алматы, 1992. 105-106-б б.
5. Ә. Марғұлан. Ежелгі жыр, аңыздар. Алматы, 1985.
6. Х. Сүйіншәлиев. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 2006
7. Дала даналығы. Алматы, 2001

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет