Реферат Тақырыбы: «Тыныс алу жүйесінің жастық ерекшеліктерін сипаттау»



бет1/3
Дата06.09.2022
өлшемі109.5 Kb.
#460343
түріРеферат
  1   2   3
2 5235541657532767292



КеАҚ «Қарағанды медицина университеті»
Морфология және физиология кафедрасы
Реферат


Тақырыбы: «Тыныс алу жүйесінің жастық ерекшеліктерін сипаттау»
орындаған:Сейдахметов М.
Амиржанов Д.
Жантас Н.
тобы: 1004-ОМ
қабылдаған:Шайкина С.Н.
Қарағанды 2022
Жоспар:
Кеңірдек және бронхтар
Өкпе.
Тыныс алудың функциональды ерекшелігі.


Балалардағы тыныс алу жүйелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері.

Көмей және жұтқыншақ.


Нәрестенің көмейі салыстырмалы түрде тар болады. Лимфоидты сақина әлсіз. Бір жастан асқан бадамша бездері доғалардан асып шығады, бірақ крипталары әлсіз дамыған, сондықтан баспамен ерте жастағы балалар сирек ауырады. Жиі балаларда мұрынжұтқыншақтық лимфоидты тіндер (аденоидтар) өсіп кетуі болады, сондықтан ол балалардың қалыпты демалуын қиындатады. Ұзақ уақыт аденоид болған балада тұрақты «аденоиды беті» қалыптасады: үнемі ашық ауыз, мұрынмен тыныс алудың болмауы, беттін кей жерлерінде ісінулер болады.
Балалардың көмейі формасы варонка тәрізді және тар, оның шеміршегі нәзік. Дауыс байламдары үлкендерге қарағанда қысқа, сондықтан балалардың дауыстары ерекше ересектерге қарағанда. 3 жасқа дейін көмей көлемі қыздар мен ұлдарда бірдей. 3 жастан асқан соң ұлдарда қыздарға қарағанда безді бұрышта шеміршек қаттырақ болады. 10-12 жасқа келгенде дауыс байламдары ұзарады.
Кеуде қуысы. Нәрестелердің кеуде қуысы үлкендерге қарағанда дөңгелектеу болады: сагитальды өлшемдері көлденен өлшемімен бірдей. Уақыт өте алдынғы-артқы көлемі кішірейеді. Кішкентай балаларда үлендерге қарағанда қабырғалары омыртқамен көлденең түрде орналасқан. Эпигастральды бұрыш тупой. Осы себепті кішкентай балаларда ересектерге қарғанда тыныс алу жылдам әрі жиірек. Кеуде қуысының анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты нәрестенің өмірінің алғашқы күндері диафрагмальды тыныс болады. Үлкен жастағы балаларға қарағанда, нәрестелерде диафрагма баяу және әлсіз жиырылады.
Баланын өсуіне байланысты кеуде қуысы доғал пішінді болады. Оның фронтальді көлемі өседі, сагитальді салыстырмалы кішрейеді. Эпигастральды бұрыш өткір бола бастайды. Ауа өткізгіштік жоғарылап, өкпе тінінің эластикалық құрылымы дамиды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет