Реферат тақырыбы: Түркілердің мәдени мұрасы Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениетке қосқан үлесі



Дата17.02.2023
өлшемі18.65 Kb.
#469694
түріРеферат
Реферат та ырыбы Т ркілерді м дени м расы лы Жібек жолы халы


Шахмардан Есенов атындағы мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Түркілердің мәдени мұрасы Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениетке қосқан үлесі







Орындаған: Тоқмырзаева А. КЯЛ 21-1
Тексерген: Арашова


2021-2022 оқу жылы

Түркілердің мәдени мұрасы Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениетке қосқан үлесі

Ұлы Жібек жолын тек аграрлық империяларды ұзақ ғасырлар бойы жалғастырып тұрған артерия ретінде қарастыруға болмайды, себебі бұл отырықшы мемлекеттер аралдар сияқты өзара түйіспей оқшау тұрған. Оларды түркілердің көшпелі ұлыс-тайпалары байланыстырып келді. Негізгі мәдени ауысулар қазіргі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу бойымен өтті, яғни бұл ареалды өркениеттердің тоғысқан жері деп қарастыруға болады. Ұлы жібек жолы бойында еуразиялық көшпелілер біртіндеп өркениеттенуді бастарынан өткізді, олар өз ордаларын, қалаларын, керуен сарайларын салып, саудаға бақылау жүргізді. Бұл кезеңде отырықшы өркениет көшпелілердің қару-жарақ, ат әбзелдерімен, әртүрлі бұйымдарымен танысып, өздеріне қабылдады. Қазіргі жаһанданудың алыс үлгісі ретінде Ұлы Жібек жолы Ұлы географиялық ашуларға дейін өмір сүрген. Ол тек өркениеттің индустриялық толқынына түрлі себептермен ілесе алмады.


«Ұлы Жібек жолы» 2 мың жыл бойы өмір сүрген. Ол әлем тарихында дара ерекше құбылыс болды, Тынық мұхит пен Атлант мұхитының арасындағы көптеген халықтарды біріктірді. Жібек жолы деген ат толық мағына бермейді. Жібекпен сауда жасау б.з.д. ІІ және б.з.д. І мыңжылдықта ғана болды.
Ұлы Жібек жолы әр түрлі сауда, мәдени жаңалық және жаңа ойлардың таралу жолы, Еуразиядағы көшпелілер мен отырықшы халықтардың даму жолы болды. Жібек жолы өркениет жолы болды».
Ұлы Жібек жолы қалай танымал бола бастады деген сұрақ қойсақ, онда ол тек б.д.д. ІІ ғасырдың орта шеңінен бастап қана тұрақты мәдени ауысулардың артериясына айналғанын көреміз. Бұл атақты Чжан Цзян есімімен байланысты. Осы жөнінде К. Байпақов пен А. Нұржанов мынадай деректер келтіреді: Қытай императоры У Ди өзі көрмеген Батыс елдеріне жұмсаған князі Чжан Цзян бастаған елші керуенінің Хань астанасынан шыққан кезінен, яғни 138 жылдан, Ұлы Жібек жолының танымалдығы басталды. Чжан Цзян 13 жылдан кейін қайтып оралды. Ол осы күнгі Ауғанстанның шет аймақтарына жете алды және Қытайдың ішкі аудандарынан Орталық Азияға дейін тура жолмен тұңғыш рет жүріп өтті. Содан соң жібек тиілген керуен Батысқа соның ізімен аттанып, Қытайға Жерорта теңізінен, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядан тауарлар алып қайтты.
Мәдениет мәселесін сөз еткенде мына бір сөздер есімізде болғаны жөн. Елдің экономикалық көрсеткіші - уақытша көрсеткіш. Ал мәдениеттік көрсеткіші – мәңгілік көрсеткіш. Мұның мәнісі мынада: бүкіл адамзат тарихына ой жіберсек, бір де бір елдің экономикалық көрсеткіші тұрақты, бірқалыпты болмағанын көреміз. Бірнеше ғасыр бойы экономикасы шалқып, орасан байлыққа бөгіп тұрған бір де бір ел болмаған. Немесе, керісінше, бірнеше ғасыр бойы қайыршылықта, жоқшылықта өмір сүрген елді де білмейміз. Ал, мәдени көрсеткіш мәңгілік дейтін себебіміз, айталық, ұлы құрылыстар һәм ғажайып ғимараттар мәңгілікке тұрады емес пе? Сөйтіп, олар сол елдің даңқын мәңгілік сақтайды. Мысалы, Қытайдың ұлы қабырғасы, немесе Бабылдың ғажайып мұнарасын алайық. Сол секілді ел ішінен шыққан ұлы данышпандар – Конфуций, Сократ, әл-Фараби сияқты композиторлар, ақын-жазушылар да, олардың келесі ұрпаққа мұра етіп қалдырған шығармалары да мәңгілік.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет