Реферат тақырыбы: Тұтас құймалы темірбетоннан орындалған ғимараттар Темірбетон конструкциялары



бет6/6
Дата17.10.2023
өлшемі35.54 Kb.
#480894
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
СТР-21-3 Хамит Е.

Қорытынды

Өнеркәсіп құрылысында жерүсті ғимараттарында тұтас құймалы бетон жобалық емес көпқабатты үймереттерді, көпқабатты бір аралықты және көп аралықты име қораларды, қатқыл ядроларды, резервуарларды , түтін шығатын мұржаларды, су тартатын мұнараларды, сүрлем ұраларын, градирендерді, ауқымды жабулар және басқаларын тұрғызу кезінде қолданылады. Ол сонымен қатар жер асты және инженерлік ғимараттардың (жертөлелер, іргетастар, туннелдер, т.б.) құрылыстарында кеңінен қолданылады.


Ауыл шаруашылығы құрылысында тұтасқұймалы бетоннан элеваторлар, силостар, резервуарлар, астық қоймалары, алаңдар, сондай-ақ ирригация мен мелиорацияға байланысты басқа да ғимараттар салынады.
Тұрғын үй, азаматтық құрылыста тұтас құймалы және құрам-құймалы үймереттерді тұрғызудан басқа тұтас құйма бетон кейін құрама құралымдармен өрнектеліп салынатын панельді үймереттерде қатқыл ядролар құрылғысында кеңінен пайдаланылады. Оған қоса жерасты гараждарын және басқа ғимараттарды, жеке тұратын немесе тұрғын үйлердің астына орналастыратын ғимараттардың құрылыстарында, крансыз жинақталатын жабуларды дайындауда қолданылады.
Көпқабатты тұтас құймалы үй құрылысында сәулеттік-жоспарлау, құрылымдық және технологиялық параметрлер арасында тығыз байланыс орныққын. Мәселен белгілі бір қалып жүйесін таңдау айтарлықтай жағдайда үймереттің көлемдік-жоспаллық шешіміне байланысты болады, ал қабылданған қалып жүйесі өз кезегінде құралымдық элементтер арасындағы арақатынасты айқындай алады. Осының өзі сайып келгенде тұтас құймалы көпқабатты үймереттердегі технологиялық факторды міндетті түрле жобалау сатысында ескеру қажет екендігін білдіреді.
Тұтас құймалы бетоннан көпқабатты үйлерді тұрғызудың жобалық шешімдерінде көп жағдайда тұтас құймалы сыртқы және ішкі қабырғалары және құрама жабуларымен бірге құрама-тұтас құймалы вариант қарастырылған. Осындай құрылымдылық вариантта жоспарлы шешімдерді үйлестіру мүмкіндігі ықшамдалады да тұтас құймалы жабулардың осындай артықшылықтары жүзеге асырылмайды.
Сол сияқты тұйықталған айналым бойынша тұтас құймалы жабулар қондырғысы да технологиялық үзілістерге байланысты. Ол қалыпты алу және ауыстыру немесе алымдармен жұмыс жүргізу жөніндегі күрделі де ауыр еңбек операцияларынан туындайды. Осының өзі салу ұзақтығы едәуір үймереттер құрылыстарын жүргізген жағдайда ғана мүмкін.
Тұтас құймалы бетоннан салынған құрылыстардың техникалық-экономикалық көрсеткіштері көп жағдайда үймереттерді тұрғызудың технологиялық үлгілерінің қолданылуына байланысты. Сондықтан өндірістік жұмыстардың жобаларын жасаған және құрылысты ұйымдастырған кезде таңдаған құралымдардың түрі мен ерекшелігі, оларды тұрғызудың шарттары, бетон жұмыстары өндірісінің ерекшеліктері ескерілген анағұрлым тиімді технологиялық үлгілер пайдалануға тиісті.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



  1. Іңкәрбаев Н.О. Архитектура. Оқу құралы. Алматы. «Эверо» баспасы,2009-826.

  2. Хамзин С.Қ. Құрылыс процестерінің технологиясы. Оқулық. - Алматы: Баспагер, 1997

  3. Қ.А. Бисенов, Р.Ә. Нарманова, С.С. Үдербаев. Құрылысматериалдары мен бұйымдары. Оқуқұралы – Алматы. Баспа Маркет, 2007

  4. https://ppt-online.org/524466

  5. https://kk.m.wikipedia.org

  6. https://stud.kz


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет