Реферат тақырып: М.Өтемісұлы және дәстүрлі жыраулық поэзия


Әлеуметшілдік, ойшылдық сарыны- Бұхар заманы



бет2/4
Дата04.04.2024
өлшемі65.52 Kb.
#497697
түріРеферат
1   2   3   4
Нурмуханова Торгын СРС

1. Әлеуметшілдік, ойшылдық сарыны- Бұхар заманы.
2. Ісшілдік-Махамбет.
3. Дін мен мәдениет- Ыбырай.[2;122]
XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихында Махамбет пен Абай шығармашылығы өзінше бөлек үлкен бір бел. Абай XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ өмірінің шындығын поэтикалық өрнекке бөлей білген кемеңгер ақын болса, Махамбет XIX ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүріп, сол кезеңнің дүбірлі тарихи оқиғасының жалынды жаршысы,насихатшысы болды. Махамбет-бұл мәселеде шаруалар қозғалысына сүйенген жауынгер, күрескер ақын.[1;449]
Махамбет – қазақ әдебиетінде ең бірінші болып хан-сұлтандарға қарсы халық қарғысын батыл да ашық айтқан екен. Оларды халыққа қарсы екі жүзді саясат жүргізіп жатқан албасты, аяусыз тонап жатқан жыртқыш қасқыр, қара шұбар жылан, айыр құйрық шаян бейнесінде бір жақты суреттеді. Қасарысқан сұлтандар тобына қарсы күрескен халық ерлерінің айбынды күшін суреттеуде халық ерлерінің айбынды күшін суреттеуде де ақынның батылдығы барынша айқын.[3:25]
Махамбеттің ақындық беті айқын. Ол – халық үшін бар өмірін сарп еткен, ел үшін туған ер ақын. Махамбет поэзиясының реализмі оның халықтығымен ұштасып жатады.
Махамбет өлеңдері – халықтың сарқылмас күш-қуатын бейнелейтін нағыз азаттық күрес идеясындағы көркем шығарма. Әрбір өлеңі оқушысының көкейіне бірден-ақ қона кетеді. Термелеп сөз қатып, өміршең жыр толғайды. Өмір, табиғат, қоғам өзгеріс-құбылыстары, табиғи заңдылықтары туралы тұспалды шумақтар туғызады. Бұндай жолдары ақынның тек жалаң үгітші емес, терең ойдың, зор парасаттың адамы екенін танытады.
Махамбет өлеңдері көтерілістен кейінгі тарихи шындықты да дұрыс баяндап береді. Махамбеттің бірқатар өлеңдері лиро-эпикалық түрге жатады. Бірақ бұл сөзден олардың ішінде лирика жоқ деген ұғым тумауы керек. Өзі мен Исатайдың алға қойған тілек, мақсаттарын өздерінің хан-сұлтандарға қарым- қатынастарын жай баяндау түрінде айта келіп, кей жерлерінде, не лирикалық шегініс ретінде, не ішкі күйінішін сыртқа шығару мақсатымен айтылған лирикалық шумақтарда да аз кездеспейді. Екінші сзбен айтқанда, Махамбеттің бірқатар өлеңдерінде эпостық баяндау сарыны жалынды лирикамен сарындас келеді.[3:29]
«Махамбет поэзиясынан оның өмірі мен шығармашылық жолының бірнеше кезеңнен тұратынын байқауға болады. Айталық, алғашқы кезеңі – Жәңгір ордасына келгенге дейінгі және ордада жүрген мезгілі. Жылмен есептесек, бұл 1821-1827 жылдарға сәйкес келеді. Осының соңғы 4-5 жылы ордада жүрген уақыты деп шамаланады. Екінші кезеңі – Махамбеттің ордадан аласталып, елді көтеріліске үндеген шағы деуге болады. Бұл – 1829-1835 жылдар шамасы. Үшінші кезеңі – Махамбеттің тікелей көтеріліске қатысып, оның идеологы болған тұс, яғни 1836-1838 жылдар. Төртінші кезең – көтеріліс жеңіліп, Махамбеттің құғынға түсуі.» - дейді Сейіт Қасқабасов.
Махамбет поэзиясы 1920 жылдары жинала бастады. 1923 жылы Ташкентте Ә. Диваев бастырған «Терме», «Сана» журналдарында оның 2-3 толғауы басылады. Соның бірі оның «Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзі» болатын. Қазірде Махамбет мұрасына қатысты өлеңдер саны – 79, хаттары тағы бар. Бұл өлеңдер «Махамбет Өтемісұлы» (1958), «Махамбет» (1962), «Ереуіл атқа ер салмай» (1989) деген атпен бірнеше рет басылып шықты.[3;33]
Ақынның бүкіл өмірі мен ақындық қуаты түгелдей дерлік халық азаттығы қамына жұмсалды. Махамбеттің алып жүрегі халыққа атой салған қоңыраудай күмбірлеп,тау құлатар тасқын толқынындай тулап, дамыл таппады. Кеудесін кернеп, халқының мұңы мен зарын толғады.
Махамбет қалың көпшілік басындағы бақытсыздықты тек қана бір құдайдың ісі деп,сол тәңірдің ғана рақымын тілеп,тағдырға бас ұруға жүгіндірген қараңғылық торына қарсы болды. Ол езілген елдің өз күшіне сенімін молайтып,жарқын болашаққа көзін жеткізуге күш салды. Еңбекші басындағы барлық ауыртпалықтың түп тамыры патша мен хан,сұлтандардың тонағыш езгісінде екенін танытуды көздеді. Осындай ізгі ниет ақындық зор шабытқа ұштасып, халық жүрегіндегі қайғыны серпілтер, ел еңсесін көтерер жігерлі жыр туғызды.
Махамбет Өтемісұлының тарихи дәуір туғызған асыл өлеңі - әрине, бүгінгі махамбеттану өресінен ашқанда зар заманның күйі жайлы жалпы ұғымға «сыймайтын» өр рухты өнер. Сонымен бірге тарих көлемінде қарастырғанда Махамбеттің поэзиясы - отаршыл- дықтың «ісшілдік кезеңі», қазақ орысқа бағынбаймын деп, қолына қаруалып азаттық күреске шыққан тарихи кезеңнің тікелей жемісі. Мұхтар Әуезов зар заман дәуіріндегі әр кезеңнің өз сарыны, өз күйі болғанын, өз ерекшелігін, сонымен қатар бар кезеңді қосқан күй азаттық сарыны болғандығын анық айтты. М. Әуезов қазақ жерінің мемлекет меншігіне өтіп, елдің «жер отарына» айналған тұсындағы заман шындығы бодан елдің әде- биетіне қандай-қандай бағыт туғызғанын таратып ұғынуды, ашып, ажыратып қарауды ұрпақ еншісіне қалдырған. Дін қиссаларының таралу себептері, жалпы XIX ғасырдағы қазақ қоғамындағы дін саясаты жайлы қазіргі уақытта біршама жинақталған, жүйелі таным орнықты. Біздіңше, ХХ ғасыр басында зар заман әдебиетіндегі дін сарынын Мұхтар Әуезов те өзімен өрістес, қазақтың озық ойлы адамының бірі Халел Досмұхамедұлының мына бір тұжырымындағы негізде қабылдап, бағалаған. «Қазақтың жазба әдебиетінің негізін мұсылманша оқыған, сауатты ақындар салғаны сөзсіз. Сондықтан жазба әдебиеттің алғашқы үлгілерін халық поэзиясының діни және ғибраттық түрлерінен здеу қажет». Осыған ұқсас ойды XIX ғасырдың ішінде шығыстанушы В.В. Радлов та айтқан. Көрнекті ғалым, профессор Бейсенбай Кенжебаев діни ағым, әдебиеттегі дін жайы деген мәселелермен, әсіресе ХХ ғасыр басын- дағы қазақ әдебиетін зерттеуінде жиі-жиі ұшырасып отырды.[2;123]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет