«Қызық екен...» бағдарламасының сценарийі
Күні: 03.03.2023ж.
Іс-шара тақырыбы: «Мен оқыған кітап»
Іс-шара түрі: әдеби талдау
Қатысушылар: 10-сынып оқушылары
Мақсаты: оқушылардың оқыған көркем әдебиеттерінен қызықты ақпараттар ұсынуы, оқыған кітаптарын насихаттауы.
Жауапты мұғалімдер: Н.Әлиева, Г.Тілеубергенова, С.Серікбаева
1.Ұйымдастыру.
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, озық ойлы оқушылар!
Мектебімізде 2020 жылдан бастап «Оқуға құштар мектеп» жобасы жұмыс жасайды. Жобаның мақсаты – оқушыларды кітап оқуға баулу.
Қазақтың театр және кино өнерінің майталманы Серке Қожамқұловтың: «Кітап – өмір ұстазы. Сондықтан жасөспірімдер кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай, өмірді білу, білім алу мүмкін емес» деген сүбелі сөзі өміршеңдігін жойған жоқ.
Ендеше, оқушылардың оқыған кітаптары бойынша білімі мен танымын сарапқа салатын «Қызық екен...» бағдарламасына қош келдіңіздер! Интеллектуалды бағдарламаға 10-сынып оқушыларынан 2 топ қатысады.
Қызық екен...
* Британдық жазушы Вирджиния Вулф өзінің барлық кітаптарын тұрып жазғанын білесіз бе?
* Американдық конгресс кітапханасы – планетадағы ең үлкен кітапхана. Бүгінгі күні кітапхана сөрелерінде 14,5 млн-ға жуық кітаптар, брошюралар, 13.200 том газеттер бар.
Әділ қазылар алқасымен таныстыру.
«Қызық екен» бағдарламасының әділ шешімін берер әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1.
2.
3.
Бағдарлама 2 бөлімнен тұрады.
1-бөлім «Тұлғаны таны» деп аталады. Мұнда оқушылар қазақтың ақын-жазушыларына байланысты берілген қызық деректерден жасырылған тұлғаның кім екенін анықтайды. Екі топқа 10 сұрақ беріледі. Бір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Топ мүшелері сұрақтарға жауапты ұялы телефон арқылы жауап береді. Ең бастысы - тез әрі дұрыс жауап беру.
1-сұрақ. Ол «Қазақ поэзиясының Құлагері» атанған ақын Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасын репрессия жылдарында жастықтың ішіне тығып, келер ұрпаққа жеткізіп, азаматтық іс жасаған.
А. Сырбай Мәуленов
В. Жұбан Молдағалиев
Достарыңызбен бөлісу: |