Реферат Тақырып: Тіл туралы ілім болмыстың ақиқаты ретінде



бет2/4
Дата16.09.2024
өлшемі68.67 Kb.
#503661
түріРеферат
1   2   3   4
реферат Аймара

Негізгі бөлім
1) Философия тарихында XIX ғасыр аяғымен XX ғасыр басында «тіл философиясы» деп аталатын философиялық бағыт қалыптасты. Тіл философиясы – тілдің танымдық құрылымын ашатын философияның зерттеу саласы. Бұл философиялық бағытта, ең алдымен, тіл құрылымдарының ойды қалай өзгертетіндігі, тілден бөлінбейтін ой қалайша тіл заңдылықтары бойынша өмір сүре бастайтындығын анықтаған. Бұл ілімнің қалыптасуын белгілі ойшыл Вильгельм Гумбольд есімімен байланыстырады. Ойшыл өз еңбегінде «Тіл ұлттың рухан құндылығы, тіл арқылы адамда ойлау мәдениеті қалыптасып, дүниені меңгереді» деп саралайды.
Тілдің шығуы туралы Маркстік көзқарасқа дейін де бірқатар ой-пікірлер мен жорамал теориялар болды және олар қазірде де бар. Олардың бірі ежелгі грек философиясынан бастау алатын “дыбысқа еліктеу” (немесе аноматопоэтикалық) деп аталатын теория тілдің шығуын табиғатта болатын түрліше дыбыстарға еліктеудің нәтижесі деп түсіндіреді. Әсіресе 18-19 ғасырларда кеңінен өріс алған бұл теорияны жақтаушылардың бірі неміс философы Г.Лейбниц (1646-1716) алғашқы адамдар жануарлар мен табиғат құбылыстарының дыбыстарын, мысалы, құстардың сайрауын, қасқырдың ұлуын, өзен суының сылдырын т.б. есітіп, соларға еліктеуден әртүрлі дыбыстар шығарды дейді. Бірақ табиғатта дыбыс шығармайтын да заттар мен құбылыстар көп екені, олардың атау сөздері де мол екені белгілі. Бұл теория тілдің шығуының себептерін дыбысқа еліктеуден іздеп, тілдің әлеуметтік себептерін ескерусіз қалдырады, өйткені бұл теория тілді қоғамдық кұбылыс емес, табиғат құбылысы, "табиғаттың адамға тартқан сыйы" деген логикалық қорытынды шығаруға жетелейді.
XIX ғасырда еңбек айқайы ("Трудовые выкрики") деп аталатын тұрпайы материалистік теория пайда болды. Оның өкілдері Людвиг Нуаре, Карл Бюхнер, т.б. алғашқы адамдардың еңбек ету кезінде шығарған рефлексті айқайларының негізінде пайда болды, бұл айқайлар ең алдымен етістік сөздердің шығуына негіз болды деп пайымдады. Бұл теорияны жақтаушылардың қателігі сол, олар тілді адамдардың қарым-қатынас кұралы ретінде түсінбей, тек еңбек процесін қостаушы көмекші кұрал деп түсінді. Олардың тілдің шығуының себепшісі болған алғашқы сөздер етістіктер еді деген пікірінің ешқандай ғылыми негізі жоқ. Тілді табиғи организм деп түсіндіретін натуралистік теория және басқа таза биологиялық ағым немесе тілдің шығуы мен дамуын Құдайдың құдіретті күшінің нәтижесі деп түсіндіретін діни-идеалистік теориялар т.б. бұрында да бар еді, қазірде де жоқ емес. Бірақ олардың бәрі, сыйып келгенше, ғылыми емес теориялар екендігін атап айтпасқа болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет