Реферат Тақырып: Тіл туралы ілім болмыстың ақиқаты ретінде



бет1/4
Дата16.09.2024
өлшемі68.67 Kb.
#503661
түріРеферат
  1   2   3   4
реферат Аймара





Әлеуметтік-гуманитариялық пәндер кафедресы

Реферат


Тақырып: Тіл туралы ілім болмыстың ақиқаты ретінде.

Орындаған: Кенес Аймара


Топ: ВМ-МҚқБ-01-23
Қабылдаған:Жанысбеков Мұрат Әшімұлы
Шымкент 2024 жыл
Жоспар:

  • Кіріспе;

  • Негізгі бөлім
    1. Философия тарихы

2. Тілдің пайда болуы туралы


Кіріспе
Тіл – адам баласының барша тіршілік болмысымен ұштасып жатқан құндылығы, ұлттың рухани тағлымы, ұлт болмысының түп қазығы. Кез келген ұлтты тану үшін, сол ұлттың бойына сіңген ұлттық құндылықтарды тани білуіміз қажет. Ұлт үшін маңызды ұлттық құндылықтардың бірі – тіл. Ол ұлттық дүниежүзілік өркениеттер арасындағы өзіндік ерекшелігін, шынайы болмысын, келбетін көрсетеді. Тіл адамзат өмірінде, қоғамдық қатынастарда айрықша қызмет атқармақ. Ұлы ойшыл Әл-Фараби өз дүниетанымында «Адам көп нәрсеге мұқтаж болғандықтан, өзіне керегін қоғамдық ортадан ғана таба алады. Осыдан келіп олардың әлеуметтік мәні қалыптасады» - деген екен. Адамның қоғамдық ортада әлеуметтік мәнінің қалыптасуында тілдің ролі айрықша. Осы ретте: «Қоғамның рухани, моральдық азғындауына тосқауылды сырттан емес, әрбір адам өз бойына ұлттық нышандарды сіңіру арқылы қарсы тұруы керек», – деген Лао-Цзы ойының маңызы өте зор. Кез келген ұлт, ұлттың қамалы болып тұрған құндылықтарды сақтап қалуы адамзат өмірі үшін ең негізгі мәселе.
Қазақ мемлекеті Мәңгілік Елге айналудың алғашқы қадамы ретінде ұлттық құндылық ретінде тілді дәріптеу қажет. Ұлттың ұлт болып ұйысу үшін, тілдің философиялық мәнін ашатын зерттеулер қазіргі қоғам үшін маңызды құбылыс болып табылмақ. Кез келген ұлт үшін тілдің философиялық мәні, адамзат өмірінде орыны айрықша. Тіл қоғамда адамның рухани жетілуіне, кемелденуіне қызмет ететін рухани құндылықтардың бірі. Әрбір ұлттың рухани байлығы тілмен астасып жатыр. Қоғамдық өмірде саналы адам тәндік қажеттіліктен әлдеқайда кең, әлдеқайда терең әлемде өмір сүруді аңсайды. Ол ‒ рухани әлем. Адамның өмір сүруінде екі әлем бар: биологиялық және рухани әлем. Биологиялық әлем ‒ адамның тәндік қажеттіліктерін ғана қанағаттандырса, рухани әлем ‒ адамды мәңгіліктің аясында өмір сүруге шақыратын әлем. Биологиялық жағдай ‒ ұрпақ жалғастыру, із-түссіз жоғалып кетпеудің кепілі. Өмір адам үшін белгілі бір мәнділікке ие болған кезде ғана өмір болып табылады. Адам күнделікті мұқтаждықпен ғана күн кеше алмайды, ол үнемі толғанады. Адам табиғаты шексіз, жан-жақты. Ол биологиялық дамуды ғана емес, қоғамдық, рухани дамуды да қажет етеді. Сондай адамның рухани дамуынан туған құндылықтардың бірі ‒ тілі, мәдениеті, діні, дәстүрі. Ал, мәңгіліктің аясы ‒ рухани дүние. Рухани өмірде адам барлық адамдармен теңесе алады, биік құндылықтарға қол созады.
Тілдің философиялық мәні - Рухани байлық әр кезде әр халықты ұлт ретінде сақтап қалатын және оны өзгелермен қатар өмір сүру құқығын дәлелдейтін императив. Сондықтан, қазақ халқының дүниетанымында «тіл - ұлт айнасы» деген сөз бекер айтылмаған. Тілді сүю дегеніміз, ұлтты сүю және оны бағалау.Кез келген халықтың өмір салты, әдет -ғұрпы мен мәдениеті оның тілінен көрінеді. Қазіргі қазақ халқы және еліміздің болашағы үшін, тіл басымдылық танытатын құндылықтардың бірі болып табылмақ.
Философия тарихында құндылықтардың қалыптасу мәселесі ерте заманан бері ғұламалардың назарында болып келді. Философия тарихындағы көрнекті ойшылдар әрбір ұлт үшін тілден биік құндылықтың жоқ екендігін, тілдің жоғалуы ұлттың жоғалуымен бірдей құбылыс ретінде айтылған болатын. Тілдің қалыптасу негізін адамның пайда болу процесімен байланысты. Тілдің қалыптасып пайда болу процессін ғылымда глоттогенез деп атаған. Жер бетінде мыңдаған жеке тілдер бар. Олардың өзара айырмашылықтарымен өзара ұқсастығыда бар. Құран Кәрімде Алла әр халықты бөлек жаратты делінеді. 5-Мәида сүресінің 48 аятында: «Сендердің әр біреулерің үшін бір жол-жоба қойдық. Егер Алла қаласа, барлығыңды бір-ақ үммет қылар еді», – деп анық айтылған.
Тіл ұлттың өзіндік дара ерекше белгісі болып табылмақ. Қандайда бір ұлтқа тән тіл, сол ұлттың игілігіне қызмет ететін қоғамдық құбылыс. Ол адамның ой-санасының дамуының, жеткізуінің, қарым-қатынас жасауының басты құралы. Жер бетіндегі әр ұлттың географиялық өмір сүру аймағы, өзіне тән тұрмыс дағдысы, дүниені тануы, тілі, діни көзқарасы, мәдениеті және соған сәйкес салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ырым-тыйымдары бар болуы заңды құбылыс. Онсыз ешқандай өркендеу, өсіп-өну, даму, тіршілік нышанын көзге елестету қиын. Дамудың ең төменгі сатысында тіршілік кешетін халықтардың да өз тілі, мәдениеті, діні, дәстүрі, әдет-ғұрыптары, ритуалдары бар. Оған тыйым салуға ешкімнің құқы жоқ. Әрбір жеке дара халық елдік тілін, дәстүрін, мәдениетін, дінін айнытпай сақтап, ұрпақтан ұрпаққа көшіре беруге аса мүдделі. Өркениеттің ең жоғарғы сатысына өткен озық, көшбасшы елдердің ұлттық тілге, мәдениетке, дінге, дәстүрге айрықша мән беретіні, ерекше ұстанатындығы сондықтан. Бұл оларға артықшылық сипат беріп, рухтандырып, өзге халықтардың көзінде мәртебесін асырып тұрады. Төл құндылықтарын берік ұстанған ұлттар жер бетінен ешқашан азып-тозып, бүліншілікке ұшырап, жоғалып кетпейді. Сыртқы жау келсе алдырмайды, ішкі кеселге бой бермейді. Сөйтіп, жарық дүние тұрғанша тұрады. Себебі төл құндылықтардың болымыстық негізінде жасампаз ұлттық рух жатыр.
Философияда тілдің қалыптасуын қоғамдық құбылыстармен байланыстыра отырып, белгілі бір қажеттіліктен туындаған құбылыс ретінде таниды. Сондықтан тіл мәселесі философиядағы «Адам-Әлем» қатынасының ажырамас бөлігі болып табылады. Тіл философиялық теорияның бір саласы ретінде танылмақ және бұл мәселені теориялық сараптаудан өткізе отырып, тілді адамның ойлау болымысымен байланысты құбылыс ретінде мәнін ашу, қазіргі таңда философияның өзекті мәселелерінің бірі болып табылмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет