Таубаев Нурлан Зауирбекович
Экономиканың даму жағдайында бизнестің перспективалары
(Қызылорда облысы мәліметтері негізінде)
6М050600 – Экономика мамандығы
Экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертацияның
РЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Қызылорда, 2013ж.
Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалған.
Ғылыми жетекші: экономика ғылымдарының
кандидаты Қ.С. Мұстафаев
Ресми опонент: экономика ғылымдарының
докторы, профессор Г.К. Сапарова
Магистрлік диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады.
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бизнес – кез-келген нарықтық экономиканың серпінді дамушы секторы болып табылады. Ол негізінен пайдалы қазба байлықтарының қорларымен емес, білім және инновация тұрғысынан жетістік айқындалатын жаңа жағдайларда тұрақты және үздіксіз дамуға негізделген.
Нарықтық қарым-қатынастың тең жылдамдықпен дамуы оның Қазақстан Республикасында да тең қалыптасуына жағдай жасады. Бірақ, егер әлемнің көптеген елдерінде бизнес ЖІӨ-ге айтарлықтай үлес қосса, қазақстандық экономикада бұл әлі жеткілікті деңгейде жеткен жоқ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың экономикада жүргізіп отырған саясатының арқасында соңғы жылдары Қазақстан Республикасы бірқатар әлеуметтік-экономикалық табыстарға қол жеткізді. Минералды – шикізаттық ресурстар экспорты ұлттық экономика үшін болып жатқан дағдарыстарға төтеп беруге және экономикалық өсудің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Алайда, қазіргі өсім сапасы қанағаттанарлық дәрежеде емес. Сапалы өсімнің жүзеге асырылмауы жоғары технологиялардың дұрыс пайдаланылмауынан болып отыр.
Сондықтан, Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдің экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі ретінде кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, әсіресе шағын және орта бизнестің тұғырын кеңейту мен нығайту қажеттігін, сондай-ақ шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс деп атап көрсетті.
Жолдауда сондай-ақ, «Бизнесті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау» деп баса назар аударып, отандық шағын және орта бизнестің экономикалық бағытымызды айқындайтын әрі қозғаушы күш болып табылатынын көлденең тартты. Елбасының айтуынша, шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс: «Біріншіден, біз адамға ол үшін мемлекет барлық проблемаларын шешіп беруін күтпей, өзін бизнесте сынап көруге, елде жасалып жатқан экономикалық өзгерістерге толыққанды қатысушыға айналуына жағдай туғызуымыз керек. Іскерлік мәдениетінің деңгейін көтеру мен кәсіпкерлік бастаманы ынталандырудың маңызы үлкен». Аталған мәселелерді жүзеге асыру үшін шағын және орта бизнестің бірлестіктер мен кооперацияларға ұмтылысын көтермелеу, оларды қолдау мен көтермелеудің жүйесін жасау керек. Сонымен қатар жергілікті бизнес-бастамаларды көтермелеу және мейлінше аз, бірақ қатаң реттеу есебінен ішкі нарықты дамыту, кәсіпкерлік жолындағы қолдан жасалатын кедергілерді болдырмау үшін мемлекеттік шенеуніктерге арналған жаңа, әлдеқайда қатаң жауапкершілік жүйесін енгізуді қарастыру, жаңа жағдайларды, соның ішінде біздің Еуразиялық экономикалық кеңістікке қатысуымызды, алда Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіретінімізді ескере отырып, отандық кәсіпкерлерді қолдау тетіктерін жетілдіру және олардың мүдделерін қорғау мен ілгерілету үшін қажетті барлық шараны қабылдау да өте маңызды. Бұл орайда «Бүгінгі күннің міндеті – ұсақ кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерді орта деңгейге көшіру үшін жағдай және алғышарттар қалыптастыру. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта шағын және орта бизнеске салық салу жүйесіндегі қиғаштықтар олардың дамуы мен өсуіне кедергі келтіруде. Бұл тұста біз шағын және орта іскерлік сегменттеріне түсетін күшті ауырлатпауға тиіспіз» деп ашық айтқан Президент 2013 жылдың бірінші алғашқы жартысында Қазақстан азаматтарының өмір-тіршілігі қауіпсіздігіне тікелей ықпал етпейтін барлық рұқсаттар мен лицензияларды қайтарып алып, оларды хабарландырумен ауыстыру туралы Үкіметке тапсырма бергенін жеткізді. Ол үшін «заңнамалық негізде бизнеске ұсынатын тауар, жұмыс және қызмет сапасын бақылау мәселелерін өзі реттейтін жағдай тудыру қажет. Бізге тұтынушылар үшін сот шешімдерін қабылдаудың көпдеңгейлі жүйесін алып тастап, олардың құқығын қорғаудың жаңа жүйесін әзірлеп шығу керек. Екіншіден, Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі принципіне негізделген сенімді диалог құру үшін бизнесті топтастыруды жалғастыру керек, ол бұл жаңа стратегияны жүзеге асыруда кең ауқымды және барлық кәсіпкерлердің тартылуы міндетін шешіп береді».
Қазіргі әлемдік жаһандану мен экономикалық жаңару жағдайында Қазақстан Республикасының халықаралық бәсекеге қабілеттілігі елдің ұзақ мерзімді дамуындағы тұрақты өсуіне макроэкономикалық жағдайдың тұрақтылығы, қызмет көрсету саласы мен экономиканы индустрияландыру деңгейі, сондай-ақ инновациялық серпіліс және т.б. факторлар әсер етеді. Осы ретте ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерді шешу мақсатында шикізаттық емес саладағы инновациялық бизнесті дамыту, сондай-ақ ғаламды қажетсінетін және жоғары технологиялық кәсіпорындарды құру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі екендігін ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Жолдауларында атап өткен болатын.
Қазақсанда нарықтық экономикалық қатынастардың тереңдеуі мен экономиканың әртараптануы жағдайында бәсекеге қабілетті өнімдерді, жаңа жоғары технологияларды игеру негізінде өндіру, индустрия, ғылым мен техникадағы әлеуетін дамыту басты стратегиялық міндеттердің бірі болып отыр.Сондай-ақ еліміздің индустриалды-инновациялық дамуының 2010-2020 жылдарға арналған стратегиясы қабылданды. Оның мақсаты – шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын одан әрі жетілдіру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервисті-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады.
Осы ретте, республикадағы бизнес саласының, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуы экономикалық реформаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Ал бизнестің жоғары деңгейде дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан белгілі бір дәрежеде қолдау көрсетілуі керек болатын [2].
Сондай-ақ бизнес бастаманы қолдау және жеке бизнесті дамытуды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан әр түрлі қолайлы экономикалық және құқықтық жағдайлар жасалу қажет.
Себебі, шағын және орта бизнес саласы өз кезегінде бәсекені қажетті деңгейде ұстап тұруға, шаруашылық жүргізудің икемді стратегиялары мен тактикасын дайындауға және жүзеге асыруға, инновациялық үдерістерді жеделдетуге, жұмысбастылықтың өсуіне, жұмыстың нәтижелеріне жеке жауапкершілікті және күшті экономикалық мотивацияны дамытуға, өндірісті икемді қайта құруға, экономиканың оңтайлы құрылымына, ел аймақтарының бірдей дамуына қол жеткізуге көмек береді.
Бәсекеге ең қабілетті салаларда біз отандық өндірушілер үшін жаңа нарықтық тауашалар қалыптастыру стратегиясын белсенді әзірлеуге тиіспіз. Бұл, әсіресе, ДСҰ-ға кіру перспективаларын ескере отырып, кері индустрияландырудың ықтимал ыдыратушы әсерлерін болдырмауға мүмкіндік береді.
Жиынтық ЖІӨ-сі 2 трлн. АҚШ доллары болатын, 170 млн. тұтынушыны біріктіретін осынау ауқымды нарық біздің бизнесті бәсекеге қабілеттілікке үйретуі тиіс. Бұл ретте осынау экономикалық-интеграциялық үдерісте Қазақстан өз егемендігінің бір мысқалын да жоғалтпайды.
Республиканың экономикалық өсімінің жоғары темпі, әсіресе, соңғы жылдары кен өндіру өнеркәсібі дамуымен айқындалады. Сондықтан мемлекет деңгейінде ҚР-ның 2003-2015 жылдары индустриалды-инновациялық даму стратегиясына сәйкес «Бәсекелестікке қабілетті отыз елдің қатарына енгізу» және жоғары бағалы іс-әрекет жасап тұрған өндірістерді құру және дамыту, экономикалық саясаттағы артықшылықтарды алмастыру, отандық экономикадағы ресми жарияланған реформаларға сәйкес қазақстандық экономиканы әртараптандыруға байланысты белсенді шаралар қолдану туралы тапсырмалар берілді.
Көрсетілген стартегиялық мақсаттарды жүзеге асыруда өндірістің болашақ дамуына, халықтың тұтыну тауарларын шығару көлеиін ұлғайтуға, халыққа көрсетіліп жатқан қызмет түрлерін дамыту, ғылыми-техникалық дамуды жеделдету және жұмыссыздықты жою бойынша қойылған тапсырмаларын шешуге қажетті рольге бизнестің мағанасы ие.
Бұл жағдай бизнес қызметінің жандану механизмдерін және жаңа бағыттарды іздеу қажеттіліктерін көкейкесті етеді, ал бұл, өз кезегінде әлемдік шаруашылық жүйесіне ендіруге жағдай жасауда бизнестің бәсекеге қабілеттілігін көтеріп экономикалық потенциалын толық жүзеге асыруға жағдай жасайтын, шаруашылық қызметінің институционалды-құқықтық жағдайын қалыптастыратын бәсекелестік ортаны терең зерттеуді қажет етеді.
Қазақстан Республикасындағы өткізіліп жатқан экономикалық рефомаларды ұғынықты түрде әзірленген стратегиялар мен бағдарламалар негізінде экономиканың дамуын реттеуден тұратынын айтуымызға болады.
Ғылыми зерттелу дәрежесі. Ғылыми әдебиетте кең ауқымды мәселе кәсіпкерлік мәселесі. Бұл мәселе батыстың экономикалық белгілі ойшылдарының барлығы дерлік қозғаған мәселе. Мысалы, А.Смит, Ж.Б.Сэй, Дж. Милль, А.Маршалл және т.б. Бизнесті терең және талдап зерттеген И.Шумпетер, Ф.Хайек, И.Керцнер. Постсоветтік кеңістікте кәсіпкерлік туралы зерттеу нарықтық реформамен байланысты басталды. Ресей федерациясындағы кәсіпкерлік қызмет мәселелерін зерттеген көптеген зерттеушілердің В.Д.Грибов, Л.И.Абалкина, А.Агиева, Л.А. Колесникова, С.К. Никитина, Б.А. Райзберг, М.Б. Щепакина және т.б. еңбектерін атауға болады.
Бизнестің экономикалық және құрылымдық бөлігі ретіндегі мәселелеріне Қазақстандық ғалым-экономистерінің: У.Ж.Алиев, Е.Б.Жатканбаев, М.Б.Кенжегузина, А.К.Кошанова, К.О.Окаев, О.Сабден, А.Н.Токсанова, У.К.Шеденов, Р.К. Казиева, О.А.Яновская және т.б. еңбектері арналған.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты облыстың экономикалық дамуындағы бизнестің қызметін басқаруды жетілдірудің бағыттарын анықтау және басымды бағыттары мен тиімді ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерін анықтай отырып, олардың тәжірибеде іске асырылуын нарықтық экономика заңдарына негіздеу болып табылады.
Зерттеудің мақсаты келесі негізгі міндеттердің жүзеге асырылуын қарастырады:
-
нарық жағдайында аймақтағы бизнестің ерекшеліктерін ескере отырып, бизнесті басқарудың ғылыми-әдістемелік негізін тереңдету, облыстағы шағын бизнестің басқару бағыттарын анықтау және оның ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерінің жетілдіру жолдарын қарастыру;
-
шағын бизнестің дамуы мен қалыптасуын басқаруда отандық және шетел тәжірибесін зерттей отырып, оның даму тенденциялары мен артықшылықтарын айқындау;
-
бизнесті дамыту жағдайларын макроэкономикалық талдау, басқарудың тұрақтылығын экономикалық бағалау;
-
экономиканың негізгі өзегі болып табылатын бизнестің бәсекеге қабілеттілігін инновациялық даму негізінде арттыру үрдістерін анықтау;
-
бизнесті дамытудағы мемлекет тарапынан жүргізілетін қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау саясатына жан-жақты тоқталу;
-
бизнес субъектілерінің қызметін жетілдірудің тәжірибелік мәселелерін қарастыру және оған баға беру;
Зерттеу пәні бизнестің перспективалары мен оны басқарудың тиімділігі және жетілдіру шаралары болып табылады.
Зерттеу нысаны Қазақстанның шағын бизнес нысандары және Қызылорда облысының бизнес салалары мен құрылымдары сондай-ақ, Қызылорда облысы бойынша «Даму» бизнесті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалының және «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мәліметтері алынып отыр.
Зерттеудің теориялық-әдістемелік негізін бизнестің қызметін басқару механизмінің теориясы мен тәжірибесі бойынша отандық және шетел ғалымдарының еңбектері, ҚР үкіметінің заңдық және бағдарламалық құжаттары, ғылыми-зерттеу, жобалау мекемелерінің зерттемелері, ҚР Статистика жөніндегі агенттігі мен «Даму» Бизнесті дамыту қоры АҚ-ның мәліметтері, Қызылорда облысы бойынша «Даму» бизнесті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалының жылдық есептері, «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мәліметтері құрайды. Диссертациялық жұмыста әр түрлі зерттеу әдістері: экономикалық-статистикалық әдістері және т.б. қолданылды.
Зерттеу жұмысының нормативтік – ақпараттық базасы. Ақпараттардың негізгі көздері: ҚР статистика бойынша агенттігінің, Қызылорда облысының статистикалық басқармасының мәліметтері және нормативтік-анықтама материалдары, «Даму» Бизнесті дамыту қоры АҚ-ның мәліметтері, Қызылорда облысы бойынша «Даму» бизнесті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалының жылдық есептері, «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жылдық есептері.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы аймақ деңгейінде бизнесті дамытудың экономикалық тетіктерін зерттеп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына ықпалын және дамуына кері әсер ететін факторларды анықтау.
Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар:
-
нарық жағдайындағы бизнестің дамуы мен перспективалары теориялық-әдістемелік аспектілері ғылыми тұрғыдан зерттелінген;
-
шетелдік және отандық тәжірибесін зерттей отырып, бизнестің құрылымдық жүйелерін дамытудың негізгі тенденциялары айқындалып, даму бағыттары мен мүмкіндіктері бағаланған;
-
аймақтағы бизнесті дамытуды тежейтін және дамуына кедергі болып отырған негізгі факторлар және олармен күресудің іс-шаралары анықталды;
-
бизнесті мемлекет тарапынан және қаржы-несиелік, сондай-ақ инвестициялық қолдау саясатының негізгі бағыттары ұсынылды;
-
аймақтағы бизнес құрылымдарының индустриалды-инновациялық даму негізінде экономиканы дамыту үшін жаңашыл бизнес қызметін, техникалық мүмкіншіліктерін дамытудың негізгі факторы ретінде технобақтар мен бизнес инкубаторларды пайдаланудың тетіктері ұсынылды;
-
Бизнестің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің маңызды көрсеткіші болып табылатын адам әлуетінің даму индексіне, жұмыссыздық денгейіне және кедейшілік деңгейіне әсері анықталды;
Зерттеудің ғылыми - тәжірибелік маңызы. Диссертациялық жұмыста ұсынылған теоретикалық тұжырымдар берілген мәселені одан әрі концептуалды әзірлеуге және Қызылорда облысындағы бизнестің даму перспективасын жасауға көмектеседі. Сонымен қатар бұл облыстағы әлеуметтік жауапкершілік, бизнестің әлеуметтік жауапкершілік статусын заңды бекітуге мүмкіндік береді.
Зерттеу нәтижелері бәсекелік қабілеттілікті, өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында компаниялардың, фирмалардың басқару органдарында, персоналдарға әлеуметтік инвестициялар және олардың еңбек нәтижелілігі өзара байланысын талқылауда тәжірибелік қолданыс таба алады.
Жүйелі «бизнестің әлеуметтік бағдарлануы» үшін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша мамандарды дайындау маңызды орынға ие. Осы мамандық бойынша стандартты жасау және оларды жоғары оқу орындарында даярлау қажет, бұл мемлекет деңгейінде және бизнес құрылымдардың белсенді қатысуымен шешілуі тиіс. Сонымен қатар, диссертациялық жұмыстағы негізгі тұжырымдар кәсіпкерлік, менеджмент, мемлекеттік реттеумен байланысты пәндерін оқу процесінде қолдануға болады.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми-зерттеу жоспарларымен байланысы. Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасына сәйкес орындалды.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу ( апробациясы). Диссертациялық жұмыстың негізгі концептуалдық жағдайлары халықаралық ғылыми басылымдарда жарияланған: «Қызылорда облысындағы бизнес құрылымдардың экономикалық дамуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Болгарияның София қаласы 2013жыл, 17-25 сәуір; Барлығы 2 мақала, жалпы көлемі 0,6 б.т. авторлық мәтінмен жарық көрді.
Зерттеу жұмысындағы қорытындылар мен ұсыныстар нақты іс тәжірибелерде, атап айтқанда Қызылорда облысы бойынша «Даму» бизнесті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалының кәсіпкерлерді қаржыландыру қызметінде қолданылды.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс бетте мазмұндалған, кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазіргі отандық экономиканың жаңа сапалы сатыға өтуінің басты белгісінің бірі – бизнестің қарқынды дамуына қол жеткізу болып табылады.
Тәуелсіздік алған 22 жылда шағын және орта бизнес еліміз экономикасының қуатын арттыруға өзіндік үлес қосуда. «Біз тәуекелдерді өз мойнынан алуға, жаңа нарықтарды игеруге, инновациялар ендіруге дайын қуатты кәсіпкерлер тобын көргіміз келеді. Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылады» -деп, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында назар таударған болатын.
Жалпы кедейшілікпен күрес, жаңа жұмыс орындарының пайда болуы, орнықты экономикалық даму, жаңа технологияларды өндіріске енгізу және мықты ұлттық интнллектуалды потенциал, инновациялық техникалық ресурстар, венчурлық капитал экономиканың шағын және орта бизнес саласындағы сегментінде шоғырланған. Сонымен бірге бұлар ірі бизнесті дамытатын негіз болып табылады.
«Ұлттық бизнестің біздің еліміздің экономикасын дамыту мен жаңғырту үдерісіне белсенді түрде қатысуына мемлекет қызығушылық танытуда. Біз бизнесті инновациялық жұмыс аясына тартуға мүдделіміз. Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында ірі жобалардың жүзеге асырылуы басталып та кетті. Ол экономиканы әртараптандыру, модернизациялауға, шикізаттық емес саланың дамуына, ұлттық бизнес үшін жаңа мүмкіндіктердің ашылуына жақсы қарқын берді. Бұл бағдарлама аясында іске асырылып жатқан жақсы жұмыс және оған көп көңіл бөлінетін болады. Десек те, негізгі мәселе ұлттық бизнес болып қала бермек. Әлемдік дағдарыстың жаңа толқыны жағдайында мемлекет пен бизнес серіктестігі әсіресе маңызды болып табылады. Барлық мемлекеттік жоспарлар мен бизнес құрылымдар әрекеттерін үйлестіру қажет».
Еліміздің 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясы әлемдегі ең дамыған 30 елдің ішіне кіру міндетін алға қойып отыр. Бұл Стратегияда біз ұлттық бизнесті ішкі инвестициялардың өсуінің негізгі көзі ретінде қарастырдық. Әрине, бұған қол жеткізу үшін бизнес қозғалысы одан әрі жандана түсуі қажет. Қойылып отырған мерзімнің ішінде экономикадағы орта және шағын бизнестің үлесі 40 пайыздан кем болмауы тиіс. Сондықтан да, «Қазақстан-2050» Стратегиясында бизнесті дамыту мәселесіне ерекше мән берілген. Президент атап көрсеткен еліміздегі шағын және орта бизнес нысандарының 35 есеге өсуі, бүгінде 675 мың бизнес субъектіде 2 млн. 700 адамның жұмыс істеп жүргендігі осының айғағы.
Өз сөзінде Елбасы жуық арада елімізде жекешелендірудің екінші толқыны жүргізілетіндігін атап өткен болатын. Бұл өте маңызды мәселе болып табылады. Аталған шаруа тиімділік беруі үшін бизнестің белсенділігі кластерлік экономиканы құруға қарай бағытталуы керек. Біз алдымызға кең көлемді мақсат – әлемнің неғұрлым дамыған 30 экономикасының қатарына қосылу мақсатын қойдық. Қуатты экономика дегеніміз, бұл – күшті бизнес, отандық кәсіпорындардың бәсекеге барынша қабілеттілігі мен олардың кооперациясы. Сондықтан да, отандық бизнеске қолдау көрсетуді жаңа саяси бағытымыздың екінші маңызды міндеті етуіміз керек.
Осы жылдардың ішінде Қазақстанға 300 млрд. доллардың инвестициясы тартылса, мұның 124 млрд. долларын еліміздің ішкі инвестициялары құрайды, қалғаны шетелдік тікелей инвестициялар. Мемлекеттік қолдаудың маңызды бағыты шағын және орта бизнесті қолдау инфрақұрылымын дамыту болып табылады. Бұл үшін арнайы құрылған ұйымдар арқылы қаржылық, ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық қолдауды қамтамасыз ету бойынша функциялар орындалады.
Президенттің тапсырмасына сәйкес 2010 жылдан бастап үкімет «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Бұл бағдарлама белсенді іске асырылуда, ол ілеспе Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасы ретінде жалпы кәсіпкерлердің арасында табысты және сұранысқа ие болды.
Ресми деректерге сүйенсек, «Бизнестің жол картасы-2020» шеңберінде қазірдің өзінде 2,2 мыңнан астам жоба субсидиялауға қолдау алды, 335 кәсіпорын үшін инженерлік инфрақұрылымдар тартылды. 30 мыңнан астам кәсіпкерлер нақты қолдау алды. Түрлі кездесулер, кеңесулер ме басқосулар нәтижесінде бағдарламаға толықтырулар қабылданды, ол арқылы алғаш рет жаңа бастаған кәсіпкерлерге 3 млн. теңгеге дейін гранттар беріледі, лизингтік мәмілелер субсидияланады, несиелерді кепілдендірудің жаңа жүйесі жүзеге асырылады. Ірі қарыз алушылардың несиелері бойынша 60-тан 750 млн. теңгеге дейін, 750 млн.-нан 4,5 млрд. теңгеге дейін, сыртқы сарапшы ұйымдарды тарта отырып, жұмыс істеп тұрғандар үшін (несиелер бойынша 60 млн. теңгеге дейін) және жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін (сомасы 20 млн. теңгеге дейін, бұл ретте кепілдіктердің ең жоғары мөлшері несиенің 70%-ын құрайтын болады) дербес кепілдіктер енгізілді.
2012 жылдың 1 қаңтарына облыста шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің саны 18 653, ондағы жұмыспен қамтылғандар саны 68 635 бірлікті құраса, 2012 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша белсенді шағын және орта бизнес субъектілердің саны облыс бойынша 21 888 және ондағы жұмыспен қамтылғандар 70 528-ге жетіп, ұқсас кезеңмен салыстырғанда тиісінше 124,3 және 108,1 пайызды құрауда.
Облыстағы шағын және орта бизнес қызметі көрсеткіштерінің құрылымына тоқтала кетер болсақ, 2012 жылдың қаңтар-қарашасындағы ШОБ субъектілерінің өнім (тауарлар, қызмет көрсетулер) шығарылымы 158606 млн. теңгені құрады.
Рынокта белсенді жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2012 жылдың 1 желтоқсанына 19840 бірлікті құрады.
Шағын және орта бизнестің жұмыспен белсенді қамтылғандар саны 2012 жылдың 1 желтоқсанына 67167, ал 2013 жыл 65700 адамды құрады.
Кесте 1 - Облыстағы шағын және орта бизнестің негізгі көрсеткіштері
№
|
Көрсеткіш атауы
|
01.02.2012ж.
|
01.02.2013ж.
|
%
|
1
|
Шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің саны, бірлік
|
18632
|
20859
|
95,5
|
2
|
Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны, адам
|
67167
|
65700
|
104,0
|
3
|
Өндірілген өнім көлемі, млрд. теңге
|
28,8
|
27,7
|
100,6
|
Ескерту - Қызылорда облысының статистика департаментінің мәліметтері, www.kyzylorda.stat.kz
|
Шағын бизнес кәсіпорындарының дамуының статистикалық тіркелім деректері бойынша 2012 жылдың 1 желтоқсанына облысымызда шағын бизнестің 4629 кәсіпорны тіркелген, бұл 2011 жылдың 1 желтоқсан айына қарағанда 6,7 пайызға жоғары. Тіркелгендердің 63,8 пайызы (2954 бірлік) жұмыс істеп тұрған кәсіпорын болып табылды, яғни экономикалық қызметпен айналысты немесе айналыса алды, 2021 кәсіпорын (жұмыс істеп тұрғандарының 68,4 пайызы) белсенді болды. Аймақтар бойынша белсенді кәсіпорындардың ең көп саны Қызылорда қаласына (80,9 пайыз), Шиелі (4,4 пайыз), Қазалы (3,9 пайыз) аудандарына тиесілі.
Биылғы жылға келер болсақ, облыс бойынша 2013 жылдың 1 наурызына облыста шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің саны 20859 құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,5% төмендеп отыр.
Ондағы жұмыспен қамтылғандар саны 65700 бірлікті құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,0% өсіп отыр.
Шағын және орта бизнес саласында 27,7 млрд. теңгені құрайтын өнім өндіріліп (тауарлар, жұмыстар мен қызметтер), өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 0,6% өсіп отыр.
Шағын және орта бизнес саласында 172,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, ұқсас кезеңмен салыстырғанда 1,9 пайызға өссе, онда жұмыспен қамталғандар саны 65 695 адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 4,1 пайызға өскен.
2012 жылдың қаңтар-қарашасында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім өндіруі 158606 млн. теңгені құрап, салыстырмалы жылдың қаңтар-қараша айына қарағанда 1,8 пайызға өсті, сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 19840 бірлік құрап 7,4 пайызға өсті, ал жұмыспен камтылғандар саны 65463 адамға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 107,7 пайыз құрады.
Бизнес субъектілерінің дамуын қолдау және ынталандырудың негізгі құралдарының бірі болып қаржы-несиелік ресурстар табылады.
2012 жылы барлық көрсетілген қаржы институттары арқылы шағын бизнес субъектілеріне 13,6 миллиард теңге, онын ішінде екінші деңгейлі банк филиалдарымен 8,8 миллиард теңге несие беріліп, жұмыспен қамтылғандар және өндірілген өнім көлемі бойынша осы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда артық екенін мына кестеден байқауға болады:
Кесте 2 - Қызылорда облысы бойынша құрылған және қолдау тапқан жұмыс орындары
1 бағыт
|
Қолдау тапқан жұмыс орындары: 1251
Құрылған жұмыс орындары : 584
|
2 бағыт
|
Қолдау тапқан жұмыс орындары : 80
Құрылған жұмыс орындары: 71
|
З бағыт
|
Қолдау тапқан жұмыс орындары: 25
Құрылған жұмыс орындары:12
|
Ескерту - «Даму» бизнесті дамыту қоры» АҚ-ның сайты. http// www.damu.kz. Қызылорда облысы бойынша «Даму» бизнесті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалы мәліметтері
|
Қызылорда облысы бойынша барлық қолдау тапқан жұмыс орындары-1356, құрылған жұмыс орны – 667 бірлікті құрады.
Аймақтар рейтингісі мақұлданған жобалар бойынша Қызылорда облысы 13 орын алады.
Кәсіпкерлерге көмек көрсету барысында консалтинг компаниялар және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғамдық ұйымдары да жұмыс жасауда. Осы ретте, кәсіпкерлермен бірге олардың қоғамдық ұйымдар өкілдері облыс, қала, аудан әкімдіктері жанынан құрылған комиссияларға, кеңестерге, жұмысшы топтар құрамына енгізіліп, мемлекеттік органмен бірге нәтижелі жұмыс атқаруда. 2010 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша аймақта 4 бағытта іске асырылуда. Осы уақытқа дейін 3 бағыты жүзеге асырылды. Соларға тоқталар болсақ:
-
«Жаңа бизнес бастамаларды қолдау»;
-
«Валюталық несиелері бар кәсіпорындарды қолдау»;
-
«Жұмыс істеп тұрған бизнесті сервистік қолдау»;
Кесте 3 - «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша облыстың орташа статистикалық көрсеткіштері
Орташа несие сомасы
|
219 млн. теңге
|
1 бағыт – 146 млн. теңге;
2 бағыт – 2 255 млн. теңге;
3 бағыт – 527 млн. теңге
|
Орташа сыйақы мөлшерлемесі
|
12,8%
|
1 бағыт –12,8%;
2 бағыт –12,5%;
3 бағыт 14,0% теңге3 бағыт 14,0% теңге
|
Орташа несие мерзімі
|
2,7 жыл
|
1 бағыт – 2,7 жыл;
2 бағыт– ;
3 бағыт – 2,6 жыл
|
Орташа қол қойылған келісім-шарт субсидиясының мерзімі
|
29 күн
|
1 бағыт– 29 күн;
2 бағыт –
3 бағыт– 7 күн
|
Ескерту - «Даму» бизнесті дамыту қоры» АҚ-ның сайты. http// www.damu.kz. Қызылорда облысы бойынша «Даму» бизнесті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалы мәліметтері
|
Егерде екі жыл ішінде (2010-2011жж.) қайтарылған жобаларды есепке алмағанда 12 жоба субсидияланған болса, тек 2012 жылы 82 жоба мақұлданып, мемлекеттік бағдарламаның өсу динамикасының 6,8 есе ұлғайғанын көрсетеді және бұл динамика ағымдағы жылы жалғасын табатын болады.
Сонымен қатар, 2010-2011 жылдар ішінде тек 1 жоба 800,0 мың.теңге сомасына ішінара кепілдендірілсе, 2012 жылы 5 жоба 282,0 млн.теңгеге ішінара кепілдендірілді.
Бағдарламаның «Өндірістік инфрақұрылымды дамыту» бағыты шеңберінде бөлінген 1 453,5 млн.теңге қаржы есебінен 10 жоба іске асырылуда. Олар:
-
Ауқымы 760 гектар жерді алатын «Индустриялық аймақ»;
-
«Қызылорда қаласындағы Сұлтан Бейбарыс көшесінен – өнеркәсіптік алаң – «Қызылорда – Жалағаш» трассасы магистральді көшесі» жобасы;
-
44 гектар жерді қамтитын «Өнеркәсіп алаңы»;
-
«Қамбаш» демалыс аймағы;
-
«Жан» ШҚ-ның «Жылыжайлар құрылысы» жобасы;
-
«Рай KZ» ЖШС-нің «Қағаз өнімдері өндірісі» жобасы;
-
«Қызылорда құс фабрикасы» ЖШС-нің «Қуаттылығы жылына 6000 тонна құс етін шығаратын құс фабрикасының құрылысы» жобасы;
-
«Тату Агро» ШҚ-ның «Томат өнімдері өндірісі цехын құру» жобасы;
-
Жеке кәсіпкер Когай Светлананың «Золотые пески» туристік демалыс базасын ұйымдастыру» жобасы;
-
«Дорстрой» ЖШС-нің «Қорқыт Ата зиярат етушілер кешені» жобасы.
Жұмыс істеп тұрған бизнесті сервистік қолдауға 50,0 млн.теңге бөлініп, облыс кәсіпкерлеріне сервистік қызметтер көрсетілді (семинар, бизнес-қауымдастықпен кездесу, дөңгелек үстелдер, бизнес-жоспарлар әзірленді және т.б).
Кәсіпкерлер мен жаңа өндіріс орындарын дамытуға қолайлы жағдай жасау мақсатында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 2012 жылы Қызылорда облысына 1897,1 млн. теңге бөлінді.
Соның ішінде:
- несиелердің пайыздық ставкаларын субсидиялауға – 294,3 млн. теңге;
- валюталық несиелері бар кәсіпкерлерді қолдауға – 51,2 млн. теңге;
- кепілдендірілген несиелерді бөліп төлеуге – 48,0 млн. теңге;
- бизнестің сервистік қызмет көрсетулеріне – 50,0 млн. теңге;
- өндірістік инфрақұрылымдарды дамытуға – 1453,6 млн. теңге бөлінді.
Бағдарлама шеңберінде облыстың 1231 кәсіпорнына қызмет көрсетілді. Сондай-ақ, «Қызылорда қаласында өнеркәсіп алаңын құру» мен «Қызылорда қаласында индустриалдық аймақ құру» жобалары бойынша қажетті инфрақұрылымдарды жеткізу жұмыстары жүзеге асырылды.
ҚР Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, Қызылорда облысының шағын және орта бизнес субъектілері үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 113 млрд. 144 млн. теңгенің өнімдерін өндірген.
Бұлардың 43 млрд. 793 млн. теңгесі - шағын, 59 млрд. 167 млн. теңгесі, орта бизнес субъектілерінің үлесіне тисе, 7 млрд. 539 млн. теңгесі жеке кәсіпкерлердің, ал 2 млрд. 645 млн. теңгесі шаруа (фермерлік) қожалықтарының күшімен пайда болған. Алайда, бұл көрсеткіштер Сыр бойы кәсіпкерлерінің жоғары табысқа жеткендерін куәландыра алмайды. Олар соңдарына тек Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарын ғана қалдырып, еліміз бойынша бар-жоғы 14-орынды еншілеп тұр.
Қызылорда облыстық статистика департаментінің деректері бойынша, былтырғы жылы аймақтағы шағын және орта бизнес құрылымдары 180 483 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, қызмет түрлерін көрсеткен.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жүргізілген зерттеу төмендегідей қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.
Кейінгі жылдарда бизнестің жоғары қарқынмен дамып келе жатқандығына қарамастан, экономиканың аталмыш секторының сапалық тұрғыдан дамуына кедергі болып отырған бірқатар проблемалар орын алуда. Мұндай проблемаларға мыналар жатады:
- заңнамалық базаның жетілмегендігі – жеке кәсіпкерлік туралы заңдардың нормалары ескірген. Шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі бірқатар мәселелер бойынша нақты нормалар шығарылмаған, мұнысы әкімшіліктік тосқауылдардың көбеюіне және әрекеттегі заңдардың әртүрлі пайымдалуына әкеледі;
- бизнес субъектілерін критерийлік тұрғыдан белгілеу мәселесі – кәсіпкерлік субъектілерін шағын және орта бизнес категориясына жатқызудың критерийлері әлемдік практикаға сәйкес келмейді. Төмендетілген құндылықтық критерийлер экономика мен бизнестің бүгінгі даму деңгейіне сай емес. Олар бизнестің жасанды түрде «бөлінуіне» ықпал етуде, отандық кәсіпкерлікті қолдау шараларының тиімділігі мен оның бәсекеге қабілеттілігін төмендетуде.
- салықтық жүйе жеткілікті дәрежеде дамымаған – Қазақстанның салық жүйесінде шағын бизнес ауқымының өсуіне және оның біртіндеп орта бизнеске айналуына арналған экономикалық стимулдар қарастырылмаған;
- әкімшілік тосқауылдар – әкімшілік тосқауылдардың болуы шағын және орта бизнестің дамуына елеулі кедергісін тигізуде. Алайда оларды кешенді талдау осы мәселені бұрынғысынан да тиімді шешудің жолдарын ашуда;
- бизнесті қолдау инфрақұрылымының нашар дамуы және үзінділік сипатқа ие болуы – Қазақстанда орын алып отырған шағын және орта бизнесті қолдау инфрақұрылымы шағын және орта бизнесті дамыту шараларын қолдауды қамтамасыз етпейді және жоғары транзакциялық шығындарға негіз болуда;
- шағын және орта бизнес өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі – қормен жеткілікті деңгейде жарақтандырылмауы, негізгі құралдардың жоғары тозу деңгейі мен төмен дәрежедегі жаңартылуы, сондай-ақ тұтастай шағын және орта бизнес секторының төмен технологиялығы еңбек өнімділігін, шағын және орта бизнес өнімдерінің экономикалық тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін төмендетуде;
Шағын және орта бизнес субъектілерінің жеңілдік несиелік ресурстарға кеңінен қол жеткізуі үшін бизнесті қолдаудың төмендегідей қаржылық құралдарын ұсынуға болады:
- Алдағы жылдарға арналған бизнес субъектілері мен ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін және тамақ өнімдерін шығаратын ұйымдарды тікелей несиелендіру бағдарламасын құру. Бағдарламаның мақсаты – шағын және орта бизнестің сапалы дамуына және олардың облыс экономикасын әртараптандыру барысындағы рөлін күшейтуге ықпал ету;
- Франчайзингті дамыту қызметін аймақтық және шетелдік коммерциялық кәсіпорындардың сәтті үлгісін қайталау арқылы жүзеге асырып отырған шағын және орта бизнеске инвестициялық қолдау жасау;
- Орта және шағын бизнестің несиелерін кепілдендірудің шағын және орта бизнес субъектілерінің несиелік ресурстарға кеңейтілген және тең түрде қол жеткізуі мақсатында оларға екінші деңгейлі банктердің алдындағы міндеттемелерін орындау жөніндегі жартылай кепілдіктерді ұсыну арқылы қолдау;
- Аймақтардағы нүктелік қаржыландырудың шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту жөніндегі аймақтық бағдарламаларды жүзеге асырудың тиімділігін сол аймақ үшін басымдылыққа ие болатын салалардағы немесе жекелеген аймақтық бірліктердегі жобаларды қаржыландыру арқылы арттыру;
Мемлекет тарапынан түрлі қолдау бағдарламаларының жүзеге асырылуына қарамастан аймақ бойынша әрекет етуші және өз бизнесін енді бастағасы келетін әлеуетті кәсіпкерлер бизнесті ашу және одан әрі дамыту барысында бірқатар мәселелердің бар екендігін атап өтеді. Олардың қатарына төмендегілер жатқызылған:
1. Бизнесті ашу үшін рұқсат қағаздарын алуға уақыт пен қаржының мол жұмсалуы, түрлі рұқсат қағаздарын алуда жемқорлықтың, бюрократизмнің кең етек жаюы, бұл әсіресе газ жүргізу мәселесі бойынша;
2. Сыр өңіріндегі бірқатар қаржылық ұйымдардың өз бизнесін енді бастағалы жүрген әлеуетті кәсіпкерлерге жеңілдікті несие ұсынбауы;
3. Облыс аудандарында кейбір рұқсат қағаздарын алуда облыс орталығына бару қажетілігі;
Аталмыш мәселелерді шешудің мүмкін жолдары ретінде төмендегі шараларды қарастырамыз:
-
Бизнесті ашу барысында әлеуетті кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау, кеңес беретін ақпараттық қолдау орталықтарын ашу;
-
Әрекет етуші және әлеуетті кәсіпкерлерді өз бизнесін ашуда және дамытуда облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасымен анықталған басымдықты бағыттар бойынша жеңілдікті қаржылық қолдау, оны «мөлдірлік» қағидасына негізделе отырып жүзеге асыру;
Диссертацияның тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер тізімі:
1. «Қызылорда облысындағы бизнес құрылымдардың экономикалық дамуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Болгарияның София қаласы 2013жыл, 17-25 сәуір.
2. «Экономиканың даму жағдайында бизнестің перспективалары» атты ІХ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары «ХХІ ғасырдағы Европалық ғылым» Польша қаласы, 2013ж.
\
Резюме
Диссертация на соискание степени магистра экономики и бизнеса по специальности 6М050600 – «Экономика»
Таубаев Нурлан Зауирбекович
Перспективы бизнеса в условиях развития экономики (на основе данных Кызылординской области)
Актуальность исследуемой работы. Бизнес – является основным сектором развития рыночной экономики. На основе с богатым запасом полезных ископаемых, так же основывается на образование и инноваций, устоичивого и непрерывного развития.
Предметом исследования является перспектива бизнеса и управление эффективности и меры усовершенствования.
Цель исследования: По данным государственных организаций и малого бизнеса Казахстана, сферы и структуры бизнеса Кызылординской области и регионального филиала ОО «Фонд развития предпрнимательства «Даму» по Кызылординской области, Управлением производства и предпрнимательсива Кызылординской области.
Теоретико-методическую основу исследования составляет труды и опыты зарубежных и отечественных ученых, теоретическое механизмы управление бизнеса, нормативные и правовые документы РК, агенство Статистики РК и данные ОО фонда «Даму» по развитию предпрнимательства и годовой отчет регионального филиала ОО фонда развития предпринимательства «Даму» по Кызылординской области, тсведения государственной организаций «Управление производством и предпринимательством Кызылординской области». В работе диссертаций использованы разные методы исследования: экономико-статистические методы и другие.
Научное новшество диссертационной работы: В результате проведенного исследования достигли основных результатов определяющие научную новизну работы, анализировать эффективность экономики, оказывать поддержку бизнеса в регионе. С помощью этой работы достигли таких результатов, как:
-
Исследование экономики уровень развития бизнеса в регионе и поддержку объединения и кооперацию малого и среднего бизнеса, сформировать систему и поддержать;
-
Поощрение местных бизнес-начинаний, строгое регулирование учета развития внутреннего рынка;
-
Новые условия, в том числе и участие в Евразийском экономическом пространстве, учитывая вхождение Всемирную торговую организацию (ВТО), усовершенствовать поддержку бизнеса региона, обеспечить защиту интересов и предпринять все нужные меры продвижения;
-
Предложить населению региона продукты производенные бизнес-структур области и в целях устранения припятств организовать поддержку со стороны власти.
Summary
The thesis on competition of degree of the master of economy and business in the specialty 6M050600 – "Economy"
Taubayev Nurlan Zauirbekovich
Business prospects in the conditions of economy development (on the basis of data of Kyzylordinsky area)
Relevance of studied work. Business – is the main sector of development of market economy. On a basis with a rich stock of minerals as is based on education and the innovations, steady and continuous development.
Object of research is the prospect of business and management of efficiency and an improvement measure.
Research objective: According to the state organizations and small business of Kazakhstan, the sphere and structure of business of Kyzylordinsky area and the OO regional branch "Fund of development of a predprnimatelstvo "Lady" on Kyzylordinsky area, Management of production and предпрнимательсива Kyzylordinsky area.
Teoretiko-metodichesky basis of research business management, normative and legal documents RK, agency of Statistics of RK and data of OO of fund "Lady" on development of a predprnimatelstvo and the annual report of the OO regional branch of fund of development of business "Lady" on Kyzylordinsky area, tsvedeniye state the organizations "Production Management and Business of Kyzylordinsky Area" makes works and experiences of foreign and domestic scientists, theoretical mechanisms. In work of theses different methods of research are used: economical and statistical methods and others.
Scientific innovation of dissertation work: As a result of the conducted research reached the main results works defining scientific novelty, to analyze efficiency of economy, to give support of business in the region. By means of this work reached such results, as:
- Economy research a business level of development in the region and support of association and cooperation of small and medium business to create system and to support;
- Encouragement of local business undertakings, strict regulation of the accounting of development of domestic market;
- New conditions including participation in the Euroasian economic space, considering occurrence the World Trade Organization (WTO), to improve support of business of the region, to provide protection of interests and to take all necessary measures of advance;
- To offer the region population products proizvodenny business structures of area and for elimination of pripyatstvo to organize support from the power.
Достарыңызбен бөлісу: |