Рефераты қызылорда 2012 ж



Дата23.02.2016
өлшемі348.96 Kb.
#11585
түріРеферат
ӘӨЖ 574 (37.022)+37.035:574 Қолжазба құқығында

КЕНЖЕЕВА ЖАНАТ САҒАТБЕКҚЫЗЫ
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ


6М060800 – Экология мамандығы бойынша

жаратылыстану ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның

РЕФЕРАТЫ

Қызылорда 2012 ж
ДиссертациялықжұмысҚорқытАтаатындағыҚызылордамемлекеттікуниверситетініңжаратылыстануфакультетінде «Биология, географияжәнеэкология» кафедрасындаорындалды.

Ғылыми жетекші: текника ғылымдарының

кандидеты, аға оқытушы

Асқарова Г.Ш.

Ресми оппонент: медицина ғылымдарының

докторы, профессор

Төлеутаев К.Т.

Диссертациялық қорғау 2012 жылдың « 6 » «маусым» сағат « 9-00 » Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жаратылыстану факультетінде өтеді. (Мекен-жайы: 120014. Қызылорда қаласы, Амангелді көшесі №66.Оқу ғимараты № 9, аудитория «202»).
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады. (Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, К. Бәйсейтова көшесі № )

Мемлекеттік Аттестаттау комиссиясының хатшысы Ж.Ж. Ізбасарова

КІРІСПЕ

Тақырыптың маңыздылығы.Адам табиғатпен физикалық және рухани үздіксіз байланысқан, ол өз өмірін сақтап қалу үшін табиғатпен тұрақты қарым-қатынаста болады. Адам өзі өмір сүретін ортада белсенді қызмет атқарады және өзінен төменгі сатыдағы эволюциялық дамушылармен пассив түрде араласса да, оларды өзіне үйретуге қадам жасайды. Адам мұндай қадамды мәдени түрдегі үйрету арқылы орындайды.Адам өмір сүретін орта – биосфера, бірақ адам оның жаратылысына қарсы өз қолымен көп әрекет етеді, бұл өз кезегінде биосфера психикасына терең әсер етіп, оның тіршілігіндегі қалыптасқан тепе-теңдігін бұзады. Нәтижесінде адам өмір сүретін орта – табиғат, жасанды күйге еніп, соның салдарынан жойылуға бет бұруда 1. Адамзаттың табиғатты оның заңдылықтарымен санаспай пайдалануы адамзаттың өзіне және оның өзі құрған қоғамының тіршілігіне қатер туғызуда. Соңғы кездері статистикалық мәліметтердің көрсетуі бойынша өнеркәсіптік өндірістер мен ғылыми-техникалық прогрестің дамуына қарай адам денсаулығында болатын түрлі өзгерістер көбейе түскен. Сондықтан кез келген әлеуметтік жүйе табиғи ортамен сәйкестікте өмір сүруі қажет және өзінің еңбек заты мен табиғатты пайдалану әдістерін, өзінің өндірісін табиғат мүмкіндіктеріне сай жүргізуі шарт. Сонда табиғат та өз популяциясын және өмір салтын сол мүмкіндіктерге үйретеді 2. Табиғатпен санаспай өмір сүру адамның өмір-тіршілігіне, әсіресе денсаулығына көптеп әсер етіп, тіпті бұрын болмаған аурулардың пайда болуына жағдай жасап отыр. Ал, адамзат үшін ең басты байлық – денсаулық болып табылады.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Әлеуметтік-экологиялық мәселелер мен олардың халық денсаулығына әсері туралы Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева, Д.Ж.Маркович, Ғ.Сағымбаев, А.А.Горелов, Ұ.Б.Асқаровалардың оқулықтарында және тағы басқа көптеген ғалымдардың, эколог-ғалымдардың ғылыми және ғылыми-көпшілікке арналған мақалалары мен еңбектерінде жазылып, жарияланып жүр. Жалпы әлеуметтік-экологиялық факторлардың адам денсаулығына әсері проблемасы көптеген ғалым-экологтардың, дәрігерлердің мақалалары мен еңбектерінде жазылса да, белгілі бір елді мекен тұрғындарының денсаулығына қатысты кандидаттық немесе магистрлік диссертациялық ауқымды еңбек түрінде жинақталып, арнайы зерттелмеген.

Жұмыстың мақсаты. 1. Қазіргі таңдағы адам денсаулығына әсер ететін әлеуметтік-экологиялық факторларды оқып-зерттеу. 2. Адам денсаулығы мен әлеуметтік-экологиялық факторлар арасындағы байланысты, Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулық көрсеткіштері негізінде, белгілеу.

Зерттеу міндеттері:

1. Адам «денсаулығы» және «қоршаған орта» түсініктеріне анықтама беру және талдау жасау.

2. Табиғи ортадағы экологиялық өзгерістерге байланысты адамзат ауруларына талдау жасау.

3. Адамның тарихи дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторларды оқып-зерттеу.

4. Адамның жеке басының дамуы мен қалыптасуына әсер ететін әлеуметтік-экологиялық факторларды анықтау.

Зерттеу нысаны: Қызылорда облысы тұрғындарының әлеуметтік-экологиялық жағдайлары мен денсаулық көрсеткіштері және денсаулыққа әсер ететін әлеуметтік-экологиялық факторлары.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері:

1. Статистикалық мәліметтерді талдау негізінде қорытынды жасау;

2. Жасалған қорытындыларға сүйеніп әлеуметтік-экологиялық факторлардың адам денсаулығына әсерін белгілеу.

Зерттеу әдістері:

1. Диссертациялық жұмыс тақырыбы бойынша әдеби шолу жасау, материалдар жинау;

2. 2009-2011 ж.ж. аралығындағы адам денсаулығы жайлы статистикалық мәліметтерді салыстырмалы талдау негізінде қорытынды жасау;

3. Жергілікті тұрғындармен «Денсаулық және қоршаған орта сапасы» және «Медициналық қызметтің сапасын бағалау» тақырыптарында әлеуметтік сауалнама жүргізу және нәтижелерді талдай отырып, қорытынды жасау.

Ғылыми зерттеудің жаңалығы:

1. Қызылорда облысы тұрғындары денсаулық көрсеткіштерінің жергілікті әлеуметтік-экологиялық факторларға тәуелділігі бірінші рет белгіленді.

2. Қызылорда облысы тұрғындарымен «Денсаулық және қоршаған орта сапасы» және «Медициналық қызметтің сапасын бағалау» тақырыптарында әлеуметтік сауалнама бірінші рет жүргізілді. Сауалнама нәтижелері негізінде қоршаған орта сапасына байланысты адамның аурушаңдық деңгейі бағаланды.

3. Қызылорда облысы тұрғындары денсаулық көрсеткіштерінің жергілікті әлеуметтік-экологиялық факторларға тәуелділігі диаграммалар мен графиктер арқылы сипатталды.

Жұмыстың практикалық құндылығы.

Зерттеу мақсатына жету және міндеттерін орындау үшін экология оқулықтарына, ғаламтор-қорларына әдеби шолу жасалып, адамның өмір сүру ортасына байланысты денсаулық көрсеткіштері туралы материалдар жинақталып, жүйеленді. Қазақстандағы әлеуметтік-экологиялық жағдайлар, демографиялық ахуал қарастырылып, оларға талдау жасалды.

Қызылорда облысы бойынша жергілікті халық денсаулығына әсер ететін әлеуметтік-экологиялық факторларға статистикалық мәліметтер негізінде талдау жасалды. Облыс тұрғындарымен «Денсаулық және қоршаған орта сапасы» және «Медициналық қызметтің сапасын бағалау» тақырыптарында әлеуметтік сауалнама жүргізіліп, сауалнама қорытындысы негізінде тұрғындар денсаулығы мен әлеуметтік-экологиялық факторлар арасындағы тәуелділік анықталды.

Қорғауға ұсынылатын нәтижелер мен тұжырымдар:

1. Қызылорда облысы тұрғындары денсаулығының жергілікті әлеуметтік-экологиялық факторларға тәуелділігінің белгіленуі;

2. Қызылорда облысы тұрғындарымен «Денсаулық және қоршаған орта сапасы» және «Медициналық қызметтің сапасын бағалау» тақырыптарында жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижелеріне негізделген тұжырымдар;

Зерттеудің сынақтан өтуі (апробация). Зерттеу нәтижелері «Биология, география және экология» кафедрасының кеңейтілген мәжілістерінде, «Жас ғалым» атты ҚМУ-дің 75 жылдық мерейтойына арналған жас ғалымдар еңбектерінің жинағы (21 мамыр, 2012 ж.) тыңдалды.

Автордың жеке үлесі. Мәселенің қойылуы мен оның шешімі, барлық эксперименттік жұмыстар мен алынған нәтижелерді талдау және материалдарды ғылыми мақалалар мен тезистер түрінде дайындау автордың тікелей қатысуымен орындалды.

Жариялымдар. Диссертация материалы бойынша 2 мақала жарияланды.

Жұмыстың құрылымы. Диссертация кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, 9 сурет, 8 кестеден жинақталған. Жұмыстың жалпы көлемі 110 бет, пайдаланылған әдебиеттер саны 87.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Адам денсаулығы және қоршаған орта

«Денсаулық» және «қоршаған орта» түсініктері

Денсаулық анықтамасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Уставында келесі түрде тұжырымдалған: «Денсаулық дегеніміз – бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық». Негізінен денсаулықты алты қыры бар деп, одан да толығырақ қарастыруға болады: физикалық денсаулық, психикалық және интеллектуалды денсаулық, жеке денсаулық, рухани денсаулық, эмоционалды денсаулық, әлеуметтік денсаулық 1, 2, 6, 7. Физикалық денсаулық келесі түсініктерден тұрады: адам денесі қалай құрылған және қалай жұмыс жасайды, ешқандай дене аурулары жоқ, ол жаттыққан немесе шыныққан.

Психикалық және интеллектуалды денсаулық – бұл психикалық аурудың және кем ақылдылықтың болмауы. Психикалық денсаулық адамның жаңа білімді қабылдауымен және қолдау қабілетімен, негізгі психикалық үдерістердің күшімен және қозғалғыштығымен сипатталады.

Әлеуметтік денсаулық - бұл ең алдымен өзін қоғамның бір бөлшегі ретінде түсіну, қоғамда және қоғам өмірінде өз жетістіктерін сезіну. Мұнда өндірістік қатынас пен кәсіби сапаның орны анықталады. Бұл адамның материалдық жағынан қажеттіліктерімен қамтамасыз етілуі, яғни оның жұмыс істеуі, шеберлігі мен тәртібі.Адамды қоршаған ортаның төрт компонентін бөліп көрсетуге болады. Оның үшеуі антропогендік факторлардың әсерінен өзгерген табиғи орта болып табылады. Төртіншісі – тек адамзат қоғамына тән әлеуметтік орта. Адамның денсаулығы оның өмір-тіршілігі өтетін қоршаған ортасының, яғни тіршілік ортасының жай-күйіне тығыз байланысты. Адамның тіршілік ортасы түсінігі, бұл - табиғи және қоғамдық түр ретінде қалыптасуына мүмкіндік беретін табиғи және жасанды жағдайлар жиынтығы.

Демек, адамды «қоршаған орта» табиғи немесе жасанды орта болуы мүмкін. Соған байланысты қоршаған ортаға әр түрлі анықтама беруге болады. Қоршаған табиғи орта – адамның өміріне, тіршілік ету жағдайына және денсаулығына әсер ететін табиғи компоненттердің жиынтығы. Қоршаған табиғи орта компоненттеріне атмосфералық ауа, сулар, топырақ, жер асты байлықтары, хайуанаттар және өсімдіктер әлемі жатады 2, 4-7.

Адамның өмір сүру ортасының сапасы және адамзат аурулары

Қоршаған орта мен адамның өзара қарым-қатынасын зерттеуде екі негізгі мәселені бөліп көрсетуге болады. Олар орта факторларының адамға ықпал етуі және адамның қоршаған орта мен оның өзгерістеріне бейімделуі 7.

Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Адамның тыныс алуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондықтан да адам тіршілік құрамының бір бөлшегі болып есептеледі 2, 8-9.

Адамның денсаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адам үшін демалатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуының маңызы ерекше. Адамның мұқият ойланбай жасаған кейбір іс-әрекеттері, мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері, әсіресе соңғы кездері оның өзінің денсаулығына кері әсер етуде. Мұндай жағдайлар әсіресе, Қазақстанда ерекше байқалады.

Қазіргі таңда ауыз су, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі үлкен мәселеге айналып отыр. Өйткені, қоршаған ортаның ластануы өз кезегінде адамның экологиялық таза азық-түлікпен қамтамасыз етілуіне көп кедергі жасайды [20-22].

Сусыз өмір жоқ деп айтып жатамыз. Шынында да барлық тірі ағзалар секілді адам денесі де судан тұрады (эмбрионда – 97 , жаңа туылған нәрестеде – 77 , үлкен адамда - 60 ) және сусыз тіршілік етуі мүмкін емес. Егер адам денесінен 6-8 суды жоғалтса, көңіл-күйі төмендейді, 10 ағзада өзгерістер пайда болады, 15-20 жоғалтулар байқалғанда адам өліп кетуі де мүмкін 7.

Адамға қажетті су нормасы тәулігіне – 2-2,5-нан 5 л дейін. Американдық ғалымдардың есептеулері бойынша, суды тұтыну құрылымы: ішу және тамақ әзірлеуге – 5 , дәретханадағы су толтыратын бөшкеде – 43 , ванна және душ – 34 , ыдыстарды жуу – 6 , кір жуу – 4 , тұратын орынды жинауға қажетті су – 3 , басқа да қажеттіліктер – 5 . Осындай қажеттіліктерді өтеу үшін таза су керек. Ал қазіргі су көздерінің ластануы өз алдына бір үлкен экологиялық мәселе. Су көздері бүгінде әбден ластанғаны сондай әлемдегі кейбір ашық су көздері өлі суға айналған, пайдалануға мүлде жарамсыз [24-26].

Ластануға судың барлық санаттары жатады: мұхит, континенттік, жер асты сулары. Ауыз судың сапасы халық денсаулығына әсер ететін бірден бір фактор. ДДСҰ мәліметтері бойынша су сапасының төмен болуы себепті шамамен 5 млн. адам (көбінесе балалар) өледі, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 млн-нан 1 млрд-қа дейін жетеді.

Ауыз су проблемасы Қызылорда облысын да айналып өтпейді. Облыс бойынша ауыз судың сапасы Қызылорда қаласында өте нашар көрінеді. Ауыз су сапасының өз дәрежесінде болмауынан ішек аурулары, түрлі жұқпалы аурулар, әсіресе жаздыгүндері көп тіркеледі. Кейде сәбилердің өміріне қауіп төндіріп жататын кездері де жиі болып тұрады 3, 21.

Соңғы кездері адамның шаруашылық еңбегінің нәтижесінде қоршаған ортаның ластануы жиі байқалуда. Атап айтқанда, қатты, сұйық және газ тәрізді қалдықтардың атмосфера, гидросфера мен топырақ сияқты табиғи орта компоненттеріне шектен тыс шығарылуы, қоршаған ортаға қажет емес шу, жылу, сәуле шығаратын радиация, ультрадыбысты толқындар, діріл (вибрация) және тағы сол сияқты физикалық факторлардың пайда болуынан қоршаған ортаның физикалық-химиялық құрамы мен қасиеттерінің өзгеруі. Қоршаған ортаның ластануы ластаушылар мөлшерінің санитарлық-гигиеналық нормативтерден асып түсуімен сипатталады 4, 11, 12, 14, 18.

Қоршаған ортаның ластануы адамның физикалық денсаулығына, жүйке, психикалық жағдайына, болашақ ұрпақтың денсаулығына көп әсер етеді. Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайының 50-52 %-ы - өмір сүру салтына, 20-25 %-ы – тұқым қуалау факторларына, 18-20 %-ы – қоршаған орта жағдайларына, ал 7-12 % ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Дегенмен, соңғы кездері адам денсаулығы мен өмір-тіршілігіне қоршаған орта жағдайының анағұрлым көп әсер ететіні байқалады. Әсіресе, антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады 2, 6, 14.

Адамдарда кездесетін кейбір патологиялық аурулардың таралуына, экологиялық факторлар тобының әсеріне бақылау жүргізгенде бірқатар мәселелер нақтыланған. Мысалы, жүйке, қан айналыс жүйесінің, асқорыту мүшелерінің патологиясына ішетін су сапасының төмендігі, атмосфераның ауыр металдар мен мұнай өнімдері буымен ластануы едәуір әсер ететіні анықталған. Қатерлі ісік ауруларының 75-80 %-ы химиялық заттардың (асбест, полициклді көмірсулар, ауыр металдар) әсерінен пайда болады. Аяқ-қолдарының дамуы тежелген, мүшелері жетілмеген сәбилердің туылуы, сәбилердің өлі туылуы мен төтеннен іш тастаудың жиілігі ластанған ауадағы кейбір заттар мен дәрілік препараттарға да байланысты. Олай болса, халық денсаулығына экологиялық қауіп-қатерді азайту үшін қоршаған ортаны тазарту бағытындағы нақты істерге шындап кірісу қажет.

Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылады. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаған жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксенобиотиктер (грек тілінен аударғанда хеnos -бөтен) адам мен басқа да тірі ағзалар үшін бөтен заттар 2, 8-10.

Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге, яғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты. Соңғы кездері табиғи және физика-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен күйзелістік құбылыстар арқылы әсер етеді. 2 -кестеде халықтың өліміне әр түрлі  аурулардың әсері  көрсетілген.

     2- кестеден адамдардың мезгілсіз қайтыс болу себептері ең алдымен қолайсыз табиғи және әлеуметтік факторлардан екенін көруге болады. Ауру мен өлімнің қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі жекелеген мемлекеттер мен аймақтар мысалынан көрінеді.

ДДСҰ-ның мәліметтері бойынша жыл сайын дүниежүзінде шамамен 500 мың адам пестицидтермен уланады және оның 5 мыңы өліммен аяқталады. Мұндай құбылыстар әдетте «үшінші әлем» елдерінде жиі кездеседі. АҚІІІ-пен салыстырғанда бұл елдерде улану 13  есе  артық. 

Американ ғалымдарының мәліметтері бойынша барлық қатерлі ісік ауруларының 90 %-ы қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне байланысты. ФРГ-де соңғы 10 жылда қатерлі ісікпен ауыратындардың үлесі ер кісілерде 15-тен 23 %-ға дейін, ал әйелдерде 17-ден 25 %-ға дейін артқан. Аурулар индустриальды және ластанған аудандарда жиі  кездеседі.

2 -кесте. Әр түрлі аурулардың әсерінен болатын халық өлімінің себептері




Аурулар

Оның ішінде өлімнің себебі, %

Өмір сүру салты

Қоршаған орта

Тұқым қуалаушылық

Денсаулық сақтау

1

Жүрек аурулары

54

9

25

19

2

Қатерлі ісік

37

34

29

10

3

Жол-транспорттық

68

18

1

12

4

Атеросклероз

49

8

25

18

5

Диабет

26

0

68

18

6

Бауыр циррозы

70

9

18

3

7

Өзін-өзі өлтіру

60

35

2

3

8

Барлық күтпеген қолайсыз жағдайлар

51

31

4

14

9

Орташа алғанда

48

16

25

11

Балалардың жалпы ауруларына әсер ететін күшті фактор көміртегі тотығы мен шу болып табылады. Ғалымдардың мәліметтері бойынша СО-ның мөлшері 6,5-тен 12 ШРК-ға көтерілуі балалар ауруларының 2 есе, ал акустикалық қолайсыздықтың 8-ден 20 %-ға жоғарылауы - 1,4 есеге артуына әкеледі 11.

Арал аймағы экологиялық апат аймағы болып табылады. Бұл аймақ аурулар мен өлімдердің жоғары болуымен сипатталады. Мысалы, Қарақалпақстанда (Өзбекстан) балалар өлімінің жиілігі туылған әр мың балаға 87-ден келеді, ал Скандинавия елдерінде 7-8, Жапонияда - 5. Бұрынғы КСРО-да 80-жылдардың соңында орташа балалар өлімінің жиілігі 24-25 болған 21.

Арал өңіріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың қауіпті зардабы адам денесіне енген дәрінің сауықтыру әсерін жойып жіберетіні байқалған. Мысалы, өкпе ауруына қарсы алдын ала вакцина еккенде, оның тиімді әсері болмайтыны жөнінде фактілер бар. Сол сияқты сүзек, қызылша және басқа жұқпалы ауруларға қарсы жас балаларға вакцина еккенде олардың бойында иммунитет пайда болмайтыны байқалып жүр. Адам ағзасындағы иммундық қорғаныс жүйесінің төмендеуі орасан қауіпті екені белгілі. Дәрігерлер оны «Экологиялық СПИД» деп атайды.

Ағзаларға  қолайсыз  әсер  ететін   және  ауруларға   әкеліп соқтыратын    заттарды  төмендегідей  топтарға бөліп көрсетуге болады 2, 27, 28:

1. Канцерогендер (латын  тілінен аударғанда cancir  - рак, генезис  -    шығу тегі) қатерлі ісіктер туғызады. Қазіргі  уақытта  шамамен  500 канцерогенді заттардың түрлері белгілі. Олардың ішіндегі ең күштілеріне бенз(а)пирен  және  т.б. полициклді  ароматтық     көмірсулар, ультракүлгін сәулелер,  радиоактивті   изотоптар, эноксидті смолалар, нитриттер, нитрозаминдер, асбест және т.б. жатады;

2. Мутагендер (латын   тілінен   аударғанда  mutasio - өзгеру) – хромосомалар саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Оларға: рентген сәулелері, гамма-сәулелер, нейтрондар, бенз(а)пирен, колхицин, кейбір  вирустар және т.б. жатады;

3. Тератогендер (грек тілінен аударғанда teras, teralos - құбыжық) - жеке дамуда кемістіктерге,   кемтарлықтардың пайда болуына әкелетін заттар. Тератогендерге әсер ететін мөлшерінен артып кететін кез келген   фактор жатады. Көбінесе тератогендерге мутагендер, сондай-ақ   пестицидтер, тыңайтқыштар, шу және т.б. ластаушылар жатады.



Зерттеу нысаны және әдістері

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК–ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Қызылорда облысына жалпы сипаттама

Қызылорда облысы - Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. 1938 жылдың 15 қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында құрылған. Орталығы - Қызылорда қаласы [27, 28]. Арал ауданы өзі аттас теңіз жағасында орналасқан. Қызылорда облысының батысындағы ірі аудан. Жер көлемі - 56,3 мың шаршы шақырым, аудан халқы – 68 382 адам, көп ұлтты. Орталығы - Арал қаласы. Ол облыс орталығынан 448 шақырым жерде орналасқан. Аудан жері жазық-төбелі, солтүстігін және солтүстік шығысын құмдар алып жатыр. Климаты - өте континентті, құрғақ жауын-шашын өте аз түседі.

Қазалы ауданы – Қызылорда облысының батыс бөлігіндегі әкімшілік аудан. Жері 37 мың шаршы шақырым. Халқы – 68 777 адам. Аудан орталығы – Жаңақазалы, қала типіндегі қыстақ. Қазалы ауданының жері құмды, сазды, шөлді келген, жазық. Мұнда тұзды көлдер көп, олардың ең ірілері – Көкшекөл, Қотанкөл. Құмды, сазды, сортаң топырақты өңірінде жусан, бұйырғын, кендір, сексеуіл, тал бұта және т.б. өседі.

Қармақшы ауданы. Орталығы – Жосалы. Алып жатқан жер көлемі – 30,1 шаршы шақырым, аудан халқы – 45 355 адамды құрайды. Облыс орталығынан 147 шақырым солтүстік-батыста орналасқан. Аудан жері өте құрғақ, шөлейт өңірде орналасқан. Өнеркәсіптен механикалық, нан-май зауыттары, рельс төсейтін, поезд, автокөлік, құрылыс-жөндеу мекемелері жұмыс істейді.

Жалағаш ауданы. Облыстың орталық бөлігінде орналасқан. Жер көлемі – 23,1 мың шаршы шақырым. Халқы – 39 553 адам. Орталығы – Жалағаш, қала типіндегі қыстақ. Қызылордадан 75 шақырымда орналасқан.

Шиелі ауданы. Шиелі ауданы облыстың оңтүстігіндегі қарт Қаратау мен Сырдария өзенінің аралығында орналасқан. Аудан байтағының көлемі – 18,2 мың шаршы шақырым. Ол Қызылорда қаласынан 128 шақырым жерде орналасқан. Аудан жерінің солтүтік шығысын Қаратау жотасы алып жатыр, ал қалған бөлігі жазық болып келеді. Пайдалы қазбалардан құрылыс материалдары: құм, саз кездеседі және уран кені бар.

Жаңақорған ауданы. Қызылорда облысының оңтүстік шығысында орналасқан әкімшілік аудан. Батысында аудан шекарасы Қызылқұм арқылы Өзбекстанмен шектеседі. Облыс орталығынан 178 шақырым жерде ораналасқан.

Қызылорда облысында өндірістің дамуы және халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуі. Кез келген аймақтағы өндірістің дамуы мен жергілікті халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуі сол аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалын сипаттайды [32].

Қызылорда облысының орналасқан орны экономикасына біршама қолайлы. Солтүстік батысында - Ақтөбе экономикалық облысы, солтүстігінде - Қарағанды, шығысында - Оңтүстік Қазақстан, оңтүстігінде - Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыстың экономикалық жағдайы деп - оның экономикасы мен әлеуметтік ахуалының даму факторларына қатысты жағдайы. Оған мыналар жатады: экономикасы дамыған көршілес облыс, оларға алыс-жақын орналасуы, облыс арқылы транзиттік жүк және жолаушылар тасымалдау трассасының өсуі және мүмкіндігі. Осыларға қарай облыс экономикасы өз дәрежесінде дамиды, бірде тиімді болса кейде тиімсіз, нашар немесе жақсы жаққа қарай өзгеріп отырады.

Қызылорда облысы үдемелі және әртараптандырылған экономикалық құрылымымен сипатталады. Өңірде мырыштың - 15,1 %, қорғасынның - 9,6 %, мұнай, газ, конденсаттардың - 4,7%, уранның - 13,7 %, жер асты суларының - 3,4 % қорлары бар.

Облыстың маңызды қазба байлықтары ретінде түсті металдар (қорғасын мен мырыш), уран, ванадий, ас тұзы және жер асты сулары қарастырылады. Өңір шегінде ванадий қорлары бойынша бірегей саналатын Баласауысқандық және

1996 жылы 8 қазанда ҚР Президентінің Жарлығымен «Қызылорда арнайы экономикалық аймағы» құрылды. Өңірдің индустриальды-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес өндіріс орындары мен мұнай компаниялары жұмыс жасауда. «Казгермұнай», «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз», «ҚуатАмлон Мұнай», «Торғай Петролеум», «АЖБ» мұнай компаниялары облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлестерін қосуда. Ал, кәсіпкерлік сипаттағы «Жайна», «Айдан-мұнай», «Аңсар», «Қуат», «Асар Холдинг», «РМЗ Шапағат», «Ағжан», «Бастау и К», «Альянс» т.б. кәсіпорындары жұмыс істейді.

Қалада 50-ден астам жалпы орта білім беретін мектеп, 17 колледж, 4 кәсіптік техникалық мектеп, Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті, «Болашақ» университеті, Қазақ-Қытай академиясы, Н.Бекеженов атындағы драма театры, А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет орталығы, т.б. мәдени орындар жұртшылықтың рухани байлығын көтеру жолында қызмет етіп келеді [28].

Арал ауданында Жақсықылыш, Қамыстыбас, Аралтұз сияқты тұзды көлдер бар. Табиғи ас тұзы өндіріледі. Кварц құмдары мен құрылыстық тастары бар. Ауданның негізгі шаруашылығы, халқының маманданған саласы – балық аулау, өңдеу, тұз өңдеу және түйе шаруашылығы. Мұнда облыстағы үлкен, жалғыз вагон жөндеу зауыты, электротехникалық зауыттар бар. Аудан жерінен соңғы жылдары мұнай мен газдың мол қоры табылып отыр.

Қазалы ауданында кірпіш, балық зауыттары, 2 тұрмыс қажетін өтеу комбинаты жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығында мүйізді ірі қара, қой, жылқы, түйе ерекше орын алады. Аудан жерінен Республикалық маңызы бар көлік жолы, темір жол тораптары өтеді.

Қармақшы ауданының ауыл шаруашылығының басты бағыты – күріш егу және қаракөл қой шаруашылығы. Аудан 1997 жылы 11,338 га егін екті. Оның ішінде негізгі жерді күріштік алып жатыр, яғни 9575 га, қалғаны картоп, жеміс-жидек.

Жалағаш ауданының ауыл шаруашылығының басты бағыты – егін, оның ішінде – күріш егу, мал өсіру. Өнеркәсіп орындарынан халыққа күнделікті қажет нан пісіретін зауыт және май зауыты бар. Облыстағы ең үлкен күріш элеваторының бірі осында. Одан басқа аудандық баспахана, автокөлік, құрылыс мекемелері жұмыс істейді. 1997 жылы 255 адам көшіп келсе, 310 адам көшіп кеткен, сөйтіп 55 адамға айырма жасады.

Сырдария ауданында егіншілік, соның ішінде күріш өсіру басты маманданған саласы. Сонымен бірге қосымша сала қаракөл қойы, жылқы, түйе өсірілді. Халықтың қажетін өтеуде нан, май, шайқау зауыттары жұмыс істейді. Облыстағы бірден бір үлкен астық қабылдау пункті бар.

Шиелі ауданы шаруашылығының басты саласы – егін және мал шаруашылығы. Аудан күріштің жаңа сорттарын өсіреді. Өнеркәсіп орталығынан облыстағы ғана емес Республикалық маңызы бар №6 кен басқармасының болашағы зор. Теміржол бекетіне қарасты тепловоз депосы бар, нан зауыты жұмыс істейді. Аудан орталығында күріш ақтау зауыты бар.

Жаңақорған ауданының орталығында Республикадағы маңызы бар балшықпен емдеу «Жаңақорған» санаторийі, екі автокөлік акционерлік қоғамы, 2 нан зауыты, тәулігіне 40 тонна ұн тартатын диірмен жұмыс істейді.

Кеңес өкіметі орнағаннан кейін облыстың шаруашылығы экономикалық және техникалық базасы жағынан нығая түсті. Күріш пен бақша өнімдерінен облыс республикада бірінші орынға ие болды.

Қызылорда облысының әлеуметтік-экологиялық жағдайы

Табиғат жағдайларының қолайлы, қолайсыз болуы адам тіршілігіне көп әсер етеді. Облыстағы қыстың қатаңдығы нәтижесіндегі ерте көктемдегі үсіктер тіршілік үшін қолайсыздық туғызады, ал күзгі ашық күндер егіс жинауға аса қолайлы көрінеді. Табиғат жағдайларынан басқа адамзаттың іс-әрекетінен болатын өзгерістер өз алдына келеңсіздік туғызады. Мысалы, Сырдария суын ретсіз пайдалану Арал проблемасын туғызды, Байқоңыр ғарыш айлағы радиациялық фонды жоғарылатып отыр. Облыста топырақтың екінші ретті тұздануы жүруде, тұрғындар арасында ауру деңгейі жоғары болып тұр [52-56].

Облыс аумағы үш экологиялық ауданға бөлінеді:

1. Апатты аудан.

2. Апат алды немесе экологиялық жағдайы орташа аудан.

3. Салыстырмалы жақсы аудан.

Облыстың негізгі су көзі болып табылатын Сырдария өзеніне жоғарғы ағысында орналасқан мемлекеттер мен облыстар 54 қашыртқы-коллектор суларын ағызады. Соған байланысты дария суының сапасы өте төмен, стандартқа сай келмейді. Өзен суының минералдану мөлшері литріне 2 грамнан асып отыр. Химиялық құрамы мүлде өзгеріп кеткен. Мысалы, сульфаттардың ШРК-сы 100 мг болса, ол Сырдарияда 500-600 мг, ал жылдың жылы мезгілінде (жаз-күз айларында) нитриттер мөлшерден 6-8 есеге дейін асып түседі. Облыстың 37 елді мекені жарамсыз құбыр суын ішіп отыр. 18 елді мекен суды тасып ішеді. Ал шалғайдағы алыс елді мекендерде өзен суын ауыз суға пайдаланады. Қазалы, Арал аудандарында осындай көріністер бар.

Ауыз судың сапасыз болуы облыстағы ауру-сырқаудың көбеюіне әкеліп отыр. Оның үстіне медициналық қызмет көрсету дәрежесі төмен, мамандар жетіспеушілігі басым. Қызылорда аймақтық экология, гидрометеорология және халықтың денсаулығын қорғау біріккен орталығының мәліметтері бойынша облыс тұрғындары ауруының ішінде тыныс алу мүшелерінің ауруы бірінші орында тұрғанын көрсетіп отыр.





7-сурет. Атмосфералық ауаның ластану көрсеткіші (2009 ж.. 2010 ж.)

Атмосфералық ауаның ластануы Қызылорда қаласында жоғары. Аудандарда салыстырмалы түрде ластану өте төмен. Қаладан кейінгі ластану Жаңақорған, Шиелі аудандарында анықталған. Қызылорда қаласында тұрақты ластаушы көздерден ҚЖЭО мен жылжымалы ластаушы көздерден автокөліктердің үлкен үлесі бар. Оған қоса Самара-Ташкент трассасынан, кейде қала ішінен де ауыр жүк машиналары көп жүреді. Ауа ағыны жоғары болғанымен ластаушы көздердің санына және Жаңақорған мен Шиелі ауданында өнеркәсіптік өндіріс орындарының болуынан мұндағы ластану салыстырмалы түрде басқа аудандарға қарағанда жоғары.

Қызылорда облысының демографиялық ахуалы

Демографиялық саясат – бұл мемлекеттік тұрғыдан қоғамның ең өміршең және бастапқы қажет тіршілігін, атап айтқанда – халықтың өсіп-өнуі мен сақталып дамуын, өлім-жітім мен көші-қонның және мекен-жайға дұрыс орналасуын қамтамасыз ететін біртұтас жүйе. Демографиялық саясат әртүрлі, атап айтқанда әлеуметтік, экономикалық, денсаулық, экологиялық құқықтық, білім мен мәдениет сияқты саясаттармен жүйелі түрде тығыз байланысты [68].

Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулық көрсеткіштерінің әлеуметтік-экологиялық жағдайлармен байланысы

Қызылорда облысы халқының денсаулық жағдайы ерекше толғандырады. Халықтың жалпы ауруға шалдығуы 100 мың адамға 64016,1 адамнан келеді екен, ішек инфекцияларымен 5547 адам ауырады. Республика халқы бойынша ішек ауруларына шалдығушылардың 40 -ы Қызылорда облысының үлесіне тиеді. Бұл өз кезегінде ауыз су мәселесінің әлі шешілмегенімен түсіндіріледі. Ішек инфекцияларымен 18 және одан жоғары жастағылар көп ауырады [27, 68].

Ішек инфекцияларымен 2009 жылы 14 жасқа дейінгілердің ауруы – 8631, 15-17 жас аралығындағылар – 549, 18 жас және одан жоғары – 6897; 2010 жылы 14 жасқа дейінгілердің ауруы – 9037, 15-17 жас аралығындағылар – 620, 18 жас және одан жоғары – 5443; 2011 жылы 14 жасқа дейінгілердің ауруы – 7238, 15-17 жас аралығындағылар – 734, 18 жас және одан жоғары – 5518. Бұл көрсеткіштер диаграмма түрінде 7 суретте көрсетілген [69].

7 суреттен инфекциялық аурулармен, әсіресе 14 жасқа дейінгі балалардың анағұрлым көп науқастанатыны көрінеді, ал 18 және одан үлкен жастағылардың ауруы салыстырмалы түрде, сәйкесінше 1734 (2009 ж.), 3594 (2010 ж.), 1720 (2011 ж.) адамға кем екені тіркелген. 15-17 жастағы жасөспірімдердің аурулары 9-15 есе аз тіркелген, дегенмен бұл көрсеткіштің жыл сайынғы мәні аса қуанарлық емес. 2009-2011 жылдар аралығында бұл аурудың деңгейі артып отырған.

7-сурет. Қызылорда облысы тұрғындарының инфекциялық аурулармен науқастану деңгейі
Бүгінгі күні облыстағы халықтың жалпы ауруға шалдығуы 100 мың адамға 64016,1 адамнан келеді екен, ішек инфекцияларымен 5547 адам ауырады. Мұнда республика бойынша ішек ауруларына шалдығушы халықтың 40 -ы Қызылорда облысының үлесіне тиеді. Бұл аз көрсеткіш емес. Ішек инфекцияларымен 14 жасқа дейінгілер және одан жоғары 15-17 жастағы жасөспірімдердің көп ауыратыны анықталған.

Әдетте, инфекциялық аурулардың пайда болуы мен таралуы ауыз су сапасының нашарлығынан болып жатады. Бірақ мына көрсеткіштер жас айырмашылығы бойынша ауру деңгейлерінің қатты өзгешеленуімен сипатталады. 14 жасқа дейінгі балалар мен 15-17 жастағы жасөспірімдер арасындағы көрсеткіштің жоғары болуы негізінен олардың тамақтануының өз дәрежесінде емес екендігінен деп қарастырған дұрыс сияқты. Мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің ата-аналары көбінесе экономикалық белсенді халықты құрайды.

Рактың табиғатын, оның пайда болу көзін жіктеп айту қиын. Бірақ бір нәрсе айқын - рак сау жерден шықпайды. Мәселен, ұзаққа созылған, толығымен айықпаған, асқынған науқаспен ауырғанда ағзадағы иммунитетті сақтау мүмкіндіктері нашарлағанда, сондай-ақ, ішкі-сыртқы әсерлердің дендеп, бәрінің қосылып бірігуінен қатерлі ісік пайда болуы мүмкін. Қатерлі ісік клеткалары – қан тамыры, лимфа жолдары арқылы бүкіл денеге тарайды. Ал қатерсіз ісік - қатерлі ісіктің баспалдағы болуы мүмкін. Әрине, бәрі емес. Мысалы, сүйектің саркомасы кейбір жарақаттан, ал әйелдердің сүт безі, жатыр рагы олардың көбінесе түйін тастап, гармондардың өзара тепе-теңдік байланыстарының бұзылуынан, ұзақ созылмалы қабынуы әсерлерінен болады.

Қызылорда облысы тұрғындарында болатын ісік ауруларының түрлері мен 2009-2011 жылдар аралығындағы өзгергіштігі 8 суретте келтірілген.

8 сурет. 2009-2011 ж.ж. Қызылорда облысы тұрғындарының ісік ауруларымен ауру көрсеткіші

Жасы үлкен адамдар арасында демікпенің (бронхиалды астма), вазомоторлық аллергиялық рениттің сандық көрсеткіштерінің артуы, балалар мен жасөспірімдер арасында мұндай аурулардың өсімінің артуы жергілікті халық ағзасының аллергиясы жайында дәлеледейді. Қоршаған ортаның ластануы мен халықтың денсаулық жағдайының төмендеуі арасында байланыстың бары анық байқалады. Алғашқы мүгедектіктің неғұрлым үлкен көрсеткіштері Арал маңында белгіленген, оның себептері – өкпенің құрт ауруы (туберкулез), түрлі ісіктер және қан айналымы мүшелерінің аурулары көп ұшырасады.

Облыс көлемінде жұқпалы аурулармен аурушандық бойынша эпидемиологиялық ахуалын жақсарту, аурушандық деңгейін одан әрі төмендету мақсатында облыстық мемлекеттік санэпидқадағалау басқармасы мамандары тарапынан біршама жұмыстар ұйымдастырып, жүргізу нәтижесінде 2011 жылдың 6 айында  жұқпалы аурулар аурушандығы бойынша эпидемиологиялық ахуал «қолайлы» болып қалыптасты. Бүгінгі күні аса қауіпті және жұқпалы аурулардың 12 назологиялық түрлері тіркелмесе, 4-назологиялық  түрлері, яғни жедел ішек аурулары - 65, бруцеллез - 42, вирустық гепатит тобы - 17,3, туберкулез - 21,5 %-ға төмендесе, дизентерия – 25 %, қызамық - 88 %-ға жоғарылаған.

 9 суретте (а, ә, б) Қызылорда облысы тұрғындарының эндокринді аурулармен ауру көрсеткіштері мен аурулардың түрлері келтірілген.

Суретте бірінші бағанда - 14 жасқа дейінгі балалардың, екінші бағанда – 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің, үшінші бағанда – 18 жас және одан жоғары жастағы ересектердің науқастануы көрсетілген. Эндокринді аурулардың түрлері 18 жастан жоғары, сонан соң 14 жасқа дейінгі балаларда көп кездесетіні анықталып отыр. Аурушаңдық деңгейін 2009-2011 ж.ж. салыстырғанда 14 жасқа дейінгі балалар мен 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің науқастануы азайған, ал 18 жастан жоғары ересектерде ауытқушылық байқалады.





9 суретте (а). Қызылорда облысы тұрғындарының эндокринді аурулармен ауру көрсеткіштері мен аурулардың түрлері

9 суретте (ә). Қызылорда облысы тұрғындарының эндокринді аурулармен ауру көрсеткіштері мен аурулардың түрлері

9 суретте (б). Қызылорда облысы тұрғындарының эндокринді аурулармен ауру көрсеткіштері мен аурулардың түрлері
Барлық жас аралығында ең алдымен инсулинді қант диабеті мен зоб ауруы көп кездеседі. Дәрігерлердің айтуынша облыс аймағында бұл аурудың көп тіркелуінің негізгі себебі азық-түлік құрамында йодтың жетіспеушілігі және күйзеліс. Ата-аналардың күйзелісте жүруі туылған балалардың зоб ауруымен дүниеге келуі немесе өсе келе пайда болуына көп әсер етеді.

Облыс тұрғындары денсаулығындағы психикалық ауытқушылық 18 жас және одан жоғары ересек адамдарда көп кездеседі. Атап айтқанда, 2009 жылы 14 жасқа дейінгілерде мұндай ауытқушылықтың 2260, 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдерде – 872, 18 жас және одан жоғары ересек адамдарда – 13995 факті тіркелген. Психикалық ауытқушылық ер балалар мен ересек ер адамдарда көп. Өйткені, науқастардың ішінде психиканы қоздыратын, жүйкені тоздыратын белсенді заттар (алкоголь және т.б.) қолданушылар жиі ұшырасады.

Қызылорда облысы тұрғындарының тыныс жүйесі ауруларымен көп науқастанатыны айтылып кеткен болатын. Тыныс жүйесі аурулары бойынша көрсеткіштерді 10-суреттен (а-, ә-және б- суреттері) көруге болады. 14 жасқа дейінгілер бойынша: 2009 ж. – 95646, 2010 ж. – 95231, 2011 ж. – 91734; 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер бойынша: 2009 ж. – 9893, 2010 ж. – 9540, 2011 ж. – 8157; 18 жас және одан жоғары ересек адамдар арасындағы науқастану: 2009 ж. – 59522, 2010 ж. – 57401, 2011 ж. – 57055. Тыныс мүшелерінің ауруы бойынша көрсеткіштерден белгілі бір заңдылықты түсіну қиын. Мұнда 14 жасқа дейінгі балалар мен 18 жас және одан жоғары ересектерде науқастың түрі өте көп тіркелген. Ал, 15-17 жастағы жасөспірімдер арасында бұл науқас түрінің аз тіркелгені анықталды. Мүмкін бұл жастағы балалар өзім білемге салып, дәрігерге барудан қашатын шығар деген ой келді.


10-сурет, а. Тыныс алу мүшелері ауруларымен науқастану көрсеткіші

10-сурет, ә. Тыныс алу мүшелері ауруларымен науқастану көрсеткіші


10-сурет, б. Тыныс алу мүшелері ауруларымен науқастану көрсеткіші.

Тыныс мүшелері ауруларының ішінде ең көп тіркелгені балалар мен 18 жас және одан үлкен ересектер арасындағы пневмания, содан кейін аллергиялық ренит, бронхалды астма көп тіркелген. 14 жасқа дейінгі балаларда созылмалы бронхит ауруы көп кездескен: 2009 ж. – 2315, 2010 ж. – 1553, 2011 ж. – 1444 болса, аллергиялық бронхиалды астма 2009 ж. – 224, 2010 ж. – 349, 2011 ж. – 252. 18 жас және одан жоғары ересектерде созылмалы бронхит 2009 ж. – 6843, 2010 ж. – 5430, 2011 ж. – 1211. Созылмалы бронхит ауруының 2011 ж. аз тіркелуі шындыққа жанаспайтын сияқты. Бірақ, статистикалық деректерде осылай көрсетілген. Жалпы аурудың қандай түрі болса да жоғарғы көрсеткіш Қызылорда қаласы мен Шиелі, Жаңақорған аудандарында тіркегені анықталды. Бұл облыс орталығы мен аталған аудандардың салыстырмалы түрде көп ластанғанын көрсетеді. Демек, облыс халқының науқастану деңгейі қоршаған ортаның, әсіресе облыс орталығы мен өнеркәсіптік өндірісі бар Шиелі, Жаңақорған сияқты аудандарда, сосын Арал ауданында көп тіркелгені белгілі болды.




Қорытынды

Жоғарыдағы зерттеулердің нәтижелеріне сүйеніп, төмендегі пайымдаулар жасалынды:

1. Диссертациялық жұмыс тақырыбын ашу мақсатында ең алдымен адамның тарихи дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлар жөнінде материалдар жинақталды.

2. Адамның жеке адам және тұлға ретінде дамуы мен қалыптасуына әсер ететін әлеуметтік-экологиялық факторлар туралы материалдар жинақталып, жүйеленді.

3. Адам денсаулығына әсер ететін әлеуметтік және экологиялық факторлардың түрлері анықталып, талданды.

4. Табиғи ортадағы экологиялық өзгерістерге байланысты адамзат ауруларының түрлері қарастырылды. Облыс бойынша әсіресе, тыныс алу ағзасының аурулары, жүрек қан-тамырларының аурулары өте көп тіркелгендігі белгілі болды. Облыс аумағында Байқоңыр ғарыш айлағының орналасуынан жылдың 365 күнінің 300 күні шаңды желмен өтетін болғандықтан, облыс аумағында туберкулез ауруы көп тіркеліп отыр. Оған қоса онкологиялық аурулар деңгейі әсіресе, әйелдерде жатыр аузы ауруларының жиі ұшырасатыны анықталды. Озон қабатының жұқаруы да осы шаңды дауылдың тұруын жиілетіп, онкологиялық ауруларды көбейтеді.

Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулық көрсеткіштері негізінен облыс орталығы – Қызылорда қаласы, Жаңақорған, Шиелі аудандарында жоғары екені анықталды. Бұл өз кезегінде осы аудандарда Шалқия, Уран кен орындарының игерілуімен байланысты деп қарастырылып отыр. Өйткені, бұл аудандарда техногендік ластану жоғары. Қызылорда облысы бойынша ішек инфекциялары ауруларымен науқастанатындар саны өте көп, республика деңгейімен салыстырғанда 40 -ы Қызылорда облысының үлесінде көрінеді. Бұл облыстағы ауыз су сапасының төмендігінен болып отыр деп ескерілді. Ішек инфекцияларымен аурудың ең жоғары көрсеткіші Қызылорда қаласы бойынша тіркелген. Өйткені, облыс аумағы бойынша ауыз су сапасы ең төмен Қызылорда қаласы. Ісік ауруларының көрсеткіштері Жаңақорған, Шиелі және Арал аудандарында осы орналасу реті бойынша тіркелген.

Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар тізімі:

1. Асқарова Г.Ш., Кенжеева Ж.С. Адам денсаулығы және оған әсер ететін әлеуметтік-экологиялық факторлар, «Жас ғалым», Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің 75 жылдық мерейтойына арналған жас ғалымдар конференциясы еңбектер жинағы., 21 мамыр, 2012 ж. - 6 бет.

2. Асқарова Г.Ш., Кенжеева Ж.С. Қызылорда облысы тұрғындары денсаулығының әлеуметтік-экологиялық жағдайларымен байланысы. . «Жас ғалым», Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің 75 жылдық мерейтойына арналған жас ғалымдар конференциясы еңбектер жинағы., 21 мамыр, 2012 ж. - 4 бет.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Сапасыз су жүйелері елеулі қауіп тудырады. Сыр бойы, 2011 ж.- 3 б.

2. Шапшаңов Қ. Қоғамдық пікір: қоршаған ортаны қорғау, Дүние журналы, №5, 2002 ж. – 11-13 б.б.

3. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Оқулық.- Алматы: Экономика, 2002.- 405 б.

4. «Өңірдің әлеуметтік саласындағы негізгі көрсеткіштер» статистикалық жинақ, Қызылорда, 2011 ж.- 34 б.

5. Передельский Л.В., Коробкин В.И., Приходченко О.Е. Экология: учеб.- М.:ТК Велби, Изд.-во Проспект, 2006.-512 с.

6. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Оқулық.- Алматы: Экономика, 2002.- 405 б.

7. Чигаркин А.В. Геоэкология Казахстана (географические аспекты природопользования и охраны природы): Учебное пособие для студентов географических и экологических специальностей университетов. – 2-е изд., перераб. И доп. – Алматы: Қазақ университеті, 2006.-414 с.

8. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы. – Алматы: «Бастау» баспасы, 2003. – 292 б.

9. Коробкин В.И., Передельский Л.В. Экология. Учебник для вузов. Изд. 11-е дополн.-Ростов н/Д: Фенис, 2006.-608 с.

10. Асқарова Г.Ш., Темірбаева Ғ.С. Қызылорда қаласының тұрмыстық қалдықтармен ластануын бағалау /Келешек-2010 студенттер мен жас ғалымдардың республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы материалдарының жинағы.- Жезқазған: «ЖезУ» АҚ, 2010.- 234-237 б.б.
РЕЗЮМЕ

На автореферат диссертации на соискание ученой степени магистра естественных наук по специальности 6М06800 – Экология

КЕНЖЕЕВА ЖАНАТ САГАТБЕККЫЗЫ

Цель исследования

Изучение и исследование социально-экологических факторов, влияющих на состояние здоровья человека.

Определение взаимосвязи между здоровьем человека и социально-экологическими факторами, на примере показателей уровня здоровья жителей Кызылординской области.

Задачи исследования. В связи с эклогическими изменениями в природной среде расмотреть заболевания человечества. Изучить и проанализировать социальные и экологические факторы, влияющие на здоровье человека

Составить и провести опрос среди населения овлияний социально-экологических факторов на здоровье человека, проанализировать и сделать выводы. Изучить информации медицинских и статистических учреждений, определить зависимость путем постоения графика и диаграммы.

Новизна исследования. Впервые определена зависимость показателей здоровья населения Кызылординской области на социально-экологические факторы. Впервые был проведен социальный опрос среди населения Кызылординской области на темы «Здоровье и качество окружающей среды», «Оценка качества медицинского обследования». По результатам опроса оценен уровень заболеваемости человека.

Практическая новизна исследования. Для достижения поставленных целей и решения задач был сделан литературный обзор учебников по экологии, интернет ресурса; собран и систематизирован материал по показателям о влиянии среды жизнедеятельности на здоровье человека. Проведен анализ вопросов о социально-экологических положениях Казахстана, о демографии.

Проведен анализ статистических сведений о влиянии социально-экологических факторов на здоровье населения Кызылординской области.

Был проведен социальный опрос жителями области на темы «Здоровье и качество окружающей среды», «Оценка качества медицинского обследования», по итогам опроса была выявлена зависимость здоровья от социально-экологических факторов.

Положения выносимые на защиту. Зависимость здоровья населения Кызылординской области местные социально-экологические факторы.

Обоснованные выводы по итогам социального опроса населения Кызылординской области на темы «Здоровье и качество окружающей среды», «Оценка качества медицинского обследования».
Summary

The thesis of decertation work for the degnee of Natural Scionces on speciality Ecology 6M060800

Kenzheeva Zhanat Sagatbekkyzy

The signifieance of the work. The enwironment where the people live in is a biosphere but the man in fluencies into the environment and it effects to the psychic of biosphere and destroys. The peopleis interferenel to the nature to its resources brings to the changes to the climatic pollution of word oceans oxtention of desert areas decrease of forests falling of thousands of towns sulphur and nitrogen of accirain to the lend causing elimination of animals and plants and destroying water systems all these problems are of great importance in Kyzylorda region as an ecologic one. Diminishing of the Aral sea aguaterritory was the result of declaring the Aral region as an ecology zone. Decouse of remains of from cosmodrome Baikhonur there is no place to walk and very slow, There is almost no pure water sow in the region small rivers and lahes are all polluted causing a lot of decease. The level of air pollution is high because of dust smoke ashes with carbon oxide sulphur gas nitrogen oxide.

Healthy generation is the future of the count Health care og people is one of the biggest problem of the third millennium for our soveign state Studying all above mentioned problems social condition are of the significance of the topic.

The aim of the work

to study social and ecologie factors of nowadays to the peoples health on the base the strategies information on social and ecologic factors which effects to the health of local population of Kyzylorda ablest was analyzed.

On the topazes. Health and the quality of emvionmout and Appreciation of medical sew ices quality social questionnaire was carried with the ablast inhabitants and on the base of this questionnaire the inter




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет