Рефераты қызылорда, 2012 жыл



Дата20.07.2016
өлшемі308 Kb.
#211258
түріРеферат
ӘӨЖ 371.212.3:374 Қолжазба құқығында


ОРАЗЫМБЕТОВА МАҚПАЛ ОРМАНҚЫЗЫ

СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАРЫНДЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Мамандығы 6М010300 – Педагогика және психология
Педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған
РЕФЕРАТЫ

Қызылорда, 2012 жыл

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Педагогика» кафедрасында орындалған.

Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының

кандидаты, профессор А.Б.Табулова
Ресми оппонент: педагогика ғылымдарының

кандидаты, профессор С.Ғ.Тәжібаева

Қорғау өткізілді:
Диссертация 2012 жылдың «___» маусымында сағат _____ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Төле би, 36-А, №7 оқу ғимараты, Музыка-педагогикалық факультеті, №____дәрісхана) қорғалады.

Мемлекеттік аттестаттау

комиссиясының хатшысы:

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.



Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі әлеуметтік, экономикалық процестер тоғысқан күрделі даму кезеңін бастан өткізіп отырған Қазақстан Республикасы зиялы қоғамның талап-тілектеріне толығымен жауап беретін жауапкершілік сезімі жоғары, шығармашылық белсенділігі мен адамгершілік болмысы бірдей үндескен, бойындағы дара мүмкіндіктерін, интеллектуалдық қабілеттерін өз іс-әрекетінде шығармашылықпен қолдана алатын жеке тұлға тәрбиелеу мәселесін өзекті етуде. Сондықтан қазіргі заман мектептерінің басты міндеттерінің бірі – оқу-тәрбие жұмыстарын бірегей жүзеге асыру үрдісінде оқушылардың интеллектуалдық – шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, әлемдік өркениет пен ұлттық мәдениеттің үздік үлгілері арқылы шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру.

Оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамыту мәселесінің өзектілігінің артуы мектептегі оқу-тәрбие процесіне жаңаша тұрғыда қарап, оны оқушының білім, білік, дағдыны меңгеру ғана емес, танымдық-шығармашылық іс-әрекет және нителлектуалдық, шығармашылық процесс ретінде қарастыруды міндеттейді [1,2,3,4,5].

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында ұлттық және адамзаттық құндылықтарды, ғылым мен практикадағы жетістіктерді адамның шығармашылық, рухани дамуына, дара мүмкіндіктері мен интеллектуалдық сапаларының жоғары деңгейде қалыптасуын ұйымдастыру міндетіне қояды.

Елімізде дарынды балалармен жұмысты жетілдірудің мынадай бағыттары бойынша зерттеулер маңызды болып табылады: дарынды балалармен жұмысты ұйымдастырудың басқару аспектісі (Ү.Б.Жексенбаева, Л.И.Нарықбаева) [50,51]; математика пәнін оқытуда дарынды балалардың интеллектуалдық әлеуетін дамыту (Г.С.Байтуреева, Ж.О.Үмбетова т.б.) [52,53]; мектепке дейінгі шақта балалардың дарындылығын дамыту (О.А.Жумадиллаева т.б.) [54]; жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесінде дарындылықты дамыту шарттары (С.В.Кузнецова, С.И.Қалиева, Н.Н.Телепнева т.б.) [55,56,57].

Елімізде дарынды жастарымызды іздестіру мен олардың қабілетін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 1998 жылы Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы құрылып, республикадағы дарынды балалармен жұмысты басқарумен айналысады. Білім беру жүйесін реформалау дарынды балаларды арнайы мектептерде ғана емес, жалпы орта білім беретін

мектептерде де жүзеге асыруды міндеттейді. Сондықтан шығармашылық дарындылықты дамыту мәселесі арнайы зерттеуді талап ететін, қоғамдық маңызы зор проблема болып отыр.

Сонымен, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді теориялық зерттеулерді талдау мен мектептердегі оқу-тәрбие прцесіндегі тәжірибелерді саралау нәтижелері мынадай қарама-қайшылықтарды анықтап отыр: жеке тұлғаның шығармашылық дарындылығын дамытуда қоғам талаптары мен бұл мәселенің орта мектептердегі жағдайы арасында; оқушылардың шығармашылық дарындылық мүмкіндіктері мен оны дамытуда оқу-тәрбие прцесін тиімді ұйымдастырылмауы арасында, шығармашылық қабілеті бар дарынды балаларды дамыту қажеттігі мен арнайы оқыту бағдарламаларының жоқтығы, бұл салада арнайы ғылыми-әдістемелік зерттеулердің аз жүргізілуі арасындағы қарама-қайшылықтар бізге зерттеу проблемасын анықтап, тақырыпты: «Сыныптан тыс жұмыстарда мектеп оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамыту жолдары» деп таңдауымызға себепші болды.

Зерттеу мақсаты: мектеп оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытуды теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасау.

Зерттеу нысанасы: жалпы орта білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие прцесі.

Зерттеу пәні: мектеп оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамыту.

Зерттеудің міндеттері:


  1. Оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытудың теориялық негіздерін айқындап, «шығармашылық дарындылықты дамыту» ұғымына анықтама беру.

  2. Жалпы орта білім беретін мектептерде оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытудың моделі, өлшемдері мен көрсеткіштерін негіздеу.

  3. Жалпы орта білім беретін мектептердегі сыныптан тыс жұмыстарында оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытудың бүгінгі жағдайы, өзіндік ерекшеліктері мен педагогикалық шарттарын анықтау.

  4. Жалпы орта білім беретін мектептердегі сыныптан тыс жұмыстарында оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытуды ұйымдастырудың әдістемесінің тиімділігін эксперимент жүзінде дәлелдеу.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер жалпы орта білім беретін мектептерде оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытудың педагогикалық шарттары, оқушылардың танымдық мүмкіндіктері мен мақсатты оқу қызметін жетілдіруге бағытталған арнайы сыныптан тыс жұмыс формалары тиімді пайдаланылса, онда бүгінгі қоғам талаптарына сай жан-жақты дамыған, өзін-өзі дамытуға ұмтылатын өзіндік рефлексия мен жаңашылдыққа бейім жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндіктер туындайды.

Зерттеудің жетекші идеясы: жалпы орта білім беретін мектептерде оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытатын арнайы жұмыстар

үздіксіз, мақсатқа сәйкес жүргізіліп, біртұтас педагогикалық процесте тұлғалық құндылық бағдар ретінде танылуы қоғамның рухани – интеллектуалдық талаптарын қанағаттандырады.



Зерттеу әдістері: зерттеліп отырған мәселеге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, озат іс-тәжірибелерді жинақтау, оқу процесін бақылау, педагогикалық эксперимент жүргізу, сауалнама жүргізу, тестілеу, әңгіме, арнайы курс өткізу және оны талдау, эксперимент нәтижелерін математикалық өңдеу және қорытындылау.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы іс-әрекет рөлі туралы философиялық тұжырымдама, жеке тұлғаны дамыту теориясы, психология ғылымының жеке адамның танымдық іс-әрекеті теориясы, қабілеттілік туралы психологиялық тұжырымдар, жеке тұлғалық бағдарлы оқыту теориясы, құндылық теориясы, біртұтас педагогикалық процесс теориясы, мәдениет теориясы, оқыту мен теорияны сабақтастыру туралы қағидалар.

Зерттеу көздері: ғылыми-зерттеу тақырыбына байланысты философиялық, педагогикалық, психологиялық зерттеулер, ресми құжаттар, арнайы бағдарламалар, оқу жоспарлары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, мерзімдік ғылыми-әдістемелік ақпараттар, мектептердің іс-тәжірибе жұмыстары, озат педагогикалық тұжырымдамалар, автордың жеке педагогикалық іс-тәжірибесі.

Зерттеу кезеңдері:

Бірінші кезеңде (2010-2011 ж.ж.) зерттеліп отырған мәселенің ғылымдағы талдануы мен мектептегі жай-күйінің саралануы. Ғылыми-педагогикалық материалдардың жүйелік-құрылымдық талдануы мен ғылыми ақпараттық және негізгі тұжырымдардың жүйеленуі. Бұл кезеңде мынадай әдістер қолданылды: теориялық-әдіснамалық талдау және ғылыми әдебиеттерді жалпылау, салыстыру, модельдеу, педагогикалық бақылау, мектеп құжаттарын және оқушы іс-әрекетін талдау. Оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамыту мүмкіндіктері, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың оңтайлы әдіс-тәсілдері анықталды. Оқушылардың шығармашылық дарындылығы диагностикалау және дамыту әдістемесі жасалды. Зерттеудің мынадай әдістері қолданылды: бақылау, әңгіме, тестілеу, сауалнама алу, құжаттарды талдау.

Екінші кезеңде (2011-2012 ж.ж.) оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытудың әдістемесі бойынша тәжірибелік-эксперимент жұмыстардың нәтижелері сараланып, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар әзірленді. Зерттеу нәтижелері диссертацияға енгізіліп, оң нәтижелері дәйектелді. Зерттеудің екінші кезеңінде негізінен мынадай әдістер қолданылды: тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар, бақылау, әңгіме, саулнама алу, оқушылардың шығармашылық тапсырмаларын орындауы, оларды талдау, бағалау, математикалық өңдеу және қорытындылау.

Зерттеу базасы: №11 жалпы орта білім беретін мектеп.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:

  1. Оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытудың теориялық негіздері анықталып, «шығармашылық дарындылықты дамыту» ұғымының мәні мен мазмұны анықталды.

  2. Жалпы орта білім беретін мектептерде оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалып, өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері көрсетілді.

  3. Жалпы орта білім беретін мектептердегі оқыту процесіндегі сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытудың бүгінгі жағдайы мен өзіндік ерекшеліктері мен педагогикалық шарттары анықталды.

  4. Сыныптан тыс жұмыстарында оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытудың әдістемесі жасалып, оның тиімділігі сынақтан өткізіліп, тәжірибеге енгізілді.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

  • жалпы орта білім беретін мектептерде сыныптан тыс жұмыстарында оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамыту әдістемесі ұсынылды;

  • оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытуға байланысты мектеп мұғалімдеріне арналған арнайы курс бағдарламасы мен әдістемелік құрал дайындалды;

  • оқушылардың дарындылығын дамытуға байланысты әдістемелік нұсқаулар, ұсыныстар жасалды;

  • зерттеу нәтижелерін жалпы білім беретін мектептерде, педагогикалық оқу орындарында, мұғалімдердің білімін жетілдіру және қайта даярлау институттарында пайдалану маңызды.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

  • оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытудың теориялық негіздері тұрғысында айқындалған «шығармашылық дарындылықты дамыту» ұғымының педагогикалық мәні мен мазмұны;

  • жалпы орта білім беретін мектептерде оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделінің сипаттамасы;

  • сыныптан тыс жұмыстарында оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытудың бүгінгі жағдайы мен өзіндік ерекшеліктері мен педагогикалық шарттары;

  • жалпы орта білім беретін мектептерде оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытудың әдістемесі мен оның іс-тәжірибедегі нәтижелері.

Зерттеу нәтижелерінің дәйектілігі және сенімділігі талапқа сай әдіснмалық және теориялық қағидалармен, зерттеу пәніне сәйкес әдіс-тәсілдерді қолданумен, эксперимент бағдарламасының мақсатқа сәйкестілігімен, бастапқы және соңғы көрсеткіш нәтижелерінің қорытындыларымен, сыныптан тыс жұмыстарында олардың тиімділігін тексерумен қамтамасыз етіледі.

Зерттеуді сынақтан өткізу және іс-тәжірибеге ендіру. Зерттеудің негізгі қағидалары ғылыми баяндама түрінде халықаралық және республикалық конференцияларда және Қызылорда қаласы №11 орта мектебінде тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар өткізіліп бағаланды.

Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттермен қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейтестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, ғылыми болжамы, міндеттері, әдіснамалық және теориялық негіздері, зерттеу көздері, әдістері, практикалық мәні, ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні, базасы, кезеңдері баяндалды.

«Мектеп оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытудың теориялық негіздері» атты бірінші бөлімінде оқушылардың дарындылығын дамыту мәселесінің психологиялық, педагогикалық т.б. әдебиеттердегі талдануына, мектеп оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытудың психологиялық ерекшелігіне сипаттама берілді. Қазіргі жалпы орта білім беретін мектептерде оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамыту жағдайлары мен мүмкіндіктері сараланды.

«Қазіргі мектептерде оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытудағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар» атты екінші бөлімінде жалпы орта білім беретін мектептерде оқушылардың шығармашылық дарындылығын диагностикалау әдістері көрсетіліп, оның әдістемесі негізделді. Мектеп оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытуға бағытталған тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар нәтижелері талданды.

Қорытындыда ғылыми болжамды дәлелдейтін зерттеудің нәтижелері мен тұжырымдары берілді, ұсыныстар және дарындылықты дамыту мәселесінің болашақтағы зерделенетін бағыттары көрсетілді.

Қосымшада мектеп оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамыту жұмыстары бойынша сауалнамалар, тест, тапсырмалар, интеллектуалдық, шығармашылық ойындар ұсынылды.
Негізгі бөлім

Қазіргі жаһандану заманында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, индустрияның қарыштап өсуі, мәдени дамудың әлемдік деңгейіне көтерілуге бет бұру кезеңінде, қоғамның сұранысы өсіп тұрған шақта дарынды балалардың интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруын қамтамасыз етудің маңыздылығы артуда.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына мемлекеттік білім саясаты әр баланың және қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамытуды өзекті мәселелер қатарына енгізілген. Сондықтан ғылымның әр саласындағы мағлұматтардың арасынан жеткілікті және қажетті мөлшердегі деректерді іріктеп алып, дарындылықты дамытуға арналған үйлесімді білім мазмұнының нұсқасын қоғамымыз дамуының бүгінгі талаптарына сәйкес қайта құру маңызды міндет.

Адам қабілеттілігінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді [110].

Дарынды балалар - жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет, техникаға т.б.) байқатқан балалар. Дарындылық қарқыны бойынша басқадай жағдайлар бірдей болғанда баланың өз құрдастарының озықтық дәрежесі бойынша диагностикалау қабылданған (ақыл-ой дарындылығы тестері осыған негізделген).

Грек философтары дарындылықты құдайдың құдіретінен дей келе, оны дамытуда білім мен тәрбие берудің маңызын жоққа шығармайды. Ұрпақтың ақыл-ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясында айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып- білуін қамтамасыз етуі мен қоғамға, адамдарға дұрыс қарым-қатынасын қалыптастырылуын қарастырады. Бұл идеялар Платон, Аристотель, Гераклит, Гиппократ, Демокрит, Плутарх, Квинтиллан еңбектерінде одан әрі дами түсті [58,59,60].

Оқушылардың жеке қабілеттерін, дарындылығын, ақыл-ойын дамыту мәселесі туралы құнды пікірлер Ф.Бэкон, М.Монтень, Д.Локк, Д.Дьюи, Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци, И.Кант еңбектерінде айтылды [61,62,63,64,65,66].

Дарындылықты, ақыл-ой қабілетін дамытудағы оқыту әдістемесінің негізін алғашқылардың бірі болып қалаған ұлы педагог Я.А.Коменскийдің XII ғасырда жазған «Ұлы дидактика» атты еңбегінде: «Заттың не құбылыстың түп тамырына жету, анықтау қабілетін дамыту, оны шынайы түсіну және оны қолдана білу қажет», - деп ерекше атап өтті [63.71].

ХVІІІ-ХІХ ғасырда дарындылық пен интеллектуалдық қабілет туралы және қайнар көзін іздеуде И.Г.Песталоцци еңбектерінің маңызы зор болды. И.Г.Песталоцци «Көзбен қабылдау әліппесі» деген еңбегінде баланың сезім тәжірибесіне сүйенеді. Ол интеллектуалдық ақыл-ой тәрбиесінің алғашқы сатысы - танымдық белсенділікті дамытуға қажетті оқытудың эвристикалық бақылау әдістемесін жасайды. «Адамның әрбір сөзі, әрбір іс-әрекеті, - деп жазды Песталоцци, - бұл оның бақылаулары нәтижесінде қалыптасқан ой- өрісінің жемісі» [68].


  1. ғасырда қазақ халық ағартушылары да халықты сауаттандыру, жеке тұлғаның қабілетін, дарындылықты дамыту мәселелерін көтере бастады. Ағартушы Ы.Алтынсарин: "Табиғи ақыл өзін қоршағанды ғана кұшағына ала алса, оны дамытып өзі көрмегенді де танып білуге мүмкіндік жасайтын тек қана өркениетке жетелейтін озық білім", - дейді [6.57].

Ш.Уалиханов шығармаларында жеке тұлға тәрбиесіндегі білім мен тәрбиенің шешуші рөлі көрсетілген. Оның жалпы қазақ халқының ақыл-ой қабілеттілігі жөніндегі пікірі мынадай: "Қырғыз-қайсақтар табиғатының ақыл-ой жүйріктілігімен, таңқаларлық көңілшектілігімен ерекшеленеді" [8.211].

Абай Құнанбаев адамды қоршаған орта - табиғаттың бір бөлігі дей келе, табиғаттың адам баласына берген керемет сыйы - туылғаннан бастап білуге, түсінуге деген ұмтылысы деп есептейді. Бірақ, бала өсе келе осы қасиетті біртіндеп жоғалта береді. Ұлы ойшыл адамның ойы мен санасы еңбек іс- әрекеті кезінде қалыптасады деп тұжырымдайды: "Кей қасиет туа бітеді, ал кейбірі еңбек арқылы қалыптасады".



  1. ғасырдың бас кезінде Қазақстанда педагогикалық теория негіздерінің қалыптасуына ат салысқан көрнекті қайраткерлер Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаевтардың педагогикалық мұраларында білім беру үрдісінде балалардың қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыру мәселесін ескеру керектігі баса айтылған.

Сонымен қатар, дарынды балалардың сөйлеу тілінде шапшаңдық және сонылық сияқты ерекшеліктер болатыны анық. Дарындылық психологиясын зерттеуші В.С.Юркевич: «Жоғары танымдық белсенділік - дарындылықтың бірініші белгісі, ол әртүрлі сипатта көрінуі мүмкін. Маңыздысы, тапсырмалар мазмұнында бала үшін қызықты жаңалықтар болуы керек», - дейді [109.45].

Дарынды балаларға тән тағы бір ерекшелік - ойдың айқындығы, яғни, күрделі мәселелерді айқын сөздермен, оны бір-бірінен шығатын етіп, тиісті жүйелермен көрсете білуі (1-кесте).

1-кесте. Дарынды балалардың біліктер жүйесі




Біліктер

Біліктер қосылған жүйесі

1

Кітаппен, оқулықпен жұмыс жасау білігі

а) Кітаппен, оқулықпен жұмыс істеу;

ә) бағдарлай білу;

б) оқығандары бойынша жазып алу;


2

Құбылысты бақылау білігі

а) бақылау нысанын таңдау; ә) бақылау жүргізу; б) бақыланып отырған құбылысты дәл сипаттау; в) өзіндік бақылау мен баға беру.

3

Құбылысты талдау білігі

а) құбылыстарды, заттарды салыстыру, беттестіру; ә) құбылыстарды құрамды бөліктерге жіктеу; құбылысты ойша біріктіру және олардың өзара ұқсастықтарын табу.

4

Болжам құру білігі (жауаптың басқа нұсқасын іздеуі)

а) болжам құруға талпыну; ә) мәліметтерді тексеру және таңдау; б) болжам құрастыру;

в) болжамды дәлелдеу.



5

Оқу-тәрбиелік шараларды құру біліктері, түріндегі материалдарды жалпылау білігі.

а) Есеп, шығарма, мазмұндама, өтірік өлең, ертегі т.б. жазу; ә) материалдарды талдау, тұжырым жасау; б) Оқу-тәрбиелік шараларды құру біліктері:

- тәрбиелік шараға қатысу (сценарий құру, өлең шығару т.б.)

- өзіндік бақылау және бағалау

Тәрбие нәтижесінде қалыптасып, әлеуметтік негізге ие болатын дарынды балалардың жеке тұлғалық бағыт-бағдары болады. Бағыт-бағдар - адамның қасиеттеріне айналған көрсеткіштер (2-кесте).

2-кесте. Дарынды балалардың бағыт-бағдар формасы



Формалары

Қысқаша мәні

1

Құмарлық

Құмарлық - бағыт-бағдардың ең қарапайым биологиялық формасы;

2

Ниет

Ниет - саналы қажетсіну, толық белгілі затқа құмарлық;

3

Ұмтылыс

Ұмтылыс - ниетке еріктік күш қосылғанда пайда болады;

4

Қызығу

Қызығу - бағыт-бағдардың қандай да затқа ауысуындағы танымдық формасы;

5

Көзқарас

Көзқарас - қоршаған дүние болмысын философиялық, этикалық, жаратылыстану және басқа ғылымдар жүйесінде тану;

6

Наным

Наным - адамды өз танымы, принципі көзқарастарына орай әрекетке ықпалдаушы мотивтер жүйесі, бағыт-бағдардың ең жоғарғы формасы.

Ресей психологтары дарындылық жайлы төменгідей анықтама береді: «Дарындылық - психиканың жүйелі, өмір бойы дамитын қасиеті. Ол басқа адамдармен салыстырғанда іс-әрекеттің бір немесе бірнеше түрінде адамдардың ең жоғары нәтижеге жету мүмкіндігін анықтайды» (Бурминский Г.В., Матюшкин А.М., Слуцкий В.М.) [84,85].

Көбінесе дарынды оқушы - бұл жақсы оқитын оқушы" деген пікірде жоқ емес. Белгілі ағылшын психологі П.Торренстың зерттеуі нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететінін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. П.Торренстың көзқарасын Дж.Гилфорд, Ф.Баррон, К.Тейлор сияқты Оңтүстік Колифорниядағы бір топ ғалымдар құптаған [90,91,92,93].

Қарастырылып отырған мәселе туралы белгілі американдық психолог П.Торренстің еңбектерінде креативтілікті зерттей келе, оны шешілмеген мәселелерге - білімнің жетімсіздігіне, өзара үйлесімсіздікке, осы мәселелерге көңіл қоюға, жорамал жасауға, шешімді іздеу жолына, олардың нәтижелерін тұжырымды етіп айтуға, шешу сезімнің оянуымен сипатталатын процесс ретінде қарайды. Ол дивергенттік ойлаудың да көрсеткіші ретінде таныла алатын креативтіліктің төрт негізгі көрсеткішін атап көрсетеді: шапшаңдық, икемділік, сонылық, жасампаздық.

П.Торренстің айтуынша, шапшаңдық-нәрсіз және орынсыз жауаптар бірігіп келіп, берілген белгі бойынша жоғары нәтиже алуы. Сондықтан шығармашылық ойлау үшін тек үстеме, қосымша мағына береді дейді [90.42].

Дарындылықтың кұрылымын ұсынғандардың ішінен ең маңыздысы болып белгілі американдық ғалым Дж.Рензуллидің үш шеңберлік моделін атап өтуге болады. Бұл тұжырымдамада дарындылық үш бөлігінің бір-біріне тығыз қарым-қатынасы арқылы құралатыны айтылады: 1) орта деңгейден жоғары интеллект; 2) креативтілік; 3) тапсырмаға қызығу (1 - сурет).

Дж.Рензуллидің көзқарасының маңызды жағы дарындылықты табиғи құбылыс деп түсіндіре келе, «дарындылық» ұғымының «әлеует» (потенциал - латын сөзі роіепііа - күш, бір нәрсеге қабілеттілік) ұғымына алмастырады.



1-сурет. Дж.Рензуллидің үш шеңберлі моделі
Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуде ұйымдастырудағы басты міндет – балалардың қабілеттері мен таланттарын жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтың ерекешеліктерін (түрі, деңгейі және т.б.) анықтау мен айқындау болып табылады.

Дарынды балаларды анықтауда кешенді қадам жасау ұтымдырақ болатыны сөзсіз.

Әйтсе де, біз оқушылар дарындылығының дамуын: аса дарынды және дарынды деген екі түрге бөліп отырмыз.

Аса дарынды балалар деңгейіне жатқызылған оқушылар ерте жастан танып-білуге құштарлық, таңғажайыптарға деген қызығушылық танытады және оларға адамның табиғи қасиеті ретінде зерттеушілік мінез-құлық тән.

Осылайша, біздің бақылауларымыздың, дарынды балалармен әңгімелесу мен ой эксперименттерінің негізінде аса дарындылық деңгей көрсеткіштері 90-100%-ға сәйкес келуі керек.

Екінші деңгейде біз «дарынды балалар» деп атадық. Оларға да ынталандыру белгілерінің барлық көрсеткіштері тән. Оларға танып-білу, танымдық қызығушылық, белгілі білім беру мен қызмет саласындағы еңбекке бейімділік жатады және осының негізінде танымдық қажеттілік туындайды.

Бұл топтағы оқушылар оқу және оқудан тыс жұмыстағы жетістіктерін басқара алады.

Осылайша, дарынды балалардың бұл тобы өздерінің келешек дамуында жеткілікті мүмкіндікке ие болып, еліміздің өз бетімен ой тұжырымдай алатын, шығармашыл азаматтарының қорын молайтуға қабілетті. Дарынды балалар барлық көрсеткіштерін 75%-дан төмен болған жоқ.

Біздің бақылауымызда, сондай-ақ орташа дарындылық деңгейіне жатқызылатын балалар да болды.
«Дарындылық картасы» әдістемесі

Жалпы сипаттама

Бұл әдістемені автор (А.И.Савенков) Хаан мен Кафф әдістемелерінің негізінде жасалынған. Бұл әдістеменің аталған авторлар әдістемесінен ерекшелігі – нәтижелерді өңдеу әдістемесін жеңілдету үшін әрбір бөлімнен бірнеше сұрақтар алынып, қысқартылды, сондай-ақ қорытындылау жұмыстарын жеңілдату үшін «сұрақнама» енгізіліп, ол алынған ақпараттарды салыстырмалы түрде жүйелендіруге мүмкіндік берді.

Әдістеме ата-аналаға арналған және мұғалімдер де пайдаланса болады. Әдістеменің жас ерекшелігі 10-нан 15 жасқа дейінгі аралық. Ол екі негізгі қызметті орындауға есептелген.

Жалпы дарындылықты бағалау әдістемесі

Жалпы сипаттама
Әдістемені ата-аналарға арнап дайындағанымен мұғалімдер де пайдаланса болады. Оның міндеті – баланың жалпы дарындылығын ата-анасына бағалату. Әдістеме мамандарға арналған әдістеме жинақтарына қосымша ретінде қарастырылуы керек (психолог және педагогтар).

Сонымен, оқушылардың шығармашылық дарындылығын диагностикалау барысында жүргізілген зерттеулеріміз төмендегідей нәтижелерді көрсетті (2 сурет).



2-сурет. Оқушылардың шығармашылық дарындылығын

диагностикалаудың нәтижелері


Эксперимент жүргізілген №11 мектептің оқушыларының бейімделу деңгейін тексеру үшін, біз «бейімделушілік» деп аталатын көпдеңгейлі, жеке сауалнаманы қолдандық. Бұл сауалнамаларда бірнеше құрылымдық деңгейі бар, ол әртүрлі көлем мен сипаттағы ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
6-кесте. «Бейімделушілік» әдістемесі бойынша оқушылардың бейімделу көрсеткіштерінің орташа мәнісін салыстыру




Бейімделу түрлері

Дарынды оқушы

Дарынсыз оқушы

Орташа мәнісі арасындағы айырмашылық

1

Жүріс-тұрысын реттеу

48,68

11,76

+33,92

2

Коммуникативті қуат

19,88

14,24

+5,64

3

Адамгершілік қалыптылық

8,84

8,84

0

4

Жеке қуатының шкаласы

74,4

34,84

+39,56

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар мынадай бағыттарда іске асырылды: мектеп оқушыларының оқу үрдісі; оқушылардың шығармашылық дарындылығын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық іс-әрекет.

Эксперименттік жұмыстардың оқушылардың оқу үрдісі бағыты бойынша мектеп оқушыларынан сынақ, бақылау, тест арқылы білім деңгейлері тексерілді; шығармашылық сабақтар нәтижелері, танымдық есептер шығару, деңгейлік тапсырмалар қорытындылары; шығармашылық жоба, күнделіктер, шығармашылық ситуациялар, сабақтағы рефлексия нәтижелері жан-жақты талқыланды.

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарға барлығы 25 оқушы, мектеп мұғалімдері, психологтар қатыстырылды.

Анықтаушы эксперимент нәтижелері мынадай болды. 33%- оқушының шығармашылық деңгейі жоғары; өзіндік жұмыста ізденімпаздығы анық байқалмайды. Орташа шығармашылық деңгейде - 50%; дербес жұмыс істеуге талпынбайды. Шығармашылық жұмысты қажет деп есептемейді. Төменгі шығармашылық деңгейі - 18%. Мектепте жүргізілген зерттеулеріміз төмендегідей нәтижелерді көрсетті (3-сурет).

Зерттеуші топпен бақылаушы топтың көрсеткіштерінің ара қашықтықтары 3-суретте белгіленді.


3-сурет- Зерттеуші топпен бақылаушы топтың көрсеткіштерінің

ара қашықтықтары

Жүргізілген зерттеуіміздің келесі көрсеткіші олардағы танымдық-интеллектуалдық компоненттің жағдайы мен оның даму деңгейін өсіруге бағытталған жұмыстар арқылы анықталды.

Бұл оқушылардың жетекші білімдерін және оқу-танымдық қызмет тәсілдерінің жүйесін қамтиды, әрекет тәсілдерін өз бетінше игеру біліктілігін айқындайды. Сонымен, зерттеуші топ оқушыларының шығармашылық дарындылығын қалыптастыруда эксперимент нәтижесі 4- суретте көрсетілді.

4-сурет. Зерттеуші топ оқушыларының шығармашылық дарындылығын қалыптастыруда эксперимент нәтижесі

№11 орта мектепте жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүйесі бойынша алынған нәтижелерді талдап, қорытынды көрсеткіштері 7-кестеде берілді.


7-кесте – Жалпы орта мектеп оқушыларының шығармашылық дарындылығының даму деңгейі (%)

№11 орта мектеп бойынша компоненттер




Деңгейлер

Мотивациялық-еріктік

Танымдық-интеллектуал-

дық


Креативтілік

Рефлексиялық бағалау

Эксперимент

ке


экспериментке

экспериментке

экспериментке

дейін

кейін

дейін

кейін

дейін

кейін

дейін

кейін

Когни

тивті


29,9

9,9

16,1

5

26,3

7,3

36

9,3

Интегра

тивті


67,2

31,7

73

61,9

67,1

62,7

51

54,6

Креатив

ті


2,9

28,4

10,9

33,7

6,6

28

13

36,1

Әдістемелік көмек ретінде мұғалімдерге арнап «Жалпы орта мектеп оқушыларының шығармашылық дарындылығын қалыптастыру негіздері» атты арнайы курс бағдарламасы жасалды.



Арнай курстың мақсаты – мұғалімдерге жалпы орта мектеп оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамыту мүмкіндіктерін, әдістемесін үйрету.
8-кесте. Жалпы орта мектеп оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытуға бағытталған арнайы курс жоспары




Тақырыптар

Лекция

Семинар

Практикалық жұмыс

1

Жалпы орта мектеп оқушыларының шығармашылық дарындылығын қалыптастырудың теориялық негізі

2

1




2

Шығармашылық дарындылық деңгейлері, көрсеткіштері мен өлшемдері

2

2

3

3

Оқу үрдісінде шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыру жолдары

2

2

3

4

Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың шығармашылық дарындылығын қалыптастыру

2

1

3

5

Шығармашылық іс-әрекетке педагогикалық басшылық және бағалау түрлері

2

1




6

Мұғалімнің отбасымен байланысы

1

1




7

Басты мақсат – шығармашылық нәтиже

1

2

1




Барлығы

12

10

10

Эксперимент жұмыстарын қорытындылай келе, шығармашылық дарындылықты қалыптастыру мәселесі кешенді сипатта, сатылы түрде дамып отыру қажет, әрбір оқушының танымдық және әлеуметтік-экономикалық үрдістерді қалыптастырып дамуының факторы болып табылады.



Қорытынды

Сонымен, зерттеу барысында жасалған теориялық қағидалар мен тұжырымдар, оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамыту үлгісі негізіндегі тәжірибелік зерттеулер алынған нәтижелердің дәйектілігін көрсетеді және мынадай қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:

-Зерттеу барысында оқушылардың дарындылығын қалыптастырудың теориялық негізділігі тұлғаның – бағдарлық, іс-әрекеттік тұрғыдан айқындалды.

-Оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамыту туралы отандық, әлемдік философиялық көзқарастарымен педагоикалық-психологиялық еңбектерді талдау нәтижесінде шығармашылық дарындылық оқушының жан-жақты жетілген интеллектуалдық жеке тұлға болып қалыптасуына, қазіргі ғаламдану жағдайына сәйкес, жаңа қоғамға бейімделген жеке тұлғаға деген сұраныс бұл мәселелердің көкейкестілігін бұрынғыдан да арттыра түсетіндігі айқындалды.

-Қазіргі қоғамның түрлі салаларының әлемдік даму деңгейіне жасалынып жатқан талпыныстары тек қана шығармашылық іс-әрекеттер арқылы ғана жүзеге асатындығын дәлелдейді.

-Оқушылардың шығармашылық дарындылығы – жеке тұлғаның қалыптасуының маңызды көрсеткіші және шығармашылық дарындылығын қалыптастыруда: мотивациялық-еріктік, танымдық-интеллектуалдық, рефлексиялық бағалау компоненттерін бір арнаға біріктіру қажеттілігі дәлелденді.

-Тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының оң нәтижелері оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытуға байланысты ұсынылған болжамның дұрыстығын дәлелдейді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Білім туралы заң. – Алматы: Юрист, 2002.

  2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. – Алматы: Білім, 1997. – 265 б.

  3. Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы// Егемен Қазақстан, 1993. – 5 ақпан.

  4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын жүзеге асыруға қатысты құжаттар жинағы. – Алматы, 1999. – 350 б.

  5. Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандарты. 2-кітап. – Алматы, 1998. – 382 б.

  6. Жексенбаева Ү.Б. Научно-педагогические основы управления системой работы с одаренными детьми в Республике Казахстан: Дисс... канд.пед. наук. – Алматы, 1999. – 149 с.

  7. Нарықбаева Л.М. Научно-педагогические основы подготовки будущего учителя к работе с одаренными детьми. Автореф. к.п.н. 19.11.01. – Алматы, 2001. – 26 с.

  8. Байтуреева Г.С. Проблема одаренности // Сов. педагогика, 1940. - №4.

  9. Үмбетова Ж.О. Методические основы выявления и развития интеллектуального потенциала одаренных детей в процессе обучения математика (на примере начальных классов): Автореф. Дисс... канд. пед. наук. – Алматы, 1996. – 19 с.

  10. Жумадуллаева О.А. Одаренные дети в детскому саду в школе: Учеб. пособие для студ. высш. пед. учебн. заведений. – Алматы, 2000. – 32 с.

  11. Кузнецова С.В. Одаренность малыша: раскрыть, понять, поддержать. – М., 1998. – 81 с.

  12. Қалиева С.И, Нарикбаева Л.М. Подготовка будущего учителя к работе с одаренными детьми. Методическое пособие. – Алматы: АГУ им. Абая, 2001. – 65 с.

  13. Телепнева Н.Н. Развитие творческой одаренности учащихся младших классов в школах инновационного типа. – Алматы, 2006. – 171 с.


Диссертатцияның негізгі мазмұны мен тұжырымдамалары төмендегі басылымдарда жарияланды:

1. Оқушылардың дарындылығын диагностикалау кезіндегі ұйымдастырушылық-педагогикалық қолдаудың маңыздылығы.

// «Ғарыш және адам» Ғарышты игеру дәуірінің 50 жылдығына арналған халықаралық ғылыми – практикалық конференция жинағы, Қызылорда – Киев, 2011.

2. Дарынды оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру. // Ә.Мүсілімұлының 70 жылдығына арналған «Сапалы білім беру – Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізі» тақырыбындағы республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция жинағы, Қызылорда, 2011.




РЕЗЮМЕ
Оразымбетова Макпал Ормановна
Пути развития творческих способностей учащихся во внекласской работе школы
на реферат магистрской диссертации на соискание академической степени магистра педагогики и психологии

по специальности 6М010300- Педагогика и психология


Актуальность исследования: В процессе развития социальных, экономических процессов передовая общественность Республики Казахстан считает одной из важных проблему воспитания личности с высоким чувством ответственности, творчески активную и умеющую применять эти качества на практике. Поэтому основания задача современной школы-формирование творческой личности, развивающую лучшие традиции мировой и национальной культуры.

Новые подходы в развитии творческих способностей учащихся в учебно-воспитательном процессе школы, не только в усвоении знаний, в приобретении умений, навыков, но и необходимы в познавательно-творческой деятельности, в интеллектуальном, творческом процессе [1,2,3,4,5].

В Законе Республики Казахстан «Об образовании» главными приоритетами считаются национальные и человеческие ценности, достижения науки и практики для творческого и духовного развития человека, его личных возможностей и интеллектуальных качеств на высоком уровне.

Мнения учёных на развитие творческих способностей не сводятся к одному: первые обьясняют, что творческие способности- это психологическая характеристика личности, вторые- познавательные способности личности, третые- относят к интеллектуальной природе человека, общая идея исследовваний-развитие творческих способностей в едином педагогическом процессе с учётом возможностей каждого учащегося.

В научной литературе, в мировой передовой практике показываются формы работы с одарёнными детьми в нескольких направлениях: традиционное обучение, развитие одарённых детей в общеобразовательной средней школе; организация специальных классов и специальных школ для дарённых детей. Таким образом, для развития своих творческих способностей учащиеся имеют возможность свободного выбора предмета, специального класса и т.д.

В нашей стране в соответствии с программой развития творческих способностей молодёжи в 1998 году был создан Республиканский научно-практический центр «Дарын» для руководства работы с одарёнными детьми. Реформа в системе образования обязует проводить работу с одарёнными детьми не только в специальных, но и в общеобразовательных школах. Из этого следует, что развитие творческих способностей учащихся требует специальных исследовании и является важной проблемой общества. В следствие этого выясняются противоречивые выводы теоретических исследований научно-педагогической литературы и результаты опытов из учебно-воспитательного процесса:требования общества к развитию творческих способностей личности и решение этой проблемы в условиях средней школы; возможности творческих способностей учащихся и наиболее приемлемые пути их развития в учебно-воспитательном процессе, отсутствие учебной программы для развития и обучения одарённых детей, недостаточные исследования в этой области, выявление противоречий- всё это привело к выбору следующей темы: «Пути развития творческих способностей учащихся во внекласской работе школы».



Цель исследования: создать методику, взяв за основу теорию развития творческих способностей учащихся.

Объект исследования: учебно-воспитателный процесс общеобразовательных средних школ.

Предмет исследования: развитие творческих способностей одарённых детей.

Задачи исследования:

1. Объснить понятие «развитие творческой одарённости», разъясняя основу теории развития творческих способностей учащихся.

2. Показать развития модели творческой одарённости, расчёты и показатели учащихся в общеобразовательных средних школах.

3. Вынявить развитие творческой одарённости учащихся на современном этапе, отличительные особенности и педагогические условия во внеклассной работе общеобразовательных средних школ.

4. Подтвердить в виде эксперимента приемлемость методики развития творческих способностей учащихся во внеклассной работе общеобразовательных средних школ.

Обязанность исследования:

Если в общеобразовательных средних школах педагогические условия развития творческих способностей учащихся будут рационально использоваться и познавательные возможости и задачи учебной деятельности в напраленных формах внеклассной работы; тогда возникнут возможности для саморазвития рефлексии и склонности к новизне самой личности.



Главная идея исследования: В общеобразовательных средних школах должна непрерывно вестись специальная работа по развитию творческих способностей, в направлении достижения цели, в едином педагогическом процессе ознакомления с ценным направлением для удовлетворения интеллектуальных потребностей.

Методы исследования:

В связи с изучаемой проблемой сделать тиеоретический анализ философской, психологической, педагогической и научно-методической литературы, собрать передовой опыт работы, контроль учебного процесса, проведение педагогического эксперимента, анкеты, тестирование, рассказ, проведение спецкурса и его анализ, математический расчет экспериментальных опытов и подведение итогов.



Основы теоритического и методического исследования:

Становление и развитие личности, философские концепции о его ролевой деятельности, теория развития личности, теория познавательной деятельности личности и психологической науки, психологическая концепция о способностях, теория программного обучения личности, теория ценности, теория единого педагогического процесса, теория культуры, положения по обучению и единству теорий.



Идейные основы исследования: Философские, педагогические, психологические исследования, связанные с научно-исследовательской темой, официальные документы, специальные программы, учебные программы, учебники и учебно-методические пособия, сезонная научно-методическая информация, из опыта учебно-воспитательной работы школ, концепции передовых педагогов, личный педагогический опыт автора.

Научная новизна и теоретическое содержание исследования:

  1. Объяснить содержание и смысл понятия «развитие творческой одаренности», рассказывая о теоретических основах творческой одаренности учащихся.

  2. В средних общеобразовательных школах создана содержательно-идейная моделб развития творческой одаренности детей, даны его параметры, показатели и уровень.

  3. В средних общеобразовательных школах в учебном процессе показаны современное состояние, отличительные особенности и педагогические условия развития творческой одаренности школьников.

  4. Во внеклассной работе работе была создана методика развития творческой одаренности, её приёмлимость, внедрение в практику школы.


RESUME
Orazymbetova Makpal Ormanovna
To develop in the pupils creative talents at out of school
For the academic master’s degree on education

6M010300-“Pedagogy and Psychology”


The theme: To develop in the pupils creative talents at out of school.

The actual of research: Nowadays one of our Republic of Kazakhstan’s most important problems are held by preparing creative, talented, truthful and open-hearted, well educated pupil’s according to develop the intellectual abilities of person with, modern social and the process of economic activities. That’s why one of the school duties of major importance are to educate young pupils in creative and intellectual abilities, tolerance in different ways of activities. According to the pupils creative talents, we must be able to enrich their talents, abilities and intellectual habits by working hard at the systems of primary schools. Also it has written and is be able to organize the national and civil humanity person’s various activities, abilities and their achievements in the science and in the practice of our Kazakhstan

“Knowledge” constitution. All the scientists opinions about by developing the creative talents is not generally objected: first is explained that it is person’s psychology, the second is explained that it is person’s conscious ability and the third is explained that it is person’s intellectual nature and etc, but connecting all these researches the main common idea-is to develop in creative talents of person at the pedagogical process and to organize their science –educational opportunities. Also, all is analyzed by the theory of science pedagogical literary researches and in science –educational practice process are resulted on this following way: to definite opposite sights such as: by developing in creative talents of person between high schools and social schools, the opportunities of creative talented pupils, not to be organized in the science educational system, non-absence of special learning programmes and also by defining all the opposite sights and researches of scientific problems.

The conclusion theme was:”To develop in the pupils creative talents at out of class”

The aim of research: to prepare the theory of methods by developing in the pupils creative talents.

The object of research: The science-educational system at schools.

The subject of research: to develop and to improve the pupil’s talents.

The duties of research:

1.According to the pupils talents to give an essence for developed in creative talents.

2.To prepare the pupils creative talents developed models, measures and qualities.

3.To determine the peculiarities and pedagogical terms of pupils creative talents at out of school.

4.To affirm experimental methods of learning by organizing pupils in creative talents at out of school.

The scientific prognosis of research: There will be many modern, special systems and opportunities in order to develop the reflections and different novelties, if they used all the special learning utterances and distribution of different studies and their adherent qualities.



The methods of research : to make some theoretical analyzes in philosophical, phsyhological , pedagogical and science-methodical theory, in order to classify mentally practical activity works, to control learning study, to have pedagogical experiments, to make an information, to have a test, to have a talk, to make a special course and also to analyze and to come to the results of experimental mathematic conclusions about this research work.

The theoretical and methodical means of research: to deal and to organize different systems for developing and proceeding activities of person about by philosophical meaning, the theory of developing person, the theory of self-knowledge personality in phsyhology science, the theory of distinct activities of person, the theory of aspects, the whole pedagogical process, the theory of culture and also many educational and developmental studies.

The origin of research: Philosophical, pedagogical, phsyhology researches, official letters, special books and newspapers, science-methodological news, practical works at school, and also the author’s personal pedagogical works for developing and improving activities of person.

The novelty of research:



  1. To be determined the means and the theory contents by developing in the pupils creative talents.

  2. It has maken the constructional models, measures and quantities by developing in the pupils creative talents at primary schools.

  3. To be founded the terms and the peculiarities of modern nowadays systems by developing in the pupils creative talents

  4. To be inculcated the practice works by developing in the pupils creative talents at out of class.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет