1. Курстың пәні мен міндеттері Курстың мақсаты



бет1/4
Дата29.09.2022
өлшемі22.56 Kb.
#461643
түріРеферат
  1   2   3   4
Кәсіпкерлик Лекция 1


1-ТАҚЫРЫП. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Дәріс жоспары ( 1 сағ)
1. Курстың пәні мен міндеттері
2. Кәсіпкерлік ұғымы
3. Кәсіпкерлік қызметті реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық актілердің сипаттамасы
4. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті қолдау жүйесі (Реферат. Презентация)


1. Курстың пәні мен міндеттері
Курстың мақсаты – студенттің кәсіпкерлік қызметтің мәні мен ерекшелігі туралы жүйелік көрінісін қалыптасу мен кәсіпкерлік қызметін ұйымдастырудың негіздерін, нысандары мен әдістерін зерттеу, алған білімдерін меншіктің кез келген түріндегі кәсіпорынның экономикалық қызметін оңтайландыру мақсатында пайлануды үйрену. Пәнді оқу барысында студент келесі кәсіби құзыреттерді кеңейтеді және тереңдетеді:

  • ұйымдастыру-басқару шешімдерін табу қабілетілігін және оларға жауапты болуға дайын қабілеттерін қалыптастыру (ЖМҚ-8);

  • нақты экономикалық жобаны жүзеге асыру мақсатында құрылған шағын топтың қызметін ұйымдастыру қабілетіттерін қалыптастыру (КҚ-11)

Курстың міндеттері:
• кәсіпкерліктің мәнін және өз ісін құрудың негізгі кезеңдерін білу;
• әр түрлі меншік нысанындағы ұйымдардың толық құжаттар пакетінің үлгілерімен танысу;
• шаруашылық жүргізудің жаңа субъектілерін құру және заңды ресімдеу тәртібін білу;
• жаңадан құрылатын фирманың бизнес-жоспарының негізгі бөлімдерінің құрылымы мен мазмұнын білу;
• бухгалтерлік есеп және салық салу саласында негізгі операцияларды жүргізуді үйрену, фирманың қаржы ағындарын бақылау;
• сыртқы сауда мәмілелерін жасау дағдыларын меңгеру;
• кәсіпкерлік қызметтің нәтижелерін талдау және бағалау


2. Кәсіпкерлік ұғымы
Алғаш рет “кәсіпкерлік” және “кәсіпкер” (ағылш. “business”) терминін 18-ші ғасырдың аяғы 19-шы ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734жж) енгізді. Р.Кантильон “кәсіпкер” деп тәуекел негізінде пайда табу мақсатында өндірісті ұйымдастыратын, нарықта өндіріс құралдарын сатып алып, оны капиталға айналдыратын адамды айтады.
А.Смит «Халықтар байлығының табиғаты мен себебі туралы зертеулер» еңбегінде кәсіпкердің сипатына көп назар аударады. Ол кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп, пайда табу мақсатында қызмет ететін меншік иесі деп сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет