ӘОЖ 371.3:57:596 Қолжазба құқығында
КЕНЖЕБАЕВА АЛТЫНАЙ БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ
БИОЛОГИЯ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША «ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ» ПӘНІНЕН ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫМЕН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
6М011300 - Биология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
РЕФЕРАТЫ
Қызылорда, 2013 жыл
Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті. Жаратылыстану және аграрлық технологиялар институты. «Биология және география» кафедрасында орындалды.
Ғылыми жетекшісі: биология ғылымының кандидаты,
аға оқытушысы Б.Б. Абжалелов
Ресми оппонент: педагогика ғылымдарының кандидаты,
аға оқытушысы Г.Т. Жақсылықова
Диссертация 20______жылы «______»_______________сағат_________ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде қорғалады (120014, Қызылорда қаласы, Ы.Жахаев көшесі, 9 оқу ғимараты, Жаратылыстану және аграрлық технологиялар институтында, №202 дәрісхана.)
Диссертация Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Болашақ мамандардың, ақпарттық қоғам мүшелерінің ақпаратты жинау, тарату және өңдеудің техникалық құралдарының жаңа түрлерімен танысу приоритеті көптеген мемлекеттік бағдарламаларда және заңдарда көрініс тапқан. 1999 жылы қабылданған Елбасының «Қазақстан – 2030» бағдарламасының мазмұнында және «Білім туралы» заңда қойылған акценттерді еске түсірсек жеткілікті. Сонымен бірге білім жүйесінің спецификасы әр уақытта бір принципке негізделген: неғұрлым технология жаңа болған сайын, соғұрлым оқу үдерісінің практикасына әдістемелік тұрғыдан бұл технологияның негізгі сұрақтары аз қарастрылған болып келеді. Берілген сұрақтар кешені қатарында оқыту жүйесіне электрондық басылым мен ресурстар, телекоммуникация жүйелері мен глобалды компьютерлік желілерді енгізу мәселелері де қарастырылған.
Қазірігі таңда Қазақстанда жаңа жүйелер мен оқыту құралдарын тарату жолына бөгет болатын мәселелер қатарына оқыту мекемелерінің техникалық жабдықталуы жеткіліксіздігі, педагогтардың мұндай құралдарды қолдануға дайын болмауы, оқу матриалының жоқтығы және т.б. кіреді. Педагогтардың, жоғарғы оқу орнының (ЖОО) түлектерінің ақпараттық жүйенің гармоникалық, әрі жан-жақты дамуына, республикада педагогтардың біліктілігін көтеру жүйесіндегі тыңдаушыларға берілген оқу әдістемесі қазіргі бар проблемалар туғызатын кері ықпалды азайтуға мүмкіндік береді деп үміттенеміз.
Ақпаратты тарату және ақпараттық технологиялардың дамуы қоғам тіршілігінің барлық саласына революциялық ықпалын тигізіп, адамдардың өмірін, мәдениеті мінез-құлық стереотипін, ойлау бейнесін түбегейлі өзгертетін ақпараттандыру үдерістердің бар екендігі жайында айтуға мүмкіндік береді.
Ақпараттық технологиялар саласында көзге түсер прогресс ғылыми басылымдарда «ақпараттық қоғам» терминінің пайда болуы. Кейбір ғалымдар «ақпараттық қоғам» терминін өндірістің басты өнімі білім деп түсінеді.
Қоғамға ақпараттық қоғам статусын беру критерийі ретінде адамзаттың жинаған білім саны саналады, бұндай көрсеткішті қолдану өзін ақтай алды. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, біздің эрамыздың басынан бастап адамзатпен жиналған білімнің алғашқы рет екі еселенуі 1750 ж болыпты, екіншісі – ХХ ғасырдың басы, үшіншісі – 1950 ж. 1950 жылдан бастап әрбір 10 жыл сайын жалпы білім саны екі еселеніп отырды, 1970ж -5 жыл, 1991ж – жыл сайын.
Қоғамды ақпараттандыру және оның барлық салаларының міндеттері қатарына білімдендіру де кіреді. Өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап мемлекет тарапынан қоғамды ақпаратандырудың даму үдерісіне қажеттілік сезіле бастады. 1990 жылы «Қоғамды ақпараттандыру тұжырымдамасы» қабылданды, ал ақпараттандыру түсінігі ғылыми, қоғамдық-саяси териясында кең қолданыла бастады. Компьютерлендіру түсінігін ығыстыра басталады.
Ақпаратандыру түсінігінің анықтамасы туралы А.П.Ершов өз басылымдарында былай дейді: «Ақпараттандыру - қоғамда адамның маңызды әрекет түрлеріне сенімді, уақтылы білімді толықтай қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені». А.П.Ершов сондай-ақ «ақпарат қоғамның сәтті дамуына қабілеттілікті қалыптастыратын стратегиялық ресурсы болып кететінін атап көрсетті. Сонымен бірге ЮНЕСКО қортындысы бойынша, ақпараттандыру бұрын болған және жаңа білімдердің қалыптасуын жүйелеу мен қазіргі басқаруды одан ары жетілдіріп, дамыту үшін пайдалануын қамтамасыз ететін кең масштабта ақпаратты тарату және сақтау әдістері болып табылады. Бір жағынан келтірілген екі анықтамалар да бір-біріне қарсы емес, екінші жағынан ақпараттандыру білім саласында анықтайды. Осылайша «білімді ақпараттандыру» терминін екі анықтаманың адаптациясы ретінде енгізуге болады.
Білімді ақпараттандыру психологиялық-педагогикалық мақсатымен тәрбиелеу үшін білім саласында жаңа білімдерді қалыптастыруды жүйелеуін қамтамасыз ететін ақпаратты тарату, сақтау және өңдеу технологияларын пайдалануға бағытталған адам тіршілігінің ғылыми практикалық саласы болып табылады.
Заманға сай білім жүйесінің әртүрлі салаларына ақпараттық технология (АТ) енгізу масштабты, әрі комплекстік сипатқа ие болып келеді.
Білімді ақпараттандыру екі түрлі стратегиялық мақсатқа жетуді көздейтінін түсіну маңызды. Біріншісі - ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар негізінде оқу әрекетінің түрлерінің тиімділігін арттыру. Екіншісі – ақпараттық қоғам талаптарына сәйкес жаңаша ойлайтын мамандар типін дайындаудың сапасын арттыру.
Білімді ақпараттандырудың арнайы компьютерлік аппараттық және программалық құралдарсыз практикада қолданылмайды, мұндай құрадарды білімді ақпараттандыру құрадары деп атайды.
Білімді ақпараттандыру құралдары деп ақпараттық және программалық қамтамасыз етуді атаймыз, сонымен бірге білімді ақпараттандыру мақсаттарына жету үшін олрадың мазмұны толықтырылуын айтуға болады.
Тек білімді ақпараттандырудың құралдарын пайдалану білімдендіруде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларын толыққанды қолдану үшін жеткіліксіз. Практикада білімді ақпараттандырудың идеологиялық базамен толықтыруды сонымен бірге білімді ақпараттандыру мақсаттарын жетуде әртүрлі білім саласындағы мамандардың қатысуыды қажет етеді.
Білімді ақпараттандыру іске асыру бағытына тәуелсіз білім жүйесінің қызмет етуіне әсерін тигізетін адам әрекетінің көп аспектілі саласы болып табылады. Білімді ақпараттандыру жаңа оқыту дисциплиналарды пайдаланатын ақпараттық құралдар мен технологиялар, оқу курсының дәстүрлі әдістерін қайта қарастырады. Информатиканың құралдары мен мен әдістері көмегімен болашақ маман ретінде сұрақтарға жауап бере алуы тиіс, қандай ақпараттық ресурстары бар,олар қайда орналасқан, оларды қалай алуға болады және өз мамандығының тімділігіг арттыру мақсатында қалай пайдалануға болады?
Білімді ақпараттандыру құрамына электрондық басылымдар мен ресурстарды қолдану, ғылыми негізде құру және экспертизадан өткізу кіреді. Бұл салада көптеген мәселелер әлі де шешілмеген. Оларға ақпараттандыру құралдарн мазмұнын ғылымилық, мағыналылық және стилистикалық мәдениет деңгейін көтеру, әрбір білімдендірудегі электрондық басылымдар мен ресурстар (БЭБР) арасында интерфейстік, технологиялық және ақпараттық байланыстардың қажеттігі жатады.
Осыған және тағы басқа аспектілерге байланысты электрондық басылымдар мен ресурстарды (ЭБР) қолдану, құру негіздерін үйрену әрбір жас және тәжірибелі педагогқа артық болмайды.
Зерттеу мақсаты. Электронды оқу құралын жасау кезеңдері, оны жасаудың әдістері және оған қойылатын талаптар мен технологиясын анықтау.
Зерттеу міндетті:
-
Студенттердің білімдендірудегі қолданудын жағымды және жағымсыз аспектілермен танысуы;
-
Электронды басылымдар мен ресурстарды қолдану және құрамы туралы түсінк қалыптастыру;
-
Білімді ақпараттандыру құралдарының негізгі принциптері мен бағалау әдістерінің сапасына қойылатын талаптарды білу;
-
Студенттердің практика жүзінде қолдану стратегиясын үйрену;
-
Қалыптасушы білімді ақпараттандыру тілін үйрену.
Зерттеу әдістері: Дидактикалық, салыстырмалық, аналитикалық, логикалық, құрылымдық жүйелік, жалпылау әдістемесі.
Ғылыми зерттеудің жаналықтары: Әр саладағы ғылым мен іс тәжірибеде болашақ мұғалімдерді кәсіптік даярлау мәселесі барлық уақытта негізгі орын алады. Осы бағытта оқыту үрдісін ақпараттық технологиямен қамтамасыз ету жағдайларының өзгеруі оқулықтардың дамуының жаңа кезеңі электронды оқулықтардың пайда болуына алып келеді.
Жұмыстың практикалық құндылығы және тәжірибе нәтижелерінің қолданылуы. Жұмыста биология мамандығы бойынша «Омыртқалы зоологиясы» пәнінен электронды оқу құралын дайындау әдісі ұсынылды.
Диссертациялық жұмыс бойынша алынған нәтижелер «Болашақ» университетінің биология мамандығында оқитын студенттерге жүргізілетін «Биология» пәндерінде оқыту барысында және осы пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешен құрастырғанда қолданылды.
Қорғауға ұсынылатын нәтижелер мен тұжырымдар:
- электронды оқулықтар туралы жалпы түсінік;
- электронды оқулықтарға қойылатын жалпы талаптар;
- мультимедиалық оқыту жүйелерін әзірлеу және материалдарды беру қағидалары;
- электронды оқулықтарды жасаудың құралдары.
Зерттеудің сынақтан өтуі (апробация). Зерттеу нәтижелері «Шетел азаматтарын оқытудың, әлеуметтік ортаға бейімдеудің мәселелері» Алматы қаласында республикалық ғылыми-практикалық конференциясында (2012 жыл) жарық көрді.
Автордың жеке үлесі. Мәселенің қойылуы мен оның шешімі және барлық эксперименттік жұмыстар мен алынған нәтижелері талдау және ғылыми мақалалар мен тезистер түрінде дайындау автордың тікелей қатысумен орындалды.
Жариялымдар. Диссертация материалы бойынша 2 мақала жарияланды.
Жұмыстың құрылымы. Диссертация кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады. Жұмыс 5 сурет, 4 кестеден және қосымшалардан жинақталған. Жұмыстың жалпы көлемі бет 115 беттен, пайдаланылған әдебиеттер саны 90.
Негізгі бөлім
Адамзаттың жануарларға деген қызығушылығы тас дәуірінде басталған болатын. Жануарлар аң аулау, балық аулаудың көзі болды. Жануарлар туралы алғашқы жазбалар көне Қытай мен Үнді елінде пайда болды. Тау үңгірлерінде түрлі жануарлардың, ұсақ жануарлардың суреті нақты ұқсастықпе адамды таңқалдырса да дегенмен зоологияның ғылыми бастауы Көне Грек елінің ғалымы, әрі ойшылы Аристотельден бастама алады. Ол өзіне белгілі (500 – ден астам) жануарлардың түрін екі топқа бөлді: 1) қаны бар 2) қаны жоқ жануарлар. Бірінші топтағы жануарларға ол құстар, балықтар мен түрлі жануарларды жатқызса. Екінші топқа жәндіктерді, шаянтәрізділерді жатқызған болатын. Бұл ең алғашқы және ең көп уақыт бойы болған зоологиялық систематиканың түрі еді. Бұдан өзге Аристотель басқа да зерттеулермен жұмыс жасаған болатын. Орта ғасырда феодалдық кезде ғылымды шіркеуде қызмет ететін адамдардың кедергісінен, зоологияның дамуы тек 15 ғасыр басында ғана орнынан қозғалды. 16-17 ғасырда жануарлардың көптүрлілігі, оның құрылысы мен өмір сүру барысы жайында алғашқы мәліметтер пайда бола бастады. Зоология ғылымына ХҮІ және ХҮІІ ғасыр өзінің микроскоп ойлап табуымен маңызды. Микроскоп арқылы (А.Левенгук Голландияда, Италияда М.Мальпиги, Англияда У.Гарвей және т.б) ең кіші деген жануарлардың организм құрылысын, эмбриондық дамуын зерттей алуға қол жеткізді.
ХҮІІ ғасыр аяғында ХҮІІІ ғасыр басында жануарлар системасның негзі қалыптаса бастайды. Бұл бағытта Дж.Рейдің еңбегі, Шведтік жаратылыстанушысы К.Линнейдің зоологияда, ботаникада систематиканың дамуымен маңызды. К.Линнейдің «Systemanaturae» (Табиғат системасы) атты еңбегі 1735 жылы шықса, оныншы рет (1758 жыл) жарыққа шыққанда Линней 4 систематикалық таксонға: түр (вид), тегі (род), қатар (порядок), класс бөлді. Ол 300 – ден астам род жануарларды ұқсастықтарына қарай қатарларға біріктірді. Ұқсас қатарлар классқа біріктіріліп, систематикалық категорияның жоғарғысы деп ұсынылды. Линней 6 класс ашты:
-
Сүтқоректілер – Mammalia
-
Құстар – Aves
-
Қосмекенділер – Amphibia
-
Балық – Pisces
-
Насекомдар – Insecta
-
Құрт және көп жасушалы жәндіктер – Vermes
ХҮІІІ ғасыр аяғы мен ХІХ ғасыр басында француз зоологы Ж.Кювье жануарлардың салыстырмалы анатомиясының негізін жасады. Осы жасалған жұмыстың негізінде оның шәкірті Бленвил 1825 жылы системаға түсінікті жоғарғы таксономиялық бірлікті типті енгізеді. Алғашында мұндай тип түрлері аз болып, кейіннен жануарлардың құрылысы мен дамуын жақсы білгеннен бастап оладың саны көбейе түсті. Ж.Кювье К.Линней сияқты түрлерді өзгермейді деп ойлады.
ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында зоологияда жануарлардың тарихи дамуы басталды. Ж.Кювьенің қатарласы Э.Жоффруа Сент Илер жануарлардың қоршаған орта факторларына байланысты түрлердің өзгеруі мүмкін деген ойды дамытты. Дәл осы уақытта Ж.Б. Ламарк 1809 жылы «Зоология философиясы» атты кітабын жарыққа шығарды. Ол кітапта ең алғашқы ғылыми органикалық әлемнің эволюция теориясы айтылған болатын. Ламарк омыртқасыз жануарлардың систематикасын жасауға үлкен үлес қосты. Ол «Омыртқасыздар» атты терминін енгізген ғалым болып саналады. Ол омыртқасыздардың ішінде 10 классты анықтаған болатын, ал Линней болса тек 2 класс анықтаған болатын. Түрлер өзгереді деген ойға сол уақытта Ресей университетінің профессор К.Р.Рулье де қарсы болды. Зоология ғылымының дамуына 19 ғасыр ортасында Ресей Ғылым Академиясының академигі К.М. Бэр жануарлардың эмбриологиясын зерттеп, ұрық жапырақшасының оқуын енгізген еңбегі зор болды.
19 ғасырдың 30-шы жылдары М.Шлейден мен Т.Шванның жасуша теориясын ашып, жануарлар мен өсімдіктердің құрылысының ұқсастығын дәлелдеуімен есте қалды.
Зоология дамуының жаңа кезеңі барлық биологиялық ғылымдары сияқты 19 ғасырдың ортасында Ч.Дарвиннің «Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығуы немесе тіршілік үшін күресте жақсы іріктелінген тұқымдардың сақталуы» (1859 ж) атты еңбегінде табиғи сұрыпталуды нақты сипаттап бергеннен кейін басталды.
Германияда Э.Геккель Ч.Дарвиннің ойын пайдалана отырып жануарлар әлемінің филогениясын жасауға пайдаланады. Оған «негізгі биогенетикалық заңның» онтогенез бен филогенездің арасында нақты қарым – қатынасын негізделуінің еңбегі жатады. Бұдан эволюциялық салыстырмалы анатомия мен эволюциялық салыстырмалы эмбриология туындайды. Эволюциялық салыстырмалы эмбриологияда ең негізгі бастапқы роль орыс ғалымдарына И.И.Мечников пен А.О.Ковалевскийге тиесілі. Сол уақытта В.О.Ковалевский жануарлардың қазба қалдықтарын зерттей отырып эволюциялық палеозоологияның негізін қалайды. Сонымен бірге тез жылдамдықпен жануарлар зоогеографиясы мен жануарлар систематикасы дамиды. Бұны көптеген түрлердің сипттамасының жазылуы дәлелдейді. К. Линнейге 4208 түр белгілі болып, оның саны 20 ғасырда 48000 өсті, ал сол ғасырдың аяғында зоологияда 400 мың түр белгілі болған еді. Сол уақытта зоологиядан жануарлар экологиясы бөлініп шығады. 20 – шы ғасырда зоология өте үлкен қарқынмен дами бастайды. Біздің ғаламшарымыздың бетіндегі фаунасын зерттеудің көлемі артады. Әсіресе зоология мен зоогеографияның дамуына әлемдік мұхиттарды зерттеуге шыққан экспедициялық кемелердің зерттеулері көп көмек берді. Бұл зерттеулерге советтік «Витязь», «Галатея» атты кемелірдің жасаған жұмыстары көп болды. Соңғы ширек ғасырда осы кемелермен мұхиттың 11000 метр тереңдіктегі көптеген маңызды зоологиялық ашылулар жасалды. ХХ ғасырда жануарлар әлемінің системасын жетілдіруге дамытуға бағытталды. Осы зерттеулер негізінде бірталай жоғары систематикалық санаттың саны тип, класс түрлерінің саны көбейді. Кювье кезінде 4 тип ажыратылса, қазіргі заман жүйесінде олардың саны анағұрлым көп. Дәл қазіргі кездегі кітаптарда 23 типті береді. Соңғы он жылдықта жоғары санатты зерттеумен қатар зоологияда түрдің қиын мәселелесін шешуге көңіл аударды. Популяцияның зерттелуі – биологиядағы басты мәселе түр түзілуге әкеліп соғады. Зоологиялық зерттеудің әдістері көбейе түсіп, нақты цитологиялық әдіспен зерттелумен толықты. Соңғы уақытта ағзалардағы хромосома санымен оның құрылысын зерттеудің нәтижесі қолданылуда. Одан кейін зоологияға биохимиялық әдістер ене бастады. Мысалы: академик А.Н.Белозерский систематиканың даму жолына ДНК-ның нуклеотидтік құрамын зерттеген болатын. Зоологиялық зерттеулерде сонымен қатар жасушаның ультракіші құрылысын көруге электронды микроскоп қолдану арқылы бақылау жасау енді. Жануарлардың эволюциялық дамуына морфофизиологиялық эволюцияның заңдылығын зерттеумен айқындауға болады. Бұл маңда академик А.Н.Северцов, академик И.И.Шмальгаузен, неміс зерттеушісі Б.Ренни, ағылшындық Ю.Гекслидің жұмыстарының маңызы зор болды. ХХ ғасырда зоологиялық зерттеудің нәтижелері филогенетикада үлкен жетістіктерге жетті. Бұл облыста салыстырмалы анатомияның эмбриологияның және де палеозоологияның жетістіктері мол болды.
СССР мен Ресейде зоологияның дамуы әлемдік ғылыммен бірге дамыды. Рсесй жерінің байтақ кең даласы мен ондағы фаунасының байлығын зерттеуге танымал зоологтармен географтар үлес қосқан болатын, айтар болсақ олар: сібір мен Камчатка жерін зерттеген С.П.Крашенинников, Г.В.Стеллер, И.Г.Гмелин, И.И.Лепехин. Сонымен қатар П.С.Палластың да Поволжье мен Сібірге барған сапары да маңызды рөл атқарды. Ғалым гидробиолог Н.М.Книповичтың Баренц, Қара теңіз, Азовск пен каспийді зерттеген еңбектері маңызды болды.
Сонымен Ресейде зоология ғылымы қарқынды дами бастайды оған себепші көптеген орыс ғалымдарының ғылыми зерттеулері мен олардың жұмыстары болды. Ондай ғалымдар қатарына А.О.Ковалевский, И.И.Мечников, В.О.Ковалевкий. В.В.Зеленский, Н.В.Бобрецкий, Н.В.Насанов. Ресейде В.Е. Соколовтың 3 томдық «Сүтқоректілер систематикасы» (1975-1979 жыл), 2 томды Н.П.Наумов пен Н.Н.Карташевтың (1979) «Омыртқалылар зоологиясы» сияқты еңбектері жарық көрді [3].
Зоология жануарлар әлемін барлық бағытта яғни оның көптүрлілігін (систематика), құрылысы мен өмір сүру барысын (морфология мен физиология), таралуын (зоогеография), сыртқы ортамен қарым-қатынасын (экология), дамуын (эмбриология) зерттейтін ғылым. Зоология адамның күнделікті өмірімен тығыз байланыста, оны зерттеп жануарлар әлемін сақтап қалу біздің қолымызда.
Әр жыл сайын тиімді және таралған білімдендіру электрондық басылымдары мен ресурстарына негізделген ақпараттық технологиялардың қолданылу аясы айқындала түсуде. Ондай технологиялардың бірі мультимедиа технологиясы болып табылады. Осыған байланысты электрондық баспалар және ресурстарды оларды жасау және қолдану тәсілдерін бөлшектеп, қарастырудан бұрын ОЭБ – ны өңдеу және қолдану негізінде жататын ақпараттық технологиялармен танысқан ақылға сай келеді.
Демек, мультимедиа. Компьютерлік аппараттық қамтамасыз етуде сипаттамалық ерекшелігі өңдеу мүмкіндігі және компьютерлік техниканың даму көзқарасы бойынша салыстырғанда жаңа болып есептелетін әртүрлі типтегі ақпараттарды беруге болатын құралдар бөлінеді. Шыныменде соңғы жылдары осындай құралдар санына мультимедиа құралдары деген атқа ие болған жазу үшін және дыбыс шығару, фото және видио бейнелер үшін құралдар кіргізілген. Егер жақын аралықта тиісті сандық өңдеу үшін құрылымдар пайда болып, кең таралса, осы құрылымдарды мультимедиа құралдарына жатқызылады.
Мультимедиа құралдарының спецификациясын ақпараттық түрлерін және оны беру тәсілдерін білмей түсінуге болмайды. Оқытудағы электрондық баспалар мен ресурстарды оқып үйрену үшін мәні зор ақпаратты классификациялаудың тек негізгі аспектілеріне тоқталамыз. Ақпаратты классификациялауға болатын критерийлердің бірнешесі бар. Бірінші критерий түрінде көру, есту, сезу, дәмін тарту, сияқты адамның ақпаратты қабылдау кең таралған бөлудің принципін қолдануға болады. Оқыту электрондық баспалар мен ресурстарды оқып үйренудің көз қарасы бойынша компьютерлік және коммуникациялық техникамен жұмыс істегенде мүмкін болатын, адамға ақпараттық әсер ету түрлерін ғана қарастырған дұрыс болады. Осылайша, барлық ақпаратты қабылдау түрлері бойынша негізгі үш группаға бөледі:
-
Адам көзімен қабылданатын ақпарат, ол көздік немесе визуалдық ақпарат деп аталады. Бұл ақпаратқа текст, графикалық бейнелер және суреттер, фотографиялар, мультифильмдер, видеофильмдер жатады.
-
Дыбыстық ақпарат деп аталатын адамның есту аппаратымен қабылданатын ақпарат. Бұл ақпаратқа у – шулар, әуендер, сөз жатады.
-
Сенсорлық немесе тактильдың ақпарат деп аталатын, арнайы техникалық құралдармен жұмыс істегенде адамның сенсорлық жүйесімен қабылданатын ақпарат.
Ақпараттың аталған түрлерін басқа критерийлері бойынша да жіктеуге болады. Олардың бәрі адамның ақпаратты қабылдау тәсілі болып табылады. Осыған байланысты келіп түсетін оқытылатын ақпаратты ассоциативті және туралауға бөлуге болады. Оқушылар ботаниканы оқығанда танысатын өсімдікте текстік немесе сөздік суреттерді мысалға келтіруге болады. Бұл жағдайда тесті оқу немесе педагогтың сөзін тыңдау, оқушыда бар өсімдіктер туралы түсініктер мен алынған ақпараттың ассоциациясына алып келеді. Текстті оқу немесе сөзді тыңдаудың барлық оқушылардың өсімдіктерді бірдей түсінуіне мүмкіндік бермейтінін түсіну керек. Әрбір оқушы оқытылатын өсімдікті өзінше қабылдайды.
Тура ақпарат тікелей маңызды, соның қатарында оқыту мақсаттарының назары бойынша объектілердің қасиеттерін береді. Мұндай ақпарат түріне фотосуреттер, видеофильмдер, ғылымда шу деп аталатын дыбыстар жатқызылады. Мультимедиа құралдарының өзгеше ерекшеліктерінің бірі болып тура ақпаратты беру және өңдеу мүмкіндігі табылады. Мысалы, ботаника курсында өсімдіктерді оқып – үйренгенде мультимедиа құралдарын пайдалану, оқушыларға өсімдікті және онда болатын процесстерді көруге, мүмкін болған дыбыстарды естуге мүмкіндік береді.
Осылайша, мультимедиа түсінігі жалпы мультимедиа құралдары түсінігі, бір жағынан компьютерлік өңдеужәне ақпаратты әртүрлі типте көрсету мен тығыз байланыста болса, екінші жағынан, білім алу эффективтілігіне әсер ететін электрондық баспалар және ресурстарға байланысты. Мультимедиа құралдарын білім беру сферасына енгізілуі сәйкестендірілген компьютерлік бағдарламалық құралдардың пайда болуына және олардың мазмұндық артуына, оқытудың жаңа әдістерін және педагогтардың кәсібі шығармашылығының ақпараттану технологияларын өндіруге ықпалын тигізеді.
Мысалы, видеофильмдерді сақтауға, өңдеуге және өндіруге мүмкіндік беретін мультимедиа құралдарын білім беру жүйесіне енгізу, оқытуда қолданылатын компьютерлік бағдарламаларды жасауға алып келеді. Демек, оқушылар компьютер мен жұмыс істей отырып, оқу уақытының бір бөлігін оқыту мақсатының көз қарасы бойынша маңызды болған видеофрагменттерді көруге жұмсайды.
“Тілдің басқа көптеген сөздері сияқты” “мультимедиа” сөзі бірден бірнеше әртүрлі мәнге ие болатындығын түсіну маңызды. Мультимедиа – бұл.
Әртүрлі типтегі аппараттық өңдеу құралдарын қолдану және функциялау, өңдеу ретін суреттеуші технология;
Әртүрлі типтегі ақпараттардың берілуі және өңдеу технологиясының негізінде жасалынған ақпараттық ресурс;
Әртүрлі типтегі ақпараттың берілуі және функциялануы өңдеумен байланысты компьютерлік программалық қамтамасыз ету;
Әртүрлі типтегі ақпаратпен жұмыс істеуге мүмкін болатын компьютерлік апппараттық қамтамасыз ету;
Әртүрлі типтегі (сөз, әуен, видео бейне, анимация және т.б) динамикалық және дәстүрлі статистикалық және визуальды (текс, графика) ақпаратты өзінде біріктіретін ақпараттың ерекше жалпылаушы түрі.
Осылайша кең мағынада «мультимедиа» термині ақпараттық технологиялардың спектрін білдіреді.
Мультимедианы ақпараттандыру құралдарында пайдалануға байланысты, графикалық, дыбыстық, фото және видео әсерлерінің есебінен мұндай ақпараттарда үлкен эмоционалдық заряд бар және олар белсенді түрде көңіл көтеру индустрияны қосылады.
Мультимедиа жүйесінің пайда болуы адам шығармашылығының көптеген облыстарында революция жасады. Мультимедиа технологиясын қолданудың кең облыстарының бірі білім беру сферасы, себебі мультимедиаға негізделген электрондық баспалар және ресурстар оқытудың тиімділігін неғұрлым артттырады. Материалды ауызша баяндағанда оқушының бір минутта ақпараттың мың шартты белгілерін қабылдап, меңгеретіні, ал көру ағзаларын «қосқанда» 100 мыңға жуық осылай бірліктерді меңгеретіні тәжірибе арқылы тексерілген.
Қазіргі уақытта жасалынған мультимедиа құралдарының саны мыңға жетеді. Мультимедиа – технологиялар және оған сәйкес білім беруді ақпараттандыру құралдары тез дамып келе жатыр. Егер 1995 жылы басылымнан шыққан мультимедиа және СD – ROM анықтамасы бірінші басылымда барлығы 34 нұсқа шыққан болса, 1998 жылдарының басында олардың саны 300 ге жеткен болса, қазір бұл тізім бірнеше мыңдаған атауларды өз ішіне алады. Әрине, бұл көрсетулер мультимедиа құралдарымен қамтамасыз етілгендігңн нақты суреттеп бере алмайды, бірақ жасалынған және пайдаланып жатқан мультимедиа құралдар санының өсуіне біржақты дәлелденді. Мультимедиа құралдарымен технологиялары оқытудың пайдалы мүмкіндіктерін және төмендегідей аудиовизуальды ақпараттарды өңдеудің жаңа тәсілдерін қолдану арқылы оқыту себептерін көбейтуді қамтамасыз етеді.
-
Визуальды ақпаратты «басқару» (орналастыру, қою);
-
Әртүрлі аудиовизуальды ақпараттарды контаминациялау (ығысу);
-
Анимациялық эффектердің жүзеге асуы;
-
Визуальдық ақпараттың деформациялануы (белгілі бір сызықтық параметрдің үлкеюі несесе кішіреюі, бейненің созылуы немесе жиналуы);
-
Аудиовизуальдық ақпараттың дискреттік берілуі;
-
Бейненің (қараңғылануы) көлеңкеленуі;
-
Визуальды ақпараттың талданған бөлігін оны келесі ығысуы немесе «лупамен» қарастырылуы үшін тіркеу;
-
Бір экрандағы кез келген бөлігін активтендіру мүмкішілігі бар аудиовизуаль ақпараттың көп терезелі көрінісі.
-
Шынымен өтіп жатқан процесстердің шын уақыттағы оқиғалардың демонстрациясы.
Мультимедиа және білім берудегі ақпараттанудың сәйкес құралдарын пайдалануға байланысты бірнеше түсініктер бар. Мультимедиа құралдарын білім беруде қолданғанда иллюстрацияның ролі өседі. Иллюстрация бұл:
-
Текстке түсіндіретін немесе толықтыратын ақпараттың басқа типін енгізу (бейне және дыбыс)
-
Көрнекті және көзжеткізерлік түсіндіру үшін мысалдарды келтіру (басқа типтегі ақпаратты қолданбауға да болады.)
Электронды оқулықтың тиімділігі студен пен оқытушыға бірдей десе болады оны біз тәжірибе барысында анықтай алдық.
Электронды оқу құралының тиімділігін дәлелдеу мақсатында «Болашақ» университетінде биология мамандығының студенттеріне сабақ беріліп, зерттеу жұмысы жүргізілді. Зерттеу барысында 2 топ таңдап алынып оларға бірдей тақырыпта, бірақ түрлі әдіспен яғни дәстүрлі және электронды оқулық арқылы сабақ өтілді, соның көрсеткіші 1 кестеде көрсетілген. Сабақ аяқталған соң екі топқа да 20 сұрақтан тұратын тест беріліп білім сапасы тексерілді. Одан шыққан нәтиже төмендегі кестеде көрсетілген.
Кесте 1. Білім сапасының көрсеткіші
№
|
Оқу тобы
|
Дәстүрлі оқыту жолы
|
Электронды оқулықпен берілген жолы
|
1
|
І - топ
|
65 %
|
|
2
|
ІІ - топ
|
|
89 %
|
1-сурет. Дәстүрлі және электронды оқытудағы тест сұрақтарының нәтижесі
Осыдан кейін олардан яғни екі топтағы студенттерден (40 студент) 10 сұрақтан тұратын сауалнама алынды. Ол сауалнаманың нәтижесі төмендегідей.
Кесте 2. Сауалнама нәтижесі
№
|
Сұрақтары
|
Пайыздық көрсеткіш
|
1
|
Дәстүрлі оқытудан электронды оқулықтың ешқандай айырмашылығы жоқ.
|
0 %
|
2
|
Маған өзім үйренген дәстүрлі оқу ұнайды.
|
10 %
|
3
|
Дәстүрлі өтілетін сабақтарды электронды оқулық алмастырса.
|
85 %
|
4
|
Электронды оқулықпен өтілген сабақты бірден түсіндім, алдыңғы жолдары қайталап оқитын едім.
|
80 %
|
5
|
Бізде бұл пәннен оқулық тапшы, көптеген мәліметтерді алу қиын бұл осы тапшылықтың орнын толтыра алады.
|
93 %
|
6
|
Сабақ соңында бекіту сұрақтары тиімді екен барлық сабақ осы ретпен өтілетін болса мен аралық бақылауда қиналмаймын.
|
89 %
|
7
|
Электронды оқулықты дәстүрлі оқумен бірге арасында ғана қолданса болады.
|
28 %
|
8
|
Барлық пәннен электронды оқулық енгізсе, тиімді болар еді.
|
96 %
|
9
|
Оқытушының жұмысы анағұрлым жеңіл болады екен.
|
25 %
|
10
|
Электронды оқулық заманға сай талап және де бұл барлық оқу орнында болуы керек деп ойлаймын
|
100 %
|
Бұл студенттердің таңдауы электронды оқулық екенін және де олардың білімінің осы оқулықты пайдалану барысында жоғарылайтынын дәлелдеп отыр.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі заманда ақпараттық технологияларды соның ішінде электронды оқулықты пайдалану студенттердің ақпаратпен жұмыс жасай білуін қалыптастырады.
Студенттер үшін электронды оқулық университетте жүрген уақытында білімін толықтырып, одан әрі шыңдауға, емтиханға еркін дайындалуға зор мүмкіндік. Ал оқытушылар үшін ол өзінің педагогикалық тәжірибесі арқылы толықтырып және дамытып отыруға болатын ашық әдістемелік жүйе.
-
Оқу материалдары туралы студенттерге дәл және толық ақпарат беру арқылы оқыту сапасын арттырады. Оқытудың көрнектілігін арттырып, оқу материалын саналы игеруге жеткізеді;
-
Оқу материалының маңызын арттырып, уақыттан ұтып, есте сақтау қабілеттерін жетілдіруге қол жеткізеді. Есте сақтаудың әсер алу, қайталау арқылы оқу материалдарын терең игеруге жеткізеді;
-
Оқытушы мен студентке қажетті барлық ақпарат бір орында сақталған қол жетімді;
-
Материалдарды толығымен игеруге, қажет болған кезде өзін-өзі тексере алады;
-
Қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға мүмкіндік туғызады;
-
Керек уақытта материалды шексіз қайталай алады;
Қорыта келгенде электронды оқулықты қолдану барысында студенттердің сабаққа деген қызығушылығы күрт артып, білім сапасының артатындығы байқалды. Сондай ақ оқытушы өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралын молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электронды оқу құралын сабаққа пайдалану оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде алуға болады. Ой өрісі дамыған, жан – жақты, ізденімпаз, білімі жоғары,шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпақ тәрбиелеп шығару үшін инновациялық технологияларды пайдалана отырып қол жеткізе аламыз. Электронды оқу құралының тиімдігі тәжірибе жүзінде дәлелденді. Электронды оқу құралының жасау әдісін толғымен көрсетіп, мәнін ашып диссертациялық жұмысымда алға қойылған міндетім толығымен орындалды деп есептеймін.
Диссертацияның мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды
-
«Шетел азаматтарын оқытудың, әлеуметтік ортаға бейімделудің мәселелері» – республикалық ғылыми – практикалық конференция материалдарында «Білім беру жүйесінде электронды оқыту кешенін пайдалану» тақырыбында мақала.
-
«Шетел азаматтарын оқытудың әлеуметтік ортаға бейімделудің мәселелері» – республикалық ғылыми – практикалық конференция материалдарында «Компьютерлік бағдарламаларының жасаудың болашағы» тақырыбында мақала жарыққа шықты.
РЕЗЮМЕ
Кенжебаева Алтынай
Методика преподавания электронными средствами обучения для специальности биология по предмету "Зоология позвоночных"
Специальность 6М011300 – «Биология»
Актуальность темы: Электронные учебные пособия можно использовать как дополнительные источники для закрепления и изучения материала. К таким материалам можно отнести внешнее и внутренее строение животных, нервная система, кровеносная система, мышцы, выделительная система. Дается материал, где не нужно вмешательство преподавателя. Электронное пособие помогает экономить время для сбора информации.
Применение новой информационной технологии на предмете зоология помогает развитию у студентов интелектуальной и творческой способности.
Цель исследования: является умение подготовки электронного материала по этапам и методика обучения студентов электронными средствами обучения.
Задачи исследования:
-
Выяснение положительного или отрицательного аспекта применения методик для обучения студентов;
-
Формирование понятий и применение электронных публикаций и ресурсов;
-
Знание основных принципов и методов оценок качества информатизации знаний;
-
Умение студентов применять полученные навыки на практике;
-
Обучение языку знания информатизации.
Научная новизна исследования: Во все времена повышение квалификации будущего преподавателя является основной задачей. Это приводит к тому, к появлению новых методов обучения, такие как, электронные пособия.
Основные принципы исследования:
- общее понятие о электронных пособиях;
- общие требования, которые ставятся электронным пособиям;
- материалы обучения подготовка и мультимедийной системы;
- средства изготовления электронных пособий.
Практическая значимость исследования состоит в том, что результаты исседований опубликованы в материалах Республиканской научно-практической конференции «Шетел азаматтарын оқытудың, әлеуметтік ортаға бейімделудің мәселелері» на темы: 1. «Білім беру жүйесінде электронды оқыту кешенін пайдалану» и 2. «Компьютерлік бағдарламаларының жасаудың болашағы» Алматы 2012 год.
Выводы:
-
Повышает качество преподавания за счет полной информации учебного материала для студентов. Увеличивается способность усваивания демонстративного материала;
-
Дает возможность совершенствовать способности запоминания, а также экономит время.
-
Очень доступное расположение информации в одном месте для студента и преподавателя;
-
Возможность полностью усваивать материал и в нужное время проверить свои знания;
-
Дает возможность быстро находить необходимый материал;
-
В нужное время можно безпрепятственно использовать материал.
SUMMARY
Kenzhebayeva Altynay
Technique of teaching by electronic tutorials for specialty biology in the subject "Zoology of Vertebrata"
Specialty 6M011300 – "Biology"
Relevance of a subject: Electronic manuals can be used as additional sources for fixing and material studying. It is possible to carry to such materials an external and internal structure of animals, nervous system, blood system, muscles, secretory system. The material where intervention of the teacher isn't necessary is given. The electronic grant helps to save time for collection of information.
Application of new information technology on a subject zoology helps development in students of intellectual and creative ability.
Research objective: is ability of preparation of an electronic material on stages and a technique of training of students electronic tutorials.
Research problems:
1 . Clarification of positive or negative aspect of application of techniques for training of students;
2 . Formation of concepts and application of electronic publications and resources;
3 . Knowledge of the basic principles and methods of estimates of quality of informatization of knowledge;
4 . Ability of students to put the received skills into practice;
5 . Training in language of knowledge of informatization.
Scientific novelty of research: At all times professional development of future teacher is the main objective. It leads to that, to emergence of new methods of training, such as, electronic grants.
Basic principles of research:
- the general concept about electronic grants;
- the general requirements which are put to electronic grants;
- training materials preparation and multimedia system;
- means of production of electronic grants.
The practical importance of research consists that results of issedovaniye are published in materials of the Republican scientific and practical conference «Problems of teaching and adapting in social environment» on subjects: 1. «Using of electronic teaching complex in educational system» and 2. «Future of making computer programms» Almaty 2012.
Conclusions:
- Increases quality of teaching at the expense of full information of a training material for students. Ability of assimilation of a demonstrative material increases;
- Gives the chance to improve abilities of storing, and also saves time.
- Very available arrangement of information in one place for the student and the teacher;
- Opportunity completely to acquire a material and in due time to check the knowledge;
- Gives the chance to find a necessary material quickly;
- In due time it is possible to use a material freely.
Достарыңызбен бөлісу: |