ӘОЖ 341.231:82-1/-9 Қолжазба құқығында
Боранқұлова Гүлдариға Айтбайқызы
Жыраулар поэзиясындағы тәуелсіздік идеясы
6М011700 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы
бойынша педагогикалық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
РЕФЕРАТЫ
Қызылорда, 2013
Диссертациялық жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің филология факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасында орындалды.
Ғылыми жетекшісі: филология ғылымдарының кандидаты, профессор Жанбершиева Ұ.Н.
Ресми оппоненті: филология ғылымдарының кандидаты Оңғарбаев А.С
Қорғау өткізіледі:
Диссертация 2013 жылы 3 маусымда сағат 9.00-де Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінде (мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, 61. №1 оқу ғимараты. Филология факультеті, 133-дәрісхана) қорғалады.
Диссертациямен Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.
Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының хатшысы,
филология ғылымдарының кандидаты Г.Бекмағанбетова
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ әдебиеті қалыптасуы мен дамуының басты арнасын құрайтын жыраулар поэзиясы және жыраулардың әлеуметтік қызметі арқылы қазақ халқының қоғамдағы орны мен ұлттың мүддесі айқындалады. Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ әдебиеті тарихының кейбір мәселелерін қайта қарап, жаңаша көзқарас қалыптастыру қажет болып отыр. Соның бірі-жыраулар поэзиясындағы тәуелсіздік, еркіндік, бодандыққа қарсы идея көрінісі. Зерттеу жұмысымыз тәуелсіздікті аңсаған, халықтың еркін өмір сүруін армандаған, отаршылдық пен бодан болуға қарсылық танытқан жыраулардың дүниетанымын тану маңыздылығымен ерекшеленеді.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ хандығы мемлекетінің кейінгі ұрпақтарға жалғасуына себеп болған дәстүрлі сөз өнерінің өкілдері жыраулар болжаған келешек, еркіндік, тәуелсіздік, бодандыққа қарсы идеяға ерекше мән беріледі. Жыраулар поэзиясын М.Әуезов, С.Сейфуллин, Қ.Жұмалиев, Х.Сүйіншәлиев, М.Мағауин, Ж.Тілепов, Қ.Сыздықов секілді ғалымдар жете зерттеген. Дей тұрғанмен жыраулар поэзиясындағы тәуелсіздік идеясы арнайы зерттеліп, толық игерілген жоқ. Ұлтымыздың ғасырлар бойы жасаған рухани қазыналарын жыраулар ұрпақтан ұрпаққа ұластырған. Қазіргі кезде жыраулар көтерген бодандыққа қарсы дүниетаным арнайы қарастырылмаған. Қазақ жыраулары терең мәнді, қоғамдық ой тудыратын толғаулар арқылы елдің бірлігін, тыныштығын, сыртқы жаудан қорғау, елдік, ерлік мәселесін қозғаған. Әр жылдар жарық көрген жыраулар туралы зерттеулерде азаттық, тәуелсіздік идеясы тыңғылықты сарапталып, арнайы ғылыми айналымға түспеген. Егемендік, еркіндік, тәуелсіздік, бодандыққа қарсы күрес көрінісі жыраулар поэзиясында қандай үндестік тапқанын арнайы қарастырудың өзі де зерттеудің өзектілігін айқындайды.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Жыраулар поэзиясы ХІХ ғасырдан бастап назарға іліне бастаған. Ш.Уалихановтың Асан қайғы толғауларын зерттеуден бастап кеңес дәуірінде кеңінен зерттеле бастады. А.Байтұрсынов, Е.Ысмайлов, Р.Бердібай, Б.Абылхасымов, Х.Сүйіншалиев, М.Мағауин, Қ.Сыдықов, Ж.Тілепов, С.Негимовтер жыраулар поэзиясының негізгі жанры толғаудың жанрлық ерекшелігі, көркемдік кестесі туралы ойлар айтты. ХV ғасырдан бастап ұлттық ой сананың дамып, елдің тәуелсіздік, еркіндігін аңсағаны, болашақты болжап, келешектен жақсы үміт күткендігі байқалады. Белгілі ғалым М.Мағауин: «Ел ескі қоныспен, онда қалып бара жатқан бауырлас, аталас, туысқан жұртпен жылап айырылысқан. Жылау, жылау, жылау күй, Жылаған зарлы мынау күй. Қазақ пен ноғай айрылды, Қазақ сартқа қайырылды,»- Қазақ халқының құрылуы дәуіріндегі кейбір тарихи оқиғалардың елесі туған әдебиетімізден айқын көрінеді»,-дейді. [1.16б] Яғни, ХV ғасырдан басталатын әдебиетімізде елдің соңғы жылдары зерттеуші ғалымдар осы салаға назар аударып келеді.
Олардың ішінде Т. Мұқашевтың «Жыраулар поэзиясындағы әлеуметтік-философиялық сарын»атты кандидаттық диссертациясы, Ш.Амантай «Қазақ поэзиясындағы ұлттық идеяның көркем бейнеленуі» атты докторлық диссертация, Н.Мусаеваның «Қазақ философиясындағы адам мәселесі» атты докторлық диссертациялары қорғалды. Демек, жыраулар поэзиясындағы ерлік, елдік, бірлік идеясы тақырып ретінде көтерілді. Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақ әдебиетінің тарихында жыраулар поэзиясына тән әлеуметтік ойшылдық, даналық, рухани құндылық, бодандыққа қарсы дүниетаным, тәуелсіздік идеясының шығуына негіз болған. Жыраулар толғауларында заман, келешек мәселесін ойлады. Міне, осы мәселелер зерттеу тақырыбын айқындайды. Осындай алға қойған мақсаттарды орындау барысында төмендегідей міндеттерді шешу көзделді: - жыраулар поэзиясындағы тәуелсіздік мәселесін айқындау; - жыраулар аңаған еркіндік, тәуелсіздік, бодандыққа қарсы күрес мәселесін саралау; - заман шындығын көрсетудегі жыраулар көтерген әлеуметтік мәселенің ашылуы; - дүниетанымдық, келешекті болжау көрінісінің маңызын саралау; - тәуелсіздік, бодандыққа қарсы күрес үндестігіне ғылыми байыптаулар жасау.
Тәуелсіздік отаршылдыққа қарсы күрес, азаттық идеясы, ерлік пен елдіктің жыраулар поэзиясындағы көрінісін бейнелеудегі тарихи және көркемдік шындық сабақтастығын дәлелдеу.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. Диссертациялық жұмыста жыраулар мұралары мен оларды зерттеушілердің еңбектері басты назарға алынды. Қазақ сөз өнері мұраларын зерттеушілер Ш.Уалиханов., А.Байтұрсынов., Х.Досмухамедов.,С.Сейфуллин., М.Әуезов.,Е.Исайлов., Қ.Жұмалиев., Ә.Қоңыратбаев., Х.Сүйіншәлиев., З.Қабдолов., С.Қирабаев., Т.Кәкішұлы.,Р.Бердібай.,Б.Әбілқасымов.,Т.Тебегенов.,Ж.Тілеровтердің еңбектері негізге алынды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Бұл еңбекте жыраулар поэзиясындағы бодандыққа қарсы күрес тұңғыш рет ғылыми айналымға түсіп отыр. Сондықтан жұмыстың ғылыми жаңалығы қамтылған материалдардың сонылығымен, көтерілген мәселелердің көкейтестілігімен айқындалады, тұжырымдалады:
- Жыраулар поэзиясының қазақ әдебиетіндегі өзіндік орны тәуелсіздік идеясымен сабақтастығы басты назарда ұсталады. Бодандыққа қарсы күрес сипатын айқындау үшін толғаулардан салыстырулар келтіріледі;
- Бостандықты, еркіндікті аңсау арқылы шыққан болжал толғаулар ғылыми тұрғыдан дәйектеледі;
- Жыраулар толғауларындағы тақырыптық, мазмұндық ерекшеліктер бодандыққа қарсы дүниетаным айқындалады;
- Көркемдік ойлау болмысы ғылыми тұжырымдарды, жыраулар көксеген ойдың сыр-сипаты диссертациялық еңбектің негізгі жаңалығы болып есептеледі. Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар.
- ХV-ХІХ ғасырда өмір сүрген жыраулардың еркіндік, бодандыққа, отаршылдыққа қарсы толғаулары нақты мысалдармен талданады;
- Жыраулар поэзиясына бүгінгі күн тұрғысынан баға беріледі;
- Жыраулар арқылы тарихи-әдеби, ұлттық-рухани құндылықтарымыз айқындала түседі;
Қазақ әдебиетіндегі толғау жанрының басты белгілері анықталып, жыраулар көксеген дүниетаным, тәуелсіздік белгілері қарастылылды.
Зерттеу нысаны мен дерек көздері. ХV-ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы шығармаларының тақырыптық сипаты, астарлы ұғым мен өзара ой үндестігі негізгі нысаны болып табылады. Зерттеу жұмысы барысында әдебиетші және тарихшы ғалымдардың бұрынғы және соңғы кездері жарияланған еңбектері басшылыққа алынды.
Зерттеу әдісі. Жырау мұраларының дүниетанымдық құндылығын зерттеуде тарихи жүйенің герменевтика әдісін басшылыққа алып, өзара үндестігін анықтауда салыстырмалы, баяндау, әдеби талдау әдістері қолданылды. Жұмыстың ғылыми-практикалық мәні. Жұмыстың зерттеу нәтижелерін Республикадағы жоғарғы оқу орындарының филология факультеті студенттеріне практикалық сабақтарда пайдалануға болады. Жұмыстың жариялануы мен сарапталуы. Зерттеу жұмысының теориялық мәселелері мен ғылыми тұжырымдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының отырысында талқыланып, қорғауға ұсынылды. Диссертациялық жұмыста ұсынылған тұжырымдар аймақтық, республикалық конференцияларда баяндалып, материалдары жинақтарда жарық көрді. Диссертацияның құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, 3 тараудан және қорытындыдан тұрады, жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
Негізгі бөлім
Кіріспеде диссертация тақырыбының өзектілігі, зерттелу деңгейі, мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, әдіснамалық және теориялық маңыздылығы негіздері мәні айқындалып, қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдары анықталған. Бірінші тарау «Жыраулар поэзиясындағы тәуелсіздіктің көрінісі» деп аталады. 1.1«Жыраулар аңсаған ерлік, елдік, еркіндік, азаттық мәселесі» атты бірінші бөлімшеде жыраулыр поэзиясындағы негізгі идеялар жүйеленген. Бұл тарауда жыраулар поэзиясының әлеуметтік мәселелермен тығыз байланыстылығы жан-жақты әңгіме болады. Жыраулар поэзиясы арқылы еліміздің өткен тарихына үңілу, олар армандаған болашақ, келешекті болжау тұрғысынан алғанда, зерттеп отырған жұмысымыздың ғылыми салмағы басым екенін айтқан абзал. Жыраулар жырлаған мәселелерге бодандыққа қарсы, еркіндікті аңсау тұрғысынан келіп, көркемдік – эстетикалық, өре – деңгейі, шеберлігі, дүниетанымын саралай отырып қоғамдық-әлеуметтік, тарихи, саяси рухани жағдайларға баға беру де жөн. Бұл күндері әлем назарын өзіне аударып отырған Қазақ елі өрісті өнерімен, жыраулық поэзиямен де талайды таң қалдырған. Қазаргі заманғы ғылым әлемінде «Ақын жыраулар философиясы» атанып жүрген тұжырымдар біздің бағалауымызбен де сабақтасады. Асан Қайғының халық тағдыры, тіршіліктің жалғастығы, мәңгілік қоныс туралы толғаныстарының өзі еркіндік, тәуелсіздік идеясын байқататынын саралап алуымыз шарт. Қоғамдық-саяси оқиғалар жүйесінің көрінісі, тарихи-әдеби дәйектер жыраулар поэзиясында танымдық көрініс тапқан. Оның қазақ қоғамының дамуына, рухани дүниетанымына ықпалы болғаны да мәлім. Демек, жыраулар бодандыққа қарсы дүниетаным болжап, еркіндік мәселесін аңсаған. Махамбет Нарындағы орыс патшалығының отарлау саясатынан туған. Жәңгір хан сол уақытқа тәуелді болды. Ол патшаның саясатына адалдық антын беріп, Бөкей ордасын орнатқан. Сол кездегі озбырлық пен отарлау саясатына сай Махамбет жырлары өмірге келген. Батыр Исатай мен ақын Махамбет Жәнгір ханмен неге қарсыласты. Орда қаласында Жәңгір 1841 жылы тұңғыш рет қазақша-орысша білім беретін қазақ балаларына мектеп ашқан. Бұл жерде кітапхана, қару-жарақ палатасы жасақталған, көш-керуен, сауда-саттық болған. Астраханда оқып, ақ патшаның қолынан генерал шенін алған. Жәңгір хан еділ-Жайық өңірін 22 жыл билеген. Кезінде Махамбет пен Исатай Жәңгір екеуін екі аймаққа старшын етіп тағайындағаны тарихтан белгілі. Батыр мен ақын сөзін хан көтере білген. Ал, Махамбет қазақ жері үшінпатша әскерлерімен соғысады. Еділ үшін егестік, Жайық үшін жандастық, Қиғаш үшін қырылдық, Тептер үшін тебістік [6.141б],-деген жолдардан халық наразылығы, еркіндігі мен бостандығы үшін болғандығын көреміз. Патша қазақ жеріне жері керіп, көшіп-қонуға да тиым салады. Осыған қарсы жыр төккен Махамбет толғауы кешегі тарихты толғайды, келешекті болжайды.
Елдің бойы ен тоғай Ел қондырсам деп едім. Жағалай жатқан сол жерге Мал толтырсам деп едім. [6.142б] Махамбет жырларындағы негізгі мақсат ерлік, елдің елдігі, еркіндігін армандау еді. Міне, бүгінгі жол жыраулар армандаған еркіндік, егемендік, тәуелсіздікті алып, еңсемізді көтердік. Махамбет өмір сүрген дәуірде бұл идея арман болып қана қолғаны белгілі.
ХVІ ғасырда өмір сүрген Доспамбет жырау: "Тоғай, тоғай, тоғай су, Тоғай қондым өкінбен, Толғамалы ақ балта, қолға алып, Топ бастадым өкінбей [7.11б],"-деген жорық жырлары жыраулық поэзиядағы еркіндік үні, бостандық, елдік пен ерлік идеясын білдіреді.
Еліміздің тәуелсіздік алғаннан соң, халқымыздың рухани мұрасын ұлттық тұрғыдан қайта саралау басталды. Кеңестік кезеңде жыраулар поэзиясы жан-жақты зерттелгенмен тәуелсіздік идеясы, бодандыққа қарсы күрес мәселесі зерттеу обьектісіне енген жоқ. Ұлттық рухани мұраны айқындауға көмектесетін ұлттық идиологияны жасау күн тәртібіне қою қажеттілігі туып отыр. Жыраулар қазақтың басынан өткен небір кезеңдердегі әртүрлі тарихи оқиғаларды, замана зарын, тәуелсіз, еркін ел болуды армандағаны ұлттық идеологияға тікелей қатысы бар әдебиет, сөз өнері болды. Ұлттан тыс тұратын әдебиет жоқ, сол әдебиетті жасаушылардың бірі-жыраулар болса ұлттың рух пен сананың негізін олар толғауларында анық көрсете білген. Сондықтан ұлттық руханиятты тіл жасайды. Бодан халықтың тілі де, сонымен бірге рухы да әлсірей бастайды. Демек, тіл-ұлттың өмір сүруінің өлшемі. Ұлттың тілі, әдебиеті оның даму көрсеткіші болады. Тілдің, әдебиеттің қазақ халқы үшін маңызды орын алып, ғасырлар бойы тәуелсіз, бодан елдің арман, мұңын, болжам мен жаңғыруға қол жеткізу жолындағы әрекеттерін жырлауы жыраулар поэзиясынан анық көрінеді. С.Асылбекұлы: «Ұлттың тәуелсіздігі оның ана тілінің тәуелсіздігінен басталады. Түбінде рухы биік елдер ғана өз тәуелсіздігіне ие болып қалмақ»,-дейді. [10.2б] Жыраулар поэзиясындағы тәуелсіздік идеясының көрінісі ел бостандығы, ар бостандығы үшін жан пида ету. Соның негізі тәуелсіз болу:
-
Тәуелсіз жолы –күрес жолы, болашақ қамын ойлау;
-
Тәуелсіз жолы – азаматтық жол, үміт жолы.
Басқаша айтқанда жыраулар аңсаған тәуелсіздік Асан қайғы бабамыз, Бұқар жырау, Абылай хан айтқандай ерлігіміз бен елдігімізді қорғай алатын ел болуымыз керек. Бізге мәлім жыраулар толғауларында әлеуметтік сарын болғаны, қазақ топтарында небір дана, ойшылдардың тереңнен толғап, келешек жөнінде болжағанын аңғарамыз. Біздің руханиятымыз бен мәдениетіміздің түп төркінінде тұрған жыраулар көксеген армандарды міне, бүгін ашып айтуға мүмкіндік туып отыр.
1.2 «Толғау және әлеуметтік сарын» деп аталатын екінші тараушада ХV-ХVІІІ ғасыр аралығындағы жыраулар қандай бағытта ой толғады, яғни қандай сарынды байқаймыз. Осы кезеңнің шығармаларын оқи келе жыраулар толғауларынан әлеуметтік сарынды байқаймыз. Жыраулар толғауындағы әлеуметтік сарынды айтпас бұрын ең алдымен әдеби ағым, бағыт, сарын сөздерінің мағынасын ашып алған жөн. Түсіндірме сөздікте: «бағыт- идеялық нысана, ұстаған жолы» деген анықтама беріледі. [7.71б]. Демек, бағыт дегеніміз- алға қойған мақсатқа жету жолындағы белгілі бір ұстаным, сол мақсатқа баратын жол. Кез келген қаламгер өз шығармасын ойдан шығарып, қиялмен ұштастырып жазбайды. Сол өзі өмір сүрген дәуірдің, мезгілдің шындығын суреттейді. Қандай да бір шығарманың кейіпкерлері- қарапайым халық, оның тіршілігі, өмірі, қиындық атаулыны жеңу барысында көрген қиындығы болады. Сонда бір дәуірдің қаламгерлері бір бағытта өз туындыларын өмірге әкеледі. Осыдан әдеби ағым пайда болады десек, ол әдеби сарынға ұштасады. Осы тұрғыда З.Қабдолов «Бір топ жазушының бүкіл суреткерлік өнеріндегі белгілі бір уақыт пен кеңістікке сай идеялық-көркемдік бірлік- әдеби ағым. Осы ағым нәтижесінде әдеби сарын туындайды» деп анықтама береді. [1.478б]. Сарын- бағыт, бет алыс. [1.96б] Қорыта айтсам, әдеби ағым мен сарын- сол дәуірдің айнасы бола отырып, тарихтың, белгілі бір кезеңнің сырын, күресін сипаттайды. Сонда әдебиеттегі ағым мен сарын қоғамның нәтижесінде туындап, дамып, өзгеріп, жоғалып отыратынына мән берілген.
ХV-ХVІІІ ғасырда жыраулар елдік, ерлік, өмір, дін, заман хақында толғаған. Олар көне шығыс поэзиясы дәстүрімен өмірдің өтпелілігін жырлап, ізгілік пен инабатты дәріптеген.
Заманының ойлы перзенті ретінде өмірдің сан алуан мәселелерін сарапқа салып, философиялық, дидактикалық түйін-тұжырымдар жасап, жер-суды, атамекенді қорғап, ел бірлігін сақтау мәселелерін жырлаған. Қазақ халқы сол тарихи шақта өздерінің шұрайлы жерлерінен айрылып, ата-баба қонысын тастап кетуге мәжбүр болады. Осы жөнінде Жиембет жырау «Қол-аяғым байлауда» толғауында:
Қол-аяғым байлауда, Тарылды байтақ кең жерім, Арманда болып барамын, Қоштасуға аял жоқ Қалқаман, Шолан ерлерім! Қайырылып қадам басуға, Күн болар ма мен сорға Өзен, Арал жерлерім?! Қиядан қолды көрсеткен Төбеңе шығар күн бар ма, Жотасы биік Дендерім? Қайырымсыз болған хандарға Тиер ме екен бір күні Жолбарыстай шеңгелім [7.25б] - деп, өткен күнін аңсап, елімен, жерімен қоштасады. Бұл толғауда Жиембет кең-байтақ жері тарылып, өз аяқ-қолының байлауда қалғанын айтып тұрған жоқ.
ХV-ХVІІІ ғасыр әдебиетінде алдымен сыртқы жауға қарсы ерлік күреске үндеу, ел бірлігін сақтайтын басшыны жырлау сияқты сарындар күшейді. Сыртқы жауға қарсы күрес кезінде шыққан әдеби шығармаларда таптық санадан гөрі елді қорғау арманы алғы сапқа қойылды. Шапқыншылардан елді азат ету үшін күреске үндеу, осы мақсатпен жорыққа аттанған ерлерді дәріптеу ең негізгі мәселе, өзекті сарын болып отырды . Тәтіқара ақын:
Бөкейді айт, Сағыр менен Дулаттағы, Деріпсәлі, Мандайды айт Қыпшақтағы. Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын, Сары менен Баянды айт Уақтағы. Ағашта биікті айтсаң қарағайды айт, Жігіттік, ерлікті айтсаң Бөгенбайды айт, Найзасының ұшына жау мінгізген Еменәлі Керейде, ер Жабайды айт [7.59б] - деп, халқы үшін қан майданда шайқасқа түсіп, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаған әйгілі халық батырларының ерліктерін жырлап, дәріптеген. Жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы-туған елі, оған деген сүйіспеншілігі, елдің бірлігі, бүтіндігі. Халқына жайлы қоныс, ырысты жер іздеген Асан қайғы:
Желмая мініп жер шалсам,
Тапқан жерге ел көшер- деп, елі тыныштықта өмір сүріп, жерұйықта мекендесе деген ел қамын ойлаған жүрек сөзін айтады. Асан қайғы идеясының Доспамбет жырау былайша өз толғауында өрістетеді:
Еділдің бойын ен жайлап, Шалғынға бие біз байлар, Орындықтай қара сабадан, Бозбаламен күліп-ойнап, Қымыз ішер күн қайда[7.6б].
Осы сарыңдас Ақтамберді жырауда:
Ауылдан топыр үзілмей, Ошақтың оты өшпесе Май жемесе қонағым... Он кісіге жараса, Бір кісіге асқан тамағым-[7.45б] деп жырласа Махамбет:
Еділдің бойы ен тоғай Ел қондырсам деп едім. Жағалай жатқан сол елге, Мал толтырсам деп едім- [2.39бб] деп жырлайды.
Бұл толғаулардан жыраулар шығармашылықтары еліне ырыс, молшылық тілеген, бейбіт, тыныштық өмірді қалаған идеяларымен ұштасып жатқандығын аңғарымыз.
Менің ойымша, жыраулар өз заманының әрі батыры, әрі ақыны, әрі үлкен саясаткері болған. Жыраулар өз заманының өзекті мәселесіне, яғни еркіндік, азаттық, елдің тәуелсіз, бейбіт, тыныш өмір сүруі үшін күрескен. Қазақ халқының ұлттық бітім-болмысын, мәдени мұраларын, ата қонысын сақтап қалу үшін күрескен. Осы ойлар бүгінгі тәуелсіз елдің де негізі мәселелері. Ұлт сабақтастығы, дәстүр жалғастығы бірімен-бірі байланысып жатыр. Дәл қазіргі идеямен нақ, дәл келмесе де, оның алғашқы көріністері жыраулар поэзиясында жатқандығын байқаймыз. Жыраулар өмір жайлы, достық жайлы, адамгершілік, ерлік жайлы, тіршілік жайлы жыр шерткен. Олар өмір диалектикасына да терең көз жіберген, дүниенің бірқалыпта тұрмайтынын ("мынау жалған дүние кімдерден кейін қалмаған" – Шалкиіз), үнемі өзгерісте болатынын дұрыс пайымдаған. Жыраулар поэзиясында адамгершілік этика, мораль мәселелері кең орын алған. Оларда бүгінгі жастар ғибрат, тағлым алар дүниелер молшылық. Жыраулар поэзиясындағы дүниетанымдық сипат ел санасынан өте қойған жоқ.
Екінші тарау «Жыраулар мұрларындағы бодандыққа қарсы дүниетаным» деп аталады. 2.1 «Жауға қарсы күрес, ерлікке, елдікке жігерлендіру» деп аталатын тараушада бодандық, бодандыққа қарсы дүниетаным мәселесі қарастырылады. Өмірде жырланатын тақырыптар көптеп табылады. Оның біразы науқандық болып, заман ағымынан ілесе алмай қалып жатады. Енді бірі кейінгі толқынның талғамына сай келмей өз мәнділігін жойып алады. Осындай үздіксіз диалектикалық қозғалысты басынан өткеріп жатқан әдеби үдерісте қай кезде де маңыздылығын жоймай жаңғырып отыратын тақырыптар болады. Олар әдебиетіміздің көркемдік дәстүріне айналады. Қазақ поэзиясының тарихына зер сала қарасақ, онда дәстүрге айналған тақырыптың ең маңыздысы – халықтың өміріндегі аса маңызды тарихи оқиғаны баян ету, яғни халық басынан өткен қуаныш әкелген, қайғы әкелген жайларды аңғарамыз.
Елді қорғау, жаудан азат ету тақырыбы бертін келе, тарихи жағдайларға байланысты ұлттық тәуелсіздік тақырыбына жалғасты. ХVІІІ–ХІХ ғасырларда қазақ әдебиетінде ұлттық тәуелсіздік тақырыбы айрықша мәнге ие бола дамыды. Жоңғар шапқыншылығы мен орыс отаршыларының қысымы поэзиямыздың мазмұны мен тақырыбының кеңи түсуіне жол ашты. Бодандық (орыс. “подданство” — азаматтық) — еркінен айырылу, тәуелділік, кіріптарлық. Ерте дәуірлерде құқықтық категория ретінде қалыптасқан Бодандық атауы дәстүрлі қазақ ұғымында “отарлану”, “өзге мемлекетке бағынышты болу” деген мағынаны білдірген.[3.22б] Яғни, менің пайымдауымша, бодан болу дегеніміз- жердің тарылуы,ұлттық болмыстың,тілдің,діннің жоғалуы. «Бодандық» ұғымы қазақ халқының санасына қайдан кезікті деген сұраққа жауап алу үшін тарихқа кішкене көз жүгіртсек. XVIII ғ. орта тұсында елімізге үлкен қатер төнді. Қазақ еліне шығыстан ентелей түскен Жоңғар хандығы, шапқыншылық әрекеттерін жүргізе бастады. Сол кезеңде Қазақ ордасының сыртқы-ішкі саяси жағдайы күрт шиеленісіп, алдымызда тек екі таңдау тұрды.
Бірі-жоңғарлардың шапқыншылығына ұшырап, тоз-тозымыз шығу, бірі-Ресей патшалығымен әскери одақ құрып, ел тұтастығын сақтап қалу болды. Қарамағындағы ұлысын жан-жақтан ентелеген сыртқы жаулардың езгісінен аман сақтап қалуды, әрі ел ішіндегі билік аясын кеңейтудің қамын ойлаған Әбілқайыр хан Ресей бодандығына кіруге ұмтылды. Ол кездегі қазақ билеушілерінің бодандық туралы түсінігі қазіргі кезде “тәуелсіздіктен айырылу”, “отарлану” мәнінде қолданылатын ұғымнан мүлдем басқаша еді. Олар бодандық актісі арқылы Ресейдің әскери-саяси қолдауына ие болып, елдің ішкі дербестігін, сыртқы тәуелсіздігін сақтап қалуды көздеді. Ал Ресей басшылары болса, бодан болған біздің еліміздің тілін, өнерін, салт-дәстүрін жойып жіберуді мақсат етті. Бірақ, ел бодан болса, оған қарсы әрекет туады. Бодандық ел рухын оятты, ұлттық болмысты сақтауға жетеледі. Халқына бұл істе ақылшы бола білген жырауларымыз болды. Олар келешек ұрпаққа бостандық таңы ататындығына сенген.
Халықты бодандыққа қарсы күреске шақырушы жырауларымыздың қатарына сол ғасырдың (XVIII ғ.) көрнекті өкілдері: Ақтамберді жырау, Бұқар жырау, Үмбетей жыраулар кірді. Бұл ғасырдың күрескерлерінің бірі ретінде Ақтамберді жырауды ерекше атап өтуіме болады. Ақтамберді толғауларының өн бойынан Отанға деген сүйіспеншілік, ерлікті әспеттеп, ел тәуелсіздігін ардақтаған отты жырларды байқаймын. Әсіресе жыраудың «Күлдір, күлдір кісінетіп...» деген ұзақ толғауының екпіні ерекше. Жоңғардан туған жерді азат етер арпалыстың от жалынында туған, ерлердің жеңіске деген құштарлығын оятар рухты жыр.
Күлдір, күлдір кісінетіп, Күреңді мінер ме екенбіз?!
Күдеріден бау тағып,
Ақ кіреуке киер ме екенбіз?!,–[7.35б] деп ерлікке шақырады.
Ақтамберді жырларында азаттық күрестің басты мақсаты -өз алдына азат ел болу.
Оны «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» жұмақ заманда тәуелсіз елдің тыныштығын ел арасындағы дау-жанжал бұзбаса, береке-бірліктің құтын қашырмаса деген тілек қатты толғандырады.
Осындай берген дәулетті, Көтеріп тұра алар ма екенбіз! –дейді.
Ақтамберді толғауларындағы басты идея – елді ата жауға қарсы күреске шақыру, ерлікке жігерлендіру. Азатшыл сарын – жырау поэзиясының негізгі өзегі.
Оны алғашқы бозбала шақтарындағы өлеңдерінен де байқауға болады.
Жыраулар өз заманының өзекті мәселелеріне үн қосқан. Яғни, елдің еркін, азат, тәуелсіз, бейбіт, тыныш өмір сүруі үшін жырларымен күрескен жыраулар толғауларында ұлттық рух басым.
«Біз қазақ деген мал баққан елміз. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз» демекші қазақ халқы әрқашанда өзінің кең даласымен, дарқан даналығымен, дана би-шешендерімен, жырауларымен мақтана алған. Қалың ортада сөз бастап, халықты бірлікке шақырған, өзгенің боданы болмауды үндеген даналарымыздың арқасында діттеген мақсатымызға жетіп, тәуелсіз мемелекет болып отырған жайымыз бар.
2.2 «Жыраулар аңсаған азаттық» деп аталады. Қазақ елі 1991 жылдың желтоқсанында анық азаттыққа қол жеткізгенде қуанбаған, қуанғаннан көзіне жас алмаған адам кемде-кем. Сондағы ыстық сезімді, шаттықты, қуанышты аузы дұғалы ақындардан артық жырлаған ешкім де жоқ. «Жалаңаш барып жауға ти, Тәңірі өзі біледі, Ажалымыз қайдан-дүр» деген асқақ ұранды кешегі жыраулар мұрасы қазіргі таңда ұлтты елдікке ұйыстыру, жас ұрпақты ерлікке шақыру мақсатында рөл атқарып, ұмтылмай келеді. Қазақ жұртына құтты мекен – Жерұйық іздеген Асан қайғыдан бастап марғасқа Махамбет пен дауылпаз Дулаттарға дейінгі аралықты даңқтылар поэзиясының мәңгілік сарыны азаттыққа келіп тірелетіні заңдылық. Азаттыққа жету жолында елін ержүрек батырлар қандай қызмет сіңірсе, алты ауыз сөзі алты алашқа жайылған арқалы ақын-жыраулар да одан кем еңбек еткен жоқ. Тарлан тарихтың тереңіне сүңгісек, «жыраулар поэзиясында» ерлік пен елдік, бодандыққа бас имеу, бұғалыққа бағынбау сынды мәселелер алдыңғы кезекте жырланады. Көненің күмбіріндей болып бүгінде аман-есен ұрпағымен қауышқан жыраулар поэзиясының ұрпақ тарихымен ұштасып жатқаны еш даусыз. Жырау – хан мен халық арасындағы дәнекер тұлға. Жыраулардың қазақ хандығы қалыптасып, нығаю процесінде хандардың бір орталыққа бағынған мемлекет құру саясатын іске асыруда.
Ұраншы, үгітші қызметін атқарудағы рөлі ерекше. Ордада ханның қасында әр уақытта ақылшы жыраулар болған. Жыраулар – халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманның өздері куә болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан. Жырауларды халық, қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келген кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп, істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. Жыраулар өз шығармаларын ақыл – нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың толғауларының негізгі тақырыптары – туған жерді, елді сүю. Отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау. Жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы – туған елі, оған деген сүйіспеншілігі, елдің бірлігі, бүтіндігі. Халқына жайлы қоныс, ырысты жер іздеген Асан қайғының: «Желмая мініп жер шалсам, тапқан жерге ел көшер» - деген ақылгөй сөзі – сол елінің қамын ойлаған жүрек сөзі. Сол сияқты Қазтуған жырау да «Қайран менің Еділім» - деп еңіреп өткен. «Еділдің бойын ел жайлап, шалғынына бие біз байлап» - деп Доспамбет жырау армандаған, «ауылдан топыр үзілмей, ошақтың оты өшпес, май жемесе қонағым... он кісіге жараса, бір кісіге асқан тамағым», - деп Ақтамберді жырау еліне ырыс, молшылық тілеген, бейбіт, тыныштық өмірді қалаған. Жыраулар поэзиясы еліне деген ыстық сезімге, азаттыққа деген асыл арманға толы. Олар сол еліне жалынды жырларын арнаған, халқын сол елі үшін қызмет етуге үндеген, керек болса, жанын пида етуге шақырған. Халқы үшін қан майданда шайқасқа түсіп, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаған әйгілі халық батырларының ерліктерін жырлаған.
Асан қайғы ел, халық тағдырына, болашағына терең көз жібереді, қабырғасы қайысса жыр төгеді, болжам жасайды. Ақылгөй жырау «ата жұрты – бұқара» күшін жоғары бағалайды.
Еділ бол да, Жайық бол, Ешкімменен ұрыспа, Жолдасыңа жау тисе, Жаныңды аяп тұрыспа, - деп елді бірлік – ынтымаққа шақырады. Жырда ғибрат, өнеге аларлық парасатты ой түйіндері мол. Ол өз тұсындағыларға да, келешек ұрпаққа да биік адамгершілікті уағыздаған. Асан қайғының тағы бір толғауында:
Ойыл деген ойынды, Отын тапсаң тойынды. Ойыл көздің жасы еді, Ойылда кеңес қылмадың, Ойылдан елді көшірдің, - [7.20б]дейді. Бұл толғау негізінен Керей мен Жәнібек хандардың Мағолстанға көшкен сапарында айтылған деседі.
Қазақ хандығын құру алғышартында Асан қайғы елдің болашағына алаңдап, атамекеннен біржолата көшуге риза еместігін көреміз. Осы орайда, Асан қайғының өз толғауларында үнемі халық атынан сөйлейтінін ескергеніміз жөн. Оның қайғысы – бүгінгі тіршіліктің, ертеңгі болашақтың қамынан туындаған қайғы. Ендеше, елім деп еңіреген Асан атаның өмірі мен өнерін, жырларын тани келе, ел азаттығын аңсаған арыс екендігіне көз жеткіземіз.
Әдебиетімізді жаңа тарихи кезеңде, ел басына қиын қатер төнген шақта екіталай кезеңде – ХVІІІ ғ. бірінші жартысында жаңа, соны ой – толғанысымен, көркемдік сөз өрнегімен әрі қарай дамытқан Бұқар жырау. Оның жыр – толғаулары – сол тарихи дәуірдің көркемдік көрінісі. Жоғарыда айтылған жыраулар өзінше бір төбе болса, Бұқар жырау бір төбе. «Идеологиялық жағынан ел санасына ену әскери жолмен жаулап алудан арзан және тиімдірек болады екен», - деген Л.Гумилевтің сөзі – отарлаушы елдің арам пиғылын ашатын ғылыми тұжырым. Бізді бұл ойға жетелеген Ресей империясының ғасырлар бойы қазақ елінде жүргізіп келген саясатының жемісі болды. Л.Гумилевтің жоғарыдағы пікірін ғалым М.Мырзахметұлы одан әрі терең талдап, оған тарих дәлелдеп берген нақты фактілер арқылы тереңдей түседі.
«Өйткені халықты құралдың күшімен жаулап алу оңай, бірақ оларды мәңгі құлдықта ұстаудың жолы өте қиын болуы себепті, оларды рухани жағынан шырмап ұстаудың сенімді жолдарына шешуші мән беріледі. [8.367б]. Ресей империясының отаршылдық саясаты қазаққа тән ұлттық менталитетінің өзгеруіне әкеп соқтырды. «Ұлт менталитетінің көрсеткіштері мен қасиеттері ретінде мыналарды көрсетуге болады – дейді Т.Бүрбаев - өзінің даласындай жанның кеңдігі, кеңпейілділігі, кешірімшілдігі мен қайырымдылығы, қонақжайлығы, жарқын – ашықтығы, бөтенді жақтырмай басқа мәдениетті тез қабылдағыштығы, жатсынбауы; сөзге ерекше мән беретіндігі, аңғарымпаздығы, табиғатқа жақындығы, философиялық ойлары бейімділігі, дүние, өмір, заман туралы ойлары, ақын жандылығы, дүниені образдық оймен бейнелеуге жақындығы; қазақтың маңғаздығы, асықпай – аптықпауы, тәубешілдігі, сәтті күнді күтуі, қазақтың туысшылдығы, ойын – сауықшылдығы, бірін – бірі іздеп жүретін бауырымпаздығы. Бұл негізінен дала берген ақсы қасиеттер». [9.242б] Тәуелсіздік – тарихы терең, тағлымы мол қасиетті ұғым. Тәуелсіздіктің әлеуметтік сипатын ашу үшін жыраулар жырлаған толғаулар терең мәнді қымбат қазыналар болып табылады. Қазақ жыраулары, ұлттың мұратын, мүддесін, арман тілегін ұрпқтан –ұрпаққа жеткізіп, еркіндіктің үлгісін көрсетіп өткен. Қолда бар деректерге жүгінсек, қазақ халық ретінде, ел ретінде бірігіп, азаттыққа құштарлықтың алғы шарттарын қалағаны байқалады.
Қазақ бодан болып, отаршыл саясат салдарынан езіліп, еркіндікке жету үшін рухын ояту қажет болды. ХV – ХVІІІ ғасырларда қалмақтар мен жоңғарлардан елді қорғау, азаттық үшін бәйгеге басын тіккен батырлардың ерлігін дәріптеу, есімін ұрпаққа үлгі ету үшін небір жырлар төгілген. Жырлар әлеуметтік бақылаушы болған. Олар адам байқай алмайтын құдіретті кезіп, көріп, болжап отырған. Жыраулар қоғамдағы елеулі мәселелерге үн қосып, сыршылдық, тереңдікпен толы сөз айта білген, сол сияқты билікке, хандарға халық мұңын жеткізіп отырған.
Жыраулар поэзиясындағы бодандыққа қарсы күрес мәселесін шартты түрде үш кезеңге бөліп қарауға болады:
-
XV – XVІІІ ғасыр ерлік, елдік мәселесі, елді сыртқы жаудан қорғау, азаттық еркіндікті аңсау
-
ХVІІІ ғасыр бодандыққа қарсы күрес
-
ХІХ ғасырдың бірінші жартысы бодандыққа қарсы болу.
Азаттық аңсаған, еркін ел болудың алғашқы қадамын жыраулар толған жырлардан дәлел, дерек аламыз. Ал әлеуметтік мәні, қоғамдық маңызы, халықтың сипаты тұрғысынан қарасақ:
-
Қазақ хандығы тұсында елдің сыртқы жаулардан қорғануы азаттық – бостандық жолындағы еркіндікке ұмтылуы кеңінен көрініс береді.
-
Жыраулар тұтас қазақ халқының өмір – тұрмысын, тарихы мен тағдырын жырлап, еркіндік, азаттықты аңсаған ел келешегіне алаңдаған.
-
Батыр бабаларымыз бен жыраулар орамды ойлары арқылы халық санасын оятуға ұмтылған.
-
Жыраулар поэзиясында бодандыққа қарсы күрес идеясы, қуғын – сүргін, алапат заман зардаптары жан – жақты жырлаған.
Адам мұраты, өмірі мен тіршілігі, армандарын жыраулар сөз арқылы жеткізіп отырған. Олардың сөздерінде тарих, таным, тағылым бар. Сөздегі құдіретті, ақыл –парсаты, ой жүйені баса жырлау арқылы қоғамдағы келелі мәселелерге үн қосқан.
Мәселен ХІХ ғасырда өмір сүрген Мұрат Мөңкеұлы қазақ тоз-тоз болды деп:
Еділді тартып алғаны, Етекке қалды салғаны. Жайықты тартып алғаны. Жағаға қолды салғаны Ойылды тартып алғаны. Ойындағысының болғаны. Қоныстың бар ма қалғаны. [10.29б],
Ақын қазақ елінің әскери отаршылар тартып ала бастағанын, ел басына түскен ауыр жағдайды осылайша жырлаған. Бодандыққа қарсы дүниетаным қалыптастыру жыраулар поэзиясының өзекті қырларының бірі болғандығы анық. Сонымен бірге әлеуметтік-философиялық ой – тұжырымның көтерген тіні – орталық саясаттың жымысқы әрекетіне батыл қарсы тұру, ұлт рухын көтеру болғандығын аңғарамыз. Біз бодан болған жұртпыз. Демек, бодандық дегеніміз өзге елге саяси кітаптар болу және рухани дүниемізді жаулап алады. Елдің рухы тәуелді болса, болданға айналады. Мәселен қазақ елінің ресейге тәуелді болуы қаншама құндылықтардан айырылып қалуға әкеледі. Ұлттық болмысымыздың өзіне ұдайы жоспарлы түрде кері ықпал жасалады. Бодандыққа қарсы дүниетанымы аясында қазақ елінің асқақ рухы, еркіндікке деген талпынысы, мақсаты монолог күйінде көрініс табады. Қазақтың бодандық дәуірі, қолдан жасалған коммунистік идеялар, қазақ ұлтын қайта туғызды. Жыраулар бөлінбес бірлік, қайтпас ерлік дәстүрін уағыздайды. Тәуелсіз елді, салтанатты сәнді өлкенің мінсіз келбетін жырлайды. Толғауда замана келбеті, ел тағдыры, болмыс шындығы суреттелген. Доспамбет жырау бүкіл күреске толы өмір жолын атамекенді сыртқы жаудан қорғау, еркін ел болудан асқан асқан арман жоқ деп санап, былайша толғайды:
Төрт төбет ат мініп, Той тойлаған өкінбес, Екі арыстан жау шапса Оқ қалқандай шаншылса, Қан жусадай егілсе, Аққан судай төгілсе, Бетегелі сарыарқаның бойында Соғысып өткен өкінбес.
Толғау өмірлік қорытынды мен әлеуметтік мазмұн жатыр. [9.50б] Жыраулар әлеуметтік, өмірлік көріністер мен заман жайында ой-болжам жасап отырады. Жыраулар бодандыққа қарсы дүниетаным, қөзқарас, пайымдаулар болғанына толғаулары арқылы көз жеткізуге болатынын байқадық. Жырауды заман тудырады, жан жүрегін толғантатын өзекті мәселелерді көксеп, армандап асқақты жырлар қалдырған, елдің рухани жетекшісі болған, ұлт рухын көтеру бағытында көрінеді.
Үшінші тарау «Отаршылдыққа қарсы жыраулардың үні» деп аталады. Тараудың 3.1 «Отаршылдыққа қарсы ұлт рухын ояту» деп атплатын бөлімінде отаршылдық, отаршылдыққа қарсы күрес мәселесі сөз болады. Халықтың ертеңіне терең ойшылдықпен қарау – сайып келгенде даналық ойдың жемісі. Әрине, ақын-жыраулар алдын-ала не боларын білер көріпкел емес. Олар бар болғаны ет пен сүйектен жаралған қарапайым адам ғана. Бірақ олардың бойында табиғат па, әлде жаратушы ие ме сыйлаған үлкен қасиет, алапат дарын бар. Ол – ойшылдық. Ойшыл әр уақытта ойын саяздан іздемейді. Ол тұңғиықта жүзіп күн кешетін алтын балық іспеттес тереңге құлаш ұрады. Тереңдік деп отырғанымыз – тарих. Сондықтан олардың ойы жұмбақ, әрі дәл. Сондықтан ойшылдардың ойы тарихпен сабақтасып, жымдасып жатады. Елінің кешегісін байыптаған жыраулар айнала қоршаған елдердің де даму, құлдырау кезеңдерін біліп отырғанға ұқсайды. Өз елінің көшпелі тұрмысымен ғана шектеліп, геосаяси дамудан кенже қалып, оны өзге елдермен салыстыра қарауы әбден мүмкін дейміз. Ал дамыған елдердің дамушы елдерге қысым жасауы тарихи заңдылық.
Қазақ арасынан шыққан шынжыр балақ, апай төс батырлар жару атқа жайдақ мініп, егеулі найза қолға алып, нөсерлей жауған жау оғына жалаңаш төстерін тосып атойлап қарсы шапса, қолына домбрасы мен қобызын қатар кезенген жыраулар жан семіртер, көңіл марқайтар, келешекке үміт ұялатар толғауларын түйдек-түйдек боратып жатты.
Қайран менің Еділім, Мен салмадым, сен салдың, Қайырлы болсын сендерге, Менен қалған мынау Еділ жұрт!... [7.29б].
Немесе:
Үргеніш пен Бұхардың Қоңырат, Ташкент, Қоқаннан Орнықты қоныс таба алмай, Адыра қалғыр, бұ қоныс. Асан би шұбап өткен жер, Ноғай да шұбап босқан жер! [7.109б].
Қаратау басында қайта ес жиып, өз хандығына ұйысқан қазақтардың төбесіне тағы да қиқу төнді. Тағы да төмпештеудің астында қап, тағы да басымыз шаншылды. Бұл – үшінші зар заман еді. [8.3б]. Талай жылдар қоян-қолтық араласып, көршіліктен ағайындай болған, тіпті қыз алысып, қыз берісіп келген жоңғар елі тиісетін ел таппағандай тағы да қазақ басына зобалаң туғызды. Ел басындағы хандар үш жүздің басын қоса алмай сараңға түсіп, «мына жер менікі, соған тиіспе болды» деген ыңғай танытып бірінен соң бірі күйрей жеңіліп жатты. Тағы да халық күйзелді, тағы да жыраулар зарлады. Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. Қарындастан айрылған қиын екен, Мөлтілдіп екі көзге жас келеді [9.6б]
Бұл сол кездегі қалың елдің зары ғана емес, сол халықтың басына түскен ауыр қайғының, күйзелістің көркем әдебиеттегі көрініс болатын. Сонымен қатар, күйзелістегі халықтың ішкі жан дүниесінің терең пайымдаудан туындаған жаңғырығы ғасырларды түйреп өтіп, біздің рухани дүниеміздегі алтын діңгегі деп те түсінген дұрыс. Халық көзіндегі жас, бос келе жатқан тайлақ, Қаратаудың басынан жөңкіле көшкен елдің зары ғана емес, сахара төсінде еркін, бейбіт ғұмыр кешкен халықтың қиыншылықтан шығуға ұмтылған, соған жетелеген рухани үндеуі болды. Заманды бейнелеу, оның озық тұстары мен кемшін тұстарын жыр арқауы ету қай кезде де ақын назарынан тыс қалмаған. Қазақ поэзиясындағы осы алып проблема ерте заманда – ақ күн тәртібіне қойылғандығын аңғарамыз.
Мысалы, Махмұт Қашқаридың сөздігінде:
Өзгерді заман күймелі, Парасатты ой сиреді. Естіні есікке сүйреді, Білімсіз зұлым басшы боп [10.74б] немесе
Дүние қызынады, Адам азып бұзылады. Бүтіндей заман өзгерді, Құтыртып жаман елдерді, Адамдар өтірік сөзге ерді, Парасатты бек кеткен соң [7.93б]. Бұл тақырыпты жырлауда заманның кер кетуін жеке адамның бұзылуымен байланыстыра жырлау дәстүрге айналды. Адам азған соң заман бұзылды, міне заман шындығы. Заман бұзылумен ақырзаман жақындады, міне жыраулардың жанайқайы.
Жыраулардың толғауларында заманның бұзылуының өлшем бірлігі ықылым заманнан қазақ қоғамында орын алып алып келген дәстүрден ауытқуы болып келеді. Кішінің үлкенді сыйламауы, жаманның билік басында отыруы, жақсылардың кемшілікке ұшырауы, салт-дәстүрдің қожырауы және т.б.айқындалады. Мысалы, Бұхар жырау:
Ай, заман-ай, заман-ай, Түсті мына тұман-ай... Жұрт талық болған заман-ай [7.85б],-дейді.
Жұрт не үшін талық болды? Баспақтана жиылғаннан ба, әлде құл-құтаннандардың құда болғанынан ба, мүмкін тай жүгірткен шығар? Жырау заманның бұзылуын бір нәрсе төңірегінен іздемейді. Сөйте келіп одан әрі былай деп түйдектете жөнеледі:
Арғымақтың жалы жоқ- Жабылар жалыменен теңелер. Жақсылардың малы жоқ- Жамандар малыменен теңелер. Арғымақ жалсыз, ер малсыз, Алланың аманат құйған жаны, Қай күні алары болжалсыз! [6.85б].
Сөз жоқ, заман құбылысын терең байыппен саралап, бұның өзгерусіз философиялық тұрғыда танытудың озық үлгісі екені даусыз. Арғымақ пен жабыны салыстыру, немесе жақсы мен жаманды салыстыру, заман өзгергенде олардың бір-бірімен теңелуін, айырмашылықтың болмауын жырауларда ойшылдық дәстүрдің озық үлгісіне айрықша назараударамыз. Қай кезде де елдің намысын оятар негізгі үш қуат көзі бар. Олар – жері, тілі, діні. Бұл үшеуі тәуелсіз халықтың негізгі атрибуттары болмақ. Әрине, тарихи дамуда халықтың өсуі мен өшуі белгілі бір тарихи оқиғалар салдарынан, белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асып отырады. Оны тарихи сабақтастық дейміз. «Тарихи сабақтастық екі түрлі болады – дейді философ ғалым Н.Мұсаева – Оларды шартты түрде «уақыт» және «кеңістік» сабақтастығы халықаралық, не әртүрлі ұлт әдебиеттерінің өзара әсер ықпалымен байланысты. Сабақтастықтың бұл түрі де уақыт, тарихи кезеңді аттап өте алмайды» [7.159б]. Мәселен, жыраулар қазақ халқы жеке хандық құрып, өз алдына шаңырақ көтерген тұстан бастап-ақ сырттан келер қауіпті сезді. Оның арты неге апарып соғарын да дұрыс болжады, өз жырларының негізгі арқауына айналдырды. Халықты сол үшін де күреске шақырды. Кейінгі ақындар жыраулар болжаған бодандықтың құрығы мойынға ілінген тұста өмір сүріп, өз жырларында соны ащы сынға алды. Бірақ осы уақыт аралығында тарихи уақиғалар халқымыздың ұпайына шешілмегенін тарих көрсетіп кетті. Мұның бәрі бірнеше уақыт бойы халықтың басынан өткерген өмір өткелдері. Жалпы отар, отарлау сөздерінің мән мағынасына үңілсек, бір мемлекеттің өзге бір мемлекетті өзіне тәуелді, бодан етуі болып табылады. [7.698б]
Менің ойымша да отар болу бір мемлекеттің келесі бір мемлекетке кіріптар болып, алдымен жерінен, онан кейін тілі мен діні, салт - дәстүрі секілді бүкіл болмыс бітімінен, өзіндік құндылықтарынан айырылуы, қала берді сол мемлекетке тәуелді боданға айналуы деп білемін.
Бұл орайда Ресей патшалығының біздің елімізге жетпіс жылға тарта уақыт бойы жүргізген отарлау саясаты есімізге оралады. Тарихтың көші қанша ілгері жылжыса да өткен күн, болған тарих халық жадында мәңгі сақталады. Бір қуанарлығы, рухы өр халқымыз қанша аласапыран, қиын қыстау кезеңді көрсе де ешқашан елдігі мен ерлігін, рухшылдығы мен мұқалмас жігерін жоғалтқан емес. Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұламадан» бері не көрмеді десеңізші халқымыз. XIX ғасырдың басында патша үкіметі жерімізді басып алып зор қысымшылдық орнатады. Басып алған жерлерге мықты әскери бекіністер салуды жеделдетеді. Мысалы, Жайық өзені бойына 14 әскери қамал орнатады. Сөйтіп, қазақ елін сулы, шұрайлы қонысынан қуып шығып, құрғақ далаға айдайды. Дәл осы кезеңнің сұрқия сиқын, халықты қансыратқан қарау күштердің қысымын өздерінің толғауларында жыраулар көркем тілмен суреттеп бергені баршаға мәлім. Жыраулар өз туындыларында халықтың басындағы жағдайды суреттеп қана қойған жоқ, сонымен қатар халықты рухтандырып, келер күннен үміттендіріп, болашақта келер ұрпағына нұрлы таңның атарына сенді. Жалпы тәуелсіздік, елдік, болашаққа деген сенім бір ғана отарлау кезінде өмір сүрген жыраулар туындысында ғана емес, сонау Асан қайғы, Қазтуған бабаларымыздың толғауларында да кеңінен жырланған тақырып. Мысалы Асан қайғының «Қырында киік жайлаған» атты толғауында былай дейді:
Жәнібек атты жақсы хан, Еділ менен Жайыққа, Кәуірге қала салдырдың, Ақылды белден шалдырдың, Көңілді жаман қалдырдың. Көңіл қалмай не қылсын, Төңірек жүзді қой көзді, Әспеттеген балаңды Атасы нәлет кәуірге Күндердің күні болғанда, Бас бұлғамай берерсің... – дейді. [8.312б]
Мұндағы кәуір сөзі, менің пайымдауымша, кәпір деген мағынада, яғни Асан бабамыздың айтып отырғаны халықтың алдағы тағдырына алаңдаушылықпен қарап, ханға келер күннің жайын ескертіп, болашақ ұрпақтың орыстанып, халқымызға тән бітім -болмысынан айырылып қалама деген алаңдаушылық, қорқыныш, ханға деген өкпе – реніш. Дегенмен де, бабаларымыз келер ұрпаққа тәуелсіздіктің ақ таңы атарына сенді. Оны көптеген жыр толғауларынан байқауымызға болады. Біздің, яғни тәуелсіздіктің бақытты ұрпақтарының міндеті осы баға жетпес байлығымызды қызғыштай қорғау, елге, жерге адал қызмет ету, ата – баба мұрасын қастерлеу деп білеміз.
Жыраулар толғауынының тақырыбы алуан түрлі. Мысалы: өмір, тіршілік, бейбітшілік, ерлік, адамгершілік, тыныштық, тәуелсіздік т.б. Ал негізгі осы тақырыптардың жиынтығы, бастысы туған жерге деген махаббат. Жыраулардың басты арманы мен мұраты елінің тәуелсіз, еркін, бейбіт өмірін көру болды. Ерлік жыры мен тәуелсіздік идеясының әдебиеттің басты тақырыбына айналып, белең алған кезеңі – XVІІІ ғасыр. Дәл осы уақыт тарих сахнасында қазақтарға жоңғарлардың үздіксіз жасаған шабуылының кезеңі еді. Жоңғарларға қарсы күресте қазақ халқы бас қосып, өздерінің жерін, елін қорғау үшін жанын садақа етті. Жоңғар басқыншылығына қарсы күрестің жыр байрағы осы тұста биікке көтеріліп, асқақтай түседі. «Осы дәуір әдебиетіндегі сырт жауларға қарсы күрес, ерлік сарыны Ақтамберді, Тәттіқара, Үмбетей жыраулардың творчествосынан, ал қазақ даласында болған кейбір өзгерістер негізінен Бұқар жырау творчествосынан өз көрінісін тапты»,– дейді М. Мағауин. [7.66б] Жыраулар қазақ батырларын жігерлендіріп, оларға рухани күш берді. Өздері де осы жорықтардың белді жауынгерлері болды. Осылайша жорықтың қанды алаңдарында жүріп, қару мен қаламды бірдей қару етті. Ақтамберді толғаулары көбіне ерлікті әспеттеп, ел тәуелсіздігін ардақтаған тегеуріні тым қатты, рухы биік отты жыр жолдарынан өріледі. Әсіресе «Күмбір-күмбір кісінетіп» толғауын айтуымызға болады. Жоңғардан туған жерді азат етер арпалыстың от-жалынында туған, ерлердің ертеңгі жеңіске деген құштарлығын оятар, жеңістен кейінгі бейбіт күндердің берекелі шаттығын көзге елестетер жігерлі жыр, ұранды рухымен сүйсіндіреді. Ерлікті жанына жалау қылған жыраудың ел тәуелсіздігі жолына жанпидалық ұранды ту еткен түйіні ұзақ толғаудың төменгі төрт жолында берілген:
Кеуде бір жерді жол қылсам, Шөлең бір жерді көл қылсам, Құрап жанды көп жиып, Өз алдына ел қылсам! – дей келетін өлең жолдары тұнып тұрған азаматтық арман еді. Қандастарының басын қосып, шөлден көл жасап, мамыражай әрі бейбіт тұрмыс орнатып өз алдына ел болуы – жыраудың бар арманы еді. Ресей империясының отарлау саясатына ғылыми тұрғыда талдау жасай келе, М.Мырзахметұлы оны үш кезеңге бөліп қарастыруды ұсынды. «Бірінші кезеңге 1731-1822 жылдар арасындағы ел билеу жүйесіндегі протектораттық дәуірді жатқызуға болады. Кіші жүз бен орта жүз қазақтарының Ресей империясының қол астына енуі, ұлы жүздің Қоқан хандығы билігінде қалуы осы кезеңге тұс келеді. Бұл дәуірдегі қазақ хандары енді ақ патша тарапынан ресми түрде бекітіле бастады. Империя қазақ хандығын сырттан тору, отарлаудың мерзімін күту саясатын ұстанды» [7.26б]
Бұл кезеңде Ресей империясы әлі толығымен қазақ жеріне дендеп еніп, жымысқы саясатын қолдана алмаған. Айлалы әдістерді ойлау үстінде еді. Әрине, патша үкіметі тарапынан келетін отаршылдық қыспақты, қанау қаупін Бұқар да сезді, ол да патша өкіметінің отарлау саясатына байланысты қазақ даласының тарыла түскенін сөз етті. Бірақ Бұқар заманында патша үкіметінің қазақтың шұрайлы жерін кесіп алуы жаңа басталған еді. Қазақтардың ішкі билеу тәртібіне араласып, әкімшілік билікті өз қолына алған жоқ еді. Отарлау жұмыстары жемісті болуы үшін патшалық Ресей жер-жерге әскери экспедицияларын аттандырып зерттеу, барлау жұмыстарын жүргізуі де осы кезеңнің үлесіне тиді. Осы кезеңге дейін Асан қайғының болжал түріндегі дүниетанымы олардың жыр жолдарында көрініп жатты. Олар өз кезегінде болжал түрінде болса да ел билеушілеріне алдағы қауіптен сақтануды ескертті. Бірақ Жәнібек те, Абылай да алда келер бодандық апаттан сақтануға қанша әрекет еткенімен, ойлаған ойларына жете алмағанын тарих дәлелдеп берді. Ресей империясы деген алып империялық машина өзінің отаршылдық саясатқа құрылған тетігін іске қосып та үлгерген еді. «Екінші кезеңге 1822-1876 жылдар ішіндегі хандық биліктің күші бітіп, ел билеудің аға сұлтандық, сұлтан правительдік жүйесі өмірге енді. Яғни қазақ еліне ұзын арқан, кең тұсау салынып, басына отаршылдық ноқтасы салынды. Яғни соғыс отарының заманында қазақ даласы облыстарға, округтарға бөлініп, тұтастығынан айрылды». «Үшінші кезең, 1868-1917 жылдар аралығындағы мерзимді қамтиды. Енді Ресей империясы ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейінгі өзі белсене билік жүргізіп келген қазақ даласына ислам дінін тарату саясатынан бас тарта бастады. Енді ресми түрде 1862 жылдан бастап – ақ қазақ халқын шоқындыру, орыстандыру арқылы сіңіріп жіберу сияқты миссионерлік саясатты ашық ұстанды». Ресей империясы қазақ елін түбегейлі орыстандырудың сенімді жолы шоқындыру, тілінен айыру мақсатында арнайы құрылған мекемелер арқылы осы жұмысты жүзеге асырмақшы болды. Жер-жерге оқытылған, даярлықтан өткен миссионерлерді жіберіп отырды. Түземдерді оқытып көзін ашамыз» деген жалған сылтаумен қазақ жеріне жіберілген миссионерлер тобы қазақ санасын улауға бар күшін салды. Мұрат ақынның:
Діні басқа біреулер, Ел биледі аралап. Бір пәледен мың пәле, Туып кетті балалап – [5.46б]
дейтін толғауында миссионерлерден құтыла алмай, олардың ел ішінде жасаған лаңының зардабының ащы шындығы жатыр. Алғаш Ресей отаршылдарының тек достық қарым – қатынастықты алдаусыратып жерді тартып алуы бір пәле болса, онан кейінгі ашық түрде жүргізілген жымысқы, сайқал саясаттары бір пәледен туындаған мың пәле. Ақын осыны меңзейді. Ол қазақ балаларының келешекте орыс патшасына құл боларын нақты айтып, келешектің бағасын беріп кетті. Ақынның ойында күмән жоқ. Мұрат та Дулатпен үндесе:
Атаңа нәлет кәпірдің, Пайдасына қалмаса игі еді, Ноғай- қазақ жұртының Кейінгі туған балалар – ай, дейді. немесе:
Кейінгі туған жас бала, Ақ балтырын түрініп, Басарына ерініп, Көкірегі күйініп, Тек тіршілікке сүйініп, Ықтиярсыз жүгіріп, Аузы түкті кәпірдің, Етпегей еді жұмысын, - [4.53б] деп келешекте қазақ ұрпағының еріксіз құлдыққа душар болар кезді уайыммен жырлайды.
Қазақ халқы орыстың отарлау саясатына күш пен де саяси жолмен де қарсылық танытқан. Осы жолға жетуде сөз бастаған жыраулар, кейін зиялы қауым елге дұрыс бағыт берген. Сөйтіп тілін, ділін, дінін, жерін сақтап қалды. Халық ұлт санасында ұлттық рухты поэзия арқылы көтергендігі сараланады.
Қорытынды
Аталмыш еңбекте ХV ғасырдан бастап ХІХ ғасырдың бірінші жартысы аралығында өмір сүрген жыраулардың мұраларындағы ойшылдыққа, даналыққа құрылған толғауларына талдау жасадық. Тағылымы мол мұраларды жанрлық сипатта іріктеп, тарих өткелдерімен байланыстыра қарастыруға ұмтылдық. Кейбір толғаудың астарына үңіліп, сөздің қалтарысы мен кейбір көмескі тұстарына назар аударуға тырыстық. Қазақ философиясын қарастырып жүрген философ ғалымдардың айтқан көңілге қонымды пікірлеріне жүгіне отырып, толғаулардағы әлеуметтік – философиялық сарынға баса көңіл аудардық. Әлеуметтік – философиялық дегенде жүрдім – бардым айтылмай терең пайымдаудан, жан –жақты толғанып пісілген ойға құрылған толғауларды айтамыз. Жалпы жыраулардың барлық шығармалары дерлік ойға құрылған. Оның басты себебі жыраулар өмір сүрген заман талабында жатқанын ерекше атап өтеміз. Осыған орай жұмыс барысында ақын – жырау мұраларындағы бодандыққа қарсы дүниетаным, мораль философиясы, «меннің» көрінісі, діни – сопылық іліммен сабақтастығы, айтушы мен тыңдаушы арасындағы диалектикалық тартыс төңірегінен философияық түйінді іздестірдік. Еліміз – көк байрақты Қазақстан - азаттық ақ таңы атты. Тағдыр талайымен, көп бейнет-азаппен жеткен тәуелсіздігіміз баянды істермен толыға түсуде. Тәуелсіздіктің аз уақыты – еліміздің жүз жылға татитын белесті кезеңі болды. Осы жылдары қол жеткізген асқаралы биіктерімізді санамалап шығудың өзі бір – қауым уақыт алар еді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының бірінде былай деген еді: «Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық - біз жақсы өмір сүргіміз келді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен бұрын балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қаладық». Міне, осы ұлы мақсаттарға бүкіл ел азаматтарығұмырының біраз жылдарын арнады. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей биікке көтерілдік, төрткүл дүние таныған, әлем мойындаған елге айналдық. Бұл ұғымның астарында елдің ертеңі үшін атқарылған қаншама жанкешті істер бар, жұдырықтай түйіліп, елді көркейтуге жұмсалған өлшеусіз еңбек бар. Тәуелсіздік тұғырын бекемдей түсудің ұлы мұраты – елдің бүтіндігін келер замандарға жалғастыру, өркениеттің асқар белестеріне өрлеу болмақ. жерімізді бүтіндей тапсыру – енді біздің міндетіміз. Елбасымыз сөзімен қорытындыласам: «Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шыңдап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдеріне де молынан жетеді» Елбасымыздың осы сөзін келер ұрпақ мәңгі ойында сақтайды. Еліміз еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!!!
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Мағауин М. Қобыз сарыны. - Алматы: Жазушы, 1968, -16б. 2. Пралиева Ж.Г. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеттануы. 1920-2005ж.-Алматы: Жазушы, 2005.-86б. 3. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш: Кітапта, Ақ жол.-Алматы: Жалын, 1991.-463б. 4. Әуезов М. Әдебиет тарихы.- Алматы: Ана тілі, 1990.16 қазан, 3б. 5. Қамзабекұлы Д. Алаш және әдебиет. – Астана: Фалиант, 2002,- 471б. 6. Махамбет. Ереуіл атқа ер алмай.-Алматы: Жазушы,1989.-141б. 7. Бес ғасыр жырлайды. -Алматы: Жазушы,1989.-382б. 8. Тілепов Ж. Тарих және әдебиет.-Алматы: Ғылым, 2001.-375б. 9. Қабдолов З. Сөз өнері.-Алматы: Мектеп, 1973.-212 б. 10. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы.- Алматы: Мектеп, 1973.-212 б.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар тізімі:
1. «Базар Оңдасұлының халық тағдары туралы толғаулары» Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ғылыми басылым. «Тәуелсіз мемлекет құрудың қазақстандық моделі: Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. 2012ж
2. Жыраулар – азаттықың жаршысы. Ақмешіт апталығы. №9.28 ақпан 2013 ж
РЕЗЮМЕ
Автореферата диссертации на соискание академической степени магистра филологических наук по специальности 6М011700 - Казахский язык и литература
Боранкуловой Гульдарихи Айтбаевны
Идея независимости в поэзиях жырау
Актуальность исследования.
Основное направление формирования и развития казахской литературы составляет поэзия жырау, которая своей ролью определяет место и национальные интересы казахского народа в обществе.
С приобретением независимости возникла необходимость пересмотра некоторых вопросов истории казахской литературы и формирования новых взглядов на них.
Один из этих вопросов – отображение в поэзии жырау идей независимости, свободы и борьбы против угнетения.
Наша работа посвящена исследованию мировоззрения поэтов-жырау, основными мотивами, творчества которых были идеи независимости, свободы казахского народа, освобождения от колониального гнета.
В период после распада казахского ханства представители традиционного искусства слова - жырау в своих произведениях, адресованных последующим поколениям, особое значение придают идеям независимости, борьбы против угнетения.
Такие ученые, как М. Ауэзов, С. Сейфуллин, К.Жумалиев, Х. Суйиншалиев, М.Магауин, Ж. Тлепов, К. Сыздыков и др., достаточно глубоко исследовали поэзию жырау.
Однако надо отметить, что исследование идей независимости в творчестве поэтов-жырау не было предметом специального научного исследования и не изучено полностью.
Духовное богатство нашего народа, создаваемое поэтами-жырау на протяжении ряда веков, передавалось из поколения в поколение.
На современном этапе недостаточно изучен вопрос борьбы против угнетения, поднятый в поэзии жырау.
В своих значительных по содержанию, философских произведениях поэты –жырау поднимали вопросы единства народа, мира, защиты от нападения внешнего врага, сохранения национальной самобытности, мужества и др.
Идеи свободы и независимости основательно проанализированы в исследованиях, посвященным поэтам-жырау разных эпох, но не стали предметом специального научного исследования.
Вопрос о том, какое звучание получили идеи независимости, свободы, борьбы против угнетения в творчестве поэтов-жырау, требует специального исследования. Этим и определяется актуальность исследования.
Цели и задачи исследования.
Свойственные поэзии жырау социальные мысли, народная мудрость, духовное богатство, идея борьбы против угнетения явились основанием для зарождения идеи независимости в истории казахской литературы.
Поэты-жырау в своих произведениях размышляли о времени, о будущем своего народа.
Цель работы заключается в исследовании вышеназванных проблем.
Для осуществления поставленной цели необходимо решить следующие задачи:
- определить проблемы независимости в поэзии жырау;
-проанализировать и дифференцировать мысли поэтов –жырау о свободе, независимости, борьбе за независимость и против угнетения;
-проанализировать их взгляды и прогнозы на будущее;
-дать научное понятие мотивам независимости, борьбы против угнетения в творчестве поэтов-жырау.
Борьба против колониальной зависимости, идеи свободы, мужества, храбрости, сохранение национальной самобытности казахского народа – основные темы поэзии жырау.
Новизна исследования.
В настоящей работе впервые объектом научного исследования является тема борьбы против угнетения в поэзии жырау. Научная новизна работы определяется неизученностью анализируемого материала и актуальностью поднимаемых в ней проблем.
- Во-первых, главное внимание обращается на то, что поэзия жырау занимает значительное место в казахской литературе благодаря идеям независимости. Для выявления специфики произведений, призывающих к борьбе против угнетения, приводится их сравнительный анализ.
- Произведения, посвященные мотивам свободы, независимости, определены с научной точки зрения.
-Выявлены тематические, содержательные особенности мотивов борьбы против угнетения в произведениях жырау.
Научное обоснование художественных размышлений, всесторонний анализ желаний и чаяний, выраженных в поэзии жырау, является основой новизны настоящего исследования.
Положения, выдвигаемые на защиту.
Произведения поэтов -жырау 15-19 веков, отражающие идеи свободы, борьбы против колониализма и угнетения, анализируются на конкретных примерах;
Дается оценка поэзии жырау с позиции сегодняшнего дня.
В поэзии жырау находят отражение историко-литературные, национальные и духовные богатства нашего народа.
Выявлена специфика жанра толгау в казахской литературе, рассмотрены мотивы независмости, нашедшие отражение в поэзии жырау.
Структура диссертации.
Работа состоит из введения, 3-х глав, заключения и списка использованной литературы.
The author’s abstract of dissertation on competition of the academic degree the master of philological sciences on a Speciality 6M011700- Kazakh Language and literature
Boranbaeva Guldariga Aitbaevna
The idea of independent in the poets’ poetry
Topicality of the research work. The formation and development of Kazakh literature is based on poets’ poetry and their social work and defined place of Kazakh nation in the society. After taking the independent of Kazakhstan it was necessary to investigate the history of Kazakh literature and to form new views, one of them the idea of the independent in the poetry of the poets. Our research work is connected with taking an independent and dream of people who wanted to live freely and poets works about dependent. Aim and tasks of the research work. Social thoughts, world outlook, moral values, views against the power helped to appear for the ideas about independent in the history of Kazakh literature in the poets’ poetry. Poets’ thought about the problem of the future and world in their poetry. That’s why it is a key of the thesis. The following tasks can be solved according to this aim:
-
To define the problem of independent in the poets’ poetry;
-
To analyze the problem of struggle against the dependent and poets dream about independent.
-
Defining the social problem of showing true world was discussed by poets;
-
To analyze the necessity of future life and views;
-
To do scientific investigation to the independent and dependent.
Independent means a struggle against the conquest, the idea sovereign, the tie between manhood and statehood in the poet’s poetry. Novelty of the research work. Struggle against the dependent in the poets’ poetry is researching as a scientific news in this research work. That’s why the novelty of the thesis is determined by given information above and actuality of the researching problem. The main positions that are set to the defense:
-
Poets’ views about independent, struggle against the dependent with the specified examples who lived during the XV-XIX cc.
-
Nowadays scientists appraise the poets’ poetry with today’s view;
-
Historical-literary, national-moral values are defined by poets of that period.
The main factors of genre in the poetry are determined in Kazakh literature and dreamed views of poets, features of independent are examined in this work. Structure of the thesis. The dissertation consists of Introduction, three sections and conclusion, the list of used literature.
Достарыңызбен бөлісу: |