Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2012 жылғы 23 қарашадығы
№ 803 бұйрығымен
бекітілген
«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу»
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ереже
1. Осы «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының
2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 1-бабының 2) тармақшасына,
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы
27 қарашадағы 9-1 бабы 4-тармағына және «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1222 қаулысымен
(бұдан әрі – Қағида) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
25 қыркүйектегі № 1241 қаулысымен бекітілген «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді.
2. Осы Регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) құрылымдық-функционалдық бірлік (бұдан әрі - ҚФБ) - мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын мүдделі органдардың жауапты адамдары, ақпараттық жүйелері немесе олардың кіші жүйелері;
2) сараптамалық комиссия – Министрлік құрған, куәландырушы орталықтарды аккредиттеу жөніндегі комиссия;
3) мемлекеттік қызметті алушы (бұдан әрі - Алушы) –заңды тұлға;
4) куәландырушы орталық – электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растайтын заңды тұлға;
5) куәландырушы орталықты аккредиттеу (бұдан әрі - аккредиттеу) - куәландырушы орталықтың қызметтер көрсетудегі құзыретін уәкілетті органның ресми мойындауы.
3. «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (бұдан әрі – Уәкілетті орган) көрсетеді.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет:
1) «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 1-бабы
2-тармақшасы;
2) Стандарт;
3) Қағидалар негізінде көрсетіледі.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі куәландырушы орталықты аккредиттеу және қағаз тасыєышта куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлікті (бұдан әрі – куәлік) не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасығыштағы дәлелді жауап беру болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету қойылатын талаптар
8. Мемлекеттік қызметті уәкілетті орган демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі асқа сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 18.30-ге дейін күн сайын көрсетіледі, Қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді. Жеделдетілген қызмет көрсету режимі көзделмеген. Заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы,
Орынбор көшесі, 8-үй, 14-кіреберіс, кабинеті № А757, телефон:
(87172) 74-03-64.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек тәртібінде көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және оны алу үшін қажетті құжаттар туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің www.mtс.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады немесе 8 (7172) 74-06-85 телефоны бойынша беріледі.
10. Мемлекеттік қызметті алу үшін Алушы немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі Стандарттың № 11-тармағында көзделген құжаттарды тапсырады.
11. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi Стандарттың 7 тармағында көрсетілген.
12. Мемлекеттік қызмет көрсетуде кері қайтару негіздері Стандарттың
16-тармағында көрсетілген.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
1) құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің жұмыскерлерімен қызметкерлері (бұдан әрі - ҚҚҚ) парақтардың санын, бақылау белгілерін көрсетумен электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде құжаттарды қабылдау, ашу, іріктеу және тіркеуді жүргізеді. Алушы тіркеу мөртабаны қойылған (кіріс нөмірі, күні) өтініштің көшірмесін алады. Почта бойынша құжаттарды тапсырған жағдайда, Алушы 8(7172) 74-03-64 телефоны бойынша ҚҚҚ-де қарауға құжаттардың пакетін қабылданғаны туралы біле алады;
2) ҚҚҚ тіркелкелген құжаттарды Уәкiлеттi органның басшылығына жібереді;
3) Уәкiлеттi органның басшылығы Уәкілетті органның Байланыс және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының бастығына құжаттарды қарауға тапсырады;
4) Байланыс және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының бастығы қажетті құжаттардың толықтығын және рәсімдеудің дұрыстығын қарайтын, тексеретін сарапшыға/бас сарапшыға құжаттарды қарауғатапсырады, Комиссия құрады және жұмысын ұйымдастырады;
5) Комиссия өтiнiштердiң және оған қоса берілген құжаттардың Қағидалардың белгіленген талаптарына сәйкестiгін қарайды;
6) Комиссия қараудың негізінде бес данада хаттама құрады, оның бірі Алушыға жіберіледі;
7) Комиссия құжаттар тексерiсінің оң нәтижесi жағдайында Алушыға хабарлама және тексерудің мерзімдерін жібереді;
8) Комиссия куәландырушы орталықтың көшпелі зерттеуін жүзеге асырады, тексеру нәтижелерi туралы актіні рәсiмдейдi;
9) Уәкілетті органның Байланыс және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы зерттеудің нәтижелері туралы актінің негізінде Аккредиттеу туралы куәлікті береді немесе аталған куәлікті беруден бас тартады.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін Алушының құжаттарын қабылдау ҚҚҚ қызметкері Уәкілетті органның жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттер
(өзара іс-әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы
15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне мынадай
құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (ҚФБ) іске қосылған:
1) ҚҚҚ;
2) Уәкiлеттi органның басшылығы;
3) Уәкілетті органның Байланыс және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының бастығы;
4) Уәкілетті органның Байланыс және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының
сарапшысы/бас сарапшысы;
5) Комиссия.
16. Әр ҚФБ-нің іс әрекетінің (рәсімдерінің) нақты орындалу мерзімі және әкімшілік қарым-қатынастары мен мәтіндік кестелік сипаттар тізбегі осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық тізбегі мен ҚФБ-нің арасындағы өзара қарым-қатынастарды бейнелейтін сызбалар осы Регламеттің 2-қосымшасында келтірілген
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2012 жылғы ______________
№______бұйрығымен
бекітілген «Куәландырушы
орталықтарды аккредиттеу»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
1 кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің (рәсімдерінің) сипаттамасы
|
Негізгі үдерістің әрекеті (барысының, жұмыс ағынының)
|
1
|
Әрекеттің (барысы, жұмыс ағыны) №
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
2
|
ҚФБ атауы
|
ҚҚҚ
|
Уәкілетті органның Байланыс және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының сарапшысы/бас сарапшысы;
|
Комиссия
|
Комиссия
|
Уәкілетті органның Байланыс және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы
|
3
|
Әрекеттің (үрдіс, рәсімдер, операция) атауы және олардың сипаттамасы
|
Құжаттарды қабылдау және тіркеу
|
Қажетті құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығын қарау, тексеру, Комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
|
Қағидалардың белгіленген талаптарына сәйкестiгіне өтiнiштердi және оған қоса берілген құжаттарды қарау
|
Куәландырушы орталықты шығау зерттеуі
|
Куәландырушы орталықты зерттеудің қорытындыларын қарау. Аккредиттеу туралы куәлікті беру немесе Аккредиттеу туралы куәлікті беруден бас тарту.
|
4
|
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басқарушылық шешім)
|
Алушының өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды Уәкілетті органның Байланыс және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасына жолдау
|
Комиссияны құру
|
Куәландырушы орталықты шығу зерттеуі
|
Тексеру нәтижелерi туралы актіні рәсiмдеу
|
Аккредиттеу туралы куәлікті беру немесе Аккредиттеу туралы куәлікті беруден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап
|
5
|
Орындалу мерзімі
|
15 минут
|
5 күнтізбелік күн
|
5 күнтізбелік күн
|
18 күнтізбелік күн
|
2 күнтізбелік күн
|
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2012 жылғы _______________
№_______бұйрығымен
бекітілген «Куәландырушы
орталықтарды аккредиттеу»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2 қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық тізбегі мен ҚФБ-нің арасындағы өзара қарым-қатынастарды бейнелейтін сызбалар
Достарыңызбен бөлісу: |