Регламенті Жалпы ережелер > «Ғибадат үйлерiн (имараттарын) салу және олардың орналасатын жерiн айқындау, туралы шешiм беру»



Дата16.06.2016
өлшемі35.46 Kb.
#139955
түріРегламент




Оңтүстік Қазақстан облысы

әкімдігінің 2015 жылғы

« » мамырдағы

№ қаулысына

1-қосымша

«Ғибадат үйлерін (имараттарын) салу және олардың орналасатын

жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1.«Ғибадат үйлерiн (имараттарын) салу және олардың орналасатын жерiн айқындау, туралы шешiм беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен жүзеге асырылады.

2.Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.

3.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесi – ғибадат үйлерiн (имараттарын) салу, олардың орналасатын жерiн айқындау туралы облыс әкімдігінің қаулысы немесе Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 147 бұйрығымен бекітілген «Ғибадат үйлерін (имараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағымен көзделген жағдайда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап болып табылады.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл

тәртібін сипаттау
4.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болады.

5.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және олардың орындалу реттілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері:

1)көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағымен қарастырылған қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады;

2)көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны

жөнінде қолхат береді және 30 минут ішінде келген құжаттарды басшылыққа ұсынады;

3)көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 30 минут ішінде құжаттарды қарауға жауапты орындаушыны белгілейді;

4)көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексеріп және облыс әкімдігінің қаулысының жобасын әзірлейді.

Стандарттың 10 тармағымен көзделген жағдайда және негіздемелер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы бас тарту туралы дәлелденген жауаптың жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы дәлелденген жауапқа қол қояды;

5)көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы оларды сол жұмыс күні Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне қарауға береді. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі берілген құжаттарды қарайды және қаулы қабылдайды, одан соң оларды көрсетілетін қызметті берушіге береді;

6)әкімдіктің қаулысын алғаннан кейін Стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жауаптың жобасын дайындайды;

7)көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы сол жұмыс күні жауаптың жобасына қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне береді;

8)көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 30 минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің қосымшасы бар жауабын тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға береді.


3. Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсетупроцесіндегі

өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;

2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

4) Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі.

7. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің, әрбір рәсімнің ұзақтығы көрсетілген сипаттамасы осы регламенттің 2-бөлімінің 5-тармағында көрсетілген.



Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасында мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы түрінде берілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе)

өзге де қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің,

сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
Қызмет көрсету процесіндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы түрінде осы регламенттің қосымшасында берілген.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет