Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы «25» қыркүйектегі
№ 379 қаулысымен
бекітілген
«Ағаш кесу және орман билетін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті «Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 06 мамырдағы № 18-1/415 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11662 болып тіркелген) бекітілген «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес әзірленді. «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік орман иеленушілер (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – қағаз түрінде ағаш кесу және (немесе) орман билетін беру.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимылы тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) келесі құжаттарды ұсынуы болып табылады:
1) осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
2) ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты;
3) кеспеағаштарды игеруге арналған технологиялық карталар.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті және қажетті құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) қабылдайды, көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырады, журналға тіркейді, өтініштің көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақытын, құжаттар топтамасын қабылдаған кеңсе қызметкерінің тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, белгі қояды –15 (он бес) минут;
2) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері тіркелген өтінішті құжаттар топтамасын қоса беріп, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жолдайды – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттар топтамасының мазмұнымен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды – 2 (екі) сағат;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың осы регламенттің 4-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес толық болуын және дұрыс ресімделуін тексереді және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды – 10 (он) минут;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің бухгалтериясына жолдайды – 2 (екі) сағат;
7) көрсетілетін қызметті берушінің бухгалтериясы қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін куәландырады және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкеріне жолдайды – 30 (отыз) минут;
8) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері журналға белгі қояды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді – 30 (отыз) минут.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркеу;
2) өтінішті көрсетілетін қызметті беруші басшысына қарауға жолдау;
3) өтінішті қарау және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындау;
4) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын дайындау;
5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын көрсетілетін қызметті беруші басшысына қол қоюға жолдау;
6) көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасына қол қоюы;
7) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне жолдау;
8) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беруі.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
3) көрсетілетін қызметті беруші бухгалтериясының қызметкері;
4) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті рәсімдерді (іс-қимылдарды) сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті және қажетті құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) қабылдайды, көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырады, журналға тіркейді, өтініштің көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақытын, құжаттар топтамасын қабылдаған кеңсе қызметкерінің тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, белгі қояды – 30 (отыз) минут;
2) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері тіркелген өтінішті құжаттар топтамасын қоса беріп, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жолдайды.
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттар топтамасының мазмұнымен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды – 2 (екі) сағат;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың осы регламенттің 4-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес толық болуын және дұрыс ресімделуін тексереді және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды – 10 (он) минут;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің бухгалтериясына жолдайды – 2 (екі) сағат;
7) көрсетілетін қызметті берушінің бухгалтериясы қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін куәландырады және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкеріне жолдайды – 30 (отыз) минут;
8) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері журналға белгі қояды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді – 30 (отыз) минут.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы арқылы көрсетілмейді.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар), өзара іс-қимыл реттілігін толық сипаттау, сондай-ақ өзге көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау осы регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында қамтып көрсетіледі.
«Ағаш кесу және орман билетін беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
Көрсетілетін қызметті беруші
Р/с №
|
Мемлекеттік орман иеленушілер
|
Жұмыс режимі
|
Орналасқан жері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Ақан сері» орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен бөлек дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін
|
Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Рузаев ауылы
|
2.
|
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Аққайың орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен бөлек дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін
|
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы, Қаратомар ауылы
|
3.
|
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Булаев орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен бөлек дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін
|
Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Пушкин көшесі, 19
|
4.
|
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Бұрлық орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен бөлек дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін
|
Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Бұрлық ауылы
|
5.
|
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Есіл орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен бөлек дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін
|
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Мальцево ауылы
|
6.
|
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Жамбыл орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен бөлек дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін
|
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Благовещенка ауылы, Мир көшесі, 12
|
7.
|
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Мамлютка орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен бөлек дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін
|
Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, Лесная көшесі, 27
|
8.
|
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылжар орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен бөлек дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін
|
Петропавл қаласы, Сәбит Мұқанов көшесі, 58
|
9.
|
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Орлиногор орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен бөлек дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін
|
Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Орлиногор ауылы
|
10.
|
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Пресновка орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен бөлек дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін
|
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Пресновка ауылы, Димитров көшесі, 14
|
11.
|
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Сергеевка орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен бөлек дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін
|
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Ровное ауылы
|
12.
|
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Соколовка орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен бөлек дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін
|
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Соколовка ауылы
|
«Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
______________________________________________________________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
______________________________________________________________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы)
Өтініш берушінің мекенжайы_____________________________________________________________
(индексі, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефон)
Өтініш берушінің деректемелері______________________________________
(жеке тұлғалар үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі,
заңды тұлғалар үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі)
ӨТІНІШ
_______________________________________________________________________________________,
(өтініштің мақсаты)
_______________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________сұраймын.
(учаскенің атауы)
Ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Берілген ақпараттың дұрыстығын растаймын және теріс мәліметтер беру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылық жайында хабардармын.
Өтініш беруші
_______________________________________________________________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Мөр орны (болса)
20 жылғы « »
«Ағаш кесу және орман билетін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Өтінішті қабылдайды және тіркейді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді – 30 (отыз) минут
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін куәландырады және көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне жолдайды – 30 (отыз) минут
Ұсынылған құжаттардың толықтығын, дұрыс ресімделуін тексереді және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды – 2 (екі) жұмыс күні ішінде
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды – 2 (екі) сағат
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды, көрсетілетін қызметті берушінің бухгалтериясына жолдайды – 2 (екі) сағат
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды – 10 (он) минут
Журналға белгі қояды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді – 30 (отыз) минут
Шартты белгілер:
- мемлекеттік қызметті көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) құрылымдық бөлімшелер атауы;
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.
Достарыңызбен бөлісу: |