Тақырып: Шал ақын мен Көтеш ақынның өмірі мен шығармашылығы



бет1/2
Дата20.01.2024
өлшемі65.09 Kb.
#489497
  1   2
Сро 12 хандық


«ALIKHAN BOKEIKHAN UNIVERSITY»


СӨЖ

Тақырып: Шал ақын мен Көтеш ақынның өмірі мен шығармашылығы.


Орындаған:Қуанышбекқызы А
Тексерген: Доскеева Шайза Асановна
Семей 2023
Шал (Тілеуке) ҚұлекеұлыШал ақын (1748, бұрынғы Көкшетау облысы Азат темір жол бекеті – 1819, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы аумағы) — қазақтың төкпе ақыны.
Арғын тайпасы Атығай руы Бәйімбет бөлімінен шыққан.
Әкесі Құлеке батырАбылай ханның жақын серігі болған. Шалдың өлең, жырларынан өз дәуірінің өмір көріністері айқын аңғарылады. Бұлардың бәрінде дерлік жақсылық пен жамандық, әділдік пен зұлымдық, ынсап пен тойымсыздық, ақылдылық пен аңғалдық, ізгілік пен надандық, байлық пен кедейлік тәрізді кереғар жайттар кең қамтылып сөз болады («Ата-ананың кадірін», «Жігіт туралы», «Жігіттің өзін білем дегені», «Әйел сыны», «Қыздар туралы» тағы басқа).[3]Шалдың енді бір алуан жырларында жас пен кәрі сипаттарынан тыс, моралдық, этикалық қатынастарда ұтымды бейнеленеді («Кәрілік туралы», «Жастықты көксегені», «Он бес деген жасым-ай», «Елу ердің жасы екен», «Жаманға дәулет бітсе ауа айналар», «Екі арыстан жабылса дәуді өлтірер», «Айтайын бір аз кеңес» тағы басқа)- Шал кезінде ел өмірінде елеулі орын алған айтыс-кағыстарға қатысып отырған. Бұлардан оның ұшқыр киялды тапқырлығы мен от ауызды, орақ тілді алғырлығы да мол көрінеді («Шал мен қыз», «Бәйбіше мен Шал», «Шал мен жігіт», «Шал мен келіншектер» тағы басқа). Бір топ жырлары «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары» (1962 ж.), «Үш ғасыр жырлайды» (1965 ж.), «Алдаспан» (1971 ж.), «ХV-ХVII ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982 ж.), «Бес ғасыр жырлайды» (1984 ж.) жинақтарына енді. [4]
Суырып салма ақындық таланты 15 жасында оны даңққа бөлеп, сол кездің өзінде халық Шал ақын ауылы (кәрі, дана) деп атаған. Оның шығармашылық таланты бүкіл Сарыарқаға кеңінен жайылды. Ақын адамгершілік үшін күресіп, қоғамдағы әділетсіздіктерді шындық тұрғысынан айтып, сынады. Оның «Шал мен дегдар қыз», «Шал мен Күлтімжан қыз», «Жігіт пен шал», «Шал мен кемпір» шағын айтыстары мен «Ата-ананың қадірін», «Жігіт туралы», «Жігіттің өзін білем дегені», «Әйел сыны», «Қыздар туралы» және басқа өлеңдері сақталған. Шал ақынның көптеген шығармалары, соның ішінде тарихи аңыздар мен әңгімелерге бай қазақ халқының шығу тегі жөніндегі эпикалық шығармасы сақталмаған. Шал ақынның белгілі өлеңдері 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап баспа бетінде жарық көрді, жеке шығармалары орыс тіліне аударылды.[5] Есімі Солтүстік Қазақстан облысының аудандарының біріне берілген.
Шал ақын қазақ халқының аса бір ерекше құндылығы - перзенті де сөз етіп, жырлайды, табиғат құбылыстарымен салыстырады: жер-боз, қой-қозы, ағаш-жапырақ, құс-жұмыртқа, тау-бұлақ, ешкі-лақ, көл жағады жасыл құрақ. Бұл табиғаттағы келісімділік адам өмірінде де болу керек екенін айтып, өзінің перзентсіз болғанын зарлы түрде жырлайды: 
"Бір жаратқан пенденмің,
Перзент үшін жылаттың.
Балалы арқар маңырайды,
Баласыз арқар зарлайды,
Балалыны көргенде
Екі көзім жайнайды,
Ішім оттай қайнайды!"

Тағы бір өленінде айтқаны: босағасын алтыннан соқсаң-дағы перзент сүймей адамның мейірі қанбас. (128б.). Ел болудың басты шарты – отбасында перзент болуы. Ел болу үшін қазақ дәстүрі бойынша отбасында баланың көптігі керек. Халық санын (қазақ санын) көбейту бүгінгі Қазақстанның демографиялық мәселесі. Ата-ана – қазақ халқының дәстүрлі құндылығы, ол түркі халықтарының қасиетті құнды жері – Мекке және Мединеге теңестіріледі:


Ата менен ананды құрметтесең,
Мекке болып табылар үйдің іші (128б).
Жас ұрпақ ата-анасын тыңдап өссе, ел азбайды.
Ұрпақ ұштастығы – халықтың дәстүрлі құндылығы. Шал ақынның бір сөзінде осы құндылықтың мазмұны былай ашылған:
Жетесіз туған жігіттер
Жиырма бесте жас болар. (130б)
Жетесі жаман бозбала
Тоқсандағы шалмен тең (138б)
Бала - әкеге тірек болу керек деген дәстүрлі құндылық «Баласы жаман туғанның әкесін түйе үстінде ит қабар» деген сөздермен көрсетілген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет