Регламенті Жалпы ережелер «Ағаш кесу және орман билетін беру»



Дата17.07.2016
өлшемі99.98 Kb.
#205924
түріРегламент




Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

2014 жылғы «20» тамыздағы

295 қаулысымен бекітілген

«Ағаш кесу және орман билетін беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер


1. «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік орман иеленушімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – ағаш кесу және (немесе) орман билетін қағаз нысанда беру.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекеттері тәртібінің сипаттамасы

4. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (әрекеттің) басталуына орман пайдаланудың түрі, көлемі, жері көрсетілген және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 Орман кодексінің 36-бабына, «Ағаш кесу мен орман билетінің нысандарын, Ағаш кесу және орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 1511 қаулысымен бекітілген Ағаш кесу және орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидасының 15-тармағына сай қажетті құжаттар ұсынылған, «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының еркін нысандағы өтініші негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті және қажетті құжаттарды қабылдайды, көшірмелерді түпнұсқалармен салыстырады, журналда тіркейді, өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасы қабылданған күні мен уақыты, құжаттар топтамасын қабылдаған кеңсе қызметкерінің тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері көрсетілген белгі қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді (20 минут);

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы тиісті бұрыштаманы қояды және құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің осы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру лауазымдық міндетіне кіретін жауапты атқарушысына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері) жолдайды (2 сағат);

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын және дұрыс ресімделуін тексереді, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман ресурстарын беру мүмкіндігін айқындайды, қажетті құжаттарды дайындайды, ағаш кесу немесе орман билетін жазады (2 жұмыс күні);

4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері ағаш кесу және орман билетінің бланкілерін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды (10 минут);

5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ағаш кесу және орман билетінің бланкілеріне қол қояды және оларды көрсетілетін қызметті беруші бухгалтериясының қызметкеріне жолдайды (2 сағат);

6) көрсетілетін қызметті беруші бухгалтериясының қызметкері ағаш кесу немесе орман билетінің бланкілерін көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен куәландырады және оларды көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне жолдайды (30 минут);

7) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері журналға белгі салады және көрсетілетін қызметті алушыға ағаш кесу немесе орман билетін береді және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау үшін «Мемлекеттік қызмет көрсету карточкасын» ұсынады (30 минут).

6. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (әрекеттің) нәтижесі келесі рәсімді (әрекетті) атқаруды бастау үшін негіз болады:

1) қабылданған күні мен уақыты, құжаттар топтамасын қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөнінің бірінші әріптері көрсетілген өтініштің көшірмесін беру;

2) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің басшысына тапсыру;

3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы және осы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру лауазымдық міндетіне кіретін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкеріне жолдау;

4) көрсетілетін қызметті алушының өтініші қойылатын талаптарға сәйкес келуін қарастыру, ағаш кесу немесе орман билетін жазу;

5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ағаш кесу немесе орман билетінің бланкілеріне қол қоюы;

6) ағаш кесу немесе орман билетінің бланкілерін мекеме мөрімен куәландыру;

7) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуы, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын «Мемлекеттік қызмет көрсету карточкасында» бағалау.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеті тәртібінің сипаттамасы


7. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері;

3) көрсетілетін қызметті беруші бухгалтериясының қызметкері;

4) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет рәсімдер (әрекеттер) сипаттамасы:

1) өтінішті және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдау, тіркеу (20 минут);

2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының тиісті бұрыштаманы қоюы (2 сағат);

3) ұсынылған құжаттардың толықтығын және дұрыс ресімделуін тексеру, қолданыстағы орман заңнамасына сәйкес орман ресурстарын беру мүмкіндігін айқындау, ағаш кесу немесе орман билетін жазып беру үшін қажетті құжаттарды дайындау (2 жұмыс күні);

4) ағаш кесу немесе орман билетінің бланкілерін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюы үшін беру(10 минут);

5) қызметті беруші басшысының құжаттарды тексеруі және ағаш кесу немесе орман билетіне қол қоюы (2 сағат);

6) құжаттарды тексеру және ағаш кесу немесе орман билетінің бланкілерін мекеме мөрімен куәландыру (30 минут);

7) ағаш кесу немесе орман билетін тіркеу және қызметті алушыға беру және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау үшін тұтынушыға «Мемлекеттік қызмет көрсету карточкасының» бланкісін ұсыну (30 минут).



9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 2-қосымшасында ұсынылған.

«Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысының орман шаруашылығы

мемлекеттік мекемелерінің тізбесі



р/с


Мемлекеттік орман иеленушілер

Жұмыс кестесі

Мекенжайы

1

2

3

4

1

«Ақан сері мемлекеттік орман мекемесі» мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Рузаевка ауылы

2

«Аққайың мемлекеттік орман мекемесі» мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Қаратомар ауылы

3

«Булаев мемлекеттік орман мекемесі» мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев атындағы аудан, Булаев қаласы, Пушкин көшесі, 19

4

«Бұрлық мемлекеттік орман мекемесі» мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Бұрлық ауылы

5

«Есіл мемлекеттік орман мекемесі» мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Мальцево ауылы

6

«Жамбыл мемлекеттік орман мекемесі» мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Благовещенка ауылы, Бейбітшілік көшесі, 12

7

«Мамлютка мемлекеттік орман мекемесі» мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, Лесная көшесі, 27

8

«Қызылжар мемлекеттік орман мекемесі» мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Сәбит Мұқанов көшесі, 58

9

«Орлиногор мемлекеттік орман мекемесі» мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Орлиная гора ауылы

10

«Пресновка мемлекеттік орман мекемесі» мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Пресновка ауылы, Димитров көшесі, 14

11

«Сергеевка мемлекеттік орман мекемесі» мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Ровное ауылы

12

«Соколовка мемлекеттік орман мекемесі» мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Соколовка ауылы


Начало формы


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет