Источник: ИС ПАРАГРАФ-WWW http://online.prg.kz, дата последнего изменения документа: 2012.03.27
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 7 сәуірдегі
№ 403 қаулысымен
бекітілген
«Ағаш кесу және орман билетін беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2012.07.03. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
2. Керсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
ҚР Үкіметінің 2012.07.03. № 305 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 18-бабының 6) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өсіп тұрған сүректі босату ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1287, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745, «Ағаш кесу мен орман билетінің нысандары, Ағаш кесу мен орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 1511 қаулылары негізінде ұсынылады.
4. Мемлекеттік қызметті ұсыну туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.mіnаgrі.gоv.kz интернет-ресурсында, «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінде «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары» кіші бөлімінде, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің (бұдан әрі - Комитет) www.fhс.kz интернет-ресурсында және осы Стандарттың 1-қосымшасын көрсетілген мекенжайлар бойынша Комитеттің орман шаруашылығы мен кәсіпорындарының табиғат қорғау және мемлекеттік мекемелері кеңселерінің үй-жайларындағы стендтерде орналастырылған.
5. Ұсынылатын мемлекеттік қызметтің нәтижесі ағаш кесу және (немесе) орман билетін қағаз тасымалдағышта немесе оларды беруден жазбаша түрде дәлелді бас тарту болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімде ұсынылады:
1) тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 3 (үш) жұмыс күн ішінде;
2) мемлекеттік қызметті алғанға дейін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты - 30 (отыз) минут;
3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызметті Комитеттің табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ұсынады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезекке тұру тәртібімен жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызметті ұсыну үшін күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін (күту креслолары, құжаттарды толтыру үшін орындар қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стенділермен жарақталады) жағдайлар жасалады. Комитеттің табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары кеңселерінің ғимараттары физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдардың келуіне арналған пандустары бар кіру есігімен жабдықталады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
ҚР Үкіметінің 2012.07.03. № 305 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) орман кесу билетін алу үшін:
еркін нысанда жазылған өтініш;
тендер нәтижелері туралы хаттама;
ұзақ мерзімді орман пайдалану туралы шарт;
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген ставкалар мен мерзімдерге сәйкес орман пайдаланғаны үшін ақы төленгенін растайтын түбіртек;
2) орман билетін алу үшін:
еркін нысанда жазылған өтініш;
тендер нәтижелері туралы хаттама (бір жылдан жоғары);
ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты.
оның ішінде:
ғылыми мақсаттарда қосалқы орман пайдалануды жүзеге асыруға (алғаш рет өтініш жасалғанда) қосымша:
ғылыми ұйымды қадағалайтын ғылыми кеңес бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардан үзіндінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
дәрілік шикізатты алу кезінде негіздемелік материалдары (биологиялық негіздеме, мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы) беріледі;
мемлекеттік тапсырыс шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға:
Комитеттің табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерімен және кәсіпорындарымен жасалған шарттың көшірмесі.
12. Мемлекеттік қызметті ұсынуға арналған өтініш еркін нысанда толтырылады.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша Комитеттің табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарына өтініш жасау қажет.
14. Тұтынушының қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат тіркеу күні мен нөмірі және мемлекеттік қызметті алатын күні көрсетілген талон болып табылады.
15. Мемлекеттік қызмет тұтынушының жеке келуі кезінде беріледі.
16. Осы Стандарттың 11 -тармағында көрсетілген құжаттарды толық көлемінде ұсынбау мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Мемлекеттік қызметті ұсынатын Комитеттің табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен және кәсіпорындарының лауазымды адамдары өз қызметінде:
1) қарапайымдылық таныту, өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеу және пайдаланбау;
2) сыпайы және әдепті болу;
3) құжаттарды қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеу, белгіленген мерзімде олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;
4) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын сақтау қағидаттарын басшылыққа алады.
4. Жұмыстың нәтижелері
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызметті ұсыну жөніндегі жұмыс нәтижелері осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа мен тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Комитеттің мемлекеттік қызмет көрсететін табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының, жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа мен тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Комитеттің табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану, сондай-ақ шағымды әзірлеуге көмек көрсету тәртібін түсіндіруді осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Комитеттің табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының заң қызметінің маманы жүзеге асырады.
21. Мемлекеттік қызмет ұсыну нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты 5-кіреберіс, е-mаіl: оорt@mіnаgrі.kz. мекенжайы бойынша демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Комитет төрағасының атына білдіреді.
22. Лауазымды адамдар сыпайы қызмет көрсетпеген жағдайда шағым Комитеттің табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары басшысының атына осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.
23. Мемлекеттік қызмет ұсыну нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Шағым дәлелді бас тарту көшірмесі қоса беріле отырып, еркін нысанда жазбаша беріледі.
25. Қабылданған шағым осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Комитеттің табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері және кәсіпорындарының кеңселерінде ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі.
Шағым берген тұтынушыға күні мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты мекенжайлары осы Стандарттқа 1-қосымшада көрсетілген Комитеттің табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары кеңселерінің қызметкерлерінен алуға болады.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
26. Тұтынушы қосымша ақпаратты осы Стандарттағы 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Комитеттің табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарынан алуына болады.
«Ағаш кесу және орман билетін беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің
табиғат қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының
мекенжайы
Ұйымның атауы
|
Заңды мекенжайы
|
Байланыс телефондары
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашлығы комитетінің қарамағындағы орман шаруашылығы мекемелері
|
Мемлекеттік табиғи қорықтар
|
Ақсу-Жабағылы
|
161310, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Жабағлы а., Абай көшесі, 28
|
725-3-85-66-33
|
Алакөл
|
040200, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қ., Қабанбай батыр көшесі, 32
|
728-3-32-26-63
|
Алматы
|
041600, Алматы облысы, Талғар қаласы, Аққу кенті, 1
|
727-7-42-36-56
|
Барсакелмес
|
120100, Қызылорда облысы, Арал қаласы, Милиция көшесі, 14
|
724-3-32-22-31
|
Батыс-Алтай
|
071300, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Семипалатинская көшесі, 9
|
723-3-62-69-27
|
Қаратау
|
160400, Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы, Уалиханов көшесі, 17
|
725-3-62-69-66
|
Қорғалжын
|
021300, Ақмола облысы, Қорғалжын кенті, Мадина көшесі, 20
|
716-3-72-16-50
|
Марқакөл
|
071217, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Урунхай ауылы.
|
723-3-04-43-19
|
Наурызым
|
111400, Қостанай облысы, Қарамеңді ауылы, Лесная көшесі, 5
|
714-5-49-11-41
|
Үстірт
|
130200, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен ауылы, Спортивный көшесі, 7
|
729-3-44-38-33
|
Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер
|
«Алтын-Емел»
|
041103, Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Басшы ауылы, Мәметова көшесі, 1
|
728-4-03-18-53
|
Баянауыл
|
140300, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл кенті, Шонай көшесі.
|
718-4-09-10-54
|
Іле-Алатау
|
Алматы қаласы, Қарасай ауданы, Каменка ауылы, Жандосов көшесі, 1
|
727-2-28-58-88
|
Қарқаралы
|
100800, Қарағанды облысы, Қарқаралы, М. Мамыраев көшесі, 1
|
721-4-63-12-14
|
Катонқарағай
|
070908, Шығыс Қазақстан облысы, Катон-Қарағай ауданы, Катон-Карағай ауылы, О. Бекеев көшесі, 115
|
723-4-22-13-45
|
«Көкшетау»
|
020000, Кекшетау қаласы, Темірбеков көшесі, 54
|
716-2-25-12-30
|
«Көлсай көлдері»
|
041422, Алматы облысы, Райымбек ауданы, Саты ауылы, Ұлтарақов көшесі, 38
|
727-7-72-76-81
|
Сайрам-Өгем
|
160009, Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 18
|
725-2-23-33-22
|
Шарын
|
041800, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Қадырбаев көшесі, 4
|
727-7-82-14-33
|
Мемлекеттік табиғи резерваттар
|
Ақжайық
|
060027, Атырау облысы, Атырау қаласы, Привокзвлъный 5, ықшам ауданы
|
|
«Ертіс орманы»
|
141113, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шалдай ауылы, Ленина көшесі, 60
|
718-3-62-17-81
|
Ырғыз-Торғай
|
030400, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауылы, Жүргенов көшесі, 70
|
713-4-32-17-76
|
«Семей орманы»
|
071400, Шығыс Қазақстан облысы, Қызыл кордон кенті, Түктібаев көшесі, 19
|
722-2-51-45-06
|
Орман селекциялық орталықтары
|
Алматы
|
050002, Алматы қаласы, Байшев көшесі, 23
|
727-2-39-85-98
|
Көкшетау
|
021710, Щучинск қ., Ақмола облысы, «Школьное лесничество» кордоны
|
716-3-64-12-74
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы кәсіпорындар
|
Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы
|
021400, Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Хуторок к.
|
716-4-09-27-82
|
«Жасыл аймақ» РМК
|
010000, Астана қ., Пригородный кенті, Школьная көшесі, 1 а
|
717-2-28-63-53
|
«Ағаш кесу және орман билетін беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Кесте. Сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапасы мен тиімділік көрсеткіштері
|
Көрсеткіштің нормативтік мәні
|
Келесі жылғы көрсеткіштің мақсатты мәні
|
Есепті жылдағы көрсеткіштің ағымдағы мәні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1. Уақытылылығы
|
1.1. құжат тапсырылған сәттен бастап қызметті белгіленген мерзімде көрсету жағдайларының % (үлесі)
|
|
|
|
2. Сапасы
|
2.1. қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
|
|
|
|
3. Қолжетімділік
|
3.1. қызмет көрсету сапасына және оны көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
|
|
|
|
3.2. ақпаратына электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер % (үлесі)
|
|
|
|
4. Шағымдану үдерісі
|
4.1. шағымданудың қазіргі тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
|
|
|
|
5. Сыпайылық
|
5.1. персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |