Регламенті Жалпы ережелер «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»



Дата14.06.2016
өлшемі82.15 Kb.
#136091
түріРегламент


Қарағанды облысы әкімдігінің

2015 жылғы «___» _________

№ ___қаулысымен

бекітілген



«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері

жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»

мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» (әрі қарай – мемлекеттік қызмет) мемлекеттік қызметі Қарағанды облысының аудандары мен қалаларының жергілікті атқару органдарымен (әрі қарай – қызмет көрсетуші) іске асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету формасы: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері:

жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі қайтыс болу туралы куәлік (анықтама), енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен қайтыс болу туралы қайталама куәлік (анықтама).

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:

1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсынудың формасы: қағаз түрінде.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша процедураның (әрекет) басталуы үшін негіздеме «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 маусымда № 11374 тіркелген «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» (бұдан әрі – стандарт) Стандартының 9 тармағында қарастырылған қажетті құжаттар және өтініш негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процессінің құрамына кіретін рәсімдердің (әрекеттің) мазмұны, іске асыру ұзақтығы:

1) қызмет көрсетушінің кеңсе маманы мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар мен арызды қабылдап, Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін, көшірмелерді тексеріп, қызмет алушыға 20 (жиырма) минут аралығында құжаттарды қабылдау күні мен уақыты белгіленген құжат ұсынады;

нәтиже - құжаттар қабылданған күні мен уақыты көрсетілген белгі;

2) қызмет көрсетушінің кеңсе маманы арызды қарастыруға қызмет көрсетушінің басшысына ұсынады – 30 (отыз) минут аралығында;

нәтиже - арыз бен құжаттарды қызмет көрсетушінің басшысына қарастыруға ұсыну;

3) қызмет көрсетушінің басшысы орындау үшін жауапты орындаушыны анықтап, іске асыру үшін сәйкес визаны ұсынады – 30 (отыз) минут аралығында;

нәтиже - қызмет көрсетуші басшысы бұрыштама қойып, қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысына береді;

4) қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы арыздың ұсынылатын талаптарға сәйкестігін тексеріп, мемлекеттік қызмет көрсетудің жобасының нәтижесін дайындайды – 1 (бір) жұмыс күні аралығында (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартының 9 тармағында бекітілген қажетті құжаттарды қосымша тексеру кезінде, мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімін, қарастыруды ұзарту сәтінен бастап 3 (үш) тәулік аралығында қызмет алушыға ескертіп, 30 күнтізбелік күннен артық емес мерзімге ұзартады;

азаматтық хал актісіне өзгертулер, қосымшалар мен түзетулер енгізу жайлы арыз – 15 (он бес) күнтізбелік күн (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұраным жіберу қажеттілігі туындаған кезде, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі, қызмет алушыға 3 (үш) күнтізбелік күн аралығында ескертіп, 30 (отыз) күнтізбелік күннен артық емес мерзімге ұзартылады;

нәтиже - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын басшыға қол қоюға ұсыну;

5) қызмет көрсетушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына байланысты шешім қабылдап, қол қояды – 30 (отыз) минут аралығында;

нәтиже - мемлекеттік қызметтің қол қойылған нәтижесі;

6) қызмет көрсетушінің маманы дайын мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет алушыға, жеке басын куәләндыратын құжатты көрсеткен кезде ұсынады немесе дайын нәтижені Мемлекеттік корпорацияғақызмет алушыға ұсыну үшін жібереді – 20 (жиырма) минут аралығында;

нәтиже - жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі қайтыс болу туралы куәлік (анықтама), енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен қайтыс болу туралы қайталама куәлік (анықтама) беру болып табылады.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процессіне қатысатын қызмет көрсетушінің (қызметкерлердің) құрылымдық бөлімшелер тізімі:

1) қызмет көрсетушінің басшысы;

2) қызмет көрсетушінің кеңсе маманы;

3) қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы.

7. Әр процедураның ұзақтығы көрсетілген, құрылымдық бөлімшелер арасындағы (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің сипаттамасы:

1) қызмет көрсетушінің кеңсе маманы мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар мен арызды қабылдап, Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін, көшірмелерді тексеріп, қызмет алушыға 20 (жиырма) минут аралығында құжаттарды қабылдау күні мен уақыты белгіленген құжат ұсынады;

2) қызмет көрсетушінің кеңсе маманы арызды қарастыруға қызмет көрсетушінің басшысына ұсынады – 30 (отыз) минут аралығында;

3) қызмет көрсетушінің басшысы орындау үшін жауапты орындаушыны анықтап, іске асыру үшін сәйкес визаны ұсынады – 30 (отыз) минут аралығында;

4) қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы арыздың ұсынылатын талаптарға сәйкестігін тексеріп, мемлекеттік қызмет көрсетудің жобасының нәтижесін дайындайды – 1 (бір) жұмыс күні аралығында (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартының 9 тармағында бекітілген қажетті құжаттарды қосымша тексеру кезінде, мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімін, қарастыруды ұзарту сәтінен бастап 3 (үш) тәулік аралығында қызмет алушыға ескертіп, 30 күнтізбелік күннен артық емес мерзімге ұзартады;

азаматтық хал актісіне өзгертулер, қосымшалар мен түзетулер енгізу жайлы арыз – 15 (он бес) күнтізбелік күн (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұраным жіберу қажеттілігі туындаған кезде, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі, қызмет алушыға 3 (үш) күнтізбелік күн аралығында ескертіп, 30 (отыз) күнтізбелік күннен артық емес мерзімге ұзартылады;

5) қызмет көрсетушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына байланысты шешім қабылдап, қол қояды – 30 (отыз) минут аралығында;

6) қызмет көрсетушінің маманы дайын мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет алушыға, жеке басын куәләндыратын құжатты көрсеткен кезде ұсынады немесе дайын нәтижені Мемлекеттік корпорацияға қызмет алушыға ұсыну үшін жібереді – 20 (жиырма) минут аралығында.

4.Мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну ретінің сипаты, қызмет алушының сұранымының қарастырылу ұзақтығы:

Мемлекеттік корпорацияға жүгіну кезіндегі мемлекеттік қызмет көрсетуге, Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қызмет алушыдан Стандарттың 9 тармағына сәйкес құжаттарды қабылдау негіз болып табылады.

1) Мемлекеттік корпорация қызметкері:

қызмет алушы ұсынған құжаттардың толтыру дұрыстылығын және толықтығын, көшірмелерінің сәйкестігін тексереді;

құжаттар толығымен тапсырылса, Мемлекеттік корпорацияқызметкері «Мемлекеттік корпорацияғаарналған интеграциялық ақпараттық жүйелер» ақпараттық жүйесінде тіркейді (әрі қарай МК ИАЖ);

қызмет алушының жеке басын идентификациялап, МК ИАЖ ұсынылған құжаттарға сәйкес мәліметті енгізеді;

егер Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылмаған жағдайда, ақпараттық жүйелерде сақталған мәліметтерді қолдануға қызмет алушыдан қағаз жүзіндегі келісімін алады;

қызмет алушыға сәйкес құжаттарды қабылдау туралы түбіртек ұсынады;

егер қызмет алушы құжаттарын толығымен тапсырмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері арызды қабылдау кезінде Стандарттың 3 қосымшасына сәйкес форма бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту түбіртегін ұсынады (он бес минут аралығында);

2) Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды дайындап, қызмет алушыға курьер немесе жауапты адам арқылы құжаттарын қайтарып береді (бір жұмыс күні ішінде);

дайын болған құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияда түбіртекте белгіленген мерзімде жүзеге асады;

3) Мемлекеттік корпорация қызметкері қызмет алушы жеке басын куәландыратын құжатты ұсынып, түбіртекке сәйкес (немесе нотариалды куәландырылған сенім хатымен басқа азамат) «электронды» кезек түбіртегін береді (он бес минут ішінде);

4) Мемлекеттік корпорация қызметкері қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде ұсынады (немесе нотариалды куәландырылған сенім хаты бар басқа азамат) (он бес минут ішінде).

9. Мемлекеттік қызмет көрсету процессіндегі қызмет көрсетушінің (қызметкердің) құрылымдық бөлімшелерінің әрекет ету реттілігі туралы сипаттаманы, сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі Мемлекеттік корпорацияға әрекет ету ретінің сипаттамасы қосымша 1 регламентіне сәйкес «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызметінің бизнес-анықтамалығында көрсетілген.

«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері

жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»

мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

1прямая соединительная линия 95 қосымша


«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»

мемлекеттікқызметкөрсетудің бизнес-процесс анықтамалығы


группа 9




прямая соединительная линия 94

Белгілеу шарты:



скругленный прямоугольник 27

-мемлекеттік қызметті көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;

-скругленный прямоугольник 28 мемлекеттік қызметті алушының немесе ҚФБ рәсімінің (іс-әрекетінің) атауы;

-ромб 29 таңдау нұсқасы;



-прямая соединительная линия 225 келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет