Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiне бағалау жүргiзу ережесiн бекiту



Дата29.02.2016
өлшемі144.07 Kb.
#31741
Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiне бағалау жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 маусымдағы № 573 Қаулысы


"Казахстанская правда" от 23.06.2010 г. № 156-157 (26217-26218); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., N 38, 333-құжат


      «Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар (бұдан әрi - атқарушы органдар) қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау ережесi бекiтiлсiн.
      2. Атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн тиiстi бағыттар бойынша бағалауға жауапты мемлекеттiк органдар үш ай мерзiмде тиiстi қорытындылар дайындауды қамтитын бағалау жүргiзу әдiстемесiн әзiрлесiн және бекiтсiн.
      3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органы үш ай мерзiмде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң аппаратымен келiсiм бойынша атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн жалпы бағалаудың нәтижелерi туралы қорытындының форматын әзiрлесiн және бекiтсiн.
      4. Облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдерiнiң аппараттары:
      2010 жылғы 1 желтоқсанға дейiн атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiне жыл сайынғы бағалау жүргiзу кестесiн бекiтсiн;
      кестеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiне жыл сайынғы бағалау жүргiзудiң алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешiктiрмей жүзеге асырсын.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                     К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң       
2010 жылғы 14 маусымдағы
№ 573 қаулысымен   
бекiтiлген      

Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)
жергiлiктi атқарушы органдарының бюджеттерiнен
қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiне
бағалау жүргiзу ережесi

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.04.23 № 438 Қаулысымен.



1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiне бағалау жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi туралы» (бұдан әрi - Жүйе) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына сәйкес әзiрлендi.


      2. Ереже облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар (бұдан әрi - атқарушы органдар) қызметiнiң тиiмдiлiгiне жыл сайынғы бағалаудың негiзгi ережелерiн, қағидаттарын, бағыттарын белгiлейдi, органдар жүйесi мен жүргiзу, нәтижелерiн айқындау және оларға шағымдану тәртiбiн айқындайды.
      3. Атқарушы орган қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалаудың (бұдан әрi - тиiмдiлiктi бағалау) мақсаты оған жүктелген мiндеттер мен функциялардың iске асырылу тиiмдiлiгiн айқындау болып табылады.
      4. Тиiмдiктi бағалау үшiн ақпарат көздерi:
      1) атқарушы органдардың есептi кезеңде жүргiзiлген жұмыс туралы есептерi;
      2) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң аппараты және бағалауға уәкiлеттi атқарушы органдар жүргiзген тексеру нәтижелерi;
      3) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң, оның орынбасарларының және облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдiгiнiң актiлерi мен тапсырмаларының орындалуын облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмi аппаратының бақылау нәтижелерi;
      4) атқарушы органдардың бақылау актiлерi;
      5) ресми статистикалық деректер;
      6) тәуелсiз сарапшылардың қорытындылары;
      7) тиiмдiлiктi бағалаудың белгiлi бiр бағыты бойынша әлеуметтанушылық зерттеулердiң нәтижелерi;
      8) тиiмдiлiктi жалпы бағалауды дайындау кезiндегi үкiметтiк емес ұйымдардың (қоғамдық бiрлестiктердiң) ақпараты болып табылады.
      5. Тиiмдiлiктi бағалау осы Ереженiң 10-тармағында айқындалған бағалау жүргiзуге уәкiлеттi атқарушы органдар (бұдан әрi - бағалауға уәкiлеттi атқарушы органдар) жүргiзедi.
      6. Тиiмдiлiктi бағалау жыл сайын кестеге сәйкес есептi (күнтiзбелiк) жылдық қорытындылары бойынша және осы Ереженiң 46, 49, 51, 53-тармақтарында көрсетiлген мерзiмдердi мiндеттi түрде сақтай отырып, жүзеге асырылады.
      7. Тиiмдiлiкке бағалау жүргiзу кестесi:
      1) бағаланатын атқарушы органдардың тиiстi бағыттар бойынша бағалауға уәкiлеттi атқарушы органдарға есептi жылдың қорытындылары бойынша есептiк ақпаратты;
      2) бағалауға уәкiлеттi атқарушы органдардың бағаланатын атқарушы органдарға танысу үшiн және келiспеушiлiктер болған жағдайда шағымдану үшiн бағалаудың нәтижелерi туралы қорытындыларды;
      3) бағалауға уәкiлеттi атқарушы органдардың облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағымдану рәсiмiнен кейiнгi бағалаудың нәтижелерi туралы қорытындыларды;
      4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органының Өңiрлiк сараптау комиссиясына бағыттар бойынша жалпы бағалау нәтижелерi туралы қорытындыларды;
      5) Өңiрлiк сараптау комиссиясының облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмiне бағалау нәтижелерiн;
      6) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға бағалау нәтижелерi бойынша ақпарат ұсыну мерзiмдерiн қамтиды.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.08 № 597 Қаулысымен.
      8. Тиiмдiлiкке бағалау жүргiзу кестесiн облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органы әзiрлейдi және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмi бекiтедi.

2. Тиiмдiлiктi бағалау қағидаттары

      9. Тиiмдiлiктi бағалау қағидаттары:


      1) заңдылық қағидаты - тиiмдiлiкке бағалауды қатаң түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзу;
      2) объективтiлiк қағидаты - тәуелсiз бағалауды жан-жақты және толық жүргiзу, мүдделер қақтығысын болдырмау;
      3) дәйектiлiк қағидаты - тиiмдiлiктi бағалаудың нәтижелерiн тиiстi құжаттармен растау;
      4) ашықтық қағидаты - ақпараттың шығу көздерiн тексеру мүмкiндiгi;
      5) жариялылық қағидаты - құпиялылық режимiн және қызметтiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғауды қамтамасыз етудi ескере отырып, тиiмдiлiктi бағалаудың нәтижелерiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау болып табылады.

3. Бағалау жүргiзуге уәкiлеттi атқарушы органдар

      10. Бағалау жүргiзуге уәкiлеттi атқарушы органдар:


      1) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң аппараты;
      2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органы;
      3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органы болып табылады.
      11. Тиiмдiлiктi бағалауды жалпы әдiснамалық жетекшiлiк етудi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      12. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органы осы Ереженiң 15-тармағында көрсетiлген бағыттарға сәйкес бағалауға уәкiлеттi атқарушы органдар беретiн қорытындылар негiзiнде бағаланатын атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн жалпы бағалауды (бұдан әрi - жалпы  бағалау) жүзеге асырады.
      13. Бағыттар бойынша тиiмдiлiктi жалпы бағалау нәтижелерi туралы сараптау қорытындысын қалыптастыру мақсатында облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң шешiмiмен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмi аппаратының лауазымды адамдары арасынан Өңiрлiк сараптау комиссиясы құрылады, сондай-ақ Өңiрлiк сараптау комиссиясының жұмыс органы айқындалады.
      14. Өңiрлiк сараптау комиссиясы өз қызметiнде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң шешiмiмен бекiтiлетiн Ереженi басшылыққа алады.

4. Тиiмдiлiктi бағалау бағыттары

      15. Тиiмдiлiктi бағалау бағаланатын атқарушы органдар қызметiнiң мынадай бағыттары бойынша жүзеге асырылады:


      1) қадағаланатын салада/аяда/өңiрде стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу және iске асыру;
      2) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң, оның орынбасарларының және облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдiгiнiң актiлерi мен тапсырмаларын орындау;
      3) бюджет қаражатын басқару;
      4) мемлекеттiк қызметтер көрсету;
      5) персоналды басқару;
      6) ақпараттық технологияларды қолдану.
      16. Осы Ереженiң 15-тармағында көрсетiлген қызметтiң әрбiр бағыты бойынша Жүйенiң 10-тармағында айқындалған тиiмдiлiктi бағалауға уәкiлеттi орталық мемлекеттiк органдар атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау өлшемдерi мен көрсеткiштерi айқындалатын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсiлген тиiстi әдiстемелердi әзiрлейдi және бекiтедi.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.08 № 597 Қаулысымен.
      17. Мынадай ережелер тиiмдiлiк өлшемдерi мен көрсеткiштерiне қойылатын мiндеттi талаптар болып табылады:
      1) өлшемдер мен көрсеткiштер ресми статистикалық деректерге, атқарушы органдардың деректерi мен тексерiлуге жататын басқа да ақпаратқа негiзделуi тиiс;
      2) шығыс ақпаратты жинау және өңдеу тәсiлi алынған деректердiң дәлдiгiн тексеру мүмкiндiгiне жол беруi тиiс;
      3) көрсеткiштi айқындау оны бағалайтын да, сондай-ақ бағаланатын атқарушы органның да, бiр мәндi түсiнуiн қамтамасыз етуi тиiс;
      4) қажеттi деректердi алу мүмкiндiгiнше аз уақыт пен ресурстар шығындарымен жүргiзiлуi тиiс;
      5) өлшемдер мен көрсеткiштердi деректердi үздiксiз жинақтау қажеттiлiгiн және жеке кезеңдер үшiн олардың салыстырмалығын қамтамасыз ету қажеттiлiгiн ескере отырып айқындаған жөн;
      6) өлшемдер мен көрсеткiштер мемлекеттiк органның барлық қызметiн қамтуы және барлық мемлекеттiк функциялардың сапалы орындалуына бағытталуы тиiс.
      18. Тиiмдiлiктiң өлшемдерi мен көрсеткiштерi ретiнде халықаралық практикада қолданылатын өлшемдер мен көрсеткiштер пайдаланылуы мүмкiн.
      19. Өлшемдер мен көрсеткiштер нақты атқарушы органның тiкелей қызметiн көрсетуi тиiс.

4.1. Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу және iске асыру тиiмдiлiгiн бағалау

      20. Осы бағыт бойынша бағалау қадағаланатын саланы/аяны/өңiрдi дамытудағы атқарушы органдар шараларының тиiмдiлiгiн айқындау мақсатында жүзеге асырылады.


      21. Атқарушы органдар қадағалайтын саладағы/аядағы/өңiрдегi стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу және iске асыру тиiмдiлiгiн бағалауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органы жүзеге асырады.
      22. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органы қызметiнiң қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу және iске асыру тиiмдiлiгiн бағалауды облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң аппараты жүзеге асырады.
      23. Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу және iске асыру тиiмдiлiгiн бағалау жөнiндегi әдiстеменi әзiрлеу мен бекiтудi және әдiснамалық сүйемелдеудi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

4.2. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң, оның орынбасарларының және облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдiгiнiң актiлерi мен тапсырмаларын орындау сапасын бағалау

      24. Осы бағыт бойынша бағалау облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң оның орынбасарларының және облыс, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың әкiмдiгiнiң актiлерi мен тапсырмаларының сапасын, толықтығы мен орындалу уақтылығын айқындау мақсатында жүзеге асырылады.


      25. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң, оның орынбасарларының және облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдiгiнiң актiлерi мен тапсырмаларын орындау сапасын бағалауды облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң аппараты жүзеге  асырады.
      26. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдiгiнiң актiлерi мен  тапсырмаларын орындау сапасын бағалау әдiстемесiн әзiрлеу мен бекiтудi және әдiснамалық сүйемелдеудi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi жүзеге асырады.

4.3. Бюджет қаражатын басқару тиiмдiлiгiн бағалау

      27. Осы бағыт бойынша бағалау бюджет қаражатын пайдаланудың нәтижелiлiгi мен тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету шараларының тиiмдiлiгiн айқындау мақсатында жүзеге асырылады.


      28. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, сондай-ақ ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының бюджет қаражатын басқару тиiмдiлiгi бойынша  қызметiн бағалауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органы жүзеге асырады.
      29. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органын осы бағыт бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң аппараты бағалайды.
      30. Бюджет қаражатын басқару тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн әзiрлеу мен бекiтудi және оны әдiснамалық сүйемелдеудi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

4.4. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау

      31. Осы бағыт бойынша бағалау жеке және заңды тұлғаларды қолжетiмдi және сапалы, соның iшiнде электрондық форматта мемлекеттiк қызметтермен қамтамасыз ету шараларының тиiмдiлiгiн айқындау мақсатында жүзеге асырылады.


      32. Осы бағыт бойынша тиiмдiлiктi бағалауды облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң аппараты жүзеге асырады.
      33. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау әдiстемесiн әзiрлеу мен бекiтудi және оны әдiснамалық сүйемелдеудi мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп жүзеге асырады.
      34. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүзеге асыру мақсатында қосымша әлеуметтiк зерттеулер жүргiзiлуi мүмкiн.

4.5. Персоналды басқару тиiмдiлiгiн бағалау

      35. Осы бағыт бойынша бағалау атқарушы мемлекеттiк органда персоналды басқару шараларының тиiмдiлiгiн айқындау мақсатында жүргiзiледi.


      36. Осы бағыт бойынша тиiмдiлiктi бағалауды облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң аппараты жүзеге асырады.
      37. Персоналды басқаруды бағалау әдiстемесiн әзiрлеу мен бекiтудi және оны әдiснамалық сүйемелдеудi мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

4.6. Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау

      38. Осы бағыт бойынша бағалау үдерiстердi оңтайландыру және атқарушы органдар қызметiнiң ашықтығын арттыру үшiн атқарушы органның  ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн айқындау мақсатында жүргiзiледi.


      39. Осы бағыт бойынша тиiмдiлiктi бағалауды облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң аппараты жүзеге асырады.
      40. Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн әзiрлеу мен бекiтудi және оны әдiснамалық сүйемелдеудi ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

5. Бағаланатын атқарушы органдардың тиiмдiлiгiне бағалау жүргiзу тәртiбi

      41. Атқарушы органдар жыл сайын бағалауға уәкiлеттi атқарушы органдарға бағалау жүргiзу кестесiне сәйкес өткен жылдың қорытындылары бойынша есептiк ақпарат тапсырады.


      42. Бағалауға уәкiлеттi атқарушы органдар бағаланатын атқарушы органдардың есептiк ақпаратындағы деректердi қайта тексеру бойынша ұйымдастыру шараларының кешенiн қабылдауға мiндеттi.
      43. Бағалауға уәкiлеттi атқарушы органдар тиiмдiлiкке бағалау жүргiзу кезiнде есептi кезеңдегi басқа да бақылау органдарының тексеру нәтижелерiн есепке алады.
      44. Бағалауға уәкiлеттi атқарушы органдар бағаланатын және басқа да атқарушы органдардан бағалаудың тиiстi бағыты бойынша  қажеттi ақпарат пен құжаттаманы құпиялық режимiн, қызметтiк немесе басқа да заңмен қорғалатын құпияларды сақтай отырып, өздерi белгiлеген мерзiмде сұратуға және алуға құқылы.
      45. Бағалауға уәкiлеттi атқарушы органдар бағалау үдерiсiнде алынған мәлiметтердiң сақталуына және құпиялылығына жауап бередi.
      45-1. Бағаланатын атқарушы органдар тиiмдiлiктi бағалау қорытындылары бойынша бұрын берiлген тапсырмалар мен ұсынымдарды бағалаудың әрбiр бағыты бойынша қызмет тиiмдiлiгiнiң көрсеткiштерiн жақсарту жөнiндегi шаралар кешенiн iске асыру арқылы орындайды.
      Ескерту. Ереже 45-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.08 № 597 Қаулысымен.
      45-2. Бағалауға уәкiлеттi атқарушы органдар ағымдағы жылдың 1 маусымынан кешiктiрмей тиiстi бағыттар бойынша қорытындыларды бағаланатын атқарушы органдарға жiбередi.
      Ескерту. Ереже 45-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.08 № 597 Қаулысымен.
      46. Бағалауға уәкiлеттi атқарушы органдар ағымдағы жылдың 15 маусымынан кешiктiрмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органына тиiстi бағыттар бойынша шағымдану нәтижелерi ескерiле отырып түзетiлген қорытындыларды ұсынады.
      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.08 № 597 Қаулысымен.
      47. Қызмет бағыттары бойынша тиiмдiлiктi бағалау нәтижелерi туралы қорытындылар бағалау туралы қорытынды есептi, тиiмдiлiктi бағалау қорытындылары бойынша бұрын берiлген тапсырмалар мен ұсынымдарды iске асыру нәтижелерiн, сондай-ақ бағаланатын атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру бойынша тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтуы тиiс.
      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.08 № 597 Қаулысымен.
      48. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк  жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органы атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн жалпы бағалауды қалыптастыру кезiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен коммерциялық емес негiзде үкiметтiк емес ұйымдарды (қоғамдық бiрлестiктердi) және тәуелсiз сарапшыларды тартуға құқылы.
      49. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органы ағымдағы жылдың 1 шiлдесiнен кешiктiрмей бағыттар бойынша тиiмдiлiктi жалпы бағалау нәтижелерiн бағаланатын атқарушы органдарды бiр мезгiлде хабардар ете  отырып, Өңiрлiк сараптау комиссиясына енгiзедi.
      50. Атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн жалпы бағалау нәтижелерi туралы қорытындының және атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерi туралы Өңiрлiк сараптау комиссиясының сараптама қорытындысының форматтарын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiмен келiсiм бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайды.
      51. Өңiрлiк сараптау комиссиясы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органының жалпы бағалау нәтижелерi туралы қорытындылары негiзiнде атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалаудың нәтижелерiн ағымдағы жылдың 15 шiлдесiнен кешiктiрмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмiне енгiзедi.
      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.08 № 597 Қаулысымен.
      52. Өңiрлiк сараптау комиссияның жұмыс органы бағалау нәтижелерiн атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру бойынша тапсырмалар мен ұсынымдармен бiрге атқарушы органдардың басшыларына тиiстi шаралар қабылдау үшiн жiберiледi.
      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.08 № 597 Қаулысымен.
      53. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмi ағымдағы жылдың 25 шiлдесiнен кешiктiрмей, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға тиiмдiлiкке бағалау жүргiзгенi туралы есептiк ақпаратты бередi. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган ағымдағы жылдың 15 тамызынан кешiктiрмей облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдерiнiң есептерi негiзiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне қорытылған ақпаратты жiбередi.
      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.08 № 597 Қаулысымен.
      54. Тиiмдiлiктi бағалаудың қорытындылары бойынша нәтижелердi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органы бұқаралық ақпарат құралдарында құпиялылық режимiн, қызметтiк және заңмен қорғалатын өзге де  құпиянықамтамасыз етудi ескере отырып жариялайды.

6. Нәтижелерге шағымдану тәртiбi

      Ескерту. 6-бөлiм жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.08 № 597 Қаулысымен.

      55. Бағаланатын атқарушы орган тиiмдiлiктi бағалау нәтижелерiн алған сәттен бастап бағалау нәтижелерiмен келiспеген жағдайда бес жұмыс күнi iшiнде тиiстi бағыттар бойынша бағалауға уәкiлеттi атқарушы органдарға растаушы құжаттармен бiрге келiспеушiлiгiн жiберуге құқылы.
      56. Растау құжаттары жоқ наразылықтарды алған жағдайда бағалауға уәкiлеттi атқарушы орган бағаланатын атқарушы органға қайта тексеру жүргiзудiң орынсыз екендiгi туралы жауап жiбередi.
      57. Бағалауға уәкiлеттi атқарушы органдарда нәтижелердi қайта тексеру үшiн бағалаудың объективтiлiгi мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрамына атқарушы органды бағалауға қатысқан қызметкерлер кiруге болмайтын арнайы комиссиялар қалыптастырылады.
      58. Бағалауға уәкiлеттi атқарушы органдар 5 жұмыс күнi iшiнде қайта тексеру нәтижелерi бойынша наразылықтарды қабылдау не қабылдамау туралы негiзделген қорытындыларды бағаланатын атқарушы органдарға жiбередi.
      59. Бағалауға уәкiлеттi атқарушы орган наразылықтарды қабылдаған жағдайда тиiмдiлiктi бағалау нәтижелерi туралы қорытындыға тиiстi түзетулер енгiзедi.
      60. Өңiрлiк сараптау комиссиясының жұмыс органы егер бағалау үдерiсiнде бағалаудың түпкi нәтижесiне әсер еткен бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкiлеттi атқарушы органдардың мамандарын тарта отырып, бағалаудың жекелеген нәтижелерiне қайта тексеру жүргiзуге дербес бастамашылық етуге құқылы.

7. Бағалауға қатысушылардың жауапкершiлiгi

      62. Осы Ереже қағидаларының уақтылы және сапалы орындалуына атқарушы органдардың бiрiншi басшылары дербес жауапты болады.


      63. Тиiмдiлiктi бағалауға жататын атқарушы органдардың бiрiншi басшылары тиiмдiлiкке бағалау жүргiзу үшiн есептi кезеңге ақпараттың дұрыстығына, толықтығына және уақтылы берiлуiне дербес жауапты болады.
      64. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдарының, сондай-ақ облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмi аппаратының тиiмдiлiкке бағалау жүргiзуге жауапты құрылымдық бөлiмшелерiнiң бiрiншi басшылары тиiмдiлiктi бағалау нәтижелерiнiң бекiтiлген әдiстемелерге сәйкес келуiне және тиiмдiлiкке бағалау жүргiзу кестесiмен бекiтiлген мерзiмдердiң сақталуына дербес жауапты болады.
      Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.08 № 597 Қаулысымен.
      65. Бағалауға уәкiлеттi атқарушы органдар бағалау жүргiзу үдерiсiнде алынған мәлiметтердi жария еткенi үшiн атқарушы органдардың бiрiншi басшылары дербес жауапты болады.
      66. Осы Ереженiң бұзылуы айқындалған жағдайда Өңiрлiк сараптау комиссиясының жұмыс органы тиiстi лауазымды адамдардың жауапкершiлiгi туралы ұсыныс енгiзу құқылы.

8. Өтпелi ереже

      Ескерту. 8-бөлiм алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.08 № 597 Қаулысымен.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет