Регламенті Жалпы ережелер «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»



Дата04.07.2016
өлшемі85.04 Kb.
#178584
түріРегламент


Павлодар облысы

Качир ауданы әкімдігінің

2012 жылғы 28 желтоқсандағы

№ 504/18 қаулысымен

бекітілген

«Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»

мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер


1. «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес Качир ауданының жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі –білім беру ұйымы) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

4.1Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.

6. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 18.00-ға дейін көрсетіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі білім туралы құжаттың телнұсқасы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі


8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 20 минуттан аспайды;

2) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берген сәттен бастап күнтізбелік 10 күннен аспайды.

9. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға негіздер Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.

10. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау білім беру ұйымының жауапты қызметкерімен жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіндегі әрекеттер

(өзара қызметтер) тәртібін сипаттау
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы білім беру ұйымына Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырған жағдайда мемлекеттік қызметті алушыға қолхат беріледі, онда:

1) сұраныстың нөмірі мен қабылданған күні;

2) сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі;

3) ұсынылған құжаттардың атаулары және саны;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;

5) құжаттардың ресімдеуге өтінішті қабылдаған білім беру ұйымы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты;

6) мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, байланыс деректері.

13. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мынадай құрылымдық-функционалды бірліктер (бұдан әрі – бірліктер) қатыстырылған:

білім беру ұйымының жауапты қызметкері;

білім беру ұйымының басшысы.

14. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттерді (рәсімдерді) орындаудың мерзімін көрсетумен әрбір бірлік бойынша әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшада көрсетілген.

15.Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық кезектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы регламентке 3-қосымшада көрсетілген.

4. Мемлекеттік қызметті көрсететін

лауазымды адамдардың жауапкершілігі

16. Білім беру ұйымының лауазымды адамдарына мемлекеттік қызмет көрсету барысында олармен қабылданған шешімдер мен әрекеттер (әрекетсіздік) үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған тәртіпте жауапкершілік жүктеледі.


«Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

1-қосымша
Качир ауданының блім беру ұйымдарының тізімі


п\п


Білім беру ұйымының атауы

Мектептің мекенжайы

1

“Качир ауданының Теренкөл ауылының А.Н.Ёлгин атындағы №1 жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Тереңкөл ауылы, Ленин көшесі, 234

2

“Качир ауданы Тереңкөл ауылының А.Текенов атындағы №2 орта жалпы білім беретін мектебі” мемлекеттік мекемесі

Тереңкөль ауылы, Ленин көшесі,67

3

“Качир ауданы Теренкөл ауылының Қатша Оспанова атындағы №3 жалпы білім беретін орта мектебі” мемлекеттік мекемесі

Тереңкөль ауылы, Ленин к-сі , 115 үй

4

“Качир ауданының №1 Песчан жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Песчан ауылы,Шоссейная к-сі,1

5

“Качир ауданының №2 Песчан жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Песчан ауылы,Шоссейная к-сі, 200

6

“Качир ауданының Байқоныс жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Байқоныс ауылы

7

“Качир ауданы Байқоныс ауылы округінің Қызылтаң жалпы білім беретің орта мектебі” мемлекеттік мекемесі

Қызылтаң ауылы

8

“Качир ауданының Береговая жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі


Береговая ауылы

9

“Качир ауданының Бобровка жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Жанабет ауылы

10

“Качир ауданынын Октябрь жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Октябрьск ауылы

11

“Качир ауданының Ивановка орта жалпы білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Ивановка ауылы

12

“Качир ауданының Львовка орта жалпы білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Львовка ауылы

13

“Качир ауданының Коммунар жалпы білім беру орта мектебі” мемлекеттік мекемесі

Фрументьевка ауылы

14

“Качир ауданының Воскресенка жалпы білім беру орта мектебі” мемлекеттік мекемесі

Воскресенка ауылы

15

“Качир ауданының Березовка жалпы білім беру орта мектебі” мемлекеттік мекемесі

Березовка ауылы

16

“Качир ауданының Трофимовка жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Трофимовка ауылы

17

“Качир ауданы Жаңа-Құрлысауыл округінің Тегістік жалпы білім беретін орта мектебі” мемлекеттік мекемесі

Тегістік ауылы

18

“Качир ауданының Федоровка жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Федоровка ауылы

19

“Качир ауданының Калиновка жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Калиновка ауылы

«Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

2-қосымша

Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берген сәттен бастап

құрылымдық-функционалды бірліктер іс-әрекетінің (бұдан әрі - бірліктер) сипаттамасы





Негізгі үрдістің іс-әрекеті (жұмыстың барысы, ағымы )

п/п


іс-әрекеттің (жұмыстың барысы, ағымы )№

1

2

3

4

1

Бірліктер-дің атауы

Білім беру ұйымының жауапты қызметкері


Білім беру ұйымының жауапты қызметкері


Білім беру ұйымының басшысы


Білім беру ұйымының жауапты қызметкері


2

Іс-әрекеттің (үрдістің, операция процедура-ларының) аталуы

және оның сипаттама-сы



Мемлекеттік қызметті алушымен ұсынылған құжаттарды қабылдау және тіркеу. Барлық құжаттарды қабылдап алғаны туралы қолхат беру


Білім туралы құжаттың телнұсқасын немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындайды


Білім туралы құжаттың телнұсқасына немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды

Алушыға

білім туралы құжаттың телнұсқасын немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты береді



3

Аяқтау түрі (деректер, құжат, ұйымдастыру-реттеу шешімі)

Барлық құжаттарды алғаны туралы қолхат

Білім туралы құжаттың телнұсқасы немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап


Білім туралы құжаттың телнұсқасы немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап

Білім туралы құжаттың телнұсқасы немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.


4

Орындалу мерзімі

20 минуттан аспайды

7 күнтізбелік күннен аспайды

1 күнтізбелік күннен аспайды

20 минуттан аспайды

5

Келесі іс-әрекеттің №

2

3

4



«Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

3-қосымша

Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берген сәттен бастап

мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің сызбасы:







    

















Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет