2015 жылғы «14» қыркүйектегі № 263
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген
«ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №301 «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 мамырда № 11229 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - ХҚКО);
3) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат, рұқсатты қайта ресімдеу (бұдан әрі – рұқсат) не Стандарттың 10-тармағымен көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі –бас тарту туралы дәлелді жауап).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға қағаз түрінде өтініш берген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық нысанда рәсімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен расталады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме:
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде - Стандарттың 1, 2- қосымшаларына сәйкес нысан бойынша қағаз түрінде рұқсат алуға арналған өтініш.
ХҚКО-ға немесе порталға жүгінген кезде - ХҚКО қызметкерінің немесе көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, Стандарттың 1, 2- қосымшаларына сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы рұқсат алуға сұраныс болып табылады.
5. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету процесінің құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 20 (жиырма) минут ішінде құжаттарды тіркейді, оның көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні көрсетілген белгі қою арқылы өтініштің қабылданғанын растайды және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) сағаттың ішінде құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қарайды, мыналарды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды:
ІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат өтінішті тіркеген күннен бастап - 29 (жиырма тоғыз) күнтізбелік күннен аспайды;
ІІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат өтінішті тіркеген күннен бастап - 9 (тоғыз) жұмыс күнінен аспайды;
ІV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат өтінішті тіркеген күннен бастап - 4 (төрт) жұмыс күнінен аспайды;
рұқсатты қайта ресімдеу - 29 (жиырма тоғыз) күнтізбелік күннің ішінде;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) сағаттың ішінде ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатқа, рұқсатты қайта ресімдеуге немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 20 (жиырма) минут ішінде ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты, рұқсатты қайта ресімдеуді немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты тiркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенiмхат бойынша оның өкiлiне) береді.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды ұсынады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қарайды, дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатқа, рұқсатты қайта ресімдеуге немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты, рұқсатты қайта ресімдеуді немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты тiркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенiмхат бойынша оның өкiлiне) береді.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртiбiн сипаттау
7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары) мен өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) 1-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің мемлекеттік қызмет көрсету үшін «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорының автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖО) логин мен парольді енгізуі (авторландыру процесі);
2) 1-шарт – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖО-да логин және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру;
3) 2-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің мәліметтерінде кемшіліктердің болуына байланысты «Е-лицензиялау» МДҚ АЖО-да авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
4) 3-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы регламентте көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын шығаруы және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін енгізуі;
5) 4-процесс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорына/заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері туралы, сонымен бірге Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - БНАЖ) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат мәліметтері туралы сұрау жолдау;
6) 2-шарт – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің, БНАЖ-да сенімхат мәліметтерінің болуын тексеру;
7) 5-процесс - ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің, БНАЖ-да сенімхат мәліметтерінің болмауына байланысты мәліметтерді алу мүмкіндігінің жоқтығы туралы хабарлама қалыптастыру;
8) 6-процесс – құжаттардың қағаз нысанда болуы туралы белгісі бөлігінде сұраныс нысанын толтыру және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұраныс нысанына жалғауы;
9) 7-процесс – сұрауды «Е-лицензиялау» МДҚ АЖО-да тіркеу және «Е-лицензиялау» МДҚ АЖО-да қызметті өңдеу;
10) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының рұқсат беруге арналған талаптар мен негіздемелерге сәйкестігін тексеруі;
11) 8-процесс – «Е лицензиялау» МДҚ АЖО-да көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінде кемшіліктердің болуына байланысты сұрау салынған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
12) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖО-да қалыптастырылған мемлекеттік қызмет нәтижесін (ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.
10. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 2-қосымшасында көрсетілген.
11. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, ХҚКО-ға жүгіну тәртібін сипаттау:
1) 1-процесс – ХҚКО операторының қызмет көрсету үшін ХҚКО Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі - ХҚО ЫАЖ АЖО) логин мен парольді енгізуі (авторландыру процесі) (1 минут ішінде);
2) 2-процесс – ХҚКО операторының осы регламентте көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын шығаруы және ХҚКО операторының көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін енгізуі (2 минут ішінде);
3) 3-процесс – ЭҮШ арқылы ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-на көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері туралы, сонымен бірге БНАЖ-ға көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат мәліметтері туралы сұрау жолданады;
4) 1-шарт – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің және БНАЖ-да сенімхат мәліметтерінің бар болуын тексеру (1 минут ішінде);
5) 4-процесс – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің, БНАЖ-да сенімхат мәліметтерінің болмауына байланысты мәліметтерді алу мүмкіндігінің жоқтығы туралы хабарлама қалыптастыру (2 минут ішінде);
6) 5-процесс - ХҚКО операторының құжаттардың қағаз нысанында болуы туралы белгі қою бөлігінде сұрау салу нысанын толтыруы және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды сканерлеуі, оларды сұрау салу нысанына тіркеуі және мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерін) ЭЦҚ арқылы куәландыруы;
7) 6-процесс – ХҚКО операторының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (алушының сұрау салуын) ЭҮШ арқылы «Е-лицензиялау» МДҚ АЖО-ға жолдауы (2 минут ішінде);
8) 7-процесс – электрондық құжатты «Е-лицензиялау» МДҚ АЖО-да тіркеу;
9) 2-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының рұқсат беруге арналған талаптар мен негіздемелерге сәйкестігін тексеруі;
10) 8-процесс – «Е лицензиялау» МДҚ АЖО-да көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінде кемшіліктердің болуына байланысты сұрау салынған мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
11) 9-процесс - көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖО-да қалыптастырылған мемлекеттік қызмет нәтижесін (ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат) алуы.
12. ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 3-қосымшасына сәйкес диаграммада көрсетілген.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚКО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының (немесе сенімхат бойынша оның өкілінің) жазбаша келісімін алады.
Егер көрсетілетін қызметті алушы стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
13. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі мен рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі-ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі-БСН) көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-процесс - көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін порталға парольды енгізу процесі (авторландыру процесі);
3) 1-шарт – порталда логин (ЖСН/БСН) және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің дұрыстығын тексеру;
4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінде кемшіліктердің болуына байланысты порталда авторландырудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, экранға қызметті көрсету үшін сұраныстың нысанын шығаруы және көрсетілетін қызметті алушының, оның құрылымы мен үлгі талаптарын ескере отырып, нысанды толтыруы (мәліметтерді енгізуі), сұраныс нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде жалғауы;
6) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
7) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сұраныста көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы бірдейлендіру мәліметтерінің сәйкестігін тексеру;
8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраудың толтырылған (енгізілген деректер) нысанын куәландыру (қол қою);
10) 7-процесс – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) порталға тіркеу және «Е-лицензиялау» МДҚ АЖО-да сұрауды өңдеу;
11) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының рұқсат беруге арналған талаптар мен негіздемелерге сәйкестігін тексеруі;
12) 8-процесс – «Е лицензиялау» МДҚ АЖО-да көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінде кемшіліктердің болуына байланысты сұрау салынған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
13) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған мемлекеттік қызмет нәтижесін (ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат) алуы. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
14. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 4-қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген.
15. Көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚКО-ның және (немесе) оның операторының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Стандарттың 3- бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.
«ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін
қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1-қосымша
«ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
құжаттарды тіркейді, оның көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні көрсетілген белгі қою арқылы өтініштің қабылданғанын растайды және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды
құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды
Құжаттарды қарайды, мыналарды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды:
ІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру өтінішті тіркеген күннен бастап - 29 (жиырма тоғыз) күнтізбелік күннен аспайды;
ІІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру өтінішті тіркеген күннен бастап - 9 (тоғыз) жұмыс күнінен аспайды;
ІV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру өтінішті тіркеген күннен бастап - 4 (төрт) жұмыс күнінен аспайды;
рұқсатты қайта ресімдеу - 29 (жиырма тоғыз) күнтізбелік күннің ішінде;
Ұсынылған құжаттардың толық емес екендігі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.
2 (екі) сағат ішінде
20 (жиырма) минут ішінде
ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатқа, рұқсатты қайта ресімдеуге немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды
ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты, рұқсатты қайта ресімдеуді немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты тiркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенiмхат бойынша оның өкiлiне) береді.
20 (жиырма) минут ішінде
2 (екі) сағат (ішінде)
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
- көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің рәсімінің (іс-қимылының) атауы;
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.
«ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 2-қосымша
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
Көрсетілетін қызметті беруші
|
«ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша
ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы
«ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 4-қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы
Шартты белгілер:
Бастапқы хабарлама
Аяқтаушы хабарлама
Аралық хабарлама
Аяқтаушы қарапайым оқиға
Қате
Ақпараттық жүйе
Процесс
Шарт
Басқару ағыны
Хабарлау ағыны
Соңғы пайдаланушыға жеткізілетін электрондық құжат
Достарыңызбен бөлісу: |