Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 15 шілдедегі
№ 250 қаулысымен бекітілген
«Іздестіру жұмыстарын жүргізу
үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес, «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 тіркелген) бекітілген (бұдан әрі – Стандарт) «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына сәйкес облыстың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет жеке, заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерін беру сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, жер учаскесінің орналасқан орны бойынша кезек күту тәртібінде көрсетіледі;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО) - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;
Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық кезек» тәртібінде көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілген қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру туралы қаулы (бұдан әрі - рұқсат), не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық. Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы қаулыны қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық форматта ресімделеді және қағаз жеткізгіште басып шығарылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы
тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының өтінімі және Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті мына құжаттармен қоса қабылдау болып табылады:
Көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚКО-ға:
1) Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқа талап етіледі);
3) іздестіру жұмыстарын жүргізу ауданының жоспары (схемасы);
4) іздестіру жұмыстарын орындауға тапсырманың көшірмесі.
порталда:
1) Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) іздестіру жұмыстарын жүргізу ауданы жоспарының (схемасы) электрондық көшірмесі;
3) іздестіру жұмыстарын орындауға тапсырманың электрондық көшірмесі.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан өтінішті және құжаттар топтамасын қабылдайды, тіркейді және оның көшірмесіне қабылдау күнін және уақытын көрсете отырып тіркеу туралы белгі жасайды немесе электрондық өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды 15 (он бес) минуттан аспайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады, орындаушы – облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органын айқындайды (бұдан әрі – уәкілетті орган), 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұрыштамаға қол қояды және өтінішті орындаушыға жолдайды;
3) уәкілетті органның басшысы құжаттармен танысады, 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушыны айқындайды және оған өтінішті жолдайды;
4) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттарды тексереді, рұқсат беру туралы қаулы жобасын әзірлейді, келіседі және енгізеді, не дәлелді бас тарту туралы жауап 6 (алты) жұмыс күні ішінде.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда құжаттарды қабылдау кезінен 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді жазбаша бас тарту туралы жауап дайындайды.
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы рұқсат беру туралы қаулыға, не бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
6) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 15 (он бес) минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді, не портал арқылы электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.
7. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) қабылдау, тіркеу, тиісті құжаттарды қабылдау туралы туралы белгі жасау (кеңсе қызметкері);
2) бұрыштама қою, уәкілетті органға өтініш пен құжаттар топтамасын жолдау (басшы);
3) көрсетілетін қызметті алушының өтінішімен танысу, жауапты орындаушыны айқындау (уәкілетті органның басшысы);
4) рұқсат беру туралы қаулы жобасын әзірлеу, келісу, не дәлелді бас тарту туралы жауап (жауапты орындаушы);
5) рұқсат беру туралы қаулыға, не дәлелді бас тарту туралы жауапқа қол қою (көрсетілетін қызметті берушінің басшысы);
6) көрсетілетін қызметті алушыға беру, не ХҚКО-ға немесе мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін портал арқылы электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға жіберу (кеңсе қызметкері).
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) уәкілетті органның басшысы;
4) уәкілетті органның жауапты орындаушысы.
9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау осы Регламентке 2 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимылы тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
10. ХҚКО-ға өтініш білдіру кезінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша іс-қимылды бастауға негіздеме ХҚКО-ның инспекторының көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар топтамасын қабылдау болып табылады.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір іс-қимылдың мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) ХҚКО-ның инспекторы өтініштің дұрыс толтырылуын және көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттар топтамасының осы Регламенттің 5-тармағына сәйкес толықтығын тексереді (5 (бес) минуттан аспайды).
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық тапсырмаған жағдайда ХҚКО-ның инспекторы өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Құжаттар топтамасын толық тапсырған кезде ХҚКО-ның инспекторы оларды «Халыққа қызмет көрсету орталықтарына арналған интеграцияланған ақпараттық жүйе» ақпараттық жүйесінде тіркейді (бұдан әрі – ХҚКО ИАЖ) және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы талонды береді.
2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚКО-ның инспекторы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады (5 (бес) минуттан аспайды);
3) ХҚКО-ның инспекторы көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіреді, көрсетілетін қызметті алушы жайында тиісті ақпаратты және берілген құжаттардың тізімін ХҚКО ИАЖ енгізеді, көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді (5 (бес) минуттан аспайды);
4) ХҚКО-ның инспекторы құжаттарды дайындайды және оларды көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік немесе осыған уәкілетті өзге де байланыс арқылы жібереді, (1 (бір) жұмыс күнінен аспайды);
5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері ХҚКО-ның инспекторынен өтінішті және құжаттар топтамасын қабылдайды, оларды тіркейді және құжаттардың қабылдаудың тапсырылатын құжаттар тізбесінде белгілейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды (15 (он бес) минуттан аспайды);
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен танысады, орындаушы-уәкілетті органды айқындайды, өтінішке бұрыштама қояды және өтінішті орындаушыға жібереді (1 (бір) жұмыс күні ішінде);
7) уәкілетті органның басшысы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны айқындайды (1 (бір) жұмыс күні ішінде);
8) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттарды тексереді, рұқсат беру туралы қаулы жобасын әзірлейді, келіседі және енгізеді, не дәлелді бас тарту туралы жауап дайындайды (5 (бес) жұмыс күні ішінде);
9) көрсетілетін қызметті беруші рұқсат беру туралы қаулыға, не бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және кеңсе қызметкеріне жібереді (1 (бір) жұмыс күні ішінде).
10) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ХҚКО-ға жібереді (1 (бір) сағат ішінде).
11) ХҚКО-ның инспекторы тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметтің көрсету нәтижесін береді (15 (он бес) минуттан аспайды).
Көрсетілетін қызметті алушы белгіленген мерзімде қызмет нәтижесін алуға хабарласпаған жағдайда, ХҚКО оның 1 (бір) ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан соң оны көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің алынбай қалған нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініште көрсетілген мекен-жай бойынша көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жолдайды.
ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуде іске қосылатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылын сипаттау осы Регламентке 2 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
12. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының іс-қимылдарының тәртібі:
1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы порталда тіркелуді (авторландыруды) жүзеге асырады;
Көрсетілетін қызметті алушының деректерін растау және қызметті таңдау туралы хабарлама жасалады, не көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар бар болған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама жасалады.
2) көрсетілетін қызметті алушы электрондық мемлекеттік қызметті таңдау, электрондық сұраныстың жолақтарын толтыру, осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса беру және көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі - ЭЦҚ) сұранысты куәландыру (қол қою) және оның түпнұсқалығын растау үшін таңдау.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығы расталмаған жағдайда бас тарту туралы хабарлама жасалады.
3) электрондық сұранысты электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою);
4) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері электрондық сұранысты тіркейді (15 (он бес) минуттан аспайды);
Көрсетілетін қызметті алушы электрондық сұрату мәртебесі және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінің» мемлекеттік қызметті алу тарихында мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі туралы хабарламаны алады;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының өтінішімен танысады, орындаушыны – уәкілетті органын айқындайды, өтінішке бұрыштамаға қояды және құжаттарды орындаушыға жолдайды (1 (бір) жұмыс күні ішінде);
6) уәкілетті органның басшысы жауапты орындаушыны айқындайды және оған құжаттарды жолдайды (1 (бір) жұмыс күні ішінде);
7) уәкілетті органның жауапты орындаушы ұсынылған құжаттарды тексереді, рұқсат беру туралы қаулы жобасын әзірлейді, келіседі және енгізеді, не дәлелді бас тарту туралы жауап дайындайды (6 (алты) жұмыс күні ішінде);
8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы рұқсат беру туралы қаулыға, не дәлелді бас тарту туралы жауапқа қол қояды және кеңсе қызметкеріне жібереді (1 (бір) жұмыс күні ішінде).
9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді (қабылданғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей);
Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуде іске қосылатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылын сипаттау осы Регламентке 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1 қосымша
«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсететін Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының тізбесі
№
р/с
|
Облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органның атауы
|
Заңды мекен-жайы
|
Байланыс телефон
|
Электрондық мекен-жайы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58
|
8715-2-46-42-70
|
akimat@sko.kz
|
2
|
«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 44
|
8715-33-2-26-46
|
airtay-akimat@sko.kz
|
3
|
«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы Талшық ауылы
Целинная көшесі, 15
|
8715-46-2-14-41, 2-11-24
|
Akzhar-akimat@sko.kz
|
4
|
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирнов ауылы, Народная көшесі, 50
|
8715-32-2-11-59
|
akkain-akimat@sko.kz
|
5
|
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка ауылы
Ленин көшесі, 10
|
8715-43- 2-15-01, 2-12-33
|
esil-akimat@sko.kz
|
6
|
«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы Пресновка ауылы, Дружба көшесі, 10
|
8715-44- 2-12-32, 2-12-33
|
zhambil-akimat@sko.kz
|
7
|
«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы,
Булаево қаласы, Юбилейная көшесі, 56
|
8715-31-2-12-90,
2-15-57
|
mzhumabaeva-akimat@sko.kz
|
8
|
«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, Гагарин көшесі, 11
|
8715-38-2-12-01
|
kyzylzhar-akimat@sko.kz
|
9
|
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, Сәбит Мұканов көшесі, 12
|
8715-41-2-15-90,
2-17-88
|
maml-akimat@sko.kz
|
10
|
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан,
Новоишимка ауылы
Абылайхан көшесі, 28.
|
8715-35- 2-13-07,
2-11-48
|
gmusrepova-akimat@sko.kz
|
11
|
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 197
|
8715-36-2-23-42
|
tainsha-akimat@sko.kz
|
12
|
«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы Тимирязево ауылы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 1
|
8715-37-2-12-33,
2-12-40
|
Timiryazevo-akimat@sko.kz
|
13
|
«Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 85
|
8715-42-2-16-95
|
ualihan-akimat@sko.kz
|
14
|
«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Жеңіс көшесі, 35
|
8715-34-2-12-43,
2-14-80
|
shalakyn-akimat@sko.kz
|
15
|
«Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы,
Қазақстан Конституциясы көшесі, 23
|
8715-2-46-25-10
|
Petropavl@sko.kz
|
«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін
жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2 қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру»
Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсету кезінде
Өтінішті тіркеу ( 15 (он бес) минуттан аспайды)
Жауапты орындаушыны анықтау (1 (бір) жұмыс күні ішінде)
Бұрыштама қою (1 (бір) жұмыс күні ішінде)
Ұсынылған құжаттарды тексеру
Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді жазбаша бас тарту туралы жауап дайындап және қол қояды (2 (екі) жұмыс күні ішінде)
Дәлелді бас тарту туралы жауапқа қол қою (1 (бір) жұмыс күні ішінде)
Қаулы жобасын әзірлеу және келісу, не дәлелді бас тарту туралы жауап дайындау (6 (алты) жұмыс күнгі ішінде)
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру (15 (он бес) минут ішінде)
Қаулыға қол қою (1 (бір) жұмыс күні ішінде)
Мемлекеттік қызметті Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсету кезінде
Өтінішті және құжаттар топтамасын қабылдау (5 (бес) минуттан аспайды)
Электрондық сұратуды тіркеу (5 (бес) минуттан аспайды)
Өтінішпен танысу, бұрыштама қою (1 (бір) жұмыс күні ішінде)
Қаулы жобасын әзірлеу және келісу, не дәлелді бас тарту туралы жауап дайындау (5 (бес ) жұмыс күні ішінде)
Өтінішті тіркеу (15 (он бес) минуттан аспайды)
Құжаттар топтамасын дайындау және көрсетілетін қызметті берушіге жіберу (1 (бір) жұмыс күнінен аспайды)
Жауапты орындаушыны анықтау (1 (бір) жұмыс күні ішінде)
Ұсынылған құжаттар толық емес жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беру
ХҚКО-ға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу (1 (бір) сағат ішінде)
Қаулыға, не дәлелді бас тарту туралы жауапқа қол қою (1 (бір) жұмыс күні ішінде)
\
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру (15 (он бес) минут ішінде)
Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде
Көрсетілетін қызметті алушының деректерін растау және қызметті таңдау туралы хабарламалар жасау
(20 (жиырма) секунд)
Қызметті таңдау және электрондық түрде қажетті құжаттарды қосып сұрату деректерін қалыптастыру және сұратуды куәландыру (қол қою) және оның түпнұсқалығын бекіту үшін ЭЦҚ таңдау (2 (екі) минут)
Сұратуды ЭЦҚ қолданып куәландыру (қол қою) (1,5 (бір жарым) мин)
Жауапты орындаушыны анықтау (1 (бір) жұмыс күні ішінде)
Өтінішті тіркеу және басшыға жолдау (15 (он бес) минуттан аспайды)
Бұрыштама қою және жауапты орындаушыға жіберу (1 (бір) жұмыс күні ішінде)
Қаулы жобасын әзірлеу және келісу, не дәлелді бас тарту туралы жауап дайындау (5 (бес) жұмыс күні ішінде)
Көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтарға байланысты бас тарту туралы хабарлама жасау (20 (жиырма) секунд)
ЭҮП/ЕЛП авторландыру
Қаулыға, не дәлелді бас тарту туралы жауапқа қол қою (1 (бір) жұмыс күні ішінде)
Порталға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жолдау (3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірме)
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру (өтінген күні 1,5 (бір жарым) минут)
Шартты белгілер:
|
- мемлекеттік қызметті көрсетуді бастау немесе аяқтау
|
|
- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ атауы
|
|
- таңдау нұсқасы
|
|
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту
|
ЭҮП/ЕЛП
|
- www.egov.kz «электрондық үкіметінің» веб-порталы
|
ХҚКО ИАЖ
|
- халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесі
|
ЭЦҚ
|
- электрондық цифрлық қолтаңба
|
Достарыңызбен бөлісу: |