Үндеуі Құрметті сайлау процесіне қатысушылар!



Дата07.07.2016
өлшемі79.45 Kb.
#183295


Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

2007 жылғы 16 тамыздағы

№ 110/239 қаулысымен бекітілген


Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының

барлық сайлау процесіне қатысушыларға

үндеуі
Құрметті сайлау процесіне қатысушылар!
2007 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлау және мәслихаттары депутаттарын кезекті сайлау болады.

Қазіргі сайлау науқаны Қазақстанда президенттік-парламенттік жүйені нақты бекіткен, Мәжілісті барабар сайлау жүйесі негізінде сайлаудың жаңа қағидатын белгілеген, жергілікті өкілді органдардың өкілеттіктерін елеулі кеңейткен, елде жүргізілген ірі көлемді саяси реформалардың жалғасы болып табылады.

Сайлау процесіндегі маңызды жаңалық аз ұлттардың өкілдігін қамтамасыз ету мақсатында Парламент Мәжілісінің 107 депутатының 9-ын тікелей Қазақстан халқы Ассамблеясының сайлауы болды, олар еліміздің 130-дан астам этностық топтарының мүдделерін білдіретін болады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасына сәйкес сайлауды ұйымдастыру, әзірлеу мен өткізу жөніндегі жауапты міндет Қазақстан Республикасының сайлау органдарына жүктелген, олардың қызметі сайлау процесінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге, саяси партиялар мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың барлығы үшін тең жағдайлар жасауға, азаматтардың сайлау құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға бағытталған.

Ортсайлаукомның барлық отырыстары ашық режимде өтеді, ал комиссияның барлық шешімдері жұртшылықтың назарына ұсынылады. Сайлауға қатысушы саяси партиялар өздеріне сайлау заңнамасы берген құқықты пайдаланып, өздерінің кеңесші дауыс құқығы бар өкілдерін Орталық сайлау комиссиясына жұмысқа жіберді.

Сайлау туралы заң мен БАҚ туралы заңның нормаларына сәйкес саяси партиялар мен олардың қызметі туралы ақпаратты таратуға толық еркіндік берілген.

Орталық сайлау комиссиясы сайлаушыларды өздерінің сайлауалды бағдарламалары туралы барынша кеңінен ақпараттандыру мақсатында саяси пікірсайыстар форматын барынша кеңейтті және саяси партияларға өздерінің сайлауалды тұғырнамаларын теледидарда, радиода, газеттерде және Интернет желісінде насихаттауы үшін қосымша мүмкіндіктер берді.

Жұртшылықты сайлау барысы және барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының қызметі туралы толық және жан-жақты ақпараттандыру үшін Орталық сайлау комиссиясы жанында баспасөз орталығы құрылды.

Тұтастай алғанда, Орталық сайлау комиссиясы мониторингін жүргізіп отырған бұқаралық ақпарат құралдарында 17 шілдеден бастап сайлау тақырыбындағы 2 500-ден астам мақалалар, ақпараттық материалдар басылып, эфирге 1000-нан астам сюжеттер шығарылып, веб-сайттарда 500-ге тарта материал орналастырылған.

Орталық сайлау комиссиясының ресми веб-сайтында бүкіл ел бойынша сайлаушылардың тізімдері орналастырылды. Сондай-ақ Ортсайлаукомның сайтында сайлау қорытындыларын орналастыру туралы шешім қабылданды.

Тұтастай алғанда, байқаушылар мен сарапшылардың бағалары бойынша сайлау алдындағы науқан жеткілікті дәрежеде мүлтіксіз және қолданыстағы құқық аясының шеңберінде өтуде, бұл саяси мәдениеттің артқанын айғақтайды.

Алдын ала қабылданған, барлық саяси партиялар мен кандидаттар үшін сайлау алдындағы үгітті жүргізудің тең жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар лайықты бағаланып отыр.

Сайлау науқанының басты және шешуші кезеңге - дауыс беру күніне жақындап қалуына байланысты сайлау комиссиялары мүшелерінің сайлау күнгі және сайлаушылардың дауыстарын санау кезеңіндегі нақты, үйлесімді, тек Заңға негізделген іс-қимылдарын қамтамасыз ету мәселесі ерекше өзекті сипатқа ие болып келеді. Оң үрдістерді бекіту және дамыту маңызды.

Ассамблеядан Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауды Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес жариялы, ашық және барлық сайлау рәсімдерін сақтай отырып, ұйымдастыруда.

Дауыстарды санау рәсімінің барынша ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету және байқаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау қорытындылары туралы ақпараттандыру мақсатында дауыстарды санау нәтижелері жөніндегі хаттамалардың көшірмелері сайлау учаскесiнің үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгіленген орынға iлiнедi және үй-жайда екi күн бойы ілулі тұруға тиіс.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес дауыстарды санау кезiнде қатысқан адамның қалауы бойынша оған комиссия төрағасы мен хатшысының қолдары қойылып, сайлау комиссиясының мөрiмен расталған хаттаманың көшiрмесi беріледi.

Сайлау комиссияларының мүшелері өз қызметін жүзеге асыра отырып, сайлау процесіне қатысушылардың барлығына қатысты сыпайылық пен ұстамдылық танытуға, бірақ бұл ретте сайлау процесіне қатысушылардан Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұлжытпай сақтауын талап етуге тиіс.

Орталық сайлау комиссиясы саяси партияларды, кандидаттарды, олардың сенім білдірілген адамдарын, сайлауалды штабтардың өкілдерін қолданыстағы заңнаманың нормаларын сақтауға, бір-біріне құрметпен және әдеппен қарауға шақырады.

Саяси партиялардың сайлау комиссияларының құрамындағы кеңесші дауыс құқы бар өкілдері де олардың жұмысына жауапты және сайлау заңнамасының барлық талаптарын орындауға міндетті.

Еркін және әділ сайлау өткізу - біздің ортақ міндетіміз бен мақсатымыз.

Сайлау комиссиялары өз іс-қимылдарында, шешімдер қабылдауда толығымен тәуелсіз және дербес екенін есте сақтаңыздар. Сайлау комиссияларының мүшелері мемлекеттің қорғауында болады және олардың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде айқындалған.

Сайлау учаскесінде заңға сәйкес құқығы бар адамдардан басқа бөгде адамдардың болуына жол беруге болмайды.

Орталық сайлау комиссиясы сайлау күні және оның алдындағы күні, яғни 2007 жылғы 17 және 18 тамызда кез келген сайлау алдындағы үгітке тыйым салынатынын естеріңізге салады. Сайлау комиссияларының үй-жайлары мен дауыс беруге арналған үй-жайлардан тысқары жерде бұдан бұрын ілінген үгіттік баспа материалдары сол орындарында сақтала алады.

Бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамдарын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулерді дауыс берілетін күн алдындағы бес күн ішінде және дауыс берілетін күні (яғни 2007 жылғы 13 тамыздан бастап 19 тамыз күнгі ноль сағатқа дейін) жариялауға жол берілмейді.

Сайлау күні дауыс берілетін үй-жайда қоғамдық пікірге сұрау салуға тыйым салынады.

Орталық сайлау комиссиясы жергілікті атқарушы билік органдарының назарын дауыс беру күні бүкіл сайлау учаскелерінің тиімді жұмыс жасауы үшін оларды үзіліссіз энергиямен, байланыспен жабдықтауды, қоғамдық тәртіпті күзетуді, қалыпты жағдайлармен қамтамасыз ету қажеттігіне аударады.


Құрметті байқаушылар!
Біздің еліміз қоғамды саяси реформалаудың жаңа кезеңіне қадам басты. Қазақстан Республикасының Конституциясы республиканың жоғары заң шығарушы органы – Парламент Мәжілісін қалыптастырудың жаңа қағидатын бекітті, жергілікті өкілді билік органдарының өкілеттіктерін кеңейтті.

Конституциялық реформалардың аясында еліміздің сайлау заңнамасына еркін, бәсекелі және әділ сайлаудың жалпыға танымал халықаралық стандарттарына негізделген, сайлау процесінің ашықтығын, азаматтардың Конституцияда кепілдік берілген сайлау құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ететін сайлау жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Осылайша, Қазақстанда адал және ашық сайлау науқанын өткізу үшін барлық жағдайлар жасалды, ең бастысы, саяси ерік пен нақты іс-қимылдар бар.

Қазақстан Республикасы сенімді нығайту жөніндегі шара ретінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға шет мемлекеттердің, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының, Шанхай ынтымақтастық ұйымының, басқа да халықаралық ұйымдардың байқаушыларын, шетелдік журналистерді шақырды, қазақстандық байқаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін қажетті жағдайлар мен мүмкіндіктер жасады.

Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасы байқаушылардың, саяси партиялар мен кандидаттардың сенім білдірілген адамдарының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сайлау процесінің барлық кезеңдеріндегі қызметінің тәртібін, құқықтары мен міндеттерін нақты реттейді.

Біз, байқаушылар Қазақстан Республикасы заңнамаларының нормаларын қатаң сақтап, байқауды ешбір нақты кандидатқа, саяси партияға артықшылық көрсетпей,объективті және бейтарап жүргізеді деп сенеміз.


Құрметті сайлаушылар!

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық сайлаушыларын 2007 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауға шақырады.

Сайлау күні бүкіл ел бойынша 9728 сайлау учаскелері жұмыс жасайтын болады. Оларда сіздер партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға, сондай-ақ облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға дауыс бере аласыздар.

Барлық деңгейдегі сайлау органдары дауыс беретін күні бүкіл сайлау рәсімдерін қатаң сақтауға тиіс. Сіздердің әрқайсыңызға дауыс беру құпиясы қамтамасыз етілетін болады.

Дауыстарды санау рәсімі барынша ашық, ал дауыс берудің алдын ала қорытындылары ең қысқа мерзімдерде жария етілетін болады.

18 тамызда Сіздердің басым көпшілігіңіз үш сайлау бюллетенінен алатындарыңызға Сіздердің назарларыңызды ерекше аударамыз. Біреуі - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауда саяси партияларға дауыс беру үшін, екіншісі - облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттарға дауыс беру үшін және үшіншісі - аудандық немесе қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттарға дауыс беру үшін.

Астана және Алматы қалаларының тұрғындары екі бюллетеньмен дауыс беретін болады. Біреуі - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауда саяси партияларға дауыс беру үшін және екіншісі - қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттарға дауыс беру үшін.

Сайлау бюллетеньдерін алу үшін Сіз учаскелік сайлау комиссиясының мүшелеріне жеке басыңызды куәландыратын құжатты – жеке куәлікті, уақытша жеке куәлікті, Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын көрсетуіңіз, ал шақыру бойынша әскери қызметін өтеп жүрген әскери қызметшілер әскери билетін көрсетулері қажет.

Сайлау бюллетеньдерін Сіз тек жасырын дауыс беруге арналған кабинада өз қолыңызбен толтыратыныңызды есте сақтаңыз. Қағаз бюллетеньдерді толтыру кезінде Сіз өзіңіз дауыс беретін партия атауының, кандидат тегінің оң жағындағы бос шаршының ішіне кез келген белгіні қойыңыз.

Бюллетеньге қарындашпен белгі қоюға, сондай-ақ қандай да болмасын түзетулер енгізуге жол бермеңіз. Мұндай бюллетеньдер жарамсыз деп танылады, ал, тиісінше, Сіздің дауысыңыз ескерілмейтін болады.

1512 сайлау учаскесінде дауыс беру сайлаушының таңдауы бойынша қағаз және электрондық сайлау бюллетеньдерін пайдалана отырып, жүзеге асырылатын болады.

Егер Сіз электрондық сайлау бюллетені арқылы дауыс беретін болып шешсеңіз, сайлаушының электрондық карточкасын алғаннан кейін дауыс беруге арналған кабинада карточканы дауыс беру терминалына салуыңыз, тілді, дауыс беру тақырыбын таңдауыңыз және саяси партия мен мәслихат депутаттығына кандидатқа дауыс беруіңіз керек.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы сіздерді елдің бүгіні мен болашағы үшін жоғары азаматтық белсенділік және жауапкершілік танытуға, сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауыңызды жасауға шақырады!

Біз - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлаудың ашық, адал және әділ өтуін қолдаймызпа! Сайлауға келіңіздер! Дауыс беріңіздер! Сіздің таңдауыңыз – Сіздің болашағыңыз!

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясы



2007 жылғы 16 тамыз




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет