«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты» мм



Дата16.07.2016
өлшемі36.81 Kb.
#202090
интернет-ресурсында орналыстырған 22.02.2016 г.


«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев

ауданы әкімінің аппараты» ММ

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына ішкі конкурс жариялайды.



1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жүмабаев ауданы Булаев қаласы әкімінің орынбасары

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты Е-G-1. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 122417 теңгеден 164889 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Өз құзыреті төңірегінде сайлауларды өткізу және дайындықты бақылауды жүзеге асырады. Қала жолдарын ұстау және жөндеуді, санитарлық ұстау, көгалдандыру және абаттандыру, жерді пайдалануды ұйымдастырады, азаматтық қорғаныс туралы заңнаманың орындалуымен, төтенше жағдайларды ескертумен, суларда қауіпсіздік және өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз етумен, қоғамдық тәртіпті нығайтуға байланысты сұрақтарды шешеді.

Қала әкімінің басқа да тапсырмаларын орындайды.Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Білімі жоғары: «құқық», немесе «әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес», немесе «техникалық ғылымдары және технологиялар» бейіндері бойынша.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

     1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;


      2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
      3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) нысандағы өтініш бойынша;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты ( біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішке конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте немесе электронды түрде электрондық почта мекен-жайына не E-gov» электронды Үкімет порталды немесе интегр ақпараттық жүйесі «е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктерілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан   мемлекеттік органда әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 30- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.



Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде (жариялаған мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурсында) қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 150800, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы Юбилейная көшесі 56, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты немесе mzhumabaeva-akimat@sko.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе интегр ақпараттық жүйесі «е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамаларды телефон 87153121449, факс 87153121557 арқылы алуға болады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет