Регламенті Жалпы ережелер «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою»



Дата12.07.2016
өлшемі70.13 Kb.
#194077
түріРегламент
Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 20 маусымдағы
№ А-5/257 қаулысымен  
бекітілді        

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) ауданның жергілікті атқарушы органдары, облыстық, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).


      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Орталық);
      3) «электронды үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды/қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі кезекке қою болып табылады, бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға кезектілік нөмірі көрсетілген қолхат беріледі.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі уәкілетті тұлғаның электронды цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электронды құжат нысанында «жеке кабинетке» жолданады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметшілерінің) әрекет ету тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 538 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы керек.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оның орындалу мерзімінің ұзақтығы:
      жауапты орындаушы құжаттарды қабылдайды құжатардың толықтылығын тексереді және тіркеуді жүзеге асырады – 15 минут. Нәтижесі – кезекке қою туралы анықтама.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      - көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
      7. Әрбір рәсімнің ұзақтылығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметшілер) арасында рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:
      жауапты орындаушы құжаттарды қабылдайды құжатардың толықтылығын тексереді және тіркеуді жүзеге асырады – 15 минут. Нәтижесі – кезекке қою туралы анықтама.
      Рәсімдердің (іс-қимылдың) кезеңділігін сипаттау осы Регламенттің 12-қосымшаларына сәйкес блок-схемамен және бизнес-процестерінің анықтамасымен сүйемелденеді.

4. Орталықпен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау



      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін, көрсетілетін қызметті алушы Орталыққа Стандарттың 9-тармағындакөрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады.
      Көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын растайтын, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерін Орталықтың қызметкері электронды цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық мәліметтер нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік қызмет көрсету мониторингісінің ақпараттық жүйесі арқылы алады.
      Орталық қызметкері құжаттар түпнұсқалығының дұрыстығын мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырады, одан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      9. Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін, көрсетілетін қызметті алушыға беріледі төмендегі деректерді көрсету арқылы тиісті құжаттарды қабылдап алғандығы туралы қолхат:
      өтінішті қабылдаған күні мен нөмірі;
      сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
      қоса ұсынылған құжаттардың саны мен атауы: күні (уақыты) және құжаттарды берген жері; құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.
      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру Орталықта «терезе» арқылы жеке өзі өтініш білдірген кезде жүзеге асырылады.
      11. Көрсетілетін қызмет алушы көрсетілген мерзімде қызметтің нәтижесіне өтініш білдірілмеген жағдайларда, Орталық оны бір айдың ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін Орталықтың мұрағатына тапсырады. Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда, Орталық қызметкерімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қызмет берушісіне жетіспейтін құжаттарды көрсету арқылы қолхат беріледі.
      12. Рәсімдердің реттілігін (іс-қимылдың) сипаттау осы регламенттің 2 қосымшасына сәйкес Орталық арқылы бизнес-процестерінің анықтамасымен сүйемелденеді.
      13. Көрсетілетін қызметті берушінің Портал арқылы әрбір қадамының әрекеті мен шешімі:
      1) көрсетілетін қызмет алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - ЖКН), сондай-ақ парольдің (Порталда тіркелмеген көрсетілетін қызмет алушылар үшін іске асырылады) көмегімен Порталға тіркеуді іске асырады;
      2) 1-процесс – қызмет алушы қызметті алу үшін Порталда ЖСН мен пароль енгізу процесі (авторизациялау процесі);
      3) 1-шарт – көрсетілетін қызмет алушының тіркелгені туралы ЖСН мен пароль арқылы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
      4) 2-процесс – көрсетілетін қызмет алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны Порталмен құрастыру;
      5) 3-процесс – көрсетілетін қызмет алушы осы Регламентте көрсетілген көрсетілетін қызметті таңдауы, көрсетілетін қызмет алушының нысанын оның құрылымы мен форматты талаптарын ескере отырып, толтыру және қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызмет алушы деректерін енгізуі, Стандарттың 9-тармағында көзделген электронды түрде қажетті құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ көрсетілетін қызмет алушы сұрауды куәландыру (таңбалау) үшін тіркеу куәлігін электронды-цифрлық таңбалуды (одан әрі - ЭЦТ) таңдауы;
      6) 2-шарт – тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін және қайтарып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқ екендігін, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестікті тексеру (сұрауда көрсетілген ЖСН арасында, және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН);
      7) 4-процесс – көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ түпнұсқалығын растамауға байланысты сұралған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 5-процесс – көрсетілетін қызмет берушінің сұрауын өңдеу үшін «электронды үкімет» өңірлік шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ АЖО) арқылы көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ (қолы қойылған) куәландырған (қызмет алушының сұрауын) электронды құжатты жолдау;
      9) 3-шарт – көрсетілетін қызмет алушының Стандартта көзделген және қызметтерді көрсету үшін негізделіп қоса берілген құжаттарын көрсетілетін қызмет берушінің тексеруі;
      10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында орын алған бұзушылықтарға байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама дайындау;
      11) 7-процесс – көрсетілетін қызмет алушы Порталмен қалыптастырылған (электронды құжат түрінде хабарлама) қызметтің нәтижесін алуы. Электронды құжат көрсетілетін қызмет берушінің өкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдаланумен қалыптасады.
      Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекет етуі осы Регламенттің 345-қосымшаларына сәйкес бизнес-процестерінің анықтамасымен және диаграммада келтірілген.

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына


жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы
(7 жасқа толмаған) балаларды кезекке
қою» мемлекеттік көрсетілетін   
қызметтің регламентіне 1-қосымша 

Әр рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсетумен құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлері) арасында рәсімнің (әрекеттің) жүйелілігінің блок-схемасы



«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына


жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы
(7 жасқа толмаған) балаларды кезекке
қою» мемлекеттік көрсетілетін   
қызметтің регламентіне 2-қосымша 

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы



«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына


жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы
(7 жасқа толмаған) балаларды кезекке
қою» мемлекеттік көрсетілетін   
қызметтің регламентіне 3-қосымша 

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы



«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына


жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы
(7 жасқа толмаған) балаларды кезекке
қою» мемлекеттік көрсетілетін   
қызметтің регламентіне 4-қосымша 

ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы функционалдық өзара әрекет етудің диаграммасы



«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына


жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы
(7 жасқа толмаған) балаларды кезекке
қою» мемлекеттік көрсетілетін   
қызметтің регламентіне 5-қосымша 

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет