Регламенті Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»



Дата03.07.2016
өлшемі331.1 Kb.
#174033
түріРегламент


2013 жылғы ______ №________

Тасқала ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген


«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»

электрондық мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер


1. «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Тасқала ауданы әкімдігінің білім бөлімі (бұдан әрі – уәкілетті орган) Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – Орталық), сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушы да электрондық цифрлы қолтаңба болған жағдайда «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 115 – 132-баптары, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңының 29-бабы, «Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

Уәкілетті органға жүгінген жағдайда:

1) мемлекеттік қызметті алушы жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бес жұмыс күнін (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) құрайды;

2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудің рұқсат берiлген ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;

3) жүгінген күні мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берiлген уақыты 20 минуттан аспайды;

4) анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелді жауап алған кезде кезек күтудің рұқсат берiлген уақыты 20 минуттан аспайды.

Портал арқылы жүгінген кезде:

мемлекеттік қызметті алушы жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бес жұмыс күнін құрайды.

Орталыққа жүгінген жағдайда:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі мемлекеттік қызметті алушының өтініш жасаған уақытынан бастап 3 жұмыс күнін құрайды (құжаттарды қабылдау және беру күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күту уақытының барынша ұзақтығы – 20 минуттан артық емес;

3) өтініш берген күні мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсету уақытының ұзақтығы – 20 минуттан аспайды.

4) анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелді жауап алу кезінде кезек күту уақытының ұзақтығы – 20 минуттан аспайды.

Портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі мемлекеттік қызметті алушының өтініш жасаған уақытынан бастап үш жұмыс күнін құрайды.

5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

6. Жұмыс кестесі:

1) уәкілетті органға жүгінген жағдайда – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін; қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;

2) орталыққа жүгінген жағдайда – мемлекеттік қызмет еңбек заңнамасы бойынша демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз көрсетіледі.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электронды кезек күту» тәртібімен жүзеге асырылады.

Көшпелі орталықтар құжаттар қабылдауды орталық бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырады, бірақ бір елді мекенде алты жұмыс сағатынан кем болмайды;

3) порталда – тәулік бойы.

7. Қызметті автоматтандыру дәрежесі: автоматтандырылған.

8. Мемлекеттік қызметті көрсету түрі: транзакциялық.

9. Осы регламентте қолданылатын түсініктер және қысқартулар:

1) аймақтық «электрондық үкімет» шлюзі (әрі қарай - АЭҮШ) – электрондық қызметті жүзеге асыру аясында «электрондық үкімет» ақпараттық жүйесін шоғырландыруға арналған «электронды үкімет» шлюзі жүйесі;

2) ақпараттық жүйе - аппараттық-бағдарламалық кешендi қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, iздеу, тарату, тапсыру және ұсынуға арналған жүйе (әрі қарай - АЖ);

3) АЖО- автоматталған жұмыс орны;

4) жеке сәйкестендiру нөмiрi - жеке тұлға, оның iшiнде жеке кәсiпкерлiк түрiнде өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын жеке кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр (әрі қарай – ЖСН);

5) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер жиынтығы – Қазақстан Республикасында жеке тұлғаларды біртұтас сәйкестендіруді енгізу мақсатында жеке сәйкестендіру номерлерінің ұлттық тізімін құру, автоматтандырылған ақпарат жинау, сақтау, өңдеуге және олар туралы мемлекеттік органдарға және өзге де субъектілерге олардың өкіліттіліктеріне қарай және Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзекті және нақты мәліметтерді ұсынуға арналған ақпараттық жүйе (әрі қарай- ЖТ МДЖ);

6) құрылымдық - функционалдық бірліктер (әрі қарай- ҚФБ) – қызмет көрсету үдірісіне қатысушы мемлекеттік органдардың, мекемелердің немесе өзге де ұйымдардың, ақпараттық жүйелердің құрылымдық бөлімшілердің тізімі;

7) пайдаланушы – ақпаратты жүйеге оған қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алуға жүгінген және оларды пайдаланатын субъект (алушы, қызмет көрсетуші);

8) тұтынушы – электронды мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;

9)транзакционды қызмет көрсету - электронды сандық қолтаңбаны қолданумен өзара ақпарат алмасуды талап ететін тұтынушыларға электронды ақпарат ресурстарын ұсыну бойынша қызмет;

10) халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесі (әрі қарай-ХҚКШАЖ) - Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтары санымен қатар тиісті және министрліктер мен ведомстволар арқылы халыққа қызмет ұсыну үрдістерін автоматтандырылуға арналған ақпараттық жүйе;

11) «электрондық үкімет» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің біртұтас терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

12)электрондық цифралық қолтаңба (әрі қарай – ЭЦҚ) – электрондық цифралық қолтаңбаның құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнның тұрақтылығын растайтын электрондық сандық таңбалардың жиынтығы;

13) «электрондық үкiмет» шлюзi (әрі қарай – ЭҮШ) – электрондық қызметтi iске асыру аясында «электрондық үкiметтiң» ақпараттық жүйесiн интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе;

14) электрондық құжат – ақпарат электрондық-сандық нысанда берілген және ЭСҚ арқылы куәландырылған құжат;

15) электрондық мемлекеттік қызмет – ақпарат технологияларды қолданушы электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызмет;


2.Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызмет

берушінің қызмет тәртібі.


10. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы немесе оның өкілетті өкілі сенімхат бойынша мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:

уәкілетті органға:

1) қорғаншылықты (қамқоршылықты) тағайындау туралы жергілікті атқарушы органдар шешімдерінің көшірмесі;

мынадай:


2) мемлекеттік қызметті алушының (қорғаншының (қамқоршының) жеке басын растайтын құжаттың;

  1. баланың туу туралы куәлігінің (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда);

  2. мекен-жай анықтамасы туралы мәлімет.

Мемлекеттік электрондық ақпарат ресурстары болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден Халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлы қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен қоса беріледі, кейін олар өтініш берушіге қайтарылады;

орталыққа:

1) қорғаншылықты (қамқоршылықты) тағайындау туралы жергілікті атқарушы органдар шешімдерінің көшірмесі;

мынадай:

2) мемлекеттік қызметті алушының (қорғаншының (қамқоршының) жеке басын растайтын құжаттың;

3) баланың туу туралы куәлігінің (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда);

4) мекен-жай анықтамасы туралы мәлімет.

Мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілдерінің біреуі) жеке басын куәландыратын құжаттардың, баланың туу туралы куәлігі туралы мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді орталық қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы электронды цифрлы қол қойылған электронды құжаттар нысанында алады.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар кейін мемлекеттік қызметті алушыға қайтарылады.

порталда:

электрондық цифрлы қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжаттар нысанындағы сұраныс;

қорғаншылықты (қамқоршылықты) тағайындау туралы жергілікті атқарушы органдар шешімдерінің көшірмесі – сканерленген көшірме түрінде электронды сұранысқа тіркеледі;

мынадай:


мемлекеттік қызметті алушының (қорғаншының (қамқоршының) жеке басын растайтын құжаттың;

баланың туу туралы мәліметтері (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда) не анықтама сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;

тұрғылықты жерінен мәліметтер не анықтама сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі.

Мемлекеттік электрондық ақпарат ресурстары болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден Халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлы қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжаттар нысанында алады

11. ЭҮП арқылы қызмет берушінің адымдық әрекеттері мен шешімдері (қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың №1- диаграммасы) осы Регламенттің 4 қосымшасында келтірілген:

1) тұтынушы ЖСН және паролі арқылы ЭҮП-на тіркеледі (ЭҮП тіркелмегендер үшін жүзеге асырылады).

2) 1-үдеріс – қызметті алу үшін тұтынушының ЭҮП-на және парольді енгiзу (авторизациялау үдерісі) үдерісі;

3) 1-шарт – ЖСН және пароль арқылы ЭҮП-на тіркелген тұтынушы туралы деректердің тұпнұсқалығын тексеру;

4) 2-үдеріс –тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты ЭҮП –ға авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

5) 3-үдеріс – тұтынушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, тұтынушының (ақпаратты енгізу) нысанды толтыруы үшін сұрау салу нысанын экранға шығару, сұраныс формасына қажетті құжаттардың көшірмелері регламентің 10 тармағында көрсетілген;

6) 4-үдеріс –ЭҮП-да тұтынушының сәйкестендіру деректерімен тіркелген ЭЦҚ куәлігінің әрекет ету мерзімі және оның кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктері тізімінде болмауы туралы мәліметтерді сұрау;

7) 2-шарт – ЭҮП-да тұтынушының сәйкестендіру деректері мен тіркелген ЭЦҚ куәлігінің әрекет ету мерзімі және оның кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктері тізімінде болмауы туралы мәліметтерді тексеру;

8) 5-үдеріс тұтынушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

9) 6- үдеріс – қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысаны (енгізілген деректерді) тұтынушының ЭЦҚ арқылы бекіту (қол қою);

10) 7-үдеріс –қызмет көрсетушінің өндеуі үшін АЭҮШ АЖО –да ЭҮШ арқылы тұтынушының ЭЦҚ бекітілген (қол қойылған) электронды құжаттарды (тұтынушының сұранысын) бағыттау;

11) 3 шарт – қызмет көрсетушінің регламентің 10 тармағында көрсетілген және қызмет көрсетуге негіз болатын тұтынушы ұсынған құжаттардың сәйкестігін тексеруі;

12) 8-үдеріс –тұтынушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұраныс салныған қызмет көрсетудің бас тарту туралы хабарламаны ЭҮП- да қалыптастыру;

13) 9-үдеріс –тұтынушының ЭҮП-да қалыптастырған қызмет көрсету нәтижесін алуы (электронды құжат түріндегі хабарлама). Электронды құжат қызмет көрсетушінің өкілетті тұлғаның ЭУҚ пайдалану арқылы қалыптасады.

12. АЭҮПШ АЖО арқылы қызмет көрсетушінің адымдық әрекеттері мен шешімдері (қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттердің №2-диаграммасы) осы Регламенттің 4-қосымшасында келтірілген:

1) 1-үдеріс – қызмет көрсетушінің қызметкерімен қызмет көрсету үшін АЭҮШ АЖО-да ЖИН және парольді (авторизациялау үдерісі) енгізу;

2) 2-үдеріс – қызмет көрсетушінің қызметкерімен осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, экранға қызмет көрсету үшін сұраныс нысанын шығаруы және тұтынушының мәліметтерін енгізуі;

3) 3-үдеріс – ЭҮШ/АЭҮШ арқылы ЖТ МДЖ-на тұтынушының деректері туралы сұранысты жолдау;

4) 1 шарт - ЖТ МДЖ-да тұтынушы деректерінің болуын тексеру;

5) 4-үдеріс - ЖТ МДЖ-на тұтынушының деректері жоқтығына байланысты ақпаратты алудың мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;

6) 5-үдеріс –қызмет көрсетушунің құжаттардың болуы туралы белгіні салу бөлігі бойынша қағаз үлгіде сұраныс нысанын толтыруы және тұтынушы ұсынған құжаттарды сканерден өткізуі, оларды сұраныс нысанына тіркеуі, сонымен қатар қызмет көрсетуші, қызметкерінің сұранысты бекітуі (қол қоюы) үшін тіркелген ЭСҚ куәлігін тандауы;

7) 6-үдеріс –АЭҮШ АЖО электронды құжаттарды тіркеу және АЭҮШ АЖО қызметтерді өңдеу;

8) 2-шарт – қызмет көрсетушінің 3-үдерісте көрсетілген және қызмет көрсету үшін негіз болатын, тіркелген құжаттардың сәйкестігін тексеруі;

9) 7-үдеріс – тұтынушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

10) 8-үдеріс – тұтынушының АЭҮЖ АЖО қалыптастырылған қызмет қызмет көрсету нәтижесін алуы (электронды құжат үлгісіндегі хабарлама). Электрондық қызмет көрсетушінің өкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалануы арқылы қалыптастырылады.

13. Қызмет көрсетушінің ХҚКО арқылы адымдық әрекеттері мен шешімдері (қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттердің №3 – диаграммасы) осы Регламенттің 3– қосымшасында келтірілген:

1) 1-үдеріс – ХҚКО АЖ-де орталық операторының қызметті алуы үшін ЖСН мен парольді (авторизациялау үдерісі) енгізу үдерісі;

2) 2-үдеріс – Орталық операторының осы регламентте көрсетілген, қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын экранға шығаруы және нысанды оның құрылымы мен форматтың талаптарын ескере отырып, толтыруы (деректерді енгізуі), сұраныс нысанына қажетті құжаттар көшермелерін 3-үдерісте көрсетілген электрондық үлгіде тіркеуі, сонымен қатар Орталық операторы сұранысты бекітеді (қол қояды);

3) 3-үдеріс – Орталық операторы ЭЦҚ бекітілген (қол қойылған) электронды құжатты ЭҮШ арқылы АЭҮШ АЖО-на бағыттау;

4) 1-шарт – Орталық операторының тұтынушы ұсынған регламенте көрсетілген және қызмет көрсету үшін негіз болатын құжаттардың сәйкестігін тексеру;

5) 4-үдеріс –АЭҮШ АЖО тұтынушы құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

6) 5-үдеріс – тұтынушының ХҚКО АЖ-нен қағаз анықтама түрінде қызмет көрсету нәтижесін алуы.

14. Қызмет көрсету үшін сұраныс нысанын толтыру бойынша іс-әрекеттердің сипаттамасы:

1) тұтынушының ЭҮП, АЭҮШ АЖО, ХҚКО АЖ кіру үшін ЖСН мен паролін енгізуі;

2) осы регламентте көрсетілген қызмет түрін таңдау;

3) «On-line қызметіне сұраныс беру» тетігі арқылы қызметке тапсырыс беру;

4) сұранысты толтыру және қажет құжаттарды электрондық нұсқада тіркеу;

- ЖСН тұтынушының ЭҮП, АЭҮШ АЖО тіркелу нәтижесі бойынша автоматты түрде таңдалады;

- тұтынушы «сұраныс жіберу» тетігі арқылы сұранысты бекіту (қол қоюға) көшеді;

5) тұтынушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

6) сұранысты бекіту (қол қою) – тұтынушы «қол қою» тетігі арқылы сұранысты ЭЦҚ бекітуді (қол қоюды) жүзеге асырады, содан кейін сұраныс АЭҮШ АЖО-на өндеуге жіберіледі;

7) АЭҮШ АЖО-да сұранысты өңдеу;

8) тұтынушыда экран бетінде келесі мәліметтер шығады: ЖСН, сұраныс номірі; қызмет түрі; сұраныс мәртебесі; қызмет көрсету мерзімі;

- «мәртебені жаңалау» тетігі арқылы тұтынушыға сұранысты өндеу нәтижесін қарауға мүмкіндік беріледі;

- ЭҮП жауап түскен соң «нәтижені қарау» тетігі пайда болады.

15. Сұраныс өңделгеннен кейін тұтынушыға сұранысты өндеу нәтижелерін қарауға келесі түрде мүмкіндік туады:

- «ашу» тетігін басқаннан кейін- сұраныс нәтижесі экран бетіне шығады;

- «сақтау» тетігін басқаннан кейін – сұраныс нәтижесі Adobe Acrobat форматында тұтынушы берген магниттік тасымалдағышқа сақталады.

16. Қызмет көрсету бойынша қажет мәліметтер мен кеңестерді саll – орталығы телефоны бойынша (1414) алуға болады.
3.Мемлекеттік қызмет көрсету

үдерісіндегі өзара әрекеттестік тәртібінің сипаттамасы


17. Қызмет көрсету үдерісіне қатысатын ҚФБ:

Тұтынушы;

Қызмет көрсетуші;

Орталық операторы;

ЭҮП;

ЭҮШ


АЭҮШ

АЭҮШ АЖО;

ХҚКО АЖ;

ЖТ МДЖ


18. Әрбір әрекеттің орындалу мерзімі көрсетіле отырып, ҚФБ әрекеттерінің (үдерістері, қызметтері, үрдістері) кезектілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламенттің 3 қосымшасында келтірілген;

19. ҚФБ әрекетінің қисынды кезектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін олардың сипаттамаларына сәйкес осы регламенттің 3- қосымшасында келтірілген.

20. Регламентің 5 қосымшаларында қызмет көрсету нәтижесі көрсетілуі тиіс нысандар, бланктер үлгілері келтірілген.

21.Тұтынушыға қызмет көрсету нәтижелері осы регламенттің 6-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

22.Тұтынушыларға қызмет көрсету үдерісіне қойылатын талаптар:

1) құпиялылық (ақпаратты басқа біреудің заңсыз алуын қорғау);

2) тұтастық (ақпаратты басқа адамдардың заңсыз өзгертуінен қорғау);

3) қолжетімділік (ақпараттарды және ресурстарды басқа біреудің заңсыз ұстап тұруынан қорғау)

23. Қызмет көрсетудің техникалық шарттары:

1) ғаламторға шығу;

2) қызмет көрсетілетін тұлғада ЖСН болуы;

3) ЭҮП авторизациялануы;

4) Тұтынушыда ЭЦҚ болуы;

5) банк есеп карточкасының болуы немесе екінші деңгейдегі банктерде ағымдық есепшотының болуы.

24. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.

Қорғаншылық және қамқоршылық

жөнінде анықтама беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

1-қосымша
Білім бөлімінің мекен-жайы


Р/с№

Бөлімдердің атауы

Орналасқан мекенжайы

Байланыс телефондары

1

2

3

4



«Тасқала ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23

8(711 39) 20-6-83



«Қорғаншылық және қамқоршылық

жөнінде анықтама беру» мемлекеттік

қызмет көрсету регламентіне

2-қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталығының мекен-жайы





Р/с№

Орталықтар атауы (филиалдар, бөлімдер, бөлімшелер)

Орналасқан мекенжайы

Байланыс деректері

1

2

3

4




  1. 1

Тасқала ауданы бойынша бөлім

Тасқала ауылы, Вокзальная көшесі, 6

8 (7113) 92-23-98

8 (7113) 92-19-79






«Қорғаншылық және қамқоршылық

жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет

көрсету регламентіне

3-қосымша


1- кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ әрекеттерін сипаттау


1

Әрекет № (барысы, жұмыс ағыны)

1

2

3

4

5

6

7


2

ҚФБ атауы

Тұтынушы

ЭҮП

Тұтынушы

ЭҮП

Тұтынушы

ЭҮП

ЭҮП

3

Әрекет атауы (үрдіс, рәсім, операция) және олардың сипаттамасы

ЭҮП –да ЖСН және паролі арқылы авторизацияланады

Тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады;

Қызмет көрсету түрін таңдайды және сұраныс деректерін қалыптастырады ЭСҚ таңдайды

Тұтынушының ЭСҚ деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады;

Тұтынушының ЭСҚ арқылы бекітуге (куәландыруға) сұраныс жібереді

Тұтынушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады

Тұтынушының қызмет көрсетудің нәтижесін алуы

4

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық- басқарушылық шешім)

Қызметті алу үшін өтінішті және құжаттарды ұсынады

Өтініш нөміріне сәйкес сұранысты тіркейді

Сұрау салуды бағдарлайды

Түскендердің мәртебесін көрсетеді

Анықтаманы берумен қызмет көрсетудің оң нәтижесін қалыптастыру, не себебі көрсетілген бас тарту берумен жауапты қалыптастыру;

Шығыс құжаттарын және сұраныстың орындалу мәртебесін қалыптастыру




5

Орындалу мерзімі

30 сек - 1 минут аралығы

30 секунд

1,5 минут

1,5 минут

30 сек - 1 минут

1 минут

15 минут

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2- егер тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болса; 3 – авторизация сәтті өтсе

-

4-егер тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болса; 5-қате жоқ болса

-

6 – қызмет көрсетушінің ұсынылған құжаттардың тұпнұсқалығын тексеруі






2-кесте. ҚФБ қызмет көрсетуші арқы әрекеттерінің сипаттамасы




1

Іс-әрекет (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3

4

5

6

7

8


2

ҚФБ атауы

Қызмет көрсетуші

Қызмет көрсетуші

Қызмет көрсетуші

ЖТ МДЖ

Қызмет көрсетуші

АЭҮШ АЖО

Қызмет көрсетуші

АЖО ЭҮАШ

3

Іс-әрекеттің (үдерiстiң, рәсiмдеудiң, операцияның) атауыжәнеолардыңсипаттамасы

ЖСН және пароль арқылы АЭҮШ АЖО авторизациялаудан өтеді

Қызмет көрсетуші қызметкерінің қызмет көрсету түрін таңдауы


ЖТ МДЖ өтініш берушінің мәліметтеріне сұраныс жолдау

ЖТ МДЖ мәліметтердің жоқтығы туралы хабарлама жасақтау

Сканерден өткізілген құжаттарды тіркеумен сұраныс нысанын толтыру

Қызмет көрсетушінің тіркелген құжаттардың сәйкестігін тексеруі

Қызметкердің АЭҮШ АЖО арқылы қызмет көрсетуді тіркеуі және өңдеуі

Тұтынушының қызмет көрсетудің нәтижесін алуы

4

Аяқтаунысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық -басшылықетушешiмi)

























5

Орындаумерзiмдерi

10-15 сек

10 сек

1,5 минут

-

-

1,5 минут

1,5 минут

15 минут

6

Келесi іс-әрекетің нөмiрi

-

-

4-егер қате болса, 5- егер қате болмаса

5

6-егер қате болса, 7- егер қате болмаса

-

-

-

3-кесте ҚФБ ХҚКО арқылы әс-әрекетінің сипаттамасы




1

Іс-әрекет (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3

4

5

2

ҚФБ атауы

ХҚКО АЖ

Орталық операторы

ХҚКО АЖ

АЭҮШ АЖО

ХҚКО АЖ

3

Іс-әрекеттің (үдерiстiң, рәсiмдеудiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

ЖСН мен пароль арқылы ХҚКО АЖ авторизациялаудан өтеді

Қызмет түрін таңдайды және мәліметтерді жасақтайды

орталық операторының АЭҮШ АЖО –де ЭСҚ таңдау арқылы сұраныс жолдауы

Тұтынушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты бас тарту туралы хабарлама жасақтау

тұтынушының қызмет көрсету нәтижесін алуы

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық -басшылық ету шешiмi)

Сұранысты сәтті қалыптастырылғаны немесе бас тарту туралы хабарламаны көрсетеді




ЭҮП –на хабарлама жібереді

Мәртебесін көрсету

Жұмысқа қабылдау

5

Орындаумерзiмдерi

30 сек-1 мин

30 сек

1,5 мин

1,5 мин

1 минут

6

Келесi іс-әрекетің нөмiрi

-

-

4-егер қате болса, 5- егер қате болмаса

-

-

«Қорғаншылық және қамқоршылық

жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет

көрсету регламентіне

4-қосымша
ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы


орта













ЭҮП АЖ




1-үдеріс

3-үдеріс

4-үдеріс

6-үдеріс

7-үдеріс

9-үдеріс





2-үдеріс


5-үдеріс

8-үдеріс













Сұраныс




Қызметті тұтынушы

Қ



ызмет көрсетуші арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезінде

функционалдық өзара іс-әрекеттердің № 2 диаграммасы

Қызмет көрсетуші арқылы электрондық қызметті көрсету кезінде


функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы



АЭҮШ/АЖО






АЭҮШ ФЖО






3-үдеріс

6-үдеріс

8-үдеріс

2-үдеріс

5-үдеріс


1-үдеріс




4-үдеріс

7-үдеріс















Қызмет ұсынушы
Сұраныс


ЭҮП арқылы ішінара автоматтандырылған электрондық қызметті көрсету кезінде

функционалдық өзара іс-қимылдың № 3 диаграммасы


ХҚКО АЖ




ХҚКО АЖ




1-үдеріс

2-үдеріс

3-үдеріс

5-үдеріс






4-үдеріс











Орталықтың операторы



Сұраныс



Шартты белгілер:





Бастапқы хабарлама



Аяқтаушы хабарлама



Аралық хабарлама



Аяқтауыш қарапайым оқиға



Қате



Ақпараттық жүйе



Үдеріс



Шарт



Басқару ағыны




Хабарлама ағыны



Соңғы тұтынушыға ұсынылатын электронды ы құжат

«Қорғаншылық және қамқоршылық

жөнінде анықтама беру»

регламентіне 5-қосымша


АНЫҚТАМА № ______

Осы анықтама
__________________ қаласы
___________________________ көшесі,
№____ үй, №____ пәтерде тұратын
азамат (азаматша)______________________________________________ берілді,
ол шын мәнінде (қала, аудан) әкімінің
200__ жылғы «___» ____________ № ________ шешіміне сәйкес
19____ жылғы «___» ____________ туылған _____________________________
және оның мүлкіне (мүлкінің тізімдемесі істе тігулі, мүлкі жоқ) қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалды.

Қорғаншыға (қамқоршыға) қамқорлыққа алынушыны тәрбиелеу, оқыту, қоғамдық пайдалы қызметке даярлау туралы, оның жеке мүліктік құқықтарын қорғау және сақтау, сотта және барлық мемлекеттік мекемелерде арнайы өкілеттіксіз оның өкілі болу міндеті жүктеледі.

Аудандық, қалалық білім

бөлімінің бастығы ___________________________Т.А.Ә.

____________________________________

«Қорғаншылық және қамқоршылық

жөнінде анықтама беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

6-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсетудің «сапа» және «қолжетімділік» көрсеткіштерін анықтауға арналған сауалнама нысаны

_______________________________________________________
(қызметтің атауы)


1. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің сапасына және нәтижесіне қанағаттанасыз ба?

1) қанағаттанған жоқпын;

2) ішінара қанағаттанамын;

3) қанағаттанамын.
2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанағаттанасыз ба?

1) қанағаттанған жоқпын;



2) ішінара қанағаттанамын;

3) қанағаттанамын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет