Қаралатын құқықтық қатынастарды реттеу және заң қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар бойынша шет елдердің тәжірибелерін қоса алғанда, заң жобасының негізгі ережелері бойынша ақпарат;
Заң жобасын қабылдаудың мақсаты экономиканың мемлекеттік секторына корпоративтік басқару элементтерін енгізу, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің ашықтығын арттыру арқылы республикада заңнамаларды жетілдіру болып табылады. Білім беру және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік кәсіпорындарда қадағалау кеңестерін құру жолымен оларда корпоративтік басқару элементтерін енгізу мемлекеттік кәсіпорын мен оның басшылығының қызметіне мемлекеттік бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.
Заң жобасын қабылдау шаруашылық басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында қоғамдық бақылау қағидаттарын енгізудің құқықтық негіздерін айқындауға мүмкіндік береді.
Заң жобасы: 1) мемлекеттік кәсіпорындардың қадағалау кеңесінің құқықтары мен міндеттерін; қадағалау кеңесі бар мемлекеттік кәсіпорындарды басқаруды, тағайындауды; мемлекеттік кәсіпорынның қадағалау кеңесінің отырыстарын жүргізу тәртібін айқындайды; 2) білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік кәсіпорындардың халыққа сапалы қызмет көрсетуінің тиімді тетігін қалыптастырады; 3) білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін, соның ішінде бюджет қаражатын пайдалану туралы ақпараттың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етеді; кадр саясатының тиімділігін қамтамасыз етеді.
Заң жобасында қадағалау кеңесінің құзыреті, оның мемлекеттік басқару органымен және мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен нақты өзара қарым-қатынасы мен білім беру және олардың денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік кәсіпорындарда қоғамдық бақылау жүргізуді қамтамасыз ету жауапкершілігін белгілеуді айқындайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қадағалау кеңесіне, атап айтқанда қадағалау кеңесін құру және сайлау тәртібіне, қадағалау кеңесінің төрағасы мен мүшелерін сайлауға қатысты құзыреті айқындалады.
Заң жобаны әзірлеу кезінде Ресей Федерациясының автономиялық мекемелерге қатысты тәжірибесі үлгі ретінде алынды.
«Автономиялық мекемелер туралы» федералдық заңға сәйкес бюджеттік ұйымдардың жаңа түрі - автономиялық мекеме пайда болды.
Заңға сәйкес автономдық мекеме оның бастапқы мекемесі арқылы не қазіргі мемлекеттік немесе муниципальдық мекеменің түрін өзгерту арқылы жасалуы мүмкін.
Автономиялық мекемелердің үлкен дербестігі олардың жетекшілерінен үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Автономиялық мекемелердің қызметіне бақылауды, құрамына нақты мекемелердің өкілдері сияқты сонымен бірге атқарушы мемлекеттік билік органдарының немесе муниципалды білім беру әкімшілігінің өкілдері, сонымен қатар сәйкес сала қызметінде еңбегі бар қоғам өкілдері кіретін қадағалау кеңесі жүзеге асырады,
Заңды қабылдау мынадай құқықтық және экономикалық салдарларға алып келеді:
1) білім беру және денсаулық саласындағы қадағалау кеңесі бар мемлекеттік кәсіпорындарды басқарудың нақты құқықтық негіздерін, қағидаттары мен ережелерін айқындайтын заңнамалық база жасауға;
2) мемлекеттік кәсіпорын қызметінің, оның жетекшілерінің, қызметтеріне мемлекеттік бақылаудың күшеюі;
3) білім беру және емдеу-тексеру үдерісі қатысушыларының өмірі және қызметінің, тәрбиесінің, білім беру сапасының жақсаруы, білім беру мен медициналық қызмет көрсетудің ұсынылуына, мемлекеттік кәсіпорындардың үзіліссіз жұмыс істеуі мен дамуына;
4) білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базаның жетілдірілуі;
5) бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттардың мақсатты шығындалуына қоғамдық бақылаудың күшеюі.
Достарыңызбен бөлісу: |