Регламенті Жалпы ережелер Осы «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру»



Дата21.06.2016
өлшемі101.4 Kb.
#151344
түріРегламент



2013 жылғы 14 ақпандағы №23

аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген

«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін

растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті


1.Жалпы ережелер
1. Осы «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының  9-1-бабы 4-тармағына сәйкес жасалған.

2. «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) «Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттiк мекемесiмен көрсетiледi (бұдан әрi – уәкілетті орган).

Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаған кезде ауылдық округтің әкімі тұтынушыдан құжаттарды қабылдайды.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» қаулысына сәйкес көрсетіледі (бұдан әрі - Стандарт).

5. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында http:/www.enbek.gov.kz, уәкілетті органның, ауылдық округ әкімінің стендтерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.

Уәкілетті органның мекен-жайы: индекс 090900, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, 11/1, электрондық пошта:syrym_rozisp@mail.ru, телефоны: 8(71134) 31347.

Ауылдық округ әкімі аппараттарының мекен-жайлары осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушылар) көрсетіледі.

7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алушыларға мемлекеттік қызмет алушының (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама (бұдаен әрі - анықтама), не қызметтен бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібінің талаптары
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет алушы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 15 минуттан аспайды;

2) мемлекеттік қызмет алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты бір тұтынушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

3) мемлекеттік қызмет алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты 15 минуттан аспайды.

9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

10. Уәкілетті органның және ауылдық округ әкімінің жұмыс кестесі демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін.

11. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша орындықтар, үстелдер, толтырылған бланкілердің үлгілерімен ақпараттық стенділер бар, мүмкіндіктері шектеулі мемлекеттік қызмет алушыларға қызметі үшін жағдайлар көзделген уәкілетті органның немесе селолық округ әкімінің үй-жайында көрсетіледі.

Уәкілетті органның немесе ауылдық округ әкімінің үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздік, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сай келеді, үй-жай режимі – еркін.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушылар Стандарттың 11-тармағына айқындалған құжаттарды тапсырады.

13. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:

1) ауылдық округ әкімі;

2) уәкілетті органның қызметкері;

3) уәкілетті органның басшысы.

15. Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы Регламенттің 3-қосымшасына сәйкес берілген.


4. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
17. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жауапкершілікке тартылады.     

«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға

өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін

растайтын анықтама беру» мемлекеттiк қызмет


көрсету регламентіне 1-қосымша


Ауылдық округтер әкімі аппараттарының мекен-жайлары


Р/с №

Сырым ауданындағы ауылдық округ әкімі аппараттарының атаулары

Орналасқан мекен - жайы

Байланыс деректерi

1.

«Жымпиты ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090900, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, 12

871134-31-218

871134-31-308



2.

«Бұлан ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090903, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Бұлан ауылы, Школьная көшесі, 1

871134-31-221

871134-21-997



3.

«Алғабас ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090901, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Алғабас ауылы Советская көшесі, 19

871134-99-127

871134-99-135



4.

«Шолақаңқаты ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090912, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Тоғанас ауылы Коммунистическая көшесі, 1

871134-97-236

871134-97-221



5.

«Аралтөбе ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090902, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Аралтөбе ауылы Абай көшесі, 1

871134-31-215

871134-95-148



6.

«Талдыбұлақ ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090910, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылы Коктобе көшесі, 5

871134-52-157

871134-52-158



7.

«Елтай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090911, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Тасқұдық ауылы Сырым Дат Ұлы көшесі, 1

871134-52-236

871134-52-237



8.

«Қособа ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090907, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Қособа ауылы, Қособа көшесі 279

871134-31-220

871134-93-337



9.

«Сарой ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090908, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Шағырлой ауылы Советская көшесі, 5

871134-92-178

871134-92-123



10.

«Жосалы ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090909, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Қоңыр ауылы Жумагалиева көшесі, 1

871134-91-117

871134-91-112



11.

«Жетікөл ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090906, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Қосарал ауылы Комсомольская көшесі, 1

871134-90-413

871134-90-465



12

«Бұлдырты ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090904, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Бұлдырты ауылы Маметов көшесі, 1

871134-92-329

871134-92-350




«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға

өтініш берушінің (отбасының)

тиесілігін растайтын анықтама беру»

мемлекеттiк қызмет регламентіне

2-қосымша
Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы


іс -әрекет (барысы, жұмыс ағыны)

ҚФБ-1

Ауылдық округ әкімі




ҚФБ -2

Уәкілетті органның қызметкері

ҚФБ -3

Уәкілетті органның басшысы

1 іс-әрекет
Арызды қабылдайды, құжаттарды тексереді, тіркейді


1 іс-әрекет
Арызды қабылдайды, құжаттарды тексереді, тіркейді


1 іс-әрекет
Мемлекеттік қызметтің қорытындыларына қол қою және уәкілетті органның қызметкеріне жіберу



2 іс-әрекет
Анықтамаға қол қою немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауап

2 іс-әрекет
Анықтамаға қол қоюға немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты уәкілетті органның басшысына жіберу және дайындау


3 іс-әрекет
Мемлекеттік қызметті алушыға анықтама немесе мелекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты береді


3 іс-әрекет
Мемлекеттік қызметті алушыға анықтама немесе мелекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты береді


Орындау мерзімі 15 минуттан аспайды





«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға

өтініш берушінің (отбасының)

тиесілігін растайтын анықтама беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

3-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба














Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет