Регламенті Жалпы ережелер «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»



Дата07.07.2016
өлшемі221.53 Kb.
#182963
түріРегламент
Шахтинск қаласы әкімдігінің

2013 жылғы «___» _______

№ ______ қаулысымен

бекітілген

«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»

мемлекеттік қызметінің регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызметін көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент).

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызметтерінің стандарттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1128 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер стандартының, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтері туралы» Заңының 1 бап, 49) тармақшасының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2008 жылғы 6 мамырдағы № 425 қаулысының негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет республика маңызы бар қаланың, астананың, облыс маңызы бар қалалардың, аудандардың сәулет және қала құрылысы бөлімдерімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) және мекенжайлары осы регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен (бұдан әрі – Орталық) жүзеге асырылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі осы регламенттің 3 қосымшасына сәйкес қағаз тасымалдағышта тіркеу кодын көрсетіумен, инженерлік және коммуникациялық көздеріне қосылуға техникалық талаптарды міндетті түрде қоса берумен (егер оларды алу қажеттілігі болса), сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру немесе электронды құжат үлгісіндегі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – өтініш беруші) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

Өтініш беруші уәкілетті органға өтінген кезде:

1) осы Регламенттің 10 тармағында ескерілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күн ішінде;

2) осы Регламенттің 10 тармағында ескерілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап – келесі құрылыс объектілері үшін 15 (он бес) жұмыс күн ішінде:

электр және жылу энергиясын шығаратын өндірістік кәсіпорындары;

кен өндіруші және байыту өндірістік кәсіпорындары;

қара және түсті металлургия, машина жасау өнеркәсібінің өндірістік кәсіпорындары;

елді мекендер мен аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гидротехникалық және селге қарсы құрылыстар (бөгеттер, плотиналар);

елді мекендер шекараларынан тыс орналасқан желілік құрылыстар;

торапты құбырлар (мұнай, газ құбарлары және т.б.) мен оларды қамтамасыз етуші объектілер;

электр өткізу жоғары вольтты желілер мен талшық-оптикалық байланыс желілері;

темір жолдар мен оларды қамтамасыз етуші объектілер;

республикалық торапқа жатқызылған жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдары, соның ішінде көпірлер, көпірлік өту жолдары, туннельдер, көп деңгейлі жолайрықтар;

3) қажетті құжаттарды тапсыру кезіндегі кезекте тұрудың ең жоғары ұйғарынды уақыты – 30 минуттан көп емес;

4) қажетті құжаттарды алу кезіндегі кезекте тұрудың ең жоғары ұйғарынды уақыты – 30 минуттан көп емес;

Электрондық сұрау салу көзделмеген.

Өтініш беруші Орталыққа өтінген кезінде:

1) осы Регламенттің 10 тармағында ескерілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күн ішінде (құжаттарды қабылдау және беру күндері мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдеріне жатпайды);

2) осы Регламенттің 10 тармағында ескерілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап – келесі құрылыс объектілері үшін 15 (он бес) жұмыс күн ішінде (құжаттарды қабылдау және беру күндері мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдеріне жатпайды):

электр және жылу энергиясын шығаратын өндірістік кәсіпорындары;

кен өндіруші және байыту өндірістік кәсіпорындары;

қара және түсті металлургия, машина жасау өнеркәсібінің өндірістік кәсіпорындары;

елді мекендер мен аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гидротехникалық және селге қарсы құрылыстар (бөгеттер, плотиналар);

елді мекендер шекараларынан тыс орналасқан желілік құрылыстар;

торапты құбырлар (мұнай, газ құбарлары және т.б.) мен оларды қамтамасыз етуші объектілер;

электр өткізу жоғары вольтты желілер мен талшық-оптикалық байланыс желілері;

темір жолдар мен оларды қамтамасыз етуші объектілер;

республикалық торапқа жатқызылған жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдары, соның ішінде көпірлер, көпірлік өту жолдары, туннельдер, көп деңгейлі жолайрықтар;

3) қажетті құжаттарды тапсыру кезіндегі кезекте тұрудың ең жоғары ұйғарынды уақыты – 20 минуттан көп емес;

4) тұтынушының өтінген күні мемлекеттік қызмет алушыға орында қызмет көрсетудің ең жоғары ұйғарынды уақыты – 20 минуттан көп емес;

5) қажетті құжаттарды алу кезіндегі кезекте тұрудың ең жоғары ұйғарынды уақыты – 20 минуттан көп емес.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет уәкілетті органда еңбек заңнамасы және оның бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, демалыс және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңымен бекітілген мерекелік күндерден басқа, күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін оны қоса санағанда көрсетіледі.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз бар кезек түрінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет Орталықтарда олардың орнатылған жұмыс кестесіне сәйкес жексенбі және мерекелік күндерден басқа дүйсенбіден сенбіге дейін оны қоса санағанда, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, түскі ас үзілісінсіз көрсетіледі.

Орталықта қабылдау алдын ала жазылуынсыз және жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек түрінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті алушының талабы бойынша электрондық кезекті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы «брондап қою» мүмкін.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында

әрекет ету (өзара әрекеттесу) тәртібінің сипаты
10. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы келесі құжаттарды ұсынады:

1) Уәкілетті органға:

еркін түрде жазылған өтініш;

жергілікті атқарушы органның бар ғимараттардың жайларын (жеке бөліктерін) қайта құруға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе жерге тиісті құқығын беру туралы шешімнің көшірмесі;

тапсырма берушімен бекітілген, жобалаушының қолы қойылған және оның мөрімен расталған, жобалауға арналған тапсырма (соның ішінде техникалық талаптар бойынша қуаттар);

Егер бар объектілердің өзгертілуі жоғары сейсмикалық аймақта (ауданда) жоспарланса, және жоспарланған қайта құру мен қайта жобалау құрылымдық шешімдердің қайта қарастырылуын талап етсе, онда сәулет-жоспарлау тапсырмасында осы жоба бойынша сейсмикалық тұрақты құрылыс бойынша мамандырылған ұйымның (тиісті лицензиясы бар мамандардың) қорытындысын (техникалық талаптардың) алу қажеттілігі көрсетіледі.

2) Орталыққа:

еркін түрде жазылған өтініш;

жергілікті атқарушы органның бар ғимараттардың жайларын (жеке бөліктерін) қайта құруға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе жерге тиісті құқығын беру туралы шешімнің көшірмесі;

тапсырма берушімен бекітілген, жобалаушының қолы қойылған және оның мөрімен расталған, жобалауға арналған тапсырма (соның ішінде техникалық талаптар бойынша қуаттар);

Бар (пайдаланылатын) объектілерге енгізілетін өзгертулер жобасын жасаушылар жобалық құжаттамада ғимарат жайлары мен басқа да бөліктерін өзгерту бойынша жұмыс барысында, сол сияқты, өзгертілген объектінің кейінгі пайдалану барысында басқа меншік иелерінің мүддесіне тиетін жобалық шешімдердің бар-жоқтығы туралы мәліметтерді көрсетулері тиіс.

Егер жайлардың (тұрғын үй бөліктерінің) жоспарланған қайта құрылуы (қайта жобалануы, қайта жабдықталуы) немесе жайлар шекараларын орнынан көшіруі басқа меншік иелерінің (серіктес меншік иелерінің) мүддесіне тиетін болса, жобаға олардың бұл өзгертулерге нотариалды куәландырылған келісімі қоса берілуі тиіс.

Егер бар объектілердің өзгертілуі жоғары сейсмикалық аймақта (ауданда) жоспарланса, және жоспарланған қайта құру мен қайта жобалау құрылымдық шешімдердің қайта қарастырылуын талап етсе, онда сәулет-жоспарлау тапсырмасында осы жоба бойынша сейсмикалық тұрақты құрылыс бойынша мамандырылған ұйымның (тиісті лицензиясы бар мамандардың) қорытындысын (техникалық талаптардың) алу қажеттілігі көрсетіледі.

11. Тұтынушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріліп, онда келесілер көрсетіледі:

құжаттарды Уәкілетті органға тапсырған кезде:

1) өтініштің нөмірі мен қабылданған күні;

2) сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

4) құжат берудің күні, уақыты мен орны;

5) құжаттарды ресімдеу өтінішін қабылдаған, Уәкілетті орган кеңсесі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты.

құжаттарды Орталыққа тапсырған кезде:

1) өтініштің нөмірі мен қабылданған күні;

2) сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

4) құжат берудің күні, уақыты мен орны;

5) құжаттарды ресімдеу өтінішін қабылдаған, Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты;

6) өтініш берушінің, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.

Мемлекеттік қызметті алушы осы регламенттің 10 тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін ұсынбаған жағдайда, Орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Құжаттарды қабылдаудан бас тартылған кезде Орталық қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға жетіспейтін құжаттар көрсетілген қолхат беріледі.

Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті беруден келесі негіздемелер бойынша бас тартады:

1) Орталықтан түсетін құжаттардың ресімделуінде қателік анықталған жағдайда, құжаттарды алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күн ішінде қайтару себептерінің жазбаша негіздемесімен құжаттарды Орталыққа қайтарады;

2) жобалауға арналған тапсырманың техникалық талаптарды алу үшін қажетті негізгі параметрлеріне сәйкес келмейтіндігі анықталған жағдайда, сәйкессіздіктерді жою үшін тұтынушыны үш жұмыс күн ішінде хабардар етеді.

Бас тартылған жағдайда, уәкілетті органның лауазымды тұлғасы немесе Орталықтың қызметкері мемлекеттік қызметті алушыны 1 (бір) жұмыс күн ішінде хабардар етіп, бас тарту себептері туралы уәкілетті органның жазбаша негіздемесін береді.

12. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тұтынушының мемлекеттік қызметті алу жөніндегі өтінішін алған сәттен бастап мемлекеттік қызмет нәтижесін беру сәтіне дейінгі кезеңдері:

1) өтініш беруші Уәкілетті органға өтінеді немесе Орталыққа өтініш береді;

2) Орталықтың инспекторы өтініштің тіркеуін жүргізіп, оны Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторына тапсырады;

3) Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттардың тізбесін жасап, Уәкілетті органға жолдайды;

4) Уәкілетті органның жауапты орындаушысы түскен құжаттарды тексереді, қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді, қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты немесе сәулет-жоспарлау тапсырмасын дайындайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Орталыққа немесе өтініш берушіге жолдайды;

5) Орталық өтініш берушіге сәулет-жоспарлау тапсырмасын (үлгілері қосымшада көрсетілген) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.

13. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат ақпараттық порталда, ресми ақпарат көздерінде және уәкілетті орган мен Орталықтарда орналасқан стенділерде орналасқан.

Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар: уәкілетті орган мен Орталық тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз етеді.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ):

1) Орталық инспекторы;

2) Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы;

3) уәкілетті органның басшылығы;

4) уәкілетті органның бас маманы;

15. Осы регламенттің 3 қосымшасының 1 кестесінде әр ҚФБ жай әрекеттері (рәсімдер, функциялар) реттілігінің кестелік сипаты берілген және әр әрекеттің орындалу мерзімі көрсетілген.

Әр әкімшілік әрекеттің ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің реттілігі мен өзара әрекетінің кестелік сипаттамасы осы регламенттің 3 қосымшасының 2 және 3 кестесінде, ал мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы әрекеттердің функционалдық өзара әрекет ету сызбасы осы регламенттің 4 қосымшасында көрсетілген.

3. Мемлекеттік қызмет көрсететін

лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі


16. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін уәкілетті органның басшысы мен Орталықтың басшысы (бұдан әрі – лауазымды тұлғалар) жауапты.

Лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсетілуінің орнатылған мерзімде жүзеге асырылуы үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапқа тартылады.


«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

1 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органдар мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізбесі


р/р


Уәкілетті органның атауы

Уәкілетті органның заңды мекенжайы

Байланыс телефоны

1

«Шахтинск қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шахтинск қаласы, Казахстанская көшесі, 101

8 (72156) 42533

8 (72156) 50738



2

Шахтинск қаласының «Қарағанды облысы бойынша ХҚКО» РМК № 1 филиалы

Шахтинск қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, 65 Б

8 (72156) 52632

3

Шахтинск қаласы Шахан кентінің «Қарағанды облысы бойынша ХҚКО» РМК № 2 филиалы

Шахтинск қаласы, Шахан кенті, 10/16 орамы, 16

8 (72156) 32099

«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

2 қосымша

Қазақстан Республикасы
прямая соединительная линия 3

(республикалық маңызды қала, астана, облыстық маңызды қалалар, аудандардың

сәулет және қала құрылысы органының атауы)
прямая соединительная линия 2(орналасқан жері, электрондық мекенжайы, тел.)

Бекітемін:

Бас сәулетші (қала, аудан)
прямая соединительная линия 1

(Т.А.Ә.)


Жобалауға арналған

сәулет-жоспарлау тапсырмасы (СЖТ)


20____жылғы «____» __________№ ______
Объектің атауы:_________________________________________________
Тапсырыс беруші (құрылыс салушы, инвестор):______________________

Қала (елді мекен), жыл





Сәулет-жоспарлау тапсырмасын әзірлеу үшін негіздеме

Қала, аудан әкімінің ______________ (күні, айы, жылы) №_____ қаулысы

Жобалаудың сатылылығы

Нобайлық жоба толық көлемде, оның ішінде:

Жалпы деректер: М 1:500 топографиялық негізде учаскенің Бас жоспары (абаттандыру және көгалдандыру схемасы); Қасбеттер, қабаттар жоспары, осьтер бойынша қималар, шатырдың жоспары; қасбеттердің сәулеттік шешімінің паспорты (сыртқы әрлеу ведомості)



А. Жер телімінің сипаттамасы

1. Жер телімінің орналасқан жері

Қала, аудан, шағын аудан, ауыл, квартал

2. Салынған құрылыстың болуы (жер телімінде бар құрылымдар мен имараттар, оның ішінде коммуникациялар, инженерлік құрылғылар, абаттандыру элементтері және басқалар)

Қысқаша сипаттама

3. Геодезиялық зерттелінуі (түсірілімдердің болуы, олардың масштабы)

Қысқаша сипаттама

4. Инжерелік-геологиялық зерттелінуі (инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық, топырақ-ботаникалық материалдардың және басқа да іздестірулердің болуы)

Қордағы материалдар бойынша (топографиялық түсірілімдер, масштабы, түзетудің болуы)

Б. Жобаланатын объектінің сипаты

1. Объектінің функционалдық мақсаты

Қысқаша сипаттамасы

2. Қабат саны

Технология бойынша

3. Жоспарлау жүйесі

Объектінің функционалдық мақсатын ескере отырып, жоба бойынша

4. Конструктивтік құрылымы

Жоба бойынша

5. Инженерлік қамтамасыз ету

Орталықтандырылған. Бөлген жер телімінің шегінде инженерлік және алаңішілік дәліздер көздеу

В. Қала құрылысы талаптары

1. Көлемдік кеңістіктік шешім

Жер телімдері бойынша шектес объектілермен қиыстыру

2. Бас жоспардың жобасы

Жер телімінің шектелген аумақтық параметрлерін және көліктік-жүргіншілер коммуникациясын дамыту перспективасын ескеру

2-1 тігінен жоспарлау

Іргелес аумақтардың жоғарғы белгісін бөлшектеп жоспарлау жобасымен сәйкестендіру

2-2 абаттандыру және көгалдандыру

Қысқаша сипаттамасы мен нормативтер

2-3 автомобильдер тұрағы

Қысқаша сипаттамасы мен нормативтер

2-4 жердің құнарлы қабатын пайдалану

Қысқаша сипаттамасы

2-5 шағын сәулеттік пішіндер

Қысқаша сипаттамасы

2-6 жарықтандыру

Қысқаша сипаттамасы

Г. Сәулет талаптары

1. Сәулеттік бейненің стилистикасы

Объектінің функционалдық ерекшеліктеріне сәйкес сәулеттік бейнесін қалыптастыру

2. Қоршап тұрған ғимараттармен өзара үйлесімдік (қимыл) сипаты

Бағыныстағы

3. Түсі бойынша шешім

Нобайлық жобаға сәйкес

4. Жарнамалық-ақпараттық шешім, оның ішінде

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес жарнамалық-ақпараттық қондырғыларды көздеу

4-1 түнгі жарықпен рәсімдеу

Қысқаша сипаттамасы

5. Кіреберіс тораптар

Кіреберіс тораптарға назар аударуды ұсыну

6. Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының тіршілік әрекеті үшін жағдай жасау

МҚН 3.02-05-2003 және ҚР ҚНжЕ 3.01-05-2002 сәйкес іс-шараларды көздеу; мүгедектердің ғимараттарға кіруін көздеу, пандустарды, арнайы кіреберістер жолдарды және мүгедектер арбасы өтетін құрылғылар көздеу

7. Дыбыс-шу көрсеткіштері бойынша шарттарды сақтау

ҚР ҚНЖЕ сәйкес

Д. Сыртқы әрлеуге қойылатын талаптар

1. Жертөле

Қысқаша сипаттамасы

2. Қасбет

Қоршау құрастырмалары



Қысқаша сипаттамасы

Е. Инженерлік желілерге қойылатын талаптар

1. Жылумен жабдықтау

Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ № __және берілген күні)

2. Сумен жабдықтау

Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ № __және берілген күні)

3. Кәріз

Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні)

4. Электрмен жабдықтау

Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні)

5. Газбен жабдықтау

Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні)

6. Телекоммуникация

Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ № __және берілген күні)

7. Дренаж (қажет болған жағдайда) немесе нөсерлік кәріз

Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ № __және берілген күні)

8. Стационарлық суғару жүйесі

Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні)

Ж. Құрылыс салушыға жүктелетін міндеттер

1. Инженерлік іздестірулер бойынша

Жер телімін игеруге геодезиялық орналастырылғаннан және оның шекарасы нақты (жергілікті жерге) бекітілгеннен және жер жұмыстарын жүргізуге ордер алынғаннан кейін кірісу

2. Қолданыстағы құрылыстар мен құрылғыларды бұзу (ауыстыру) бойынша

Қажет болған жағдайда қысқаша сипаттамасы

3. Жер асты және жер үсті коммуникацияларын ауыстыру бойынша

Өтетін инженерлік коммуникациялар анықталған жағдайда оларды қорғау бойынша конструктивтік іс-шаралар көздеу, тиісті инстанциялармен келісу

4. Жасыл екпелерді сақтау және /немесе отырғызу бойынша

Қысқаша сипаттамасы

5. Жер төлемін уақытша қоршау құрылысы бойынша

Қысқаша сипаттамасы

К. Қосымша талаптар

Нобайлық жобаға сәйкес құрылыс салынатын жалпы алаң

Л. Жалпы талаптар

1. Жобаны (жұмыс жобасын) әзірлеген кезде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының нормаларын басшылыққа алу.

2. Жобалауды (жаңа құрылыс кезінде) түзетілген М 1:500 топографиялық түсірілім және бұрын орындалған геологиялық іздестірулер материалдарында жүргізу.

3.Қаланың (ауданның) бас сәуетшісімен келісу:

- М 1:500 бас жоспар;

- инженерлік желілердің жиынтық жоспары;

- құрылыстың бас жоспары;

- жарнамалық-ақпараттық қондырғылар.


Ескертулер:

1. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы (бұдан әрі-СЖТ) және техникалық талаптар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттардың құрамында бекітілген құрылыстың бүкіл нормативтік ұзақтығы шегінде қолданылады.

2. СТЖ шарттарын қарастыруды талап ететін қандай да бір жағдай пайда болған кезде, оған өзгерістер тапсырыс берушінің келісімі бойынша енгізілуі мүмкін.

3. СЖТ көрсетілген талаптар мен шарттар барлық инвестициялық үрдістің меншіктену және қаржыландыру көздерінің формасынан тәуелді болулары міндетті. СЖТ тапсырыс берушінің немесе жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарының сұранысы бойынша қала құрылыстық кеңестің, сәулеттік қоғамның талқылау құралы болып табылады, тәуелсіз сараптамада қарастырылады.

4. Тапсырыс беруші СЖТ баяндалған талаптарға келіспесе сотқа шағымдануына болады.

5. Берілген СЖТ сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіпте құрылысқа жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама әзірлеуге және сараптамадан өткізуге рұқсатты білдіреді.

6. Мемлекеттік инвестициялардың қатысуынсыз салынып жатқан (салынған), бірақ мемлекеттік және қоғамдық мүдделерге қатысы бар объектілерді мемлекеттік қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдауға тиіс.

Аталған талапты тапсырысшыға (құрылыс салушыға) СЖТ берген кезде аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары белгілейді және ол сол тапсырмада, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге берілген рұқсатта көрсетілуге тиіс.

СЖТ құраған

_________________________________

(лауазымы, ТАӘ)


_________________________________

(қолы)

СЖТ алдым

_________________________________

(күні, айы, жылы)

_______________________________

(қолы)


«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет регламентіне

3 қосымша

Әр әкімшілік әрекетінің ҚФБ әкімшілік әрекетінің реттілігі мен өзара әрекетінің кестелік сипаттамасы
1 кесте. ҚФБ әрекетінің сипаттамасы.


Негізгі үрдістің (барыстың, жұмыс ағымының) әрекеті

Әрекет (барыстың, жұмыс ағымының) нөмірі

1

2

3

4

ҚФБ атауы

Орталықтың инспекторы

Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

Орталықтың инспекторы

Әрекеттің (үрдістің, опрация рәсімінің) атауы мен олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау және тіркеу

Құжаттарды қарастыру және жинақтау

Құжаттарды қарастыру және анықтаманы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау

Анықтаманы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркеу

Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық-басқарушылық шешім)

Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторына ұсыну

Уәкілетті органға жолдау

Анықтаманы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты Орталыққа жіберу

Анықтаманы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру

Орындау мерзімдері

10 минут

1 жұмыс күні

5 жұмыс күні

1 жұмыс күні

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

4




2 кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үрдіс – жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру (өзгерту, жою немесе нақтылау) туралы анықтаманы берген жағдайда




Негізгі үрдісі (барысы, жұмыс ағымы)

Орталықтың инспекторы

Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

Уәкілетті органның басшылығы

1. Құжаттарды қабылдау және тіркеу

3. Құжаттарды қарастыру және жинақтау

5. Құжаттарды қарастыру және анықтаманы дайындау

7. Анықтамаға қол қояды

2. Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторына ұсыну

4. Уәкілетті органға жолдау

6. Басшылыққа қол қою үшін жолдау




9. Тұтынушыға беру




8. Анықтаманы Орталыққа жіберу




3 кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үрдіс – жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру (өзгерту, жою немесе нақтылау) туралы анықтаманы беруден бас тартқан жағдайда


Баламалы үрдіс (барысы, жұмыс ағымы)

Орталықтың инспекторы

Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

Уәкілетті органның басшылығы

1. Құжаттарды қабылдау және тіркеу

3. Құжаттарды қарастыру және жинақтау

5. Құжаттарды қарастыру және мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау

7. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды

2. Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторына ұсыну

4. Уәкілетті органға жолдау

6. Басшылыққа қол қою үшін жолдау




9. Тұтынушыға беру




8. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты Орталыққа жіберу



«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет регламентіне

4 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы әрекеттердің

функционалдық өзара әрекеттесу сызбасы



Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісі

(жұмыс пен ҚФБ өзара әрекеттесуінің жолы, ағысы)



Тұтынушы: өтініш пен

құжаттарды беру



Орталық инспекторы: құжаттарды қабылдау және тіркеу, жинақтау бөлімінің инспекторына ұсыну




Жинақтау бөлімінің инспекторы:

құжаттардың тізімін

құру, уәкілетті органға жіберу






Уәкілетті органның жауапты орындаушысы: құжаттарды қарастыру және анықтама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден

бас тарту туралы дәлелді

жауапты дайындау








Басшы анықтамаға

немесе мемлекеттік

қызмет көрсетуден бас

тарту туралы дәлелді

жауапқа

қолын қояды





Жауапты орындаушы анықтама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту

туралы дәлелді жауапты Орталыққа немесе

өтініш берушіге



жібереді


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет