Регламенті Жалпы ережелер «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»



Дата12.07.2016
өлшемі104 Kb.
#194081
түріРегламент




Қарағанды облысы әкімдігінің

2014 жылғы «__» _________

№____ қаулысымен

бекітілген



«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының сәулет және қала құрылысы бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.

3. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:


  1. көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық) арқылы жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 237 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» және «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының 1-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіште тіркеу кодын көрсете отырып, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға арналған (егер оларды алу қажет болса) сәулет-жоспарлау тапсырмасы және техникалық шарттары бар анықтама.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үдерісі кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметшілері) әрекеті тәртібінің сипаттамасы

6.  Көрсетілетін қызметті берушіге қағаз түрінде ұсынылған көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 2-қосымшасына сәйкес өтініші және оған стандарттың 9-қосымшасына сәйкес қоса берілген құжаттары (бұдан әрі- өтініш) мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып табылады.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы:

1) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу- 15 минут;

2) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қарау және жауапты орындаушыны таңдау 4 (төрт) сағат ішінде;

3) өтінішке қоса берілген құжаттарды жауапты орындаушының қарауы, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға арналған (егер оларды алу қажет болса) сәулет-жоспарлау тапсырмасы және техникалық шарттары бар анықтаманы дайындау тіркеу коды бар 6 (алты) немесе 13 (он үш) жұмыс күні;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының сәулет-жоспарлау тапсырмасы бар анықтамаға қол қоюы 15 (он бес) минут ішінде;

8. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижелері келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастауға негіздеме болып табылады:

1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;

2) ұсынылған құжаттардың толықтығы;

3) жауапты орындаушының өтінішті қарауы және сәулет-жоспарлау тапсырмасы бар анықтаманы дайындауы;

4) сәулет-жоспарлау тапсырмасы бар анықтамаға қол қою;

5) сәулет-жоспарлау тапсырмасы бар анықтаманы көрсетілетін қызметті алушыға жолдау.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үдерісі кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілері) өзара әрекеті тәртібінің сипаттамасы
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) жауапты орындаушы;

4) орталық қызметкері.

10. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттердің) ұзақтығын көрсете отырып, сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде алынған құжаттарды тіркеуден өткізеді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жібереді, бұл ретте, өтініштің оң жақ төменгі бұрышына түскен күні мен кіріс нөмірі көрсетілген мемлекеттік тілдегі тіркеу мөртаңбасы қойылады;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттар түскен күннен бастап 4 (төрт) жұмыс күн ішінде жауапты орындаушыға нұсқаумен жібереді;

      3) жауапты орындаушы өтінішті алғаннан бастап көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды, сәулет-жоспарлау тапсырмасы бар анықтаманы дайындайды, 6 (алты) немесе 13 (он үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қол қоюына жібереді.

      4) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 15 (он бес) минут ішінде қағаз тасығышта береді.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үдерісі кезінде халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара әрекеттесу тәртібінің, сонымен бірге ақпараттық жүйелердің сипаттамасы
11. Орталыққа жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу ұзақтығы:

көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көрсетілген орталыққа құжаттарды ұсынады;

көрсетілетін қызметті алушыға барлық қажетті құжаттарды тапсырылғаннан кейін

1) құжаттардың нөмірі мен қабылданған күнін;



  1. сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрін;

  2. қоса берілген құжаттардың саны мен атауын;

  3. мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) мен құжаттарды беру орнын;

  4. құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегін, атын, әкесінің атын;

  5. көрсетілетін қызметті алушының тегін, атын, әкесінің атын (жеке

тұлғалар үшін) немесе атауын (заңды тұлғалар үшін), көрсетілетін қызметті алушының байланыс деректерін көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

12. Орталық арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесін, оның ұзақтығын сипаттау:

Көрсетілетін қызметтін нәтижесін беру «терезе» арқылы орталыққа көрсетілетін қызметшінің өзі жүгінген кезде беріледі.

13. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды алу үшін мерзімінде жігінбеген жағдайда, орталық құжаттардың 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде сақталуын қамтамасыз етеді.

14. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, орталық қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

Көрсетілетін қызметті беруші орталықтан келіп түскен құжаттарды ресімдеу кезінде қателер анықтаған жағдайда, құжаттар топтамасы алынғаннан бастап 1 жұмыс күні ішінде себептерін жазбаша негіздей отырып, оларды орталыққа қайтару жүзеге асырылады. Орталық құжаттар топтамасын алғаннан кейін 1 (бір) ішінде көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етіп, көрсетілетін қызметті берушіге қайтару себептері туралы жазбаша негіздеме береді.

15. Орталық арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қатысаты ақпараттық жүйелердің қызметтік өзара қарым-қатынасы осы регламенттің 1-қосымшасында берілген.

16. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттердің) ұзақтығын көрсетілген рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттаудың блок-схемасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі регламентінің 1-қосымшасы
Әрбір әкімшілік әрекетті (рәсімді) орындаудың мерзімі

көрсетілген құрылымдық бөлімшелер арасындағы әкімшілік әрекеттердің (рәсімдердің)

бірізділігінің сипаты

1-кесте. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда



1

Әрекет № (барысы, жұмыс ағыны)

1

2

3

4

5

2

Құрылымдық бөлімшелер атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы

Жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері

3

Әрекеттердің (поцестің, рәсімдердің, операциялардың) атауы және олардың сипаты

Құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға немесе оның өкіліне (сенімхат бойынша) кеңседегі тіркеу туралы белгісі бар өтініштің көшірмесін береді

Құжаттарды қарайды

Құжаттарды қарайды және анықтаманы дайындайды

Анықтамаға

қол қояды



Анықтаманы

тіркейді



4

Аяқтау нысаны
(мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады

Құжаттарды жауапты орындаушыға жібіреді

Анықтаманы көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады

Анықтаманы кеңсе қызметкеріне жібереді


Анықтаманы көрсетілетін қызметті алушыға немесе оның өкіліне (сенімхат бойынша) береді

5

Орындау мерзімдері

15 минуттан артық емес

4 сағаттың ішінде

6 немесе 13 жұмыс күні

4 сағаттың ішінде

15 минуттан артық емес

2- кесте. Көрсетілетін қызметті алушы орталыққа жүгінген кезде


1

Әрекет нөмірі (барысы, жұмыс ағыны)

1

2

Құрылымдық бөлімшелер атауы

Орталық қызметкері

3

Әрекеттердің (поцестің, рәсімдердің, операциялардың) атауы және олардың сипаты

көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді


4

Аяқтау нысаны
(мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

Дерекқордық ақпараттық жүйесіне енеді, өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметшіге анықтаманы береді

5

Орындау мерзімдері

15 минуттан артық емес

«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі регламентінің 2-қосымшасы



Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттердің) ұзақтығын көрсетілген рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттаудың блок-схемасы

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда





Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттердің) ұзақтығын көрсетілген рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттаудың блок-схемасы

Көрсетілетін қызметті алушы орталыққа жүгінген кезде

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет