Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 25 қыркүйек
№ 278/10 қаулысымен
бекітілген
«Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар көрсетілетін қызметті беруші тұлғасында «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – басқарма), Павлодар облысы қалалары мен аудандарының ауыл шаруашылығы бөлімдері көрсетеді.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мыналардың:
1) ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында тыңайтқыштарды жеткізушіден және (немесе) тікелей шетелдік тыңайтқыштарды өндірушіден сатып алынған тыңайтқыштарға (органикалықтарды қоспағанда) жұмсалған шығындарды өтеу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші);
2) ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өткізілген тыңайтқыштардың (органикалықтарды қоспағанда) құнын арзандату үшін отандық тыңайтқыш өндірушілердің банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақы төлеуге төлем құжаттарын ұсыну.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің)
іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 4-4/679 бұйрығымен бекітілген «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша өтінім мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну үшін негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінімді қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды – 15 (он бес) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінімді қарайды, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы өтінімнің сәйкестілігін тексереді және өтінімді Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасына жібереді - 3 (үш) жұмыс күні;
4) басқарма аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің және (немесе) тыңайтқыштарды өндірушілердің шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлем құжаттарын ұсынады – өтінім түскеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мыналардың:
1) ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында тыңайтқыштарды жеткізушіден және (немесе) тікелей шетелдік тыңайтқыштарды өндірушіден сатып алынған тыңайтқыштарға (органикалықтарды қоспағанда) жұмсалған шығындарды өтеу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің;
2) ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өткізілген тыңайтқыштардың (органикалықтарды қоспағанда) құнын арзандату үшін отандық тыңайтқыш өндірушілердің банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақы төлеуге төлем құжаттарын ұсыну.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы;
4) басқарма.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының толық сипаттамасы осы регламенттің
2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы және www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілмейді.
«Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын
субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Уәкілетті органның атауы және оның байланыс деректері
Р/с №
|
Жұмыс органының атауы
|
Байланыс деректері
|
1
|
2
|
3
|
1
|
«Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі
|
Павлодар қаласы,
Ленин көшесі, 61
телефон: 8(7182) 32-32-30
email: kense.dsh@pavlodar.gov.kz
|
2
|
«Павлодар қаласының
ауыл шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
|
Павлодар қаласы,
Кривенко көшесі, 25
телефон: 8(7182) 32-07-30
email: pavlodar_osh@mail.ru
|
3
|
«Екібастұз қаласының
ауыл шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
|
Екібастұз қаласы,
50 жылдық көшесі
телефон: 8(71877) 54237
email: otdel_osh@mail.ru
|
4
|
«Ақсу қаласының
ауыл шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
|
Ақсу қаласы,
Царев көшесі, 12
телефон: 8(71837) 50572
email: 4108605@mail.ru
|
5
|
«Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік
және ауыл шаруашылығы бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Ақтоғай ауданы,
Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 77
телефон: 8(71841) 21572
email: aktogai_sozprog@mail.ru
|
6
|
«Баянауыл ауданының
кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Баянауыл ауданы,
Баянауыл ауылы,
Сәтпаев көшесі, 49
телефон: 8(71840) 91245
email: baiandepselhoz@mail.ru
|
7
|
«Железин ауданының
кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Железин ауданы, Железинка ауылы,
Придков көшесі, 13
телефон: 8(71831) 22041
email: zhelselhoz@mail.kz
|
8
|
«Ертіс ауданының
ауыл шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
|
Ертіс ауданы,
Ертіс ауылы,
Бөгембай көшесі, 97
телефон: 8(71832) 21436
email: Ertis_osh@mail.ru
|
9
|
«Качиры ауданының
кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Качиры ауданы, Тереңкөл ауылы,
Тәуелсіздік көшесі, 236
телефон: 8(71833)21403
email: kusainova.g.akr@pavlodar.gov.kz
|
10
|
«Лебяжі ауданының
кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Лебяжі ауданы, Аққу ауылы,
Әбілқайыр Баймолдин көшесі, 13
телефон 8(71839) 21051
email: selhoz_akku@mail.ru
|
11
|
«Май ауданының
кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Май ауданы, Көктөбе ауылы,
Қазыбек би көшесі, 24
телефон: 8(71838) 91380
email: may_opish@mail.ru
|
1
|
2
|
3
|
12
|
«Павлодар ауданының
кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Павлодар қаласы,
Қайырбаев көшесі, 32, кеңсе 309
телефон: 8(7182) 329867
email: defence6@rambler.ru
|
13
|
«Успен ауданының
кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Успен ауданы, Успенка ауылы,
Тәуелсіздіктің 10 жылдығы көшесі, 30
телефон: 8(71834) 91300
email: usposh@yandex.ru
|
14
|
«Шарбақты ауданының
кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Советов көшесі, 49
телефон: 8 (71836) 21191
email: opsxsharbakty@mail.ru
|
«Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын
субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
«Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау»
мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер
|
мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы
|
|
көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ атауы
|
|
келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.
|
Достарыңызбен бөлісу: |