Шығыс Қазақстан облысыәкімдігінің
2015 жылғы « 16 » қарашадағы
№ 302 қаулысымен
бекітілген
«Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн
шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналарымен механизмдер,
сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарүшінтiркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттікнөмірлік белгі беру»мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
регламентi
1. Жалпы ережелер
1. «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тiркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетінқызмет) беруші облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетінқызметті беруші) болып табылады.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1)көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kzвеб-порталы
(бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2.Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тiркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті беруші берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесіне енгізеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетінқызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы6 мамырдағы № 4-3/421 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11766)бұйрығымен бекітілген «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тiркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттікнөмірлік белгі беру»мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартының(бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілініңбелгіленген нысандағы өтінішінің немесеэлектрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ)куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуының болуы негіз болып табылады.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы, көрсетілетінқызметті берушіге қағаз нысанындажүгіну кезінде:
1-іс-қимыл –көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің көрсетілетінқызметті алушының құжаттарын қабылдауы және тіркеуі, құжаттардыкөрсетілетінқызметті берушінің басшысына беруі.Орындалуұзақтығы – 30 (отыз) минут;
2-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің басшысыныңкөрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарауы, құжаттардыкөрсетілетінқызметті берушініңқызметкеріне беруі. Орындалуұзақтығы –1 (бір) сағат ішінде;
3-іс-қимыл –көрсетілетін қызметті берушініңқызметкерініңкөрсетілетін қызметтіалушыныңұсынған құжаттарын тексеруі. Тіркеу құжаттарын (телнұсқаларды) ресімдеу. Орындалуұзақтығы - күнтізбелік 14 (он төрт)күн;
4-іс-қимыл –көрсетілетін қызметті берушініңқызметкерінің көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне ресімделген тіркеу құжаттарын (телнұсқаларды) және мемлекеттік нөмірлік белгілердіберуі. Орындалуұзақтығы – 30 (отыз) минут;
5-іс-қимыл –көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің көрсетілетінқызметті алушығатіркеу құжаттарын (телнұсқаларды) және мемлекеттік нөмірлік белгілерді беруі. Орындалуұзақтығы – 15 (он бес) минут;
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдерікөрсетілетінқызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - күнтізбелік 15 (он бес) күн.
Ұсынылған құжаттар Стандарттың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда өтініш берушіге құжаттарды қабылдаудан бас тарту беріледі. Өтініш берушінің талабы бойынша оған құжаттар қабылданған күні құжаттарды қабылдаудан бас тартуды дәлелді жазбаша растау беріледі.
6. Осырегламенттің 5 тармағында көрсетілген 1-іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесікөрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, тіркеу туралы қойылған белгі бар оның өтінішініңкөшірмесінберу болып табылады(қолма-қол не почта байланысы арқылы). Көрсетілетін қызметті алушының тіркелген құжаттарыосы регламенттің5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимылды орындаудыбастау үшін негіз болады.
Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысының бұрыштамасы болып табылады, ол 3-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген3-іс-қимылдың нәтижесі ресімделген тіркеу құжаттары (телнұсқалар)болып табылады.
Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне ресімделген тіркеу құжаттарын (телнұсқаларды) және мемлекеттік нөмірлік белгілерді беру болып табылады.
Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыға ресімделгентіркеу құжаттарын (телнұсқаларды) және мемлекеттік нөмірлік белгілерді беруі болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсетупроцесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерiнiң) тізбесі:
1) кеңсе қызметкері;
2) басшы;
3) қызметкер.
8. Мемлекеттiк қызмет көрсету үшін қажетті рәсiмдердің(іс-қимылдардың) сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің көрсетілетінқызметті алушының құжаттарын қабылдауы және тіркеуі, құжаттарды көрсетілетінқызметті берушінің басшысына беруі. Орындалуұзақтығы – 30 (отыз) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысыныңкөрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарауы,құжаттарды көрсетілетін қызметті берушініңқызметкеріне беруі. Орындалу ұзақтығы–1 (бір) сағат ішінде;
3) көрсетілетін қызметті берушініңқызметкерініңкөрсетілетін қызметтіалушыныңұсынған құжаттарын тексеруі. Тіркеу құжаттарын (телнұсқаларды) ресімдеу. Орындалуұзақтығы - күнтізбелік 14 (он төрт) күн;
4)көрсетілетін қызметті берушініңқызметкерінің көрсетілетінқызметті берушінің кеңсесіне ресімделген тіркеу құжаттарын (телнұсқаларды) және мемлекеттік нөмірлік белгілерді беруі.Орындалуұзақтығы – 30 (отыз) минут;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің көрсетілетінқызметті алушыға ресімделген тіркеу құжаттарын (телнұсқаларды) және мемлекеттік нөмірлік белгілердіберуі. Орындалуұзақтығы – 15 (он бес) минут.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жүгіну тәртібі және көрсетілетінқызметтіалушы мен көрсетілетінқызметтіберушінің рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігі:
1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеуді көрсетілетінқызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетінқызметтіалушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетінқызметті алушының парольдіпорталға енгізу процесі (авторландыру процесі);
3) 1-шарт – тіркелген көрсетілетінқызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын ЖСН/БСН логині мен пароль арқылы порталда тексеру;
4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты порталдың авторландырудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетінқызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде тіркеуі;
6) 4-процесс – ЭҮТШ-де мемлекеттік қызметке ақы төлеу, бұл ақпарат «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға келіп түседі;
7) 2-шарт – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-дамемлекеттік қызмет көрсеткені үшін ақы төлеу фактісін тексеру;
8) 5-процесс – сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетінқызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
9) 3-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін, сондай-ақ БНАЖ-да–көрсетілетін қызметті алушының өкілі сенімхатының деректерін тексеру;
10) 6-процесс – мемлекеттік қызмет көрсетуге толтырылған сұрау салунысанын (енгізілген деректерді) көрсетілетінқызметті алушының ЭЦҚ-сыныңкөмегімен куәландыру (қол қою);
11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық құжатын«Е-лицензиялау» МДБ АЖ ақпараттық жүйесінде тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да сұрау салуды өңдеу. Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі;
12) 4-шарт – алынған құжаттардыңСтандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкестігін тексеру;
13) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк қызмет нәтижесін (көрсетілетін қызметті алушының порталындағы «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметтіалушының тiркеу құжаттарын алуы мүмкін мекенжайды көрсете отырып, рұқсат беру құжатының дайын болатын мерзімдері туралы хабарлама) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында алуы.
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетугеқатысатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламенттiң1 қосымшасында (1 диаграмма ) көрсетiлген.
10.Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жүгіну тәртібі және көрсетілетінқызметті алушы мен көрсетілетінқызметті берушінің рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігі:
1) 1-процесс – көрсетілетінқызметті берушінің қызметкерінің мемлекеттік қызмет көрсету үшін логин мен парольді «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға енгізуі (авторландыру процесі);
2) 1-шарт – тіркелгенкөрсетілетінқызметті берушінің қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да логин мен пароль арқылы тексеру;
3) 2-процесс – көрсетілетінқызметті берушінің қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да авторландырудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
4) 3-процесс –көрсетілетінқызметті берушінің қызметкерінің осы регламентте көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы, мемлекеттiк қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы жәнекөрсетілетінқызметті берушінің қызметкерінің көрсетілетінқызметті алушының деректерін енгізуі;
5) 4-процесс– көрсетілетінқызметті берушінің қызметкерінің қағаз нысанындағы құжаттардың болуы туралы белгілеу бөлігінде сұрау салу нысанын толтыруы және мемлекеттіккөрсетілетінқызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау салу нысанына бекітуі, ЭҮШ арқылы «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ғажіберуі;
6) 2-шарт – ЖТ/ЗТ МДБ-да көрсетілетінқызметті алушының деректері, сондай-ақ БНАЖ-да –көрсетілетін қызметті алушыныңөкілі сенімхатының деректері болуын тексеру;
7)5-процесс –көрсетілетінқызметті берушінің қызметкерінің қағаз нысанындағы құжаттардың болуы туралы белгілеу бөлігінде сұрау салу нысанын толтыруы және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау салу нысанына бекітуі;
8) 6-процесс – сұрау салуды «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да мемлекеттік қызметті өңдеу;
9) 3-шарт – алынған құжаттардыңСтандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкестігін тексеру, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі;
10) 7-процесс – көрсетілетінқызметті алушының мемлекеттiк қызмет нәтижесін (көрсетілетін қызметті алушының тіркеу құжаттарын алуы мүмкін мекенжайды көрсете отырып, рұқсат беру құжатының дайын болатын мерзімдері туралы хабарлама) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында алуы.
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсетугеқатысатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламенттiң 1 қосымшасында (2 диаграмма ) көрсетiлген.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетінқызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің толық сипаттамасы осы регламенттің2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкіметтің» веб-порталында, көрсетілетінқызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.
Ескерту:
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі
БСН– бизнес сәйкестендіру нөмірі
ЭҮТШ – электрондық үкіметтің төлем шлюзі
«Е-лицензиялау» МДБ АЖ–«Е-лицензиялау»мемлекеттік деректер базасының ақпараттық жүйесі
БНАЖ– бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе
ЭҮШ – «электрондық үкімет» шлюзі
ЖТ МДБ – «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы
ЗТ МДБ – «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер
мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және
жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайымашиналар үшін тiркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру»мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентiне
1 қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара іс-қимыл 1 диаграммасы
1-процесс
3-процесс
5-процесс
8-процесс
4-процесс
6-процесс
2-процесс
Көрсетілетін қызметті алушы
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара іс-қимыл 2 диаграммасы
7-процесс
5-процесс
1-процесс
3-процесс
4-процесс
2-процесс
Көрсетілетін қызметті беруші
Достарыңызбен бөлісу: |