2015 жылғы «7» желтоқсандағы



Дата13.06.2016
өлшемі134.68 Kb.
#131836


Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2015 жылғы « 7 » желтоқсандағы


№ 332 қаулысымен

бекітілген



«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



  1. Жалпы ережелер

1. «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:


  1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

  2. www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – халықаралық техникалық

байқау сертификаты (бұдан әрі – халықаралық сертификат) не Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығымен бекітілген «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу орны мен күні көрсетіліп, хабарлама жолданады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.



  1. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)

iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының (не уәкілетті өкілі: өкілеттігін куәландыратын құжат бойынша заңды тұлға; нотариат куәландырған сенімхат бойынша жеке тұлға) Стандарттың қосымшасына сәйкес үлгіде өтiнiшi не көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында порталға сұрау салуының болуы негiздеме болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінің құрамына кiретiн рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

1-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарын қабылдауы және тіркеу журналына тіркеуі. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;

2-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші басшысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарауы және көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына қарауға беруі. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;

3-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші бөлім басшысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарауы және көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманына орындауға беруі. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;

4-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші бөлім маманының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарауы, халықаралық сертификатты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеуі. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;

5-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші басшысының халықаралық сертификатқа не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;

6-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің халықаралық сертификатты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ХҚО-ға жолдауы. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) сағат.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 2 (екі) жұмыс күні.

6. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 1-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының тіркелген құжаттары болып табылады, олар осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады. 2-іс-қимыл бойынша нәтиже көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы болып табылады, ол осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады. 3-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші бөлім басшысының бұрыштамасы болып табылады, ол осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады. 4-іс-қимылдың нәтижесі ресімделген халықаралық сертификат не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады, ол осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады. 5-іс-қимылдың нәтижесі қол қойылған халықаралық сертификат не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады, ол осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 6-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады. 6-іс-қимылдың нәтижесі ХҚО курьерінің халықаралық сертификатты не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты алғандығы туралы қолхаты болып табылады.



  1. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара

iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің басшысы;

4) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманы.

8. Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi рәсiмдердiң (іс-қимылдардың) сипаттамасы:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарын қабылдауды және кіріс нөмірі мен қабылдау күнін көрсете отырып, кіріс хат-хабарларын тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асыруы. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;

2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарауы және көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына қарауға беруі. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;

3) көрсетілетін қызметті беруші бөлім басшысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарауы және көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманына орындауға беруі. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;

4) көрсетілетін қызметті беруші бөлім маманының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарауы, халықаралық сертификатты не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеуі. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;

5) көрсетілетін қызметті беруші басшысының халықаралық сертификатқа не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;

6) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің халықаралық сертификатты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ХҚО-ға жолдауы. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) сағат.




  1. Халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара iс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттігін куәландыратын құжат бойынша заңды тұлға; нотариат куәландырған сенімхат бойынша жеке тұлға) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ХҚО-ға жүгінеді және Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.

Көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут.

Сұрау салуды дайындау және көрсетілетін қызметті берушіге жолдау тәртiбi:

ХҚО операторының мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызмет көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығаруы және ХҚО операторының көрсетілетін қызметті алушының деректерiн енгiзуi;

ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерiнiң болуын тексеру;

ХҚО операторының сұрау салу нысанының құжаттардың қағаз түрінде болуы туралы бөлiгiн толтыруы және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды сканерлеуi, оларды сұрау салу нысанына бекітуі және мемлекеттік қызмет көрсетуге толтырылған сұрау салу нысанын (енгізілген деректерді) ЭЦҚ арқылы растауы;

ХҚО операторының көрсетілетін қызметті алушының қоса берген құжаттарын тексеруі (өңдеуі);

көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда ХҚО қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;

көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған жағдайда, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі;

ХҚО операторының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) ЭҮШ арқылы порталға жіберу;

электрондық құжатты порталда тіркеу;

көрсетілетін қызметті алушының ХҚО операторы арқылы халықаралық сертификат не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап алуы.

Көрсетілетін қызметті берушіге сұрау салуды жіберуге уәкілетті құрылымдық бөлімшелер немесе лауазымды тұлғалар:

ХҚО операторы.

ХҚО-мен өзара іс-қимыл реттілігі және мерзімдері, оның ішінде көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша сұрау салуларын қалыптастыру және жолдау рәсімдері (іс-қимылдары):

1-процесс – мемлекеттік қызмет көрсету үшін ХҚО операторының порталға логин мен парольді енгізуі (авторландыру процесі);

2-процесс – ХҚО операторының мемлекеттік қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығаруы және ХҚО операторының көрсетілетін қызметті алушының деректерiн енгiзуi;

3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды ЭҮШ арқылы ЖТ МДБ / ЗТ МДБ-ға жолдау;

1-шарт - ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерiнiң болуын тексеру;

4-процесс - ЖТ МДБ/ ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкіндігінің болмауы туралы хабарлама қалыптастыру;

5-процесс – ХҚО операторының сұрау салу нысанының құжаттардың қағаз түрінде болуы туралы бөлiгiн толтыруы және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды сканерлеуi, оларды сұрау салу нысанына бекітуі және мемлекеттік қызмет көрсетуге толтырылған сұрау салу нысанын (енгізілген деректерді) ЭЦҚ арқылы растауы;

2-шарт – ХҚО операторының көрсетілетін қызметті алушының қоса берген құжаттарын тексеруі (өңдеуі);

6-процесс – көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда ХҚО қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;

7-процесс – ХҚО операторының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (қызмет алушының сұрау салуын) ЭҮШ арқылы порталға жіберу;

8-процесс - электрондық құжатты порталда тіркеу;

3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының қоса берген құжаттарының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);

9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ХҚО операторы арқылы халықаралық сертификат не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап алуы.



  1. ХҚО арқылы сұрау салу нәтижесін алу процесі:

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет нәтижесін алу үшін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталған соң жүгінеді;

мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

11. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жүгіну және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілік тәртібі осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасында көрсетілген:

көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеуді көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);

1-процесс – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту және мемлекеттік қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталда парольді енгізуі (авторландыру процесі);

1-шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын ЖСН/БСН және пароль арқылы порталда тексеру;

2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты порталдың авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;

3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген мемлекеттік қызметтi таңдауы, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті алушының нысанды оның құрылымдық және форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына Стандарттың 9 тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың көшірмелерін электрондық түрде тіркеуі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

4-процесс – ЭҮТШ-те төлемақы жасау, бұдан кейiн бұл ақпарат порталға келiп түседi;

2-шарт – порталда мемлекеттiк қызмет көрсеткені үшін төлемақы төленгенін тексеру;

5-процесс – порталда мемлекеттік қызмет көрсеткені үшiн төлемнiң болмауына байланысты сұратылып отырған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

3-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ, сұратуда көрсетілген ЖСН/БЖН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БЖН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;

7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығы расталмауына байланысты сұратылған мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-ның көмегімен мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды куәландыру (қол қою);

9-процесс – порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын тіркеу;

10-процесс – көрсетілетін қызметті алушының халықаралық сертификат не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап алуы.

Көрсетілетін қызметті беруші арқылы қадамдық іс-қимылдар мен шешімдер:

1-процесс – мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің порталға логин мен парольді енгізуі (авторландыру процесі);

1-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын логин пен пароль арқылы порталда тексеру;

2-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректеріндегі бұзушылықтардың болуына байланысты авторландырудан бас тарту туралы порталда хабарлама қалыптастыру;

3-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті таңдауы, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізу;

4-процесс – порталда сұрау салуды тіркеу және мемлекеттік қызметті өңдеу;

2-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының қоса берген құжаттарының Стандарттың 9-тармағындағы талаптарға және халықаралық сертификат беру үшiн негiздерге сәйкестiгiн тексеруі;

5-процесс – бұзушылықтардың болуына байланысты порталда сұратып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

6-процесс – халықаралық сертификатты қағаз түрінде ресімдеу.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 2 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

Ескерту:


Аббревиатуралардың толық жазылуы:

БСН – бизнес-сәйкестендiру нөмiрi

ЖСН – жеке сәйкестендiру нөмiрi

ЖТ МДБ – «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы

ЗТ МДБ – «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы

ЭҮТШ – «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi

ЭҮШ – «электрондық үкiметтiң» шлюзi

ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба

«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1 қосымша


Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы






П

о



р

т

а



л



8-процесс

9-процесс




10-процесс

6-процесс


1- процесс



4- процесс

3- процесс








5- процесс

риложение 2

к регламенту государственной услуги

«Присвоение учетных номеров объектам производства, осуществляющим выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также организациям по производству, хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок»




2-процесс

7-процесс










Көрсетілетін қызметті алушы


Сұрау салу Бас тарту Бас тарту Бас тарту

Шартты белгілер:

Бастапқы хабарлама

Соңғы хабарлама



Соңғы қарапайым оқиға



Қателік



Ақпараттық жүйе


Процесс


Шарт


Басқару ағыны

Хабарламалар ағыны

Түпкілікті пайдаланушыға берілетін электрондық құжат






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет