«Мектепке дейінгі жастағы балаларды (7 жасқа дейін) Қазақстан Республикасының балалардың мектепке дейінгі ұйымдарына жолдау үшін тіркеу» электронды мемлекеттік қызмет көрсетудің
регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызмет Өскемен қаласының білім беру бөлімімен көрсетіледі, оның мекенжайы «Мектепке дейінгі жастағы балаларды (7 жасқа дейін) Қазақстан Республикасының балалардың мектепке дейінгі ұйымдарына жолдау үшін тіркеу» электронды мемлекеттік қызмет көрсету Регламентінің 1 қосымшасында көрсетілген (бұдан әрі – Регламент), осы Регламенттің 2 қосымшасына сәйкес мекенжайы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы балама негізінде және «электрондық үкімет» (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) порталы арқылы көрсетіледі.
2. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1116 «Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің Үлгілік регламентін бекіту туралы» (бұдан әрі – Үлгілік регламент) қаулысы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 140 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі жастағы балаларды (7 жасқа дейін) Қазақстан Республикасының балалардың мектепке дейінгі ұйымдарына жолдау үшін тіркеу» мемлекеттік қызмет Стандарты негізінде көрсетіледі (бұдан әрі - Стандарт).
3. Электрондық мемлекеттік қызметті автоматтандыру деңгейі: жартылай автоматтандырылған (медиа-үйлесімсіздіктерден тұратын электрондық мемлекеттік қызмет).
4. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету түрі: транзакциондық қызмет.
5. Осы Регламентте қолданылатын түсініктер мен қысқартулар:
1) ЖТ МДБ – «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы;
2) жеке сәйкестендіру нөмірі – жеке тұлғаға, соның ішінде жеке кәсіпкерлік сипатындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерге арнап қалыптастырылған бірегей нөмір (бұдан әрі - ЖСН);
3) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдану арқылы ақпаратты сақтау, өңдеу, іздестіру, тарату, жеткізу және тапсыру үшін арналған жүйе (бұдан әрі – АЖ);
4) электрондық мемлекеттік қызметті тікелей көрсетуші Өскемен қаласының білім беру бөлімі – мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ);
5) медиа-үйлесімсіздік – құжаттарды электронды үлгіден қағаз үлгісіне немесе керісінше өзгерту қажет болған жағдайдағы қызмет көрсету үрдісіндегі қағаз және электрондық құжат айналымын кезектестіру;
6) пайдаланушы – ақпараттық жүйеден өзіне қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алатын және оны қолданатын субьект;
7) тұтынушы – уәкілетті органның атына қызметті алуға ресми өтініш білдіретін немесе ЭҮП арқылы электронды өтініш жіберетін жеке тұлға;
8) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативті-құқықтық базаны қосқанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпарат пен электронды мемлекеттік қызметті бірыңғай терезеге қолжетімділікпен қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮП);
-
МБМ – мектепке дейінгі балалар мекемесі;
10) жергілікті атқару органы – өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқару органы, оны облыс әкімі басқарады, республикалық және астаналық маңыздағы қалалар, аудандар (облыстық маңыздағы қалалар) (бұдан әрі - ЖАО);
11) халыққа қызмет көрсету орталықтарының біріктірілген ақпараттық жүйесі – тұрғындарға қызмет көрсету үрдісін Қазақстан Республикасының ХҚКО (жеке және заңды тұлғаларға), сонымен қатар тиісті министрліктер мен ведомстволар арқылы автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ХҚКО БАЖ);
12) «Аймақтық шлюз, Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» шлюзының кіші жүйесі» («Е-Акимат» АЖ)» – «е-үкімет» және «е-акимат» инфрақұрылымын біріктірумен қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе (ЖАО мемлекеттік ақпараттық ресурстарға деген қол жетімдік механизмін «электронды үкімет», сонымен қатар азаматтар мен бизнес-құрылымдарға аймақтық деңгейде электронды қызмет көрсету арқылы беру. «Е-Акимат» АЖ-не кіші ықпалдастық жүйесі мен ЖАО қызметкерлерінің АЖО кіреді);
13) кіші ықпалдастық жүйесі– ЖАО электрондық қызмет көрсету үрдісіне қатысатын ЖАО-ның ішкі жүйелері/кіші жүйелері мен сыртқы ақпараттық жүйелер арасындағы ақпараттық өзара іс-әрекетті қамтамасыз етеді (бұдан әрі – АЭҮШ);
14) автоматтандырылған жұмыс орны – ЖАО қызметін көрсетудің ішкі бизнес-үрдістерін жүзеге асыруды, қызметті пайдаланушылар және мемлекеттік мекемелерге мониторинг жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органдарға қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпарат беруді қамтамасыз етеді (бұдан әрі – АЖО);
15) ақпаратты криптографикалық қорғау құралы (бұдан әрі – АКҚҚ);
16) құрылымдық-функционалдық бірліктер – белгілі бір кезеңде электрондық қызмет көрсетуге қатысатын уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары және мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері және тағы басқа (бұдан әрі – ҚФБ);
17) транзакциондық қызмет – электрондық сандық қолды қолданып өзара ақпарат алмастыруды талап ететін пайдаланушыларға электрондық ақпараттық қызмет ресурстарын көрсету бойынша қызмет;
18) уәкілетті орган – электронды мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (мемлекеттік мекеме);
19) ХҚКО – халыққа қызмет көрсету орталығы;
20) электрондық сандық қол — электрондық сандық қол құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың анықтығын, оның қатыстылығын және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық сандық символдар жиынтығы (бұдан әрі - ЭСҚ);
21) электрондық мемлекеттік қызмет – ақпараттық технологияларды қолдану арқылы электрондық үлгіде көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
22) электрондық құжат – ақпаратты электронды-сандық үлгіде тапсыратын және ЭСҚ куәландырылған құжат;
23) «электрондық үкімет» шлюзы – электрондық қызметтерді жүзеге асыру аясында «электрондық үкімет» ақпараттық жүйесін біріктіру үшін арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮШ);
24) АХАТ АЖ – азаматтық хал актілеріні тіркеудің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АХАТ АЖ);
25) куәләндіру орталықтың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – КО АЖ).
2. Қызмет көрсетушінің электрондық мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қызмет тәртібі
6. Осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі қадамдық іс-әрекеттері мен қызмет көрсетушінің шешімдері (1 сурет):
-
тұтынушы ММ-ге қызмет алу үшін баруы керек, өзімен бірге өтініш және қажетті құжаттардың түпнұсқалары болуы қажет;
-
1 үрдіс – ММ қызметкерімен тұтынушының өтініші мен құжаттарының растығын тексеру;
-
2 үрдіс – ММ қызметкерімен тұтынушының өтініші мен құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұранылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы туралы ауызша түрдегі хабарламаны қалыптастыру;
-
3 үрдіс – ММ қызметкерімен тұтынушы туралы мәліметті «Е-Акимат» АЖ жүйесіне енгізу;
-
4 үрдіс - ЖТ МДБ тұтынушы туралы мәліметтерді тексеруге сұраныс;
-
5 үрдіс - ЖТ МДБ-де тұтынушы туралы сұратылған мәліметтердің болмауына байланысты ЖТ МДБ ақпаратты тексеру мүмкіндігі болмағаны туралы хабарламаны қалыптастыру. Тұтынушыда жеке басын куәландыратын құжатының түпнұсқасы бар болған жағдайда ММ қызметкерімен жеке тұлға туралы мәліметті қолмен енгізу;
-
6 үрдіс – АХАЖ АЖ-нен бала туралы мәліметтерді тексеруге сұраныс;
-
7 үрдіс – АХАЖ АЖ-де сұратылған мәліметтердің болмауына байланысты АХАЖ АЖ бала туралы ақпаратты тексеру мүмкіндігі болмағаны туралы хабарламаны қалыптастыру. Тұтынушыда баланың туу туралы куәлігінің түпнұсқасы бар болған жағдайда ММ қызметкерімен бала туралы мәліметті қолмен енгізу;
-
8 үрдіс – тұтынушымен тапсырылған қажетті құжаттарды одан әрі Е-Акимат АЖ жүйесінде өтініш үлгісінде тіркеу үшін ММ қызметкерімен саралау;
-
9 үрдіс – тұтынушының электрондық мемлекеттік қызметті алуға толтырылған өтініш үлгісін (енгізілген деректер) Е-Акимат АЖ-де тіркеу және өтінішке ММ қызметкерінің ЭСҚ арқылы қол қою;
-
1 шарт – тұтынушының АКҚҚ және КО АЖ пайдаланып ММ қызметкерінің тіркелу куәлігінің әрекет ету мерзімін және ЭСҚ тұпнұсқалығын тексеру;
-
10 үрдіс – ММ қызметкерінің ЭСҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты қол қоюдан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
-
11 үрдіс – электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуге толтырылған сұраныс үлгісіне (енгізілген деректер мен сараланған құжаттар) ММ қызметкерінің ЭСҚ арқылы қол қою;
-
12 үрдіс – тұтынушының электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге деген сұраным мәртебесін Е-Акимат АЖ-нен ХҚКО БАЖ-нің мониторинг жүргізу жүйесіне автоматты тапсыру үрдісі;
-
13 үрдіс – тұтынушының сұранымын ММ қызметкерлерімен Е-Акимат АЖ-де үш жұмыс күні ішінде өңдеу (құжаттарды қабылдау және беру күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді). Бала МБМ-ға бару үшін Е-Акимат АЖ-дегі электрондық кезекке тұрады;
-
14 үрдіс – тұтынушыны МБМ-де № бойынша орын бар екені туралы хабардар ету үрдісі;
-
2 шарт –баласын ұсынылған МБМ-не № бойынша жіберу туралы тұтынушының шешім қабылдауы;
-
15 үрдіс – тұтынушымен МБМ-не № бойынша ұсынылған орыннан жазбаша бас тартуын қалыптастыру үрдісі. Тұтынушы кезекте тұруын жалғастырады;
-
16 үрдіс – тұтынушымен МБМ-не № бойынша ұсынылған орынға жазбаша келісімін қалыптастыру үрдісі (балаға ұсынылған МБМ-не № бойынша жолдама беріледі, содан кейін ол кезектен алынады). Содан кейін ММ қызметкерлері тұтынушының сұранымына сәйкес Е-Акимат АЖ-де (Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте ресімделген электрондық құжат немесе қағаз тасымалдаушыдағы құжат) электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін қалыптастырады. Электрондық құжат мемлекеттік органның АКҚҚ және КО АЖ қолданылып қалыптастырылады;
-
17 үрдіс – сұранымның орындалу мәртебесін Е-Акимат АЖ-нен ХҚКО БАЖ-не автоматты тапсыру және ММ қызметкерлерімен Е-Акимат АЖ-де қалыптастырылған шығыс құжатын тұтынушыға қолма қол немесе электрондық поштасына жіберу арқылы тапсыру үрдісі.
7. Осы Регламенттің 2 қосымшасына сәйкес ХҚКО арқылы ішінара автоматтандырылған электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі қызмет көрсетушінің қадамдық іс-әрекеттері мен шешімдері (2 сурет):
1) тұтынушы қызмет алуы үшін ХҚКО баруы керек, өзімен бірге өтініш және қажетті құжаттардың түпнұсқалары болуы қажет;
2) 1 үрдіс – ХҚКО қызметкерімен тұтынушының өтініші мен құжаттарының растығын тексеру;
3) 2 үрдіс – ХҚКО қызметкерімен тұтынушының өтінішінде немесе құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұранылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы ауызша түрдегі хабарламаны қалыптастыру;
4) 3 үрдіс – ХҚКО қызметкерімен тұтынушы туралы мәліметті ХҚКО БАЖ жүйесіне енгізу;
5) 4 үрдіс - ЖТ МДБ тұтынушы туралы мәліметтерді тексеруге сұраныс;
6) 5 үрдіс - ЖТ МДБ-де тұтынушы туралы сұратылған мәліметтердің болмауына байланысты ЖТ МДБ ақпаратты тексеру мүмкіндігі болмағаны туралы хабарламаны қалыптастыру. Тұтынушыда жеке басын куәландыратын құжатының түпнұсқасы бар болған жағдайда ХҚКО қызметкерімен жеке тұлға туралы мәліметті қолмен енгізу;
7) 6 үрдіс - бала туралы мәліметтерді тексеру үшін АХАЖ АЖ-не сұраныс жіберу;
8) 7 үрдіс - АХАЖ АЖ-де сұратылған мәліметтердің болмауына байланысты АХАЖ АЖ бала туралы ақпаратты тексеру мүмкіндігі болмағаны туралы хабарламаны қалыптастыру. Тұтынушыда баланың туу туралы куәлігінің түпнұсқасы бар болған жағдайда ХҚКО қызметкерімен бала туралы мәліметті қолмен енгізу;
9) 8 үрдіс – тұтынушымен тапсырылған қажетті құжаттарды одан әрі Е-Акимат жүйесінде өтініш үлгісінде тіркеу үшін ХҚКО қызметкерімен саралау;
10) 9 үрдіс – тұтынушының электрондық мемлекеттік қызметті алуға толтырылған өтініш үлгісін (енгізілген деректер) ХҚКО БАЖ тіркеу және өтінішке ХҚКО қызметкерінің ЭСҚ арқылы қол қою;
11) 1 шарт - тұтынушының АКҚҚ және куәландыру орталығының ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – КО АЖ) пайдаланып, ХҚКО қызметкерінің тіркелу куәлігінің әрекет ету мерзімін және ЭСҚ тұпнұсқалығын тексеру;
12) 10 үрдіс – ХҚКО қызметкерінің ЭСҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты қол қоюдан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
13) 11 үрдіс - электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуге толтырылған сұраныс үлгісіне (енгізілген деректер мен сараланған құжаттар) ХҚКО қызметкерінің ЭСҚ арқылы қол қою;
14) 12 үлгі – тұтынушының электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге деген сұранымын ХҚКО БАЖ жүйесінен Е-Акимат АЖ-не автоматты тапсыру үрдісі;
15) 13 үрдіс - тұтынушының сұранымын ММ қызметкерлерімен Е-Акимат АЖ-де үш жұмыс күні ішінде өңдеу (құжаттарды қабылдау және беру күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді). Бала МБМ-не бару үшін Е-Акимат АЖ-не электрондық кезекке тұрады;
16) 14 үрдіс - тұтынушыны МБМ-де № бойынша орын бар екені туралы хабардар ету үрдісі;
-
2 шарт – баласын ұсынылған МБМ-не № бойынша жіберу туралы тұтынушының шешім қабылдауы;
-
15 үрдіс – тұтынушымен МБМ-не № бойынша ұсынылған орыннан жазбаша бас тартуын қалыптастыру үрдісі. Тұтынушы кезекте тұруын жалғастырады;
-
16 үрдіс – тұтынушымен МБМ-не № бойынша ұсынылған орынға жазбаша келісімін қалыптастыру үрдісі (балаға ұсынылған МБМ-не № бойынша жолдама беріледі, кейін ол кезектен алынады). Содан кейін ММ қызметкерлері тұтынушының сұранымына сәйкес Е-Акимат АЖ-де (Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамалар тәртібінде ресімделген электрондық құжат немесе қағаз тасымалдаушы құжат) электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін қалыптастырады. Электрондық құжат мемлекеттік органның АКҚҚ және КО АЖ қолданылып қалыптастырылады;
-
17 үрдіс – қалыптастырылған шығыс құжаты мен сұранымның орындалу мәртебесін Е-Акимат АЖ-нен ХҚКО БАЖ-не автоматты тапсыру үрдісі және оны ХҚКО қызметкерімен тұтынушыға қолма қол немесе электронды поштасына жіберу арқылы тапсыру.
8. ЭҮП арқылы ішінара автоматтандырылған электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі қызмет көрсетушінің қадамдық іс-әрекеттері мен шешімдері (3 сурет):
1) тұтынушы ЖСН-нің көмегімен ЭҮП-да тіркеуден өтуі қажет (ЭҮП-да тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);
2) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы «Электрондық құжат және электрондық сандық қолдар туралы» Заңына сәйкес тұтынушының ЭСҚ мен КО-ның ақпараттық жүйесінің қалыптастыру және тексеру үрдісін жүзеге асыратын криптографикалық қорғану құралдарын пайдаланып, қызметті пайдаланушының ЭСҚ кілтімен қол қойылған мемлекеттік органға электрондық құжат түрінде тапсырылған сұраным негізінде электрондық мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері беріледі;
3) 1 үрдіс –ЭҮП тұтынушы реквизиттерінің растығын тексеру үрдісі (ЖСН және пароль);
4) 2 үрдіс – тұтынушы туралы мәліметтерде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
5) 3 үрдіс – осы Регламентте көрсетілген қызметті тұтынушының таңдап алуы, құрылымы мен формат талаптарын ескеріп, қызмет көрсету және тұтынушымен үлгіні (деректер енгізу) толтыру үшін сұраным үлгісін экранға шығару;
6) 4 үрдіс – ЖТ МДБ ақпараттық жүйесінен жеке тұлғаның (тұтынушының) қажетті деректерін сұрату;
7) 5 үрдіс – АХАЖ АЖ-нен бала туралы деректерді тексеру үшін сұрату;
8) 6 үрдіс – АХАЖ АЖ-де сұратылған деректердің болмауына байланысты АХАЖ АЖ-нен бала туралы ақпаратты тексерудің іске аспауы туралы хабарламаны қалыптастыру. Бала туралы деректерді тұтынушы қолмен енгізеді;
9) 7 үрдіс – тұтынушымен қажетті деректерді енгізу және қажетті электрондық құжаттарды өтініш түрінде тіркеу;
10) 8 үрдіс – өтінішті ЭҮП-да тіркеу және электрондық мемлекеттік қызметті алуға толтырылған өтініш үлгісіне (енгізілген деректер) тұтынушының ЭСҚ арқылы қол қою;
11) 1 шарт - тұтынушының АКҚҚ және КО АЖ пайдаланып тұтынушының тіркелу куәлігінің іс-әрекет мерзімі мен ЭСҚ түпнұсқалығын тексеру;
12) 9 үрдіс - тұтынушының ЭСҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты, қол қоюдан бас тарту жайлы хабарламаны қалыптастыру;
13) 10 үрдіс - электрондық мемлекеттік қызметті алуға толтырылған өтініш үлгісіне (енгізілген деректер мен саралаудан өткізілген құжаттар) тұтынушының ЭСҚ арқылы қол қою;
14) 11 үрдіс - ММ тұтынушының электрондық мемлекеттік қызметті алуға толтырылған өтініш үлгісін ЭҮП-нан Е-Акимат АЖ-не автоматтандырылған түрде тапсыру үрдісі;
15) 12 үрдіс –тұтынушының сұранымын ММ қызметкерімен Е-Акимат АЖ-де үш күн ішінде өңдеу (құжатты қабылдау және тапсыру күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне жатпайды). Бала МБМ-не бару үшін Е-Акимат АЖ-не электрондық кезекке тіркеледі;
16) 13 үрдіс – тұтынушыға МБМ-дегі № бойынша орын жайлы хабарлау;
17) 2 шарт – тұтынушының баланы ұсынылған МБМ-не № бойынша жіберу туралы шешім қабылдауы;
18) 14 үрдіс – тұтынушының ұсынылған МБМ-дегі № бойынша орыннан бас тартуын жазбаша түрде қалыптастыру үрдісі;
19) 15 үрдіс – тұтынушыға ұсынылған МБМ-дегі № бойынша орынға келісімін жазбаша түрде қалыптастыру (балаға ұсынылған МБМ-дегі № бойынша жолдама беріледі және ол кезектен алынады). Содан кейін, ММ қызметкерлерімен тұтынушы сұранысына сәйкес Е-Акимат АЖ-дегі электронлдық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қалыптастырылады (Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес рәсімделген электрондық құжат немесе қағаз түріндегі құжат). Электрондық құжат мемлекеттік органның АКҚҚ және КО АЖ пайдаланылып қалыптастырылады;
20) 16 үрдіс – қалыптастырылған шығыс құжаты мен сұранымның орындалу мәртебесін Е-Акимат АЖ-нен ХҚКО БАЖ-не, сонымен қатар тұтынушының ЭҮП жеек кабинеті мен электрондық поштасына автоматты тапсыру үрдісі.
9. Өтінішпен қоса ұсынылатын құжаттар тізбегі:
ата-анасының немесе заңды өкілінің біреуінің (шешесі немесе әкесі) жеке басын куәландыратын құжат;
-
кәулігі немесе төлқұжаты тапсырылған ата-анасының СТН;
-
баланың туу туралы куәлігі;
-
жеңілдікті (МБМ-не жолдаманы бірінші кезекте алған жағдайда) растайтын құжат;
-
психологті-медико-педагогтік комиссия шешімі (мектепке дейінгі түзету мекемесіне немесе мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған топтарға тіркелген жағдайда);
-
туберкулездік инфекцияның ерте белгілері, туберкулездің кіші және басылып бара жатқан түрлері бар, жиі және ұзақ ауыратын балаларға арналған мектепке дейінгі шипажайлық түзету ұйымдарына тіркеу кезінде аймақтық емдеу-алдын алу ұйымның қорытындысы.
Құжаттар сәйкестігін тексеру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады, содан кейін құжат түпнұсқалары тұтынушыға қайтарылады.
ЭҮП арқылы өтініш берген жағдайда электрондық көшірмелері қажет:
баланың туу туралы куәлігінің; ата-анасының немесе заңды өкілінің біреуінің (шешесі немесе әкесі) жеке басын куәландыратын құжатының; жеңілдікті (МБМ-ге бірінші кезекте жолдама алған жағдайда) растайтын құжаттың; психологті-медико-педагогтік комиссия шешімінің (түзету МБМ-не немесе мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған топтарға тіркелген жағдайда); туберкулездік инфекцияның ерте белгілері, туберкулездің кіші және басылып бара жатқан түрлері бар, жиі және ұзақ ауыратын балаларға арналған шипажайлық түзету МБМ-не тіркеу кезінде аймақтық емдеу-алдын алу ұйым қорытындысының.
10. Тұтынушының электрондық мемлекеттік қызмет бойынша сұранысының орындалу мәртебесін тексеру тәсілі: ЭҮП «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде, сондай-ақ ХҚКО/ММ-не өтініш беру арқылы.
11. Электрондық мемлекеттік қызмет туралы ақпарат, уәкілетті лауазымдық тұлғалардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібі бойынша түсінік алу үшін, сондай-ақ, электрондық мемлекеттік қызмет сапасын бағалау қажеттілігінде мемлекеттік органдардың атауы, олардың заңды мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық пошталарының мекенжайы осы Регламенттің 1 және 2 қосымшаларында көрсетілген.
3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінде
өзара-әрекеттестік тәртібін сипаттау
12. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелердің құрылымдық бөлімшелері, ұйымдар және АЖ тізбесі:
- ЭҮП;
- АЭҮШ (ЭҮШ);
- ХҚКО БАЖ;
- осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес ММ;
- осы Регламенттің 2 қосымшасына сәйкес ХҚКО.
13. Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелердің құрылымдық бөлімшелерінің немесе басқа ұйымдар іс-әрекетінің (рәсімдер, қызметтер, операциялар) бірізділігінің мәтіндік сызбалық сипаттамасы осы Регламенттің 3 қосымшасына сәйкес көрсетілген.
14. Осы Регламенттің 4 қосымшасында осы Регламенттің 2 тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелердің құрылымдық бөлімшелерінің немесе басқа ұйымдардың сипатына сәйкес іс-әрекетінің логикалық бірізділігінің өзара байланысын көрсететін (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үрдісінде) диаграммалар (1. 2, 3 сурет) көрсетілген.
15. Тұтынушыларға электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Регламенттің 5 қосымшасына сәйкес сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
16. Осы Регламенттің 6, 7, 8 қосымшаларында электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі (шығыс құжат) сәйкестендіріліп көрсетілетін бланктердің үлгісі, нысандар, соның ішінде форматтық-логикалық бақылау ережелері, сонымен қатар ескертулер нысандары ұсынылған.
17. Тұтынушылармен электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үрдісіне қойылатын талаптар:
Достарыңызбен бөлісу: |