Солтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2014 жылғы «23» қыркүйектегі
№ 354 қаулысымен бекітілген
«Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің (бұдан әрі - регламент) 1-қосымшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – ветеринариялық анықтама беру.
Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының (не оның сенімхат бойынша өкілінің) өтінішті және келесі құжаттарды ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады:
1) жануарға арналған ветеринариялық паспорттың көшірмесі;
2) жануардың жеке нөмірін көрсете отырып, былғары-тері шикізатында міндетті түрде жапсырманың болуы.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері алынған құжаттарды қабылдайды және тіркейді – 30 минуттан аспайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысып, жауапты орындаушыны айқындайды, бұрыштама қояды және құжаттарды жауапты орындаушыға жібереді – 30 минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың регламенттің 4-тармағына сәйкестігін қарайды, жануардың ветеринариялық паспорты мен жеке нөмірінің және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда бар жануарлар туралы мәліметтердің немесе олардан үзінді-көшірмелердің болуын негізге ала отырып, жануарды, одан алынған өнім мен шикізатты ветеринариялық байқаудан өткізеді, бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы жүгінген сәттегі тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал ескеріледі және ветеринариялық байқау нәтижелері ветеринариялық анықтамаға жазылады – жүгінген күн ішінде;
4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға (не оның сенімхат бойынша өкіліне) ветеринариялық анықтама береді – 30 минуттан аспайды.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) өтініш және ұсынылған құжаттар тіркеледі, көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесіне белгі қойылады (кеңсе қызметкері);
2) бұрыштама қойылады (басшы);
3) ұсынылған құжаттар қаралады, жануар, одан алынатын өнім мен шикізат ветеринариялық байқаудан өткізіледі, ветеринариялық байқау нәтижелері ветеринариялық анықтамаға жазылады (жауапты орындаушы);
4) ветеринариялық анықтама беріледі (кеңсе қызметкері).
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы:
1) өтініш пен құжаттарды қабылдау және тіркеу, көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесіне құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тіркеу туралы белгі қою (кеңсе қызметкері) – 30 минуттан аспайды;
2) құжаттармен танысып, бұрыштама қою (басшы) – 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) ұсынылған құжаттарды қарау, ветеринариялық байқау нәтижелерін ветеринариялық анықтамаға жазу (жауапты орындаушы) – жүгінген күн ішінде;
4) ветеринариялық анықтама беру (кеңсе қызметкері) – 30 минуттан аспайды.
9. Рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі бизнес-процестердің анықтамалығында көрсетілген.
«Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Жергілікті атқарушы органдар құрған «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсететін мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың мекенжайлары
Уәкілетті органдардың
атауы
|
Заңды
мекенжайы
|
Байланыс
телефоны
|
«Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
|
Солтүстік Қазақстан облысы,
Петропавл қаласы,
Жамбыл көшесі, 302
KGP_vetstanzia@mail.ru
|
50-21-45
42-51-65
|
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
|
Солтүстік Қазақстан облысы,
Айыртау ауданы,
Саумалкөл селосы,
Ақан сері көшесі, 119
airtauvetst@mail.ru
|
8 (715-33)
2-19-68
|
«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығымен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
|
Солтүстік Қазақстан облысы,
Ақжар ауданы,
Талшық ауылы,
Целинная көшесі, 13-үй
akzharvet@mail.ru
|
8 (715-46)
2-20-93
7-90-46
7-91-17
|
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Аққайың аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық стансасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
|
Солтүстік Қазақстан облысы,
Аққайың ауданы,
Смирново селосы,
Народная көшесі, 37
vstanciya@mail.ru
|
8 (715-32)
2-29-95
|
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ветеринарлық станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
|
Солтүстік Қазақстан облысы,
Есіл ауданы,
Явленка селосы,
Тимофеева көшесі, 32
esil_vet58@mail.ru
|
8 (715-43)
7-90-48
7-90-52
|
«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ветеринарлық станция» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
|
Солтүстік Қазақстан облысы,
Жамбыл ауданы,
Пресновка селосы,
Водопроводный орамы
zhambyl.vet@bk.ru
|
8 (715-44)
2-26-24
7-90-05
|
«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
|
Солтүстік Қазақстан облысы,
Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы,
Юбилейная көшесі, 56
g-smagulova@bk.ru
|
8 (715-31)
2-04-14
|
«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринарлық станция» шаруашылық жүргізу құқығымен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
|
Солтүстік Қазақстан облысы,
Қызылжар ауданы,
Бескөл ауылы,
Комаров көшесі, 2
kizilzharvet@mail.ru
|
8 (715-38)
7-90-77
2-19-36
2-19-13
2-19-71
|
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ветеринариялық станциясы» шаруашылық басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
|
Солтүстік Қазақстан облысы,
Мамлют ауданы,
Мамлютка қаласы,
Гагарин көшесі, 62-үй
rahimova. karlygash@mail.ru
|
8 (715-41)
2-00-21
7-90-23
|
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығымен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
|
Солтүстік Қазақстан облысы,
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан,
Новоишим селосы,
Абылай хан көшесі, 28
dishmyak@mail.ru
|
8 (715-35)
2-18-90
2-27-73
2-25-44
|
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығымен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
|
Солтүстік Қазақстан облысы,
Тайынша қаласы,
Күншығыс көшесі, 100
urazbaeva.89@mail.ru
|
8 (715-36)
2-37-88
|
«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
|
Солтүстік Қазақстан облысы,
Тимирязев ауданы,
Тимирязев селосы,
Ш. Уәлиханов көшесі, 1
viterinar@mail.ru
|
8 (715-37)
2-03-99
|
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығымен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
|
Солтүстік Қазақстан облысы,
Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл селосы,
Жамбыл көшесі, 76
ualvet@mail.ru
|
8 (715-42)
2-00-61
2-27-59
|
«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығымен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
|
Солтүстік Қазақстан облысы,
Шал ақын ауданы,
Сергеевка қаласы,
Крымская көшесі, 2 А
vet.stancia.shal@mail.ru
|
8 (715-34)
2-12-86
|
«Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
«Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Өтініш пен құжаттарды қабылдайды және тіркейді – (30 минуттан аспайды)
Өтінішке бұрыштама қояды – (30 минуттан аспайды)
Ұсынылған құжаттарды қарайды және жануардың ветеринариялық паспорты мен жеке нөмірінің және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда бар жануарлар туралы мәліметтердің немесе олардан үзінді-көшірмелердің болуын негізге ала отырып, жануарды, одан алынған өнім мен шикізатты ветеринариялық байқаудан өткізеді, бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы жүгінген сәттегі тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал ескеріледі және ветеринариялық байқау нәтижелерін ветеринариялық анықтамаға жазады – (жүгінген күн ішінде).
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ атауы
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту
*ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік
Достарыңызбен бөлісу: |