Ақтөбе облысы әкімдігінің
2013 жылғы 28 наурыздағы
№ 78 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
«Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ұғымдар
1. Осы «Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) пайдаланушы - жеке немесе заңды тұлға;
2) уәкілетті орган – жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі.
2. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттiк қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы: Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру.
3. «Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 «Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандартының 1-қосымшасында (бұдан әрі – Стандарт) көрсетілген мекенжай бойынша жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) көрсетіледі.
4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 16, 17, 18, 71-баптарының, сондай-ақ Стандарт негiзiнде жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік қызмет нәтижесі қағаз тасымалдағыштағы іздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскесін пайдалануға беру болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызмет күн сайын дүйсенбіден бастап жұма күнін қоса алғанда, 9-00-ден 18-00-ге дейін көрсетіледі, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына сәйкес мереке күндері.
Құжаттарды қабылдау кезекке тұру тәртібімен алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) уәкілетті органның стендiлерiнде және бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады;
2) «Ақтөбе облысы жер қатынастары басқармасы» ММ (бұдан әрі – басқарма) www.zher.aktobe.gov.kz ғаламтор-ресурсында орналасады.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті пайдаланушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 10 жұмыс күні;
2) құжаттарды тапсыру және алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут;
3) құжаттарды тапсыру және алу кезінде қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут.
10. Маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарының жүргізілуіне байланысты қызмет көрсету мүмкіндігі болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған кезде уәкілетті орган мемлекеттік қызмет пайдаланушыны құжаттарды тапсырған күнінен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың себептері жөнінде жазбаша хабардар етеді. Бұдан әрі уәкілетті орган аталған негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға құқығы жоқ.
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар жергілікті атқарушы органға тапсырылады.
Жергілікті атқарушы органның кеңсе қызметкері түскен құжатты қарап жергілікті атқарушы органның басшысына 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолдайды.
Жергілікті атқарушы органның басшысы немесе оның міндетін атқаратын тұлға құжаттың мазмұнымен танысады және бұрыштама қояды. Содан кейін жергілікті атқарушы органның жер қатынастары саласындағы тиісті құрылымдық бөлімшесіне жолдайды.
Жергілікті атқарушы органның жер қатынастары саласы бойынша тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы құжатты қарап, түскен құжаттарды жауапты бөлімшеге жолдайды (сол түскен жұмыс күннің ішінде).
Жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастары саласындағы тиісті құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжатты заңнамаға сәйкестігін қарап уәкілетті органдармен келісім алу үшін жолдайды.
Келісім алғаннан кейін жергілікті атқарушы органның іздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскесін пайдалануға рұқсат беруге қаулы жобасы немесе дәлелді бас тарту туралы жауабы дайындалып жергілікті атқарушы органға шешім қабылдау үшін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде жолданады.
Жергілікті атқарушы орган іздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскесін пайдалануға рұқсат беруге 3 (үш) жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды немесе дәлелді бас тарту туралы жауап береді.
Жергілікті атқарушы орган іздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскесін пайдалануға рұқсат беруге шешімінің көшірмесін немесе дәлелді бас тарту туралы жауабын 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті пайдаланушыға жібереді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау
12. Жергілікті атқарушы органның кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметін пайдаланушыға Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат бередi, онда:
1) өтініштің нөмiрi және қабылданған күнi;
2) сұрау салынған мемлекеттiк қызмет түрi;
3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттардың берілетін күнi (уақыты) мен орны;
5) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн өтiнiштi қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты мен лауазымы көрсетiледi.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін уәкiлеттi органға Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынуы қажет.
14. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар: уәкілетті орган қызмет пайдаланушының құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың cақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету барысында мына құрылымдық - функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) іс-әрекет етеді:
1) жергілікті атқарушы орган;
2) уәкілетті органның басшысы;
3) уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
4) жергілікті атқарушы органның кеңсе қызметкері;
5) тиісті құрылымдық бөлімшесінің қызметкері;
6) уәкілетті органдар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
17. Уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі сабақтастығы мен өзара іс-қимылының сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсетуші лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
18. Мемлекеттік қызметті көрсетуді ұйымдастыруға облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті атқарушы органдары жауапты болып табылады.
Мемлекеттік қызметті пайдаланушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мекенжайлары және телефондары Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының жауапты лауазымды тұлғасына жүгіне алады.
19. Мемлекеттік қызметтерді пайдаланушы уәкілетті органның қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдемдесу үшін уәкілетті органмен белгіленген мекен жайлары мен телефондары Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген жауапты қызметкеріне жолығуға қажет.
Шағымның қаралу нәтижесі туралы өтініш иесіне жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
«Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн
жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру»
мемлекеттiк қызмет регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің сипаттамасы
|
Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) әрекеті
|
1
|
Әрекеттің (жұмыс барысының, ағымының) №
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
2
|
ҚФБ атауы
|
Жергілікті атқарушы органның кеңсе қызметкері
|
Жергілікті атқарушы органның басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға
|
Жергілікті атқарушы органның жер қатынастары саласы бойынша тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы
|
Жергілікті атқарушы органның жер қатынастары саласы бойынша тиісті құрылымдық бөлімшесінің қызметкері
|
Жергілікті атқарушы орган
|
3
|
Әрекеттің
(үдерістің,
рәсімнің,
операцияның
) атауы
және
олардың
сипаттамасы
|
Пайдаланушымен тапсырылған құжаттарды тексеру және қабылдау. Тіркеу және құжаттарды қабылдаған туралы колхат беру
|
Құжаттардың мазмұнымен танысу және бұрыштама толтыру.
|
Құжаттарды қарау.
|
Құжатты заңнамаға сәйкестігін қарау, құжаттардың толықтығына тексеру. Уәкілетті органдармен келісім алу үшін жолдау
|
Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскесін пайдалануға рұқсат беруге шешім қабылдау немесе бас тарту туралы жауап беру
|
4
|
Аяқтау
(мәліметтер
, құжат,
ұйымдастыру
шылық -
өкімдік
шешім)
нысаны
|
Құжаттарды жергілікті атқарушы органның басшысына жіберу
|
Құжаттарды жергілікті атқарушы органның жер қатынастары саласы бойынша тиісті құрылымдық бөлімшесіне жіберу
|
Құжаттарды тиісті құрылымдық бөлімшесіне жіберу
|
Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскесін пайдалануға рұқсат беруге қаулы жобасы немесе дәлелді бас тарту туралы жауап дайындап жергілікті атқарушы органға шешім алу үшін жолдау
|
Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскесін пайдалануға рұқсат беруге шешімінің көшірмесін немесе бас тарту туралы жауабын мемлекеттік қызметті пайдаланушыға жіберу
|
5
|
Орындалу мерзімі
|
1 жұмыс күні
|
Сол түскен күні. Түскен күннен кейін екінші күні жіберу
|
сол түскен күні
|
4 жұмыс күні
|
4 жұмыс күні
|
«Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн
жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру»
мемлекеттiк қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі сабақтастығы мен өзара іс-қимылының сипаттамасы
Достарыңызбен бөлісу: |