Әкімдіктің
2012 жылғы «__» __________
№ ____ қаулысымен бекітілген
«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық
ұйымға тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі – Регламент) мынадай ұғым пайдаланылады: мемлекеттік қызметті алушы – жеке тұлға немесе оның өкілі (бұдан әрі – тұтынушы).
2. Жалпы ережелер
2. Регламент Қазақстан Республикасының денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдардың (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қызметінің тәртібін анықтайды.
3. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тұтынушыларға «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне және «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1263 қаулысына сәйкес көрсетіледі және «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1294 қаулысымен бекітілген «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартымен (бұдан әрі - Стандарт) белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны - автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижелері:
1) уәкілетті ұйымға тікелей жүгінген кезде - қағаз түріндегі (ерікті нысандағы) тіркеу туралы анықтама (талон) беру;
2) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет уәкілетті ұйымға тікелей жүгінген кезде мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдайлар көзделген, өртке қарсы шаралар қабылданған уәкілетті ұйымда өтініш білдірген күні көрсетіледі. Залда күтуге арналған креслолар мен ақпараттық стенділер орналастырылады.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар
8. Мемлекеттік қызмет тұтынушы уәкілетті ұйымға тікелей жүгінген кезде көрсетіледі, ол уәкілетті ұйымның тіркеу журналында тіркеледі.
9. Уәкілетті ұйымның жұмыс кестесі – күн сайын дүйсенбіден жұма аралығында үзіліссіз, сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес мереке күндері.
10. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында: www.mz.gov.kz;
2) «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында: www.densaulyk.kostanay.gov.kz/ru;
3) уәкілетті ұйымдардың үй-жайларында;
4) веб-порталда;
5) ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат call-орталығының телефоны (1414) арқылы да ұсынылады.
11. Уәкілетті ұйымға тікелей жүгінген кезде жауап (растау не бас тарту) бір күн ішінде беріледі, осы уақыт ішінде тұтынушыға тіркеу туралы анықтама (талон) не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі.
12. Уәкілетті ұйымға тікелей жүгінген кезде тұтынушының мемлекеттік қызметті алуға сұрау салуы:
1) Стандарттың 11-тармағында көрсетілген талаптар орындалмағанда;
2) уәкілетті ұйымды еркін таңдау кезінде жылына бір реттен жиі тіркелгенде;
3) уәкілетті ұйым тіркейтін тіркелген халықтың саны нормативтерден асқанда;
4) бірнеше уәкілетті ұйымға тіркелген кезде қабылданбайды.
13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушыдан өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру сәтiне дейiнгі мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:
1) тұтынушы уәкілетті ұйымға құжаттарды Регламенттің 15-тармағына сәйкес ұсынады;
2) уәкілетті ұйымның тіркеу орнының жауапты қызметкері келіп түскен құжаттардың толықтығына және дұрыстығына тексерісті жүзеге асырады, уәкілетті ұйымның тіркеу журналына тіркеуді жүргізеді және қағаз түріндегі (ерікті нысандағы) тіркеу туралы анықтама (талон) береді.
14. Уәкілетті ұйымда мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бiр қызметкердi құрайды.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісiндегі
іс-әрекет (өзара іс-әрекет) тәртiбiнiң сипаттамасы
15. Уәкілетті ұйымға тікелей жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алуы үшін тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаты (он алты жасқа толмаған адамдар үшін – туу туралы куәлік) болуы қажет.
16. Уәкілетті ұйымға тікелей жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алуы үшін тұтынушы ерікті нысанда өтініш толтырады.
17. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірлік (бұдан әрі – ҚФБ) әрекет етеді:
уәкілетті ұйымның тіркеу орнының жауапты қызметкері.
18. Әрбір әкiмшiлiк іс-әрекеттiң (рәсiмнің) орындалу мерзiмi көрсетіле отырып, әрбір ҚФБ әкiмшiлiк іс-әрекеттерінiң (рәсiмдердiң) дәйектілігі мен өзара іс-әрекетiнің мәтiндiк кестелiк сипаттамасы Регламенттiң 1-қосымшасында келтiрiлген.
19. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерісiндегі әкiмшiлiк іс-әрекеттердiң қисынды дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба Регламенттiң 2-қосымшасында келтiрiлген.
5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
20. Мемлекеттiк қызмет көрсетуге жауапты тұлға уәкілетті ұйымның бас дәрігері (бұдан әрi – лауазымды тұлға) болып табылады.
Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген мерзiмдерде мемлекеттiк қызмет көрсетудi іске асыруға жауап береді.
___________________
«Медициналық-санитариялық
алғашқы көмек көрсететін
медициналық ұйымға тіркеу»
мемлекеттік қызмет көрсету
регламентіне
1-қосымша
Әрбір әкiмшiлiк іс-әрекеттiң (рәсiмнің) орындалу мерзiмi көрсетіле отырып, әрбір ҚФБ әкiмшiлiк іс-әрекеттерінiң (рәсiмдердiң) дәйектілігі мен өзара іс-әрекетiнің мәтiндiк кестелiк сипаттамасы
|
Негізгі үдерістің (жұмыстар барысының, ағынының) іс-әрекеттері
|
1
|
Іс-әрекеттің №
|
1
|
2
|
ҚФБ атауы
|
Уәкілетті ұйымның тіркеу орнының жауапты қызметкері
|
3
|
Іс-әрекеттің
(үдерістiң,
рәсiмнiң,
операцияның)
атауы және олардың сипаттамасы
|
Ұсынылған құжаттардың толықтығын және дұрыстығын тексеру, уәкілетті ұйымның тіркеу журналына тіркеу
|
4
|
Аяқтау нысаны
|
Уәкілетті ұйымға қағаз түріндегі (ерікті нысандағы) тіркеу туралы
анықтама (талон) беру
|
5
|
Орындау
мерзімдері
|
Бір күн ішінде
|
____________________
«Медициналық-санитариялық
алғашқы көмек көрсететін
медициналық ұйымға тіркеу»
мемлекеттік қызмет көрсету
регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерісiндегі әкiмшiлiк
іс-әрекеттердiң қисынды дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы
өзара байланысты айғақтайтын сызба
Тұтынушы уәкілетті ұйымға құжаттарды Регламенттің 15-тармағына сәйкес ұсынады
Уәкілетті ұйымның тіркеу орнының жауапты қызметкері ұснылған құжаттардың толықтығына және дұрыстығына тексерісті жүзеге асырады, уәкілетті ұйымның тіркеу журналына жазба жүргізеді және қағаз түріндегі (ерікті нысандағы) тіркеу туралы анықтама (талон) береді
____________________
Достарыңызбен бөлісу: |