Әкімдіктің 2012 жылғы



Дата07.07.2016
өлшемі66.24 Kb.
#183719

Әкімдіктің

2012 жылғы «__» ____

қаулысына қосымша



«Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы»

мемлекеттік мекемесі туралы ереже


Қостанай қаласы, 2012 жыл

1. Жалпы ережелер




1. «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) мәдениет, өнер және кино саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Басқарманың қызметін және құзыретін анықтаушы құрылтайшы Қостанай облысы әкімдігінің атынан мемлекет болып табылады.

2. Басқарма осы Ереженің қосымшасында көрсетілген кәсіпорындар және мекемелерді басқару бойынша бірқатар міндеттерді жүзеге асыруға уәкілетті.

3. Басқарма өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Басқарма мемлекеттік тілде өзінің атауымен мөрі және мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкте есеп шоты бар заңды тұлға болып табылады.


5. Басқарманың жұмыс тәртібі Басқарма бастығының бұйрығымен бекітілген жұмыс регламентіне сәйкес белгіленеді.

6. Басқарма өзінің атынан азаматтық-құқықтық қатынасқа кіреді.


7. Басқарма егер ол заңнамаға сәйкес бұған уәкілетті болса мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың жағынан сөйлеуге құқығы бар.


8. Басқарма өз құзыретінің мәселесі бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Басқарма бастығының бұйрығымен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.

9. Басқарманың штаттық санының құрылымы және лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

10. Басқарманың орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 60 үй.


11. Мемлекеттікорганныңтолықатауы:Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

12. Басқарманың құрылтай құжаты осы Ереже болып табылады.

13. Басқарма қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

14. Басқарманың міндеттері болып табылатын міндеттерді орындау мәні кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынасқа Басқармаға кіруге тыйым салынады.



2. Басқарманың миссиясы, мәні, мақсаты, негізгі міндеттері,

қызметі, құқығы және міндеттері

15. Басқарманың миссиясы: мәдениет, өнер, және кино саласында мемлекеттік саясатты дамытуға және жетілдіруге жәрдемдесу.

16. Басқарма қызметінің мәні: мәдениет, өнер, киноны дамытудың негізгі бағыттарын болжамдау, әзірлеу, іске асыру.


17. Басқарма қызметінің негізгі мақсаты: мәдениет, өнер және кино саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

18. Басқарманың міндеттері:

1) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта жаңартуға, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шараларды қолдану;
2) ұлттық құндылықтарға баулу арқылы азаматтарды отаншылдыққа және эстетикалық тәрбиелеуге жағдайлар жасау;
3) мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту;
5) дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету;
6) мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық үшін жағдайлар жасау;
7) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, азаматтардың ұлттық - мәдени бірлестіктерге қатысу еркіндігін, шетелдердегі отандастармен мәдени байланыстарды кеңейтуге қатысуды қоса алғанда, ұлттық және мәдени өзіндік ерекшелігін қорғау және дамыту құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету;

8) мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық үшін жағдайлар жасау;


19. Басқарманың қызметтері:

1) театр, музыка және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметін және халық шығармашылығын, кітапхана және мұражай істерін дамыту жөнінде облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, облыс мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;


2) шығармашылық қызметтің әртүрлі салаларында облыстық байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады;
3) уәкілетті органмен келісім бойынша шығармашылық қызметтің әртүрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуге көмектеседі;
4) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегі сараптама комиссиясын құрады;
5) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ белгіленген нысанда статистикалық есептер береді;
6) облыстың деңгейінде көріністік мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді жүзегеасырады;
7) облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
8) облыстың мәдени мақсаттағы объектілерін салу, қайта жаңғырту және жөндеу бойынша тапсырысшы болады;
9) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың дамуына ықпал жасайды;
10) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн анықтауды, есепке алуды, қорғауды, консервациялау және жаңғыртуды, сондай-ақ тарихи-мәдени мұра объектілерін пайдалануды және тарих пен мәдениет ескерткiштерiнде ғылыми- жаңғырту жұмыстарын жүргiзудi, сондай-ақ елдің көрнектi мәдени қайраткерлерінмәңгі есте сақтауды қамтамасыз етедi;

11) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты жүзеге асырады;


12) тиiстi аумақтардың экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарларында жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiн есепке алу, қорғау және ғылыми-жаңғырту жұмыстарын ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды көздейдi;
13) тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң меншiк иелерiне және пайдаланушыларына олардың қорғау міндеттемесін бұзғаны туралы нұсқамалар бередi, Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзған жеке және заңды тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныс жасайды;
14) өз құзыреті шегінде Басқармаға мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.


20. Басқарманың құқықтары және міндеттері:

1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және ұйымдардан ақпарат сұрауға және алуға;

2) осы Ереженің қосымшасында көрсетілген мемлекеттік мәдениет, өнер және кино мекемелері мен кәсіпорындарын құру, қайта құру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізуге;

3) мәдениет, өнер және кино саласындағы маңызды мәселелер және бағдарламалар бойынша, ведомствоаралық, сараптамалық, үйлестіру кеңестерін, консультативтік-кеңесші орган – алқаны құруға;


4) қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпте халықаралық гастрольдік және көрмелік қызметті, мәдениет, өнер және кино қызметкерлерінің өкілдерімен алмасуды жүзеге асыруға;

5) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді пайдалануға;


6) Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға.
3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
21. Басқарма басшылық жасау Басқармаға жүктелген міндеттерді орындауға, өзінің қызметін жүзеге асыруға дербес жауапкершілік алатын бастық жүзеге асырады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қолданбағаны үшін дербес жауапкершілік алады.

22. Басқарма бастығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

23. Басқарма бастығының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары бар.

22. Басқарма бастығының өкілеттілігі:

1) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және басқарады;

2) орындау үшін міндетті нұсқаулар береді және бұйрықтар шығарады;

3) облыстың мемлекеттік мәдениет, өнер және кино кәсіпорындары мен мекемелерінің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, заңнамамен белгіленген тәртіпте олармен еңбек шарттарын жасайды;

4) заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;


5) заңнамамен белгіленген тәртіпте Басқарманың қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;

6) Басқармасы мүдделерін мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда ұсынады;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады;

Басқарма бастығы болмаған кездегі оның өкілеттілігін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастырушы тұлға жүзеге асырады.

25. Басқарманың бастығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.
4. Басқарманың мүлкі
26. Басқарманың заңнамада қарастырылған жағдайда жедел басқару құқығындағы оқшауландырылған мүлкі болуы мүмкін.

Басқарма мүлкі меншік иесінен оған берілген мүлік есебінен қалыптастырылады.

27. Басқармаға бекітіп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

28. Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаржыға сатып алынған мүлікті, егер заңнамада басқаша белгіленбесе, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе басқаша түрде иелік етуіне құқығы жоқ.


Басқарманы қайта құру және тарату
29. Басқарманы қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

_________________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет