Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»



Дата23.02.2016
өлшемі74.37 Kb.
#4110
түріРегламент



Әкімдіктің

2012 жылғы «31» қазандағы

№ 482 қаулысымен бекітілген

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау

және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі – Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) мемлекеттік қызметті алушы – мектепке дейінгі жастағы балалардың заңды өкілдері (бұдан әрі - алушы);

2) құрылымдық-функционалдық бірліктер – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысушылар (уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың ішкі жүйелері) (бұдан әрі-ҚФБ);

3) мектепке дейiнгi ұйым – мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жалпы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымы.



2.Жалпы ережелер
2. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) алушыларға «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 6) тармақшасының және 14-бабының 2-тармағы 1) тармақшасының негізінде көрсетіледі және «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартымен (бұдан әрі - Стандарт) белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес мектепке дейінгі ұйым мен заңды өкілдер арасында жасалатын шарт немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.


3. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар
6. Мемлекеттік қызмет барлық үлгідегі және түрдегі мектепке дейінгі ұйымдар (бұдан әрі - МДҰ) ғимараттарында, тікелей басшының кабинетінде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет МДҰ-ға өтініш жасаған жағдайда МДҰ басшысымен бекітілген заңды өкілдерді қабылдау кестесіне сәйкес екі жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде, сондай-ақ МДҰ ғимараттарының ақпараттық стендтеріндеорналастырылады.

8. Мемлекетті қызметті көрсету мерзімдері:

1) алушы осы Регламенттің 12-тармағында айқындалған құжаттарды МДҰ-ға тапсыру және басшыдан қажетті кеңес алу сәтінен бастап – кемінде 30 минут уақытты құрайды;

2) алушының өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минуттан артық емес;

3) өтініш берген күні сол жерде алушыға көрсетілетін қызметтің рұқсат берілген ең көп уақыты – кемінде 30 минутты құрайды.

9. Егер осы Регламенттің 12-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

10. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушыдан өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру сәтiне дейiнгі мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:

1) алушы МДҰ-ға осы Регламенттің 12-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;

2) МДҰ басшысы келіп түскен құжаттардың және деректердің толықтығына және сенімділігіне тексерісті жүзеге асырады, алушыға Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес шарт бланкілерін береді;

3) МДҰ басшысы МДҰ мен заңды өкілдер арасында жасалатын шартқа немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды;

4) МДҰ басшысы алушыға МДҰ мен заңды өкілдер арасында жасалатын шартты немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.

11. МДҰ-да мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бiр қызметкердi құрайды (МДҰ басшысы).



4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісiндегііс-әрекет (өзара іс-әрекет)

тәртiбiнiң сипаттамасы

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы МДҰ-ға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

1) қалалық (аудандық) Білім бөлімі, ауылдық жерде – әкімдік берген жолдама;

2) баланың денсаулық паспорты;

3) эпидемиялық ортасы туралы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтен анықтама.

Мектепке дейінгі ұйымдарда бос орындар бар болған жағдайда қабылдау жыл бойы жүргізіледі.

13. Шарт бланкілерін МДҰ басшысы береді.

Шарт 2 данада жасалады.

14. Алушылар (заңды өкілдер) толтырған шарт МДҰ басшысына тапсырылады (бір данасы МДҰ басшысында сақталады, екіншісі алушының (заңды өкілдерінің) қолында қалады).

15. Алушының мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат талап етілмейді.

16. Мемлекеттік қызмет МДҰ-да алушының жеке қатысуымен жүзеге асырылады.

17. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде мынадай ҚФБ әрекет етеді:

МДҰ басшысы.

18. Әрбір әкiмшiлiк іс-әрекеттiң (рәсiмнің) орындалу мерзiмi көрсетіле отырып, әрбір ҚФБ әкiмшiлiк іс-әрекеттерінiң (рәсiмдердiң) дәйектілігі мен өзара іс-әрекетiнің мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы Регламенттiң  1-қосымшасында келтiрiлген.

19. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерісiндегі әкiмшiлiк іс-әрекеттердiң қисынды дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба осы Регламенттiң 2-қосымшасында келтiрiлген.

5. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
20. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге жауапты тұлға МДҰ басшысы (бұдан әрi – лауазымды тұлға) болып табылады.

Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мерзiмдерде мемлекеттiк қызметтi көрсетудi іске асыруға жауап береді.


____________________________

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 1-қосымша

Әкiмшiлiк іс-әрекеттердiң (рәсiмдердiң) дәйектілігі мен өзара іс-әрекетiнің сипаттамасы


Негiзгi үдерістiң (жұмыстар барысының, ағынының) әрекеті

1

Әрекеттің №

1

2

3

2

ҚФБ атауы

МДҰ басшысы

3

Әрекеттің

(үдерістiң,

рәсiмнiң,

операцияның)

атауы және олардың сипаттамасы


Осы Регламенттің

12-тармағында көрсетілген, алушымен ұсынылған құжаттарды қабылдау, келіп түскен құжаттардың және деректердің толықтығына және сенімділігіне тексерісті жүзеге асыру



Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiне қол қою

Алушыға мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру

4

Аяқтау нысаны

Алушыға Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес шарт бланкілерін беру

МДҰ мен заңды өкілдер арасында жасалатын шарт немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап

5

Орындау

мерзімдері



30 минуттан кем емес

2 жұмыс күн ішінде

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

-

____________________________

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 2-қосымша

Әкiмшiлiк іс-әрекеттердiң қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба













____________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет