«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тұтынушы - жеке тұлғалар: Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, шетелдіктер мен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек - жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларына) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем (бұдан әрі - МАӘК);
3) жиынтық табыс - атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде ескерілетін табыс түрлерінің сомасы;
4) жан басына шаққандағы орташа табыс - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
5) уәкілетті орган - жергілікті бюджет есебінен қаржылындырылатын, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық, аудандық маңызы бар қаланың) қаладағы ауданның атқарушы органы;
6) құрылымдық-функционалдық бірліктер - электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын, уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың ішкі жүйелері (бұдан әрі - ҚФБ).
2. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау.
3. Мемлекеттік қызметті «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Ақтөбе облысының қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді, уәкілетті органдардың мекенжайлары тізбесі осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаған жағдайда тұтынушы мемлекеттік қызмет алу үшін кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкіміне (бұдан әрі - ауылдық округтің әкімі) өтініш жасайды, олардың мекенжайлар тізбесі осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Сұраныстың қай тілде рәсімделуіне байланысты, мемлекеттік қызметтің көрсетілуі мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жүргізіледі.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңының 2-бабы 1-тармағы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу Ережесі», Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» бұйрығы негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысына 2012 жылғы 16 қаңтарда және 17 тамызда енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып көрсетіледі.
7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі МАӘК тағайындау туралы қағаз жеткізгіште хабарландыру, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
8. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат алу үшін, уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданудың тәртібін түсіндіретін, сондай-ақ керек жағдайда мемлекеттік қызметтін сапасын бағалауға, тұтынушы уәкілетті органға, ауылдық округ әкіміне жолығуына болады, атауы, олардың заңды мекенжайлары, телефон нөмірлері, электронды поштасының мекенжайлары осы Регламенттің 1, 2-қосымшаларында көрсетілген.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап:
уәкілетті органға - жеті жұмыс күні ішінде;
тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкіміне - жиырма екі жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін кезекте күтуге жол берілетін ең көп уақыты бір өтініш берушіге қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;
3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті тұтынушыға қызмет көрсетуге жол берілетін ең көп уақыты - 15 минуттан аспайды.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 16-тармағында ескерiлген жағдайларында «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер көзделмеген.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
1) тұтынушы уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне өтініш береді;
2) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері алынған құжаттардың тіркеуін жүргізеді және қарау үшін басшыға жібереді;
3) анықтап қарағаннан кейін уәкілетті органның басшысы жауапты орындаушыға тапсырма береді;
4) уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттардың толық және дұрыс толтырылуын тексереді, хабарландыруды рәсімдейді немесе дәлелденген бас тартуды дайындайды, сосын уәкілетті органның басшысына қол коюға жібереді;
5) уәкілетті органның басшысы хабарландыруға немесе дәленденген бас тартуға қол қояды және уәкілетті органның кеңсесіне жібереді;
6) кеңсесінің қызметкері хабарландыруды немесе дәлелді бас тартуды тіркейді, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тұтынушыға жібереді немесе уәкілетті органға өтініш жасағанда тұтынушыға береді.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін тұтынушының құжаттарын қабылдауды уәкілеттік органында, ауылдық округ әкімінде жұмыс кестесі бойынша жұмыс күннің ішінде бір қызметкер жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау
13. Тұтынушының талапқа сай құжаттарын қабылдау және тіркеу уәкілетті органның, ауылдық округ әкімі кеңсесінің қызметкері жүзеге асырады.
Тұтынушыға мынаулар беріледі:
уәкілеттік органда немесе ауылдық округ әкімінде - тіркеу нөмірі, күні және парақ саны, құжаттарды қабылдаған қызметкердің тегі мен аты-жөні көрсетілген талон.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабарлау тұтынушының уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне жеке өзінің баруы арқылы, немесе пошталық хабарлама арқылы жүзеге асырылады.
14. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартының 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары тұтынушыға қайтарылады.
15. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Қабылдау уәкілетті органда немесе ауылдық округ әкімінде кезек тәртібімен, алдын-ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
16. Мемлекеттік қызмет уәкілеттік органның, ауылдық округ әкімінің үй-жайында көрсетіледі, орындықтар, үстелдер, толтырылған бланкілердің үлгілерімен ақпараттық стенділер бар, мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық үлгісіне, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сай келеді, үй-жай кіру тәртібі - еркін.
17. Уәкілетті органның және ауылдық округ әкімінің жұмыс қағидаттары:
1) адамның конституциялық құқығын және бостандығын сақтау;
2) қызметтік борышын орындау заңдылықты сақтау;
3) кәсіби этика мен мәдениетті сақтау;
4) жан-жақты және толық ақпарат ұсыну;
5) тұтынушының белгіленген мерзімде алмаған құжаттарының сақтығын қамтамасыз ету.
18. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар: уәкілетті орган, ауылдық округтің әкімі тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың cақтығын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді.
19. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қатысатын ҚФБ-ның тізбесі:
1) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері;
2) уәкілетті органның басшысы;
3) уәкілетті органның жауапты орындаушысы.
20. Әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімі) орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-нің әкімшілік іс-әрекеттер (рәсімдер) реттілігін және өзара әрекеттестігі мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 3-қосымшасында көрсетілген.
21. Әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды реттілігі, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мен ҚФБ арасындағы, өзара байланысты көрсететін схемасы осы Регламенттің 4-қосымшасында көрсетілген.
22. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі бланкі үлгісінде «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау шешім» және «Хабарлау», осы регламенттің 5-қосымшасында көрсетілген.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
23. Уәкілетті органның басшысы немесе ауылдық округтің әкімі мемлекеттік қызметтер көрсету барысында өздері қабылдаған шешімдері мен іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жауап береді.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
Уәкілетті органдардың мекенжайлары тізбесі
№
|
Уәкілетті органның атауы
|
Уәкілетті органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №, электрондық пошта мекенжайы)
|
Қала коды және телефон нөмірі
|
Жұмыс кестесі
|
1.
|
Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
030000,
Ақтөбе қаласы,
Ағайынды Жұбановтар көшесі, 289
zanyatostaktobe@mail.ru
|
8-7132
51-64-18
51-22-49
51-22-41
|
Демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына
бес күн
сағат
9-00 бастап
18-00 дейін,
түскі үзіліс сағат
13-00 бастап
14-00 дейін.
|
2.
|
Әйтеке би ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
030100, Әйтеке би ауданы,
Комсомол селосы,
Балдырған көшесі, 10
aitekebi_ozisp@mail.ru
|
8-71339
21-2-18
21-4-69
|
3.
|
Алға ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
030200, Алға ауданы,
Алға қаласы,
Сейфуллин көшесі, 17
alga_zanytos@mail.ru
|
8-71337
41-1-52
41-4-07
|
4.
|
Байғанин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
030300, Байғанин ауданы,
Байғанин кенті,
Қонаев көшесі, 37
aset2306@mail.ru
|
8-71345
22-5-73
22-4-33
|
5.
|
Ырғыз ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
030400, Ырғыз ауданы,
Ырғыз ауылы,
Әбілқайыр хан көшесі, 52
irgizsobez@mail.ru
|
8-71343
21-4-81
21-6-50
|
6.
|
Қарғалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
030500, Қарғалы ауданы,
Бадамша ауылы,
Пацаев көшесі, 11-А
kargala_zzsp@mail.ru
|
8-71342
22-2-98
22-7-31
|
7.
|
Қобда ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
031000, Қобда ауданы,
Қобда ауылы,
Әбілқайыр хан көшесі, 47 hobda6161@mail.ru,
hobda_sobes@mail.ru
|
8-71341
21-3-24
21-0-06
|
8.
|
Мәртөк ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
030600, Мәртөк ауданы,
Мәртөк ауылы,
Сейфуллин көшесі, 38
kazaevanatalja@mail.ru
|
8-71331
21-6-37
22-8-15
|
9.
|
Мұғалжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
030700, Мұғалжар ауданы,
Қандыағаш қаласы, Шынтасов көшесі, 2
zhamald@mail.ru
|
8-71333
36-2-02
36-8-62
|
10.
|
Темір ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
030800, Темір ауданы,
Шұбарқұдық кенті,
Байғанин көшесі, 13
temir-sobes@mail.ru
|
8-71346
23-0-93
22-2-95
|
11.
|
Ойыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
030900, Ойыл ауданы,
Ойыл ауылы,
Көкжар көшесі, 69
s_nauyrizbaev@mail.ru
|
8-71332
21-9-42
21-9-45
|
12.
|
Хромтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
031100, Хромтау ауданы,
Хромтау қаласы,
Жеңіс даңғылы, 4
hromtay_s@mail.ru
|
8-71336
21-6-57
21-8-63
|
13.
|
Шалқар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
031200, Шалқар ауданы,
Шалқар қаласы,
Үргенішбаев көшесі, 13
shalkarsobes77@yandex.ru
|
8-71335
23-0-11
21-5-77
|
Достарыңызбен бөлісу: |