Регламенттерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Әкімшілік рәсімдер туралы»



бет1/4
Дата25.02.2016
өлшемі0.51 Mb.
#22204
түріРегламент
  1   2   3   4
Дене шынықтыру және спорт

саласындағы мемлекеттік қызметтер

регламенттерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік қызметтер регламенттері бекітілсін:

1) «Спорт құрылыстарына санаттар беру» мемлекеттік қызмет регламенті;

2) «Cпорт шеберлігiне үміткер, бірiншi спорттық разряд, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, бірiншi санатты спорт төрешiсi» cпорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызмет регламенті;

2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Сүлейменге жүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

.

Облыс әкімі Н.Ноғаев

2012 жылғы «14» желтоқсан № 254

облыс әкімінің қаулысымен

бекітілген

«Спорт құрылыстарына санаттар беру»

мемлекеттік қызмет регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Спорт құрылыстарына санат беру» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі-Регламент) келесі ұғымдар қолданады:

1) алушы – спорт құрылысының басшысы;

2) уәкілетті орган - облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы;
3) уәкілетті органның жауапты қызметкері (бұдан әрі-жауапты қызметкер) – қызметтік нұсқаулыққа сәйкес міндеттер жүктелген облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкері;

4) уәкілетті органның басшысы (бұдан әрі-басшы) - облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы;

5) ХҚКО – халыққа қызмет көрсету орталығы;

6) ХҚКО инспекторы - халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері.

2. Жалпы ережелер

2. Осы мемлекеттік қызмет Регламенті «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес жасалған.

3. Спорт құрылыстарына бірінші, екінші, үшінші санаттар беру мемлекеттік қызметі ХҚКО арқылы уәкілетті органмен ұсынылады.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

6. Мемлекеттік қызмет:

1) «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 23-бабының 17) тармақшасының;

2) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 15-2-бабының;

3) «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 29-бабының;

4) «Спорт ғимараттарын пайдалану ережелерін бекіту туралы» 2011 жылғы 14 сәуірдегі № 02-02-18/59 Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің бұйрығының;

5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 981 қаулысымен бекітілген «Спорт құрылыстарына санаттар беру» мемлекеттік стандарты (бұдан әрі-стандарт) негізінде көрсетіледі.

7. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі қағаз жеткізгіште спорт ғимаратына стандарттың 4-қосымшасына сәйкес паспорттың үлгілік нысанында көрсетілген санатты беру не болмаса мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысандағы дәлелді жауап болып табылады.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
8. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгiнiң www.mts.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттiк қызметтер» бөлiмiнде;
     2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
3) уәкілетті органның www.oblsport-bko.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
9. Мемлекеттік қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша ХҚКО ғимаратында көрсетіледі.

10. Уәкілетті органның жұмыс кестесi:


демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн, стандартқа 3-қосымшаға сәйкес мекен-жайы бойынша.

11. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері стандарттың 7 тармағына сәйкес.

12. Стандарттың 16 тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады. Мемлекеттік қызметті көрсетуді тоқтату үшін негіз жоқ.

13. Алушыдан мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш алғаннан бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін ұсынғанға дейін ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1) алушы ХҚКО-на стандарттың 11 тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін ұсынады;

2) алушыға мыналар көрсетіле отырып тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі: сұрауды қабылдау күні мен нөмірі; сұрау жасалған мемлекеттік қызмет түрі; қоса берілген құжаттардың саны мен атауы; құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны; құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты; алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары;

3) ХҚКО инспекторы құжаттарды уәкілетті органға жібереді;

4) уәкілетті органның кеңсе қызметкері қабылданған құжаттарды тіркеп, басшыға қарастыруға жібереді;

5) басшы құжаттармен танысып, жауапты қызметкерді белгілейді;

6) ұсынылған құжаттар мен спорттық құрылыстың негізгі сипаттамаларын қарау нәтижелері бойынша жауапты қызметкер тиісті шешім рәсімдейді, алушыға хабарландыру хат жобасын әзірлейді, басшыға қол қойдырып, уәкілетті органның кеңсесіне жолдайды;

7) уәкілетті органның кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету қорытындысын ХҚКО-ға жолдайды;

8) ХҚКО инспекторы алушыға санат беру туралы немесе бас тарту туралы жауапты ұсынады.

14. Уәкілетті орган аталған мемлекеттік қызмет көрсетуден келесі негіздемелер бойынша бас тартады:

1) стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаса;

2) ұсынылған құжаттарда жалған немесе бұрмаланған деректер анықталса.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимыл (әрекеттестік) тәртібінің сипаттамасы
15. Құжаттарды қабылдау уәкілетті органның кеңсе қызметкерімен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уәкілетті органның кеңсе қызметкері құжаттардың стандарттың 11-тармағының талаптарына сәйкестігін тексереді.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) әрекет етеді:

1) ХҚКО инспекторы;

2) уәкілетті органның кеңсе қызметкері;

3) уәкілетті органның басшысы;

4) уәкілетті органның жауапты қызметкері.

17. ҚФБ-нің әкімшілік іс-қимылдарының (рәсімдер) бірізділігі мен әрекеттестігінің сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген.

18. ҚФБ-нің әкімшілік іс-қимылдарының логикалық бірізділігінің өзара байланысын көрсететін сұлба осы Регламентке 2-қосымшада көрсетілген.



5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
19. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасы заңдарымен қарастырылған жауапкершілікке тартылады.

«Спорт құрылыстарына санат

беру» мемлекеттік қызмет

регламентіне 1-қосымша



ҚФБ-нің әкімшілік іс-қимылдарының (рәсімдер) бірізділігі мен әрекеттестігінің сипаттамасы


1

Іс-қимылдың (жұмыс барысы, ағымы) №

1

2

3

4

5

2

ҚФБ атауы

ХҚКО

инспекторы



Уәкілетті органның кеңсе қызметкері

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның жауапты қызметкері

ХҚКО инспекторы

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау

Құжаттарды қабылдау

Сұраумен танысу

Тиісті шешім дайындау

Алушыға шешімді немесе бас тарту туралы тиісті шешімді беру

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-жарлықшы шешім)

Журналға тіркеу және қолхат беру

Журналға тіркеу

Қарар салу

Спорт құрылысына санат беру немесе бас тарту туралы тиісті шешім

Алушыға шешім немесе бас тарту туралы тиісті шешім берілгені туралы қолхат

5

Орындау мерзімдері

20 минут

30 минут

1 күн

күнтізбелік 7 күн

Жұмыс күні ішінде

«Спорт құрылыстарына санат беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

2-қосымша


ҚФБ-нің әкімшілік іс-қимылдарының логикалық бірізділігі арасындағы өзара байланысын көрсететін сұлба















2012 жылғы «__» ________ № ___

облыс әкімдігінің қаулысымен

бекітілген


«Cпорт шеберлігiне үміткер, бірiншi спорттық разряд,

біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы,

біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы,

біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, бірiншi санатты

спорт төрешiсi cпорттық разрядтары мен санаттарын беру»

мемлекеттік қызмет регламенті

1. Негізгі ұғымдар


1. Осы ««Cпорт шеберлігiне үміткер, бірiншi спорттық разряд, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, бірiншi санатты спорт төрешiсi cпорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі-Регламент) келесі ұғымдар қолданылады:

1) алушы – жаттықтырушы, әдіскер, нұсқаушы, спортшы және спорт төрешісі;

2) уәкілетті орган - облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы;
3) уәкілетті органның жауапты қызметкері (бұдан әрі-жауапты қызметкер) – лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес міндеттер жүктелген облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкері;

4) уәкілетті органның басшысы (бұдан әрі-басшы) - облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы;

5) ХҚКО – халыққа қызмет көрсету орталығы;

6) ХҚКО инспекторы - халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері.


2. Жалпы ережелер

2. Осы мемлекеттік қызмет Регламенті Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес жасалған.

3. Мемлекеттік қызмет ХҚКО арқылы уәкілетті органмен ұсынылады.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

6. Мемлекеттік қызмет:

1) «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 22-1-бабының 2-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшалары;

2) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 15-2-бабы;

3) «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 29-бабы;

4) «Дене шынықтыру және спорт саласында азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу ережесі мен шарттарының, сондай-ақ жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушыларға біліктілік санаттарын беру ережесін бекіту туралы» 2011 жылғы 5 наурыздағы № 02-02-18/29 Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің, «Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 01-08/142 Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі м.а. бұйрықтары;

5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 981 қаулысымен бекітілген «Cпорт шеберлігiне үміткер, бірiншi спорттық разряд, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, бірiншi санатты спорт төрешiсi» cпорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік стандарты негізінде көрсетіледі.

7. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі қағаз жеткізгіште 5 жыл мерзімге спорттық разряд немесе санат беру туралы бұйрықтан көшірме не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысандағы дәлелді жауап болып табылады


3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
8. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгiнiң www.mts.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттiк қызметтер» бөлiмiнде;

2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының www.con.gov.kz интернет-ресурсында;

3) уәкілетті органның www.oblsport-bko.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.


9. Мемлекеттік қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша осы Регламенттің 3-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша ХҚКО ғимаратында көрсетіледі.

10. Уәкілетті органның жұмыс кестесi:

демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн, Орал қаласы, Достық даңғылы, 201 мекен-жайы бойынша.

11. Мемлекеттік қызмет спорттық разрядтары мен біліктіліктерін ресми тану мақсатында жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушыларға, спортшыларға және спорт төрешілеріне көрсетіледі.

12. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:

1) мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi алушы жүгiнген сәттен бастап күнтiзбелiк 30 күннен аспайды (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте уәкілетті орган мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн қызмет көрсету мерзiмi аяқталғанға бiр күн қалғанда ұсынады);

2) алушы жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiнгi күтудiң жол берiлетiн ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;

3) алушы жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң жол берiлетiн ең көп уақыты 20 минуттан аспайды.

13. Уәкілетті орган аталған мемлекеттiк қызметтi көрсетуден мынадай негiздемелер бойынша бас тартады:

1) осы Регламенттің 14-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық тiзбесi ұсынылмаса;

2) құжаттарда жалған немесе бұрмаланған деректер анықталса;

3) спортшыға спорттық атақтарды беру құжаттарын тиiстi норматив немесе талаптар орындалған сәттен бастап алты айдан асып кеткен мерзiмде ұсынылса.

Алушы осы Регламенттің 14-тармағында көрсетiлген құжаттардың бiреуiн тапсырмаған жағдайда, ХҚКО құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде ХҚКО-ның қызметкерi алушыға жетiспейтiн құжаттарды көрсете отырып қолхат бередi.

Өтiнiштi қараудан бас тарту туралы дәлелдi жауап, құжаттар толық ұсынылмаған не мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн белгiленген мерзiмде ұсынылмаған жағдайда алушыға екi күндiк мерзiмде берiледi. Мемлекеттік қызметті көрсетуді тоқтату үшін негіз жоқ.

14. «Спорт шеберiне кандидат» спорттық атағын, «1 разрядтағы спортшы» спорттық разрядын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушы ХҚКО-на мынадай құжаттар тiзбесiн ұсынады:

1) осы Регламенттің 4-қосымшасына сәйкес белгiленген нысандағы ұсыным;

2) жарыстың атауы, оны өткiзу мерзiмi мен орны көрсетiлген, жарыстың бас төрешiсi мен бас хатшысы қол қойған хаттамадан үзiндi;

3) осы спорт түрiнен республикалық федерацияның мөрiмен расталған жарыстар хаттамаларының көшiрмелерi;

4) осы Регламенттің 5-қосымшасына сәйкес бас төрешiсiнiң, бас хатшысының қол қойған бокс, күрес түрлерi мен басқа да жекпе-жектердiң нәтижелерi туралы анықтамасы.

«Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы», «Бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы», «Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы» және «Бiлiктiлiгi орта деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы» санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушы орталыққа мынадай құжаттар тiзбесiн ұсынады:


  1. осы Регламенттің 6-қосымшасына сәйкес белгiленген нысандағы өтiнiш;

  2. бiлiмi туралы, бiлiктiлiгiн арттыруы туралы құжаттардың көшiрмелерi;

  3. еңбек кiтапшасының немесе жұмыс берушiнiң оны тоқтату күнi мен негiздемесi туралы белгiсi бар еңбек шартының немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негiзiнде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушiнiң актiсiнен үзiндiнiң көшiрмесi немесе қызметкердiң еңбек қызметi туралы мәлiметтен тұратын мұрағат анықтамасы;

  4. бұдан бұрынғы бiлiктiлiк санатын беру туралы куәлiктiң көшiрмесi;

  5. осы Регламенттің 7-қосымшасына сәйкес белгiленген нысанда жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтама («Бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы» санатын берудi қоспағанда);

  6. осы спорт түрiнен республикалық федерацияның мөрiмен расталған жарыстар хаттамаларының көшiрмелерi («Бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы» бiлiктiлiк санатын берудi қоспағанда).

Мынадай құжаттардың мәлiметтерi:

алушы – жеке тұлғаның жеке басын куәландырушы құжат.

«Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы», «Бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы», «Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы» және «Бiлiктiлiгi орта деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы» санаттарын беру осы осы Регламенттің 8-қосымшасына сәйкес дене шынықтыру ұйымдары қызметкерлерiнiң лауазымдарына арналған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

«Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер» және «Бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер» санатын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушы ХҚКО-ға мынадай құжаттар тiзбесiн ұсынады:



  1. осы Регламенттің 6-қосымшасына сәйкес белгiленген нысандағы өтiнiш;

  2. бiлiмi туралы, бiлiктiлiгiн арттыруы туралы құжаттардың көшiрмелерi;

  3. еңбек кiтапшасының немесе жұмыс берушiнiң оны тоқтату күнi мен негiздемесi туралы белгiсi бар еңбек шартының немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негiзiнде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушiнiң актiсiнен үзiндiнiң көшiрмесi немесе қызметкердiң еңбек қызметi туралы мәлiметтен тұратын мұрағат анықтамасы;

  4. бұдан бұрынғы санатты беру туралы куәлiктiң көшiрмесi.

Мынадай құжаттардың мәлiметтерi:

    алушы – жеке тұлғаның жеке басын куәландырушы құжат.

«Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер» және «Бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер» санаттарын беру осы Регламенттің 8-қосымшасына сәйкес дене шынықтыру ұйымдары қызметкерлерiнiң лауазымдарына арналған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

«Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы» санатын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушы ХҚКО-ға мынадай құжаттар тiзбесiн ұсынады:



  1. осы Регламенттің 6-қосымшасына сәйкес белгiленген нысандағы өтiнiш;

  2. бiлiмi туралы, бiлiктiлiгiн арттыру туралы құжаттардың көшiрмелерi;

  3. еңбек кiтапшасының немесе жұмыс берушiнiң оны тоқтату күнi мен негiздемесi туралы белгiсi бар еңбек шартының немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негiзiнде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушiнiң актiсiнен үзiндiнiң көшiрмесi немесе қызметкердiң еңбек қызметi туралы мәлiметтен тұратын мұрағат анықтамасы;

  4. спорт түрiнен республикалық федерацияның спортшының соңғы 2 жылдағы жетiстiктерi көрсетiлген, санатын беру туралы мөрмен расталған қолдаухаты;

  5. бұдан бұрынғы санатты беру туралы куәлiктiң көшiрмесi.

  6. Мынадай құжаттардың мәлiметтерi:

      алушы - жеке тұлғаның жеке басын куәландырушы құжат.

      «Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы» санатын беру осы Регламенттің 8-қосымшасына сәйкес дене шынықтыру ұйымдары қызметкерлерiнiң лауазымдарына арналған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

«Бiрiншi санатты спорт төрешiсi» төрешi санатын беру туралы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушы орталыққа Қазақстан Республикасының спорттық жiктегiшiнiң талаптарына сәйкес төрешiлiк практика курсынан өткенiн растайтын құжатты ұсынады.

15. Алушыдан мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш алған сәттен бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін ұсынғанға дейін ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1) алушы ХҚКО-на осы Регламенттің 14-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін ұсынады;

2) алушығы сұрауды қабылдау күні мен нөмірі; сұрау жасалған мемлекеттік қызмет түрі; қоса берілген құжаттардың саны мен атауы; құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны; құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты; алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет