Реляциялық ДҚЖ тілдік ортасы



бет1/2
Дата29.02.2024
өлшемі42.9 Kb.
#493390
түріОтчет
  1   2
5 lek

Реляциялық ДҚЖ тілдік ортасы.


Реляциялық ДҚБЖ (РДҚБЖ) деректердің реляциялық үлгісін қолданады жəне деректерді кесте түрінде көрсетеді. ДҚ ретінде түрлі РДҚБЖ деректердің кестеде сақталуы түсінігі болып табылады, бірақ «Дерекқор» аты тек қана кестелерді біріктірмейді жəне сол кестелерді туындыларын (отчеттер, пішіндер, виртуалды кестелер – көрсетімдер ретінде, сұраныс пішіндері, программалық модульдер жəне т.б.).


Кестені екілік массив ретінде немесе жазба жиынтығы ретінде (нақты кесте үшін) бірдей құрылымды жазбаларды жол, қатар деп те атайды. Кестенің бағаналары өрістер немесе атрибуттары деп аталады. Басқаша айтқанда, кесте жазбалардан жəне өрістерден тұрады. Өрістер саны (бағаналар) жəне жазбалар (жол) сандары əр кесте үшін теоретикалық шектелмейді, бірақ практикада шектеулер болады.
ДҚ жұмыс жасау үшін арнайы тілдер қолданылады, оларды ДҚ тілдері деп атайды. Тілдік құралдар қолданушылардың ДҚ əрекеттесуі үшін арналған. Олар түрлі компоненттерді сипаттау үшін, ДҚ қажет бөліктеріне əрекет жасау үшін қызмет етеді жəне т.б. ДҚБЖ деректер басқару жүйелерінің шарттары бойынша сипаттау операторларын жəне процедуралық операторларды бөлуге жəне келесі тілдер ретінде көрсетуге болады, олар деректерді сипаттау тілдері жəне ДҚ əрекеттесу тілдері.
Деректерді сипаттау тілі (ДСТ)– Data Definition Language (DDL) деректерді логикалық сипаттау үшін қолданылады жəне келесі функцияларды орындау қажет: деректердің типін идентификациялау, деректер элементінің əр типіне уникалды ат меншіктеу, кілттерді анықтау, бір деректердің басқа деректерде кіру ретін спецификациялау, деректер арасында қатынастарды орнату.
Олардың арасында сұлбаларды сипаттау тілдерін, бағыныңқы сұлбаларды сипаттау тілдерін, сақтау құрылымдарын сипаттау тілдерін, сыртқы деректерді сипаттау тілдерін ерекшелеуге болады.
Сұлбаларды сипаттау тілдері (SDL – Schema Definition Language) деректердің барлық байланыстарымен логикалық құрылмын сипаттауға мүмкіндік береді
Бағыныңқы сұлбаларды сипаттау – сұлбадағы деректердің логикалық сипаттауымен жəне пайдаланушылардың сұранысы бойынша деректердің арасында сəйкестік орнатады.
Деректерді сақтау құрылымдарын сипаттау тілдері мекендеу жəне индекстеу əдістерін, деректерді орналастыру тəсілдерін, оларға қатынау тəсілдерін, жадыны басқару тəсілдерін жəне т.б. анықтайды.
Сыртқы деректерді сипаттау тілдері өте сирек қолданылады, тек кейбір жоғарғы деңгейлі алгоритмді емес тілдерінде бар.
Өте үлкен мəнді дерекқормен əректтесу тілдері болады, олар төменде сипатталған. Базалық тіл – ДҚБЖ құруына қолданылған программалау тілі.
Деректерді манипуляциялау тілі (ДМТ) – Data Manipulation Language (DML), ДҚБЖ мен пайдаланушы арасында интерфейсті орнатады.
Егер деректерді манипуляциялау базалық тілге құрамдас болса, онда базалық тіл ДҚБЖ программалау тілі болып табылады. Қазіргі кезде автономды программалау тілдері қолданылады, оларға DMT құрамдас болады жəне программалау үрдісін оңайлатады. Сұраныс тілдері – терминалды тілдер, олар программист-мамандарды емес ДҚБЖ əрекеттесуін жасайды. Жаңа ДҚБЖ бұл бөлу функционалды болып табылады. Əдетте, ДСТ жəне ДМТ операторлары жүзеге асырылған кезде біртілдік ортаға бірігеді жəне біріккен интеграцияланған тіл қолданылады, ДҚ жұмыс жасайтын барлық қажет құралдарды қамтитын, құрылуымен бастап жəне ДҚ жұмыс жасайтын базалық пайдаланушылар интерфейсін жасайды.

SQL тілі – компьютердің деректер қорында сақталатын ақпараттарды таңдауға жəне өңдеуге арналған құрал. SQL (Structured Query Language) – құрылымдалған сұраныстар тілінің аббревиатурасы. SQL аббревиатурасы əдетте «сиквел» деп оқылады, бірақ «эскюэль» альтернативті түрде айтылуы да қолданылады. SQL – қолданушының ДҚ өзара қатынасын ұйымдатыру үшін қолданылатын программалау тілі. Деректер қоры (ДҚ) – ұйымның ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған логикалы байланысқан деректердің жиынтығы мен оның сипатталуы. SQL реляциялық деп аталатын бір анықталған типтегі деректер қорымен ғана жұмыс жасайды. Есептеу жүйесінде маңызды ақпараттарды сақтайтын деректер қоры болады. Егер қолданушы деректер қорынан ақпараттарды алғысы келсе, онда ол ДҚБЖ–нен SQL көмегімен сұраныс жасайды. SQL Server–ді қолдайтын SQL диалектісі Transact-SQL деп аталады. Бұл Transact–SQL Server қосымшалары қолданатын негізгі тіл. 1- суретте SQL жұмысының сызба–нұсқасы көрсетілген.




Сурет 1 - SQL-серверінің жұмыс принципі


ДҚБЖ сұраныстарды өңдейді де керекті деректерді тауып, оларды қолданушыларға жібереді. Деректерді сұрау жəне нəтиже алу процесі - деректер қорына сұраныс деп аталады. Осыдан келіп ол қyрылымдалған сyраныстар тілі деп аталған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет