ҚРӘМ №1189 12. 07. 00ж тіркелді Қазақстан республикасының Ұлттық банкі



Дата25.02.2016
өлшемі171.98 Kb.
#25509

ҚРӘМ № 1189 12.07.00ж.тіркелді

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ


БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Алматы қаласы 2000 жылғы 2 маусым №262
Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге

орналастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
өзгерістер мен толықтырулар:

1.ҚРҰББ 09.10.2000ж. №377

2.ҚҚА 25.10.2004ж. №302

3.ҚҚА 27.12.2004ж. №395

4.ҚҚА 27.08.2005ж. №310

5.ҚҚА 25.01.2008ж. №8

6.ҚҚА 30.06.2008ж. №91

7.ҚҚА 29.12.2008ж. №251

8.ҚҚА 05.08.2009ж. №170
Қазақстан Республикасының банк заңдарын, сондай-ақ ұлттық экономиканың қаржылық өсуін қамтамасыз етуге ықпал ететін шараларды жетілодірі мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


  1. Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін және 2000 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енгізілсін.

  2. Банктерді қадағалау департаенті (Мекішев А.А.)

  1. Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналстыру жөніндегі нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

  2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап екі апталық мерзімді осы қаулыны және Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру тәртібі туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.

3.Осы қаулы және Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру тәртібі туралы нұсқаулық күшіне енгізілген күннен бастап:

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Шетелдің қатысуымен құрылған банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру ережесін бекіту турала» 1999 жылғы 18 маусымдағы № 128 қаулысының;

  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 18 маусымдағы № 128 қаулысымен бекітілген Шетелдің қатысуымен құрылған банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру ережесінің күші жойылды деп танылсын.

Ұлттық Банк Төрағасы Г.Марченко






Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының

2000 жылғы «__2__»маусымдағы

№ 262 қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН




Банктер қаражатының бір бөлігін

ішкі активтерге орналастыру жөніндегі

нұсқаулық
Осы Нұсқаулық банктер жүргізіп отырған операциялардың тәуекелін барынша азайтуға бағытталған екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу мақсатында «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын банктерді қоспағанда, екінші дейгейдегі банктердің меншікті және тартылған қаражатын ішкі активтерге орналастыру шарттарын нақтылайды.”

1. Банктер есеп беретiн айдың iшiнде меншiктi қаражатын және тартылған қаражатты iшкi активтерге орналастырады, бұл iшкi активтердiң орташа айлық мөлшерінің жарғылық капиталдың немесе банктің баланс бойынша меншікті капиталының» (есеп айырысу кезінде банктік операцияларды жүргізуге лицензия алынған сәттен бастап бір жыл ішінде жаңадан құрылған банкке арналған шағын шектер қолданылады)орташа айлық мөлшері, реттелген борыштың орташа айлық мөлшері, мерзімсіз қаржы құралдарының орташа айлық мөлшері, банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық мөлшері және iшкi мiндеттемелердiң орташа айлық мөлшерінің сомасына қатынасы 1-ден кем болмауы тиiс. Коэффициент үтірден кейін үш белгімен ұсынылады.

2. Қазақстан Республикасының резиденттеріне талаптар (ақша, орналастырылған салымдар, берілген заемдар, борыштық бағалы қағаздар, дебиторлық берешек), Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының жарғылық капиталына қатысуы, материалдық емес активтер және тазартылған қымбат металдар, Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымалы және жылжымайтын мүлік банктің ішкі активтері болып табылады.

Банктiң iшкi мiндеттемелерi банк шығарған борыштық бағалы қағаздарды және банктің кастодиандық шарт негізінде қабылдаған қаражатының инвестицияланбаған қалдықтарын қоспағанда Қазақстан Республикасының резиденттерi алдындағы мiндеттемелерді білдіреді.



  1. Банктің ішкі активтері мен міндеттемелерінің орташа айлық көлемі мерзімі өткен берешекті, есептелген сыйақыны, дисконттарды, сыйллықақыларды, оң/теріс түзетулерді ескеріп, банктің ішкі активтері мен міндеттемелерінің жалпы сомасының тиісті есеп беретін айдағы жұмыс күніне қатынасы ретінде есептеледі.

3-1. Банктің жарғы капиталының, меншікті капиталының және реттелген борышының орташа айлық шектері жарғы капиталының немесе меншікті капитал сомасының (есеп айырысу кезінде банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензия алынған сәттен бастап бір жыл ішінде жаңадан құрылған банкке арналған шағын шектер қолданылады) және тиісті есепті кезеңнің жұмыс күнінің санына есепті кезеңнің әрбір жұмыс күнінің жағдайы бойынша реттелген борышқа қатынасы ретінде есептеледі.

4. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) және банктер ішкі активтерді орташа айлық мөлшерін, қаражаттың бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру коэффициентін және осы Нұсқаулықтың 1-тармағына сәйкес ішкі міндеттемелердің орташа айлық мөлшерін ай сайын есептейді. Осы есептеулер банктер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес электрондық тасымалдағышта ұсынатын баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есептің және банктер осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық тасымалдағышта уәкілетті органға ұсынатын қаражаттың бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру коэффициентін есептеуге арналған қосымша мәліметтер (бұдан әрі – қосымша мәліметтер) негізінде жасалады.

4-1. Осы Нұсқаулықтың 1-3-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша жасалған, 4-тармақта көрсетілген қағаз жазбадағы есептеулер мен қосымша мәліметтерге бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам, бас бухгалтер қол қойып, мөрмен куәландырылады және банкте сақталады. Банк уәкілетті органның талап етуі бойынша сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей есептеулер мен қосымша мәліметтерді қағаз жазбада ұсынады.

4-2. Банктер қосымша мәлiметтердi уәкiлеттi органға күн сайын электрондық тасымалдағышта есепті күннен кейін келетін жетінші жұмыс күні Астана қаласы бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей ұсынады.

4-3. Электрондық тасымалдағыштағы қосымша мәліметтер ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткізілуіне кепілдік беретін көлік жүйесін пайдаланумен ұсынылады.

4-4. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердің қағаз жазбадағы деректермен сәйкестігін банктің бірінші басшысы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адамы қамтамасыз етеді.”;

5тармақ аланып тасталсын.

6. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шешілуі тиіс.


Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко




«Банктер «Қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша




банктің атауы



200__ жылғы "____"__________ ішкі активтердің орташа айлық мөлшерінің және

қаражаттың бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру коэффициентінің

есебі

Активтер

Есеп беретін айдың күндері бойынша ішкі активтер

Ішкі активтердің орташа айлық мөлшері

А

1

2

3



n




1. Ақша мен салымдар



















2. Берілген заемдар



















3. Борыштық бағалы қағаздар



















4. Дебиторлық берешек



















5. Жарғылық капиталға қатысуы



















6. Тазартылған қымбат металдар



















7. Жылжымалы мүлік



















8. Жылжымайтын мүлік



















9. Материалдық емес активтер



















10.Ішкі активтер бойынша есептелген сыйақы, дисконттар, сыйлықақылар,әділ құнды оң/теріс түзетулер



















11.Ішкі активтер бойынша мерзімі өткен берешек



















Қазақстан Республикасындағы активтердің орташа айлық мөлшерінің жиынтығы






Жұмыс күнінің айлық саны         _____

Банктің меншік капиталының мөлшері             _____

Жарғылық капиталдың орташа айлық мөлшері немесе банктің меншікті капиталы (есеп айырысу кезінде банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензия алынған сәттен бастап бір жыл ішінде жаңадан құрылған банкке арналған шағын шектер қолданылады)       _____

Ішкі активтердің орташа айлық мөлшері            _____

Ішкі міндеттемелердің орташа айлық мөлшері  _____

Ішкі активтерге қаражаттың бір бөлігін

орналастыру коэффициенті _____


Бірінші басшы немесе

есепке қол қоюға уәкілетті адам

____________________________________

(фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты)          (қолы)
Бас бухгалтер

(фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты)       (қолы)
күні               мөр


Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша

банктің атауы


200__ жылғы «____»__________ ішкі және өзге міндеттемелердің

орташа айлық мөлшерінің

есебі

Міндеттемелер және жарғылық капитал



Есеп беретін айдың күндері бойынша ішкі міндеттемелер

1

2

3



n

1. Салымдар
















2. Алынған заемдар
















3. Кредиторлық берешек
















Ішкі міндеттемелердің орташа айлық мөлшерінің жиынтығы              




4. Реттелген борыш
















5. Банк шығарған борыштық бағалы қағаздар
















6. Мерзімсіз қаржы құралдары
















7. Төленген жарғы капиталы (акциялар) немесе меншікті капитал (есеп айырысу кезінде банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензия алынған сәттен бастап бір жыл ішінде жаңадан құрылған банкке арналған шағын шектер қолданылады)
















8.Ішкі және өзге міндеттемелер бойынша есептелген сыйақы, дисконттар, сыйлықақылар, әділ құнды оң/теріс түзетулер
















9.Ішкі және өзге міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешек
















Ішкі міндеттемелердің орташа айлық сомасының, реттелген борыштың орташа айлық шегінің, банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шегінің, мерзімсіз қаржы құралдарының орташа айлық шегінің, жарғы капиталының орташа айлық шегінің немесе меншікті капиталдың орташа айлық шегінің жиынтық сомасы (есеп айырысу кезінде банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензия алынған сәттен бастап бір жыл ішінде жаңадан құрылған банкке арналған шағын шектер





Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға

уәкілетті адам

(фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты)          (қолы)
Бас бухгалтер

(фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты)     (қолы)

     


 күні              мөр


Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулыққа 3-қосымша

банктің атауы



200__ жылғы «____»__________ қаражаттардың бір бөлігін ішкі активтерге

орналастыру коэффициентін есептеуге арналған қосымша мәліметтер



 

Белгінің нөмірі

Көрсеткіш атауы

Сомасы

1

2

3

8801

Қолма қол теңге

 

8802

Қазақстан Республикасының резиденттері – екінші деңгейдегі банктердегі салымдар және ностро шоттар

 

8803

Қазақстан Республикасының резиденттеріне берілген заемдар




8804

Қазақстан Республикасы резиденттерінің борыштық бағалы қағаздары




8805

Қазақстан Республикасы резиденттерінің дебиторлық берешегі




8806

Жарғылық капиталға қатысуы




8807

Қазақстан Республикасы аймағында сақталатын тазартылған қымбат металдар сомасы

 

8808

Қазақстан Республикасы аймағындағы жылжымалы мүлік

 

8809

Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан жылжымайтын мүлік

 

8810

Қазақстан Республикасындағы материалдық емес активтер

 

8811

Қазақстан Республикасы резиденттері – екінші деңгейдегі банктердің салымдары мен лоро шоттары

 

8812

Қазақстан Республикасы резиденттерінің салымдары




8813

Қазақстан Республикасы резиденттерінен алынған заемдар




8814

Қазақстан Республикасы резиденттері алдындағы кредиторлық берешек




8815

Ішкі активтер бойынша есептелген сыйақы, дисконттар, сыйлықақылар, әділ құнды оң/теріс түзетулер




8816

Ішкі активтер бойынша мерзімі өткен берешек




8817

Ішкі және өзге міндеттемелер бойынша есептелген сыйақы, дисконттар, сыйлықақылар, әділ құнды оң/теріс түзетулер




8818

Ішкі және өзге міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешек





Бірінші басшы немесе есепке қол

қоюға уәкілетті адам ______________________________________

(фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты)          (қолы)

Бас бухгалтер ______________________________________

(фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты)         (қолы)

күні      мөр.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет