күші жойылды-ҚҚА № 42 25,02,2006ж.
ҚРӘМ № 3195 08.11.2004ж.тіркелді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ АГЕНТТІГІ
БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Алматы қаласы 2004 жылғы 25 қыркүйек № 268
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1623 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының “Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, олардың басшы қызметкерлеріне, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің қосылма тұлғаларына қатысты ықпал ету шараларын қолдану ережесін бекіту туралы” 2001 жылғы 13 шілдедегі № 279 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының “Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, олардың басшы қызметкерлеріне, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің қосылма тұлғаларына қатысты ықпал ету шараларын қолдану ережесін бекіту туралы” 2001 жылғы 13 шілдедегі № 279 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1623 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» № 18 басылымдарында 2001 жылғы 27 тамызда –9 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауында және 1-тармақта “Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің” деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, олардың басшы қызметкерлеріне, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің қосылма тұлғаларына қатысты ықпал ету шараларын қолдану ережесінде:
атауында “Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің” деген сөздер алынып тасталсын;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
“Осы “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы”, “Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы” Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі - банктер), олардың қосылма тұлғаларына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі - ұйымдар), сондай-ақ банктер мен ұйымдардың басшы қызметкерлеріне қатысты банк заңдарын бұзғаны үшін ықпал ету шараларын қолдану тәртібін белгілейді.”;
Ереженің мәтіні бойынша “Ұлттық Банк”, “Ұлттық Банктің”, “Ұлттық Банкке” деген сөздер тиісінше “уәкілетті орган”, “уәкілетті органның”, “уәкілетті органға” деген сөздермен ауыстырылсын;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Заңның 47-бабында көзделген негіздер бойынша банктерге немесе олардың лауазымды тұлғаларына санкциялар қолданады.
Банктер мен ұйымдардың басшы қызметкерлері қызметтік міндеттерін орындаудан тұрақты түрде немесе уақытша босатылуы мүмкін.».
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е. Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға Б. Жәмішев
Достарыңызбен бөлісу: |