ҚРӘМ №3755 27. 07. 2005ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы



Дата25.02.2016
өлшемі27.05 Kb.
#25426


ҚРӘМ № 3755 27.07.2005ж.тіркелді

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ АГЕНТТІГІ
БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Алматы қаласы 2005 жылғы 25 маусым № 230

Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногына кәсіби

қатысушылардың және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын

басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін бекіту туралы
өзгерістер мен толықтырулар.

1. ҚҚА БҚ №39 23.02.07.


Банктік және сақтандыру қызметін, бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерін, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлардың қызметін нормативтік құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3. Заң департаменті (Байсынов М.Б.):

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігіне, «Активтерді басқарушылар қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігіне, сауда-саттықты ұйымдастырушыға және орталық депозитарийге жіберсін.

4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.



Төраға Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және

қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі

Басқармасының 2005 жылғы 2005 жылғы 25 маусымдағы



№ 230 қаулысына қосымшасы


Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесі


  1. Андорра князьдігі;

  2. Лихтенштейн князьдігі;

  3. Либерия Республикасы;

  4. Монако князьдігі;

  5. Маршалл аралдары (Маршалл аралдары Республикасы);

  6. – 12) тармақшалар ал. тасталды.

Каталог: attachments -> cont
cont -> Акционерлік қоғамның акционерлерінің құқықтары туралы
cont -> Сұрақ: Акционерлік қоғам қызметіне қатысты ақпаратты қалай алуға болады? Қоғам акционер үшін қандай құжаттар тізбесін және қандай ақпаратты бере алады? Жауап
cont -> ҚРӘМ №5362 19. 11. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
cont -> ҚРӘМ №5165 07. 03. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
cont -> ҚР Әділет министрлігінде 2000 жылы 15 наурызда №1080 тіркелді
cont -> Лицензияның қолданысы ерікті түрде қайтаруына байланысты 01. 01. 2009 ж бастап тоқтатылған ұйымдардың тізімі
cont -> ҚРӘМ №5542 10. 02. 2009ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ
cont -> ҚРӘМ №3422 04. 02. 2005ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
cont -> Ерікті медициналық сақтандыру туралы
cont -> ҚРӘМ №2941 12. 07. 2004ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы рыногын және қаржылық Ұйымдарды реттеу мен


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет