Решением сессии Восточно- казахстанского областного маслихата №3/16- V от 3 апреля 2012 г



Дата23.02.2016
өлшемі213.7 Kb.
#6296
түріРешение


Утвержден

решением сессии Восточно- Казахстанского областного

маслихата №3/16- V от 3 апреля 2012 г.




2011 жылғы облыстық бюджеттің орындалуы туралы есеп
Жалпы 2011жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамытудың қол жеткізілген қарқыны сақталды.

Бір жылдағы жалпы өңірлік өнім көлемінің бағасы 12,5% өсіммен кемінде 140 млрд.теңгені құрады.

Өнеркәсіпте 791,1 млрд.теңге сомасына өнім сатып алынды, өткен жылдың деңгейінен 25%-ға артық.

Өнеркәсіптік өнім өндірісінде нақты көлем индексі 109,9%-ды құрады, орта республикалық көрсеткіштен 6,4 пайыздық тармаққа және 0,8 пайыздық тармаққа ағымдағы жылға жеткізілген нысаналы индикаторынан жоғары.

Жалпы облыста ауыл шаруашлығының жалпы өнімінің көлемі 206,8 млрд.теңгені құрады, 2010 жылғы осы кезеңінің деңгейінен 35%-ға артық. Нақты индекс көлемі 102%-ды құрады, жеткізілген нысаналы индикаторынан 0,3 пайыздық тармаққа жоғары.

Негізгі капиталындағы инвестиция 239,6 млрд.теңге, ол өткен жылдың деңгейі 5,6%-ға артық. Нақты көлем индексі 155%-ды құрады.

Салынған инвестиялардың негізгі үлесін кәсіпорындардың өз қаражаты 63,8%, республикалық бюджеттің қаражаты - 208%, жергілікті – 605 % және өзге қаржыландыру көздері -8,9% алып отыр.

Шағын және орта бизнестің субъектілері өндірген өнімдерді шығару көлемі 381,7 млрд.теңгені құрады, ол өткен жылдың деңгейінен 3,9%-ға артық.

Белсенді субъектілердің саны 12% өсіммен 66,6 мың бірлікті құрады, жұмыс істейтіндер саны 3,9% өсіммен 233,6 мың адам.

Сонымен қатар, тіркелген шағын бизнес субъектілерінің саны 1,6% өсіммен 12,3 мың бірлікті, оның ішінде әрекет ететіндер – 6,4 мың бірлікті, ол 2010 жылдың деңгейінен 12,1%-ға кем, белсенді – 1,7% өсіммен 5 мың бірлікті құрады.

Әлеуметтік салада 2011 жылғы үшінші тоқсан қорытындысы бойынша 5,1% мөлшерінде қол жеткізілген деңгей сақталды, ол өткен жылдың төртінші тоқсан деңгейінің 0,3 пайыздық тармағына, орта республикалық көрсеткіштің 0,2 пайыздық тармаққа төмен.

Білім жүйесін дамытуға 2011 жылы 60,5 млрд.теңге бөлінді.

2011 жылы «Балапан» бағдарламасын іске асыру нәтижесінде мектепке дейінгі ұйымдарда, оның ішінде 3 балабақша құрылысы, бұрын жекешелендірілген балбақшаларды қайтару және 7 балабақша ғимараттарын босату, 1 меке меншік балабақша ашылуы және мектеп-кешендерінің жанындағы 4 балабақша, шағын орталықтардағы 162 қосымша топтар құру есебінен 9277 қосымша орын енгізілді.

Облыста жалпы мектепке дейінгі білім берумен қамту 2012 жылғы 1 қаңтарда 86%-ды құрады (52921 бала) және жыл басымен салыстырғанда 14,1%-ға өсті.

Аз қамтылған отбасыларының оқитын балалардың саны ұлғайды, тегін ыстық тамақпен қамтылды, қамту деңгейі 99,5%-ға жетті.

Жалпы білім беретін мектептерді компьютерлік техникамен қамтамасыз ету бір компьютерге 10 оқушыдан құрады (2010 жылы көрсеткіш 11 құрады). Кең жолақты Интернетке мектеп 34,1%-ға қосылды.

Денсаулық сақтау саласын дамытуға 2011 жылы 28,6 млрд.теңге бөлінді.

Әлеуметтік маңызы бар көрсеткіштердің тұрақтануы байқалады. 2010 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сәбиилердің өлімі 9,5%-ға (1000 тірі туылғандарға 18,2), туберкулезбен ауру – 10,1%-ға (100 мың халықтың 109,8), ісікпен ауыру – 0,5%-ға (100 мың халықтың 271,0) төмендеді.

2011-2013 жылдарына арналған облыстың бюджеттік көрсеткіштерінің болжамына сәйкес бюджеттік саясат тиімді шараларды және экономикаға жағымды әсер ететін бюджет қаражатының көлемін анықтауға, бюджеттің тепе-теңдігін қамтамасыз етуге бағытталды.

Салық саясатының негізгі бағыты экономиканың қажетті бағыттарын дамытуды ынталандыратын және мемлекеттік функцияларды толық орындалуын қамтамасыз ететін адал және ақталған құрал ретінде әлеуметтік маңызы бар салықтардың функцияларын нығайту қажеттілігін ескере отырып, міндеттерді шешуге бағытталған.

Салық заңнамасын жетілдіру бойынша міндеттерді шешу қолайлы инвестициялық климатты құруға халықаралық бәсекелесті күшейту және елдер арасында капиталдың бос ағымының болуы, бәскелестікті дамыту, ІЖӨ ұлғаюы, бюджеттің кіріс бөлігі және халықтың экономикалық белменділігінің өсімі жағдайларында экономиканың шикізат емес секторындағы бизнесті дамытуды ынталандыруға әсер етті.

Орта мерзімді кезеңде өткізілетін шығыстар саясаты мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізу қажеттілігінен бекітілген бюджет қаражатының көлемін пайдалана отырып бюджетті әзірлеу және атқару жолымен мемлекеттік шығыстардың тиімділігін мен нәтижелілігін арттыруға бағытталған.

Осы мақсатпен 2011 жылы бюджетті қалыптастыру және атқару жүйесі, негізгі жүйе тиімділік және нәтижелілік индикаторларында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орталық мемлекеттік органдары және жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалау жүйесіне енгізілді, бұл жетекшілік ететін аяда/салада/өңiрде стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

2011 жылы мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер 151,6 млрд.теңгені құрайды, атқару 104,7%-ды, өсу қарқыны 137,8%-ды құрады.

Облыс бюджетінің меншік кірістері толық көлемде атқарылды, болжамды барлық өңірлер орындады және жоспардың 105,6%-ын құрады немесе жоспардан тыс 2,8 млрд.теңге түсті, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда түсімдер өсімінің қарқыны – 116,5%.

Қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары және салық органдарының бірлескен кіріс көздерін іздестіру бойынша жұмыстары нәтижесінде 2011 жылы өңірлер бюджеттеріне қосымша 2,5 млрд.теңге, кіріс көздері резервтерін анықтаудың бекітілген Алгоритмдердің іс-шараларынан – 422,6 млн.теңге түсті.

Сонымен қатар, өткен жылы кірістер түсімдерін ұлғайту мақсатында өңірлерде демалу базаларын, жеке тұлғалардың жылжымайтын ммүлік объектілеріне, сыртқы жарнама объектілерін түгендеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Осы жұмыс 19 млн.теңге сомасында қосымша салықтар түсімдерін қамтамасыз етті.
Облыстық бюджеттің түсімдері бойынша атқарылу
2011 жылы облыстық бюджетке 149682,9 млн.теңге болжаммен 151112,8 млн.теңге кірістер түсті, соның ішінде 133888,8 млн.теңгесі республикалық бюджеттен берілген субвенция мен нысаналы трансферттер құрады.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем (15,4 млн.теңге), орманды пайдаланғаны үшін төлем (29,6 млн.теңге), қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем түсімдері (622,4 млн.теңге), салықтық емес түсімдер (117,7 млн.теңге) бойынша жалпы облыстық бюджеттен түсетін түсімдер ұлғайтылды.



Облыстық бюджетке 15793,7 млн.теңге болжаммен 17224,0 млн.теңге меншік кірістері немесе 109,1%-ға орындалды, жоспардан тыс 1430,3 млн.теңге түсті. Коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтерден түсімдер (7,2%) басқа барлық кіріс көздерінің бекітілген жоспарлары орындалды.





Облыстық бюджеттің шығыстар бойынша атқарылу
Өткен жылы бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға облыстық бюджеттен 154389,2 млн.теңге жұмсалды, ол 2010 жылға қарағанда 15% артық.


Игерілмей қалған қалдық үлесі жалпы шығыстар сомасы 1,2%-ды немесе 1841,7 млн. тенге, 2010 жылмен салыстырғанда 889,0 млн. теңгеге артық.

Қорғаныс бойынша 615,4 млн.теңге (100%) игерілді, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік 8313,3 млн.теңге (99,8%), білім беру 22869,9 млн.теңге (99,4%), денсаулық сақтау 30881,5 млн.теңге (99,3%), әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру 6361,1 млн.теңге (99,8%), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 16936,9 млн.теңге (100%), мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік 4671,3 млн.теңге (99,9%), отын-энергетикалық кешен 8134,9 млн.теңге (100%), ауыл шаруашылығы 9588,1 млн.теңге (94,8%), көлік және коммуникация 5783,5 млн.теңге (100%).




2011 жылы бюджеттік саясаты әлеуметтік шығыстар басымдылығына бағытталған болатын. Білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек, мәдениет, спорт, туризмге шығыстар соңғы 11 жылда оң қарқынды көрсетті, 2010 жылы осы шығыстардың 4777,5 млн.теңге жұмсалды, 2011 жылы олар 47909,2 млн.теңгегені құрады немесе 10 есеге ұлғайды.

2011 жылы білім беруге 22869,9 млн.теңге жұмсалған боатын


Дарынды балаларға жалпы білім беру және арнайы білім беретін бағдарламалар бойынша оқитын балалар, оқулықтарды сатып алу және жеткізу, біліктілікті арттыру, балалардың психикасын зерттеу және оларға консультативтік көмек көрсету, балалар мен жеткіншіктерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу, кәсіптік лицейлер мен колледждерде мамандарды даярлау бойынша бюджеттік бағдарламаларды іске асыру қамтамасыз етілді, оған 11621,4 млн.теңге, сонымен қатар, ата-ата қамқорлығынан айырылған жетімдер мен балаларды әлеуметтік қамтамасыз етуге 1073,6 млн.теңге сомасында қаражат жұмсалды.

Үйде оқытылатын мүгедек балаларды жабдықпен, бағдарламалық қамтыммен қамтамасыз етуге аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру үшін оқу жабдығын сатып алу, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқу-өндірістік шеберханаларды, зертханаларды жаңарты және қайта жабдықтау, мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақының көлемін ұлғайтуға, өндірістік оқытуды ұйымдастыру үшін техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың өндірістік оқыту шеберлеріне қосымша ақы мөлшерін белгілеуге арналған республикалық бюджеттен берілетін 197,8 млн.теңге ағымдағы нысаналы трансферттер қамтамасыз етілді. 2020 –Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру шеңберінде экономика саласындағы білікті кадрлар қажеттілігін қанағаттандыру үшін республикалық бюджеттен 165,3 млн.теңге бөлінген болатын. Даярлау бойынша 2979 адам, қайта даярлау – 3328 адам оқыды, 965 адам біліктілігін арттырды. 2011 жылы 2201 адам оқытылды, 1203 адам жұмысқа орналастырылды немесе 54,6%.

Сонымен қатар,қалалар мен аудандарға республикалық бюджетен 2357,7 млн.теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер аударылды.

Білім беру объектілерін салу және жаңартуға 7 878,0 млн.теңге жұмсалды, оның 4602,1 млн.теңгесі республикалық бюджеттің трансферттері. Есеп беру кезеңінде аталған қаражаттар есебінен Ұлан ауданы Молодежный кентіндегі, Үржар, Катонқарағай аудандарының және Өскемен және Зырян қалаларындағы балбақшаларының құрылысы жүргізілді, Үржар ауданы Науалы және Қаратума ауылдарындағы, Глубокое ауданы Бобровка және Верхберезовка, Күршім ауданы Күршім ауылындағы және Жарма ауданы Шар қаласындағы және Өскемен қаласының мектептері пайдалануға берілді.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен білім берудің 8 объектісі салынды (оның ішінде қоса қаржыландыру), оның 4-уі ауылдық мектеп, облыстың өңірлеріндегі апаттық мектептердің орнына 24 мектеп құрылысы бойынша шығыстар жүргізілді, мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерді одан әрі кеңейту және жаңғырту үшін объектілердің ЖСҚ әзірлеуге қаражат жұмсалды.

Денсаулық сақтауға шығындар 30881,5 млн. теңгені құрады. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін қамтамасыз етуге 19914,3 млн.теңге жұмсалды немесе жылдық жоспардың 99,9%-ы. Жеңілдікті дәрілік заттармен қамтамасыз етуге 4419,9 млн.теңге жұмсалды, соның нәтижесінде диабетпен ауыратын ауруларды, онкологиялық аурулармен ауыратын науқастар, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігімен  ауыратындар дәрі-дәрмектермен, халыққа иммунды алдын алу жүргiзу үшiн вакциналарды және басқа иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз етілді.



Денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға 2 840,1 млн.теңге жұмсалды, оның ішінде 1444,8 млн.теңгесі –жергілікті бюджет, 1395,3 млн.теңгесі – республикалық бюджет қаражаты. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 754,7 млн.теңгеге денсаулық сақтаудың ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізілді.

2189,5 млн.теңге сомасына халыққа иммунды алдын алу жүргiзу үшiн вакциналарды және басқа иммундық-биологиялық препараттармен, азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаторлық емдеу деңгейiнде жеңiлдiктi жағдайларда дәрiлiк заттармен қамтамасыз етуге. 2088,2 млн.теңге мөлшерінде тегін медициналық көмекті қамтамасыз ету және кеңейтуге республикалық бюджеттен берілген нысаналы трансферттер толығымен игерілді.

Республикалық трансферттер есебінен дамытуға Өскемен және Семей қалаларында денсаулық сақтаудың 3 объектісі салынды, Семей қаласындағы облыстық онкологиялық диспансерінің радиологиялық орталығының 2-кезектегі құрылысы пайдалануға берілді.

Облыстық қаражат есебінен ауылдық елді мекендердегі дәрігерлік амбулаториялар құрылысына арналған 29 ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілді, пайдалануға «Паталогоанатомиялық бюро» КМҚК ғимаратына жапсаржай пайдалануға берілді.

Халықтың әлеуметтiк қорғалмаған жiктерiнiң тұрмыс деңгейiн арттыру бойынша бағдарламаны іске асыруға 6361,1 млн.теңге жұмсалды.



Мүгедектерге арнайы құралдармен қолдау көрсетуге (жиналмалы, тірек таяқтары, есту аппараты, телефакс, мобильдік телефондары) 47,1 млн.теңге, протездік-ортопедиялық көмек 105,5 млн.теңгеге көрсетілді.

Республикалық бюджеттен берілетін 217,2 млн.теңге нысаналы трансферттер есебінен медициналық-әлеуметтік мекемелердегі арнайы әлеуметтік қызеттердіі стандарттарын, мүмкіндіктері шектеулі балалардың күндізгі емделудің қосымша топтарын ашу, үкіметтік емес секторында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты енгізу толық көлемде қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен 2020 Жұмыспен қамту бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға 185 адамнан азаматтық қызметшілерден тұратын штат санымен 20 орталығы құрылды және жалақыны біртіндеп субсидиялаумен әлеуметтік жұмыс орындарын құруға қаражаттар жұмсалды және «Бизнестің жол картасын - 2020» іске асыру аясында жеке кәсіпкерлікті қолдауға жастар практикасының мамандарын қамтамасыз етуге 517,8 млн.теңге жұмсалды.

«Жол картасы» шеңберінде 3 халықтың әлеуметтік қорғау мекемесіне 130,0 млн.теңге сомасына ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізілді.

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке 4021,0 млн.теңге жұмсалды.

Облыстық мәдениет ұйымдарын ұстауға және облыстық, өңірлік іс-шараларды өткізуге 2160,4 млн.теңге жұмсалды. Жол картасы шеңберінде 130,4 млн.теңге сомасына мәдениет мекемелеріне жөндеу жүргізілді.

Облыстың жалпы спортын дамытуға, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуға дайындыққа 379,3 млн.теңге жұмсалды. Өткен жылы ағымдағы жөндеу 20,6 млн.теңге жүргізілді.


Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімдік бағдарламасына енгізілген инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған даму бағдарламалары 43054,5 млн.теңгеге орындалды.




Автомобиль жолдарын салу, жөндеу және ұстау бойынша жобалар іскеасырылды, шығыстар 5783,5 млн.теңгені құрады, оның ішінде 481,5 млн.теңгесі «Жол картасы» шеңберінде.

16 бағыт бойынша облыстық маңызы бар автомобиль жолдардың құрылысы мен жөндеуге, Күршім ауданының Қара-қаба өзені арқылы өтетін бір көпір құрылысын және «Семей-Қайнар» автожолын жаңартуды аяқтауға, Самар тасжолындағы т/ж арқылы өтетін автомобиль жол өтпесінің құрылысын жалғастыруға бөлінген қаражаттарды игеру бойынша міндеттемелер орындалды.

Қала маңындағы теміржол бағыттарына халықтың жүруін қамтамасыз ету үшін тасымалдаушыларға облыстық бюджеттен 200,4 млн.теңге көлемінде субсидия, күнделікті ішкі әуе тасымалдауды субсидиялауға – 129,4 млн.теңге төленген болатын.

Есеп беру жылында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа арналған шығыстар 16936,9 млн.теңгені құрады.

Нысаналы трансферттер есебінен 533,8 млн.теңгеге коммуналдық тұрғын үй құрылысы бойынша жобалар іске асырылды, оның ішінде: коммуналдық меншікке Зырян ауданындағы 19 тұрғын үй сатып алынды, 2 165,1 млн.теңгеге салынып жатқан тұрғын үйлерге инжерелік коммуникация салып, жаңартылды.

Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға өткен жылы республикалық бюджеттен 2237,4 млн.теңге сомасында кредит алынды, оның ішінде: Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде – 1750,0 млн.теңге, «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша пилоттық жобаларды іске асыру шеңберінде – 487,4 млн.теңге, оның 2164 млн.теңгесі толығымен немесе 96,7%-ға игерілді.

2008 жылы алынған республикалық бюджет алдындағы кредиттерді уақтылы өтеу бойынша міндеттемелерді облыс толығымен орындады, белгіленген мерзімде 1123000 мың теңге сомасындағы кредит қайтарылды.


2020 Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру басталды, соның аясында ресупбликалық бюджеттен берілген трансферттер есебінен инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға 1 123,7 млн.теңге қарастырылған болатын, 956,4 млн.теңге бөлінді, Өскемен, Семей және Зырян қалаларындағы тұрғын үй құрылысына 868,8 млн.теңге жұмсалды, 867,0 млн.теңге игерілді.

2011 жылы 5,9 млрд.теңге сомасына облыстың 12 өңіріне сумен қамтамасыз етудің 38 объектісін жаңарту және қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді, оның 4 778,1 млн.теңге –республикалық бюджеттің нысаналы трансферттер.

Абай ауданы Саржал Және Глубокое ауданы Веселовка, Ұлан ауданы Ұлан және Ново-Азовое, Үржар ауданы Таскескен және Қарабұлақ ауылдарында, Өскемен және Риддер қалаларында объектілер пайдалануға енгізілді.

Агроөнеркәсіп кешеніне қолдау көрсетуге 6 484,4 млн.теңге жұмсалды, осы қаражаттарды пайдалану облыстың 11 жуық ауыл шаруашылығы құрылымына сатылған элиталық және бірегей тұқымдарын өндіруде үш элиталы тұқым шаруашылық 40%-ға дейін шығындарын қайтаруға мүмкіндік берді, 3,2 мың бас ірі қара мал, 638 жылқы және 16,8 мың бас қой төмен бағалары бойынша, 1,8 мың марал және бұғы ұстауға, мал шаруашылығы өнімділігін және өнімінің сапасын арттыруға үш құс фабрикасы мен 250 мал шаруашылығына субсидия төленді, 2,3 мың ауыл шаруашылығы  тауарларын өндiрушiлерге жағар-жанармай материалдарын үшін шығындар қайтарылды.


Асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау, ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi жүргiзу үшiн ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты орталықтандырып сатып алу бойынша 301,3 млн.теңге игерілмей қалды.

1033,9 млн.теңгесі биологиялық, су, жер ресурстарын, атмосфералық ауаны қорғау және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралар, орман және жануар әлемін қорғау бойынша жұмсалды.

Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 20 жылдығына арналған іс-шаралар өткізуге байланысты Семей қаласын жайластыру және инфрақұрылымын жөндеуге 1 643,0 млн.теңгені құрады.

млн. тенге.

«2020 бизнестің жол картасы» индустриалдық инфрақұрылымды дамытудың бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттің 3,3 млрд.теңге сомасында республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер жұмсалды, нақты 3,2 млн.теңге игерілді.

4 жоба бойынша іс-шаралар жүргізілді: «Арматур зауыты ауданындағы Машиностроителей көшесі бойынша бизнесті дамыту» және «Шемонаиха қаласындағы шекаралық ынтымақтастық үшін агроөнеркәсіп, көлік, лигситикалық орталық», «Зайсан қаласындағы СМУ-шығыс ЖШС өндірістік базасының инфрақұрылымы» және «Семей қаласындағы Физкультурная көшесі, 4-тегі емхана», оларды іске асыру энергеика және коммуналық шаруашылық басқармасы арқылы жүргізіледі, 643,7 млн.теңгеге игерілді. 732 млн.теңге игерілмей қалды, олар Есеп комитетінің қаулысы бойынша жобалармен қамтамасыз етілмеген ретінде қайтаруға жатады.




Облыс 2011 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 1349,9 млн.теңге сомасында қаржылық көмек алды: жарғылық капиталды ұлғайтуға, кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкіне жөндеу жұмыстарын өткізу мақсатында; Маңғыстау облысы Жаңаөзне қаласындағы іссапарға жіберілген қызметкерлердің іссапар шығыстарын төлеуге, сондай-ақ Семей, Курчатов, Себерянск, Зыряновск қалалары мен Глубокое ауданы үшін айлық отын қорын құруға, жылыту маусымында толығымен игерілді.



Бюджет аралық қатынастар

2009-2012 қалалар мен аудандар бюджетіне берілетін жалпы сипаттағы трансферттер туралы деректер














мың тенге

Атауы

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Өскемен қаласы

294 213,0

500 636,0

0,0

0,0

Семей қаласы

177 775,0

333 283,0

856 459,0

1 105 891,0

Риддер қаласы

48 699,0

147 743,0

408 919,0

506 857,0

Курчатов қаласы

12 921,0

39 155,0

45 016,0

86 498,0

Абай ауданы

857 593,0

1 024 426,0

1 183 312,0

1 432 078,0

Аягөз ауданы

1 443 737,0

1 149 088,0

2 336 063,0

2 809 356,0

Бородулиха ауданы

1 209 024,0

1 475 945,0

1 196 715,0

1 334 226,0

Бесқарағай ауданы

942 134,0

1 125 276,0

1 312 772,0

1 548 482,0

Глубокое ауданы

1 058 203,0

1 306 882,0

1 326 174,0

1 524 825,0

Жарма ауданы

1 482 256,0

1 775 016,0

2 172 104,0

2 552 096,0

Зырян ауданы – Зырян қаласы

624 902,0

872 614,0

1 322 057,0

1 535 839,0

Зайсан ауданы

1 230 648,0

1 519 943,0

1 682 203,0

1 950 769,0

Катонқарағай ауданы

1 453 344,0

1 725 220,0

2 052 004,0

2 397 362,0

Күршім ауданы

1 648 355,0

1 974 082,0

2 330 622,0

2 548 181,0

Көкпекті ауданы

1 555 981,0

1 884 206,0

2 144 804,0

2 376 376,0

Тарбағатай ауданы

2 149 116,0

2 600 695,0

3 030 989,0

3 344 787,0

Ұлан ауданы

1 188 404,0

1 450 386,0

1 691 218,0

1 878 994,0

Үржар ауданы

2 371 746,0

2 866 036,0

3 171 478,0

3 667 627,0

Шемонаиха ауданы

774 689,0

960 280,0

710 306,0

835 613,0

Жиыны

20 523 740,0

24 730 912,0

28 973 215,0

33 435 857,0

Сонымен қатар, жыл сайын республикалық бюджеттен облыс бюджетіне нысаналы трансферттер түрінде біршама қаражат бөлінеді.

Республикалық бюджеттен 2009 жылы өңірлерге 37388,4 млн. теңге бөлінген болатын, ал 2011 жылы -ол 50838,8 млн.теңге.



Облыстық бюджет бойынша тапшылық және оны қаржыландыру

Облыстық бюджет бойынша тапшылық 616,9 млн. теңгені құрады немесе 3341,7 млн.теңгеге жоспардан аз.

Бюджеттің тапшылығын қаржыландыруға 4664,2 млн.теңге көлемінде қарыздар тартылды. Республикалық бюджет алдындағы облыстың берешегін өтеу 2013,7 млн. теңгені құрады. 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша пайдаланылмай қалған бюджет қаражатының қалдығы 3342,1 млн.теңгені құрайды.

2011 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті қарастыру қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты сессиясының 2012 жылғы 3 сәуірдегі № 3/16-V шешімімен есеп бекітілді.






2011 жылғы жергілікті бюджеттің бақылау іс-шараларының негізгі нәтижелері
Өткен жылы облыстық әкімшілердің және облыстың жергілікті атқарушы органдарының мәліметтері бойынша 134 бақылау іс-шаралары жүргізілген. Бақылаумен 2009-2011 жылдардағы кезеңде 301,8 млрд. теңге қаражаттар көлемімен 421 бюджеттік бағдарлама қамтылған (2009 жылы-122,2 млрд. теңге, 2010 жылы - 90,8 млрд. теңге, 2011 жылы - 88,7 млн. теңге).

Белгіленген бұзушылықтардың жалпы сомасы 7,5 млрд. теңгені немесе бақылаумен қамтылған қаражаттар көлемінен 2,5%-ын құрады. Бұзушылықтардың айтарлықтай үлесін бюджет қаражаттарын шығындау кезіндегі бұзушылықтар - 98,2%, бюджет түсімдері бойынша - 0,1%, мемлекет активтерін пайдалану кезіндегі бұзушылықтар - 1,7% құрайды. Бюджет қаражатын шығындау кезінде жіберілген бұзушылықтардың көлемінен 77,8% мемлекеттік сатып алу үрдістерін бұзушылықтар құрайды.

Жүргізілген бақылау қорытындылары бойынша қайтарылуы (орнына келтірілуі) тиіс сома 312,4 млн. теңгені құрады, соның ішінде қайтарылғаны (орнына келтірілгені) 296,9 млн. теңге немесе 95,1%.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 78 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, 7-еуі атқарып отырған лауазымынан босатылды. Сот шешімімен 1 лауазымды тұлға шартты жазаға сотталды.

Сонымен қатар, 2011 жылдың қыркүйегінен бастап ШҚО бойынша Тексеру комиссиясының сыртқы бақылау органы 17 бақылау іс-шараларын жүргізді. Бақылаумен білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, мәдениет, дене шынықтыру және спорт нысандары, мемлекеттік органдары 3 658,9 млн. теңге бюджет қаражатының көлемімен қамтылды.

Белгіленген бұзушылықтардың жалпы сомасы 588,4 млн. теңгені құрады, Жүргізілген бақылау қорытындылары бойынша 43,1 млн. теңге немесе 93,6 % қайтарылды.

Бюджеттік және өзге де заңнамалықтың бұзушылығы үшін 22 лауазымдық тұлға жауапқа тартылды.
Ұсынымдар мен ұсыныстар
Бюджеттің жоспарлануына және орындалуына, стратегиялық жоспарлардың бекітілген индикаторларының орындалуына жауапкершілікті көтеру, қаржылық бұзушылықтарды қысқарту мақсатында:

- облыстық бюджетті, қалалар мен аудандар бюджеттерін қалыптастыру кезінде өңір экономикасының дамуының ішкі факторларын ескере отырып нақты макроэкономикалық көрсеткіштер пайдаланылсын.

- даму бюджеттік бағдарламалары арасындағы қайта бөлулер саны ауқымды түрде қысқартылсын, бұл ретте қаражаттарды бөлуді бюджеттік заңнамаға сәйкес іске асыру мерзімдерін ескере отырып талап етілетін негіздемелер бар болғанда бекітілсін.

- облыстың жергілікті атқарушы органдарының жауапкершіліктерін көтеру мақсатында төмен тұрған бюджеттерге облыстық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттердің бөлінуінің мақсаттылығы қаралсын.

- мемлекет активтер мен мүліктерге мониторинг және толық есепке алу жүргізілсін.

- квазимемлекеттік секторды облыс өңірлерінің даму бағдарламасына мақсаттар мен міндеттер бағыттарын көрсетумен, сонымен қатар мемлекеттік меншікті пайдаланудан экономикалық тиімділікте бірлесіп жұмыс істеуге тартылсын.

- мемлекеттік органның стратегиялық жоспарларымен квазимемлекеттік секторлардың субъектілерінің көрсеткіштер жүйесі байланыстырылсын, олар басқару органының соңғы нәтижелеріне қол жеткізумен интеграциялануы қажет.

- қаражат бөлусіз міндеттерді қабылдау тәжірибесі жойылсын, ол кредиторлық қарызға және деңгейге әсерін тигізеді.

- республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансфертер көлемдерін келісімдеу кезінде оларды игеру бойынша нормативтік мүмкіндіктермен және іске асырылу мерзімдерін ескере отырып, нақты қажеттілікке сәйкес келетін негіздемелік материалдармен есептемелерді сапалы ұсыну бойынша бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершіліктері көтерілсін.

- мемлекеттік органдардың функциялары және міндеттерімен, сонымен қатар көрсетілетін мемлекеттік қызметтермен нақты байланыстырумен параметрлер мен критерийлерді қол жетімді және іс жүзінде нақтылау бөлігінде мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының нысаналы индикаторларын, міндеттерге қол жеткізу көрсеткіштерін анықтау бойынша кешенді шаралар қабылдансын.

- іске асыру кезінде соңғы нәтижелерге қол жеткізу үшін әкімшілік және басқарушылық жедел шешім қабылдау мақсатында даму бағдарламасының іске асырылуына нақты мониторинг жүйесі енгізілсін.

- нормативтік актілерді және бюджет жүйесінің өзекті мәселелері және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшуді оқып-білуге бюджет ұйымдарының ведомстволарына қарасты қаржы жұмыскерлерінің (азаматтық қызметшілердің) біліктіліктерін көтерулерін ұйымдастыру мәселесі зерделенсін.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет