БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІНІҢ
ОҚУШЫЛАРҒА САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ РӨЛІ
Балалардың бойында оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру міндеттерінің терең тарихы бар. Бастауыш білім беру көптеген жылдар бойы білім алудың негізгі және жалғыз сатысы болды. Сондықтан ол оқуға, жазуға үйрету мен қарапайым арифметика элементтерін білу мақсатын көздеді. Міндетті жеті жылдық оқуға, кейінірек толық орта білімге көшуге байланысты психология мен педагогикада кіші мектеп жасындағы балаларды оқытудың дамытушы міндеттеріне мән беріле бастады. Осыған байланысты олардың өз бетімен білім алу білік-дағдыларын қалыптастыру қолға алынды.
Бастауыш білім беру қызметі алдымен орталау, кейін орта білім берудің бір сатысы болып өзгерді. Жаңа жағдайларда 6-11 жастағы балалардың оқу мүмкіндіктерін зерттеу қорытындысына байланысты бастауыш білімнің мақсаттары айқындалды. Осындай мақсаттағы зерттеулер нәтижесінде оқу қызметінің әртүрлі теориясы жасалды. ХХ ғ. соңындағы білім беру жүйесіндегі демократиялық жағдайда мұғалімдердің педагогикалық ғылыми-зерттеулер нәтижесіне деген қызығушылығы артты.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың білік-дағдыларын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық аспектілерін өз еңбектерінде барынша нақты ашып көрсеткен белгілі ғалымдар Л.С. Выготский, П.Я.Гальперин, А.Н.Леонтьев, Л.В.Занков. Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов т.б. Олардың зерттеулері оқу қызметінің әртүрлі теориясын құрудың негізін салды. ХХ ғ. соңындағы қоғамдағы және халыққа білім берудегі демократиялық өзгерістер жағдайына байланысты бұл зерттеулердің нәтижесіне деген сұраныс туындады.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмысын біраз жыл бақылау мен талдау барысында жалпы бастауыш білім беру мәселесінің негізгі мақсаттарын шешуге даярлауда олқылықтар бар екені байқалды.
Мұғалімдердің қиындық көретін мәселелерін зерттеу мен талдау барысында оның басты себебі оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, оқу үрдісінің ырғағын айқындау мен есепке алуға байланысты болды. Бұл қиындықтар олардың кәсіби – педагогикалық даярлықтарының жетіспеуінде жатыр. Кіші мектеп оқушыларының оқуға деген қызығушылықтары мен ынтасын қалыптастыру жұмысына бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау деңгейі педагогикалық оқу орындарының оқу құралдарында, оқыту үдерісінде жатыр деп ойлаймыз.
Болашақ мұғалімдерді даярлау мәселесі Н.В.Кузьмина, И.К.Журавлев, М.Н.Скаткин, А.А. Вербицкий, А.С. Границкая т.б. ғалымдардың еңбектерінде талданған. Соған қарамастан көптеген авторлар болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың мазмұны мен әдістері проблемасындағы кіші мектеп оқушыларының өз бетімен оқу әрекеті біліктерін қалыптастыру мәселесіне аз көңіл аударған.
Білім – адам сапаларының өзгеруін басқаратын үрдіс болғандықтан, ол педагогикалық мамандықтың кәсіби біліктілік қабілеттерін дамытуға бағытталады. Сондықтан «адамды» өмір сүру барысында өзгеруге әлеуеті жететін ашық жүйе деп қарастырғанымыз жөн. Ол белгілі бір саладағы маман болғандықтан, «адамды» - маман тұрғысынан қарау «біліктілік» ұғымына шығарады. Біліктілік – бұл білімді меңгерудегі, тәжірбиедегі білімділікті, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік. Бүгінгі күн мұғалімнің біліктілігін арттыруды жалпықоғамдық мәселе ретінде қарастыру қажеттігі туған кезең. Себебі білімді тереңдету, молайту, жетілдіру, арттыру жеке басы үшін ғана емес, қазіргі қоғамға қажет әрекет деп қабылдауымыз керек. Бұл мұғалімнің өз қызметінде табысқа жетуін ғана көздемейді, оның аясын одан әлдеқайда кеңірек қарастырған жөн.
Мұғалім – бүгінгі оқушы – ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өмірге дайындаушы. Мұғалім мамандығының құндылығы да осында деп түсінгеніміз дұрыс.
Біліктілікті арттыру курстары арқылы мұғалімдерді оқытуда оқытушы жетекшілік, бағыт берушілік, ұйымдастырушылық, түзетушілік әрекеттерді атқаруы керек. Оқытушының осындай әрекетіне білім алушы мұғалімнің өзі де бойындағы бар білімін көрсете байланыс жасағанда ғана сапалы нәтижеге жетуге болады деп ойлаймыз. Мұғалімдердің өз білімдерін жүйелі көтеріп отырулары – олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ететін негізгі фактор. Еліміздің білім беру саясатындағы көкейтесті мәселелердің бірі де осы мұғалімдердің біліктіліктерін жүйелі арттыру болып табылады.
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселесін зерттеген ғалымдар бұл саланың даму тенденциясын жан-жақты көрсеткен.
Б.А.Әлмұхамбетов өз зерттеулерінде біліктілікті арттыру жүйесінің тарихы мен даму болашағын еліміздің біліктілікті арттыру мәселесін шетелдік тәжірибелермен салыстыра көрсеткен. Республикада біліктілікті арттырудың сапасын арттыру, деңгейін көтеруге ықпал ететін жолдарды ұсынады.
А.Ә.Жайтапова біліктілікті арттыру жүйесіне ғылыми талдау жасай отырып, жаңа инновациялық бағыттарда ұйымдастырудың теориясы мен әдістемесін зерттеген.
Сондай-ақ қазақстандық ғалым Я.С.Бенцион әдістемелік жұмыстардың тиімді жолдарын ұсынса, Ш.Таубаева мұғалімнің зерттеушілік қызметін, озық тәжірибені жинақтау, инновациялық әрекетті үздіксіз жүргізуді ғылыми тұрғыда негіздеген. М.С.Керімбаеваның зерттеулері жас маманды қалыптастырудағы жоғарғы оқу орындары мен біліктілікті арттыру институттарындағы сабақтастыққа, Б.Қ.Төлбасова мұғалімдердің қазіргі ақпараттық технологияларды қолдануға әзірлігіне арналса, ал К.С.Құдайбергенова мұғалімнің өзін өзі жүзеге асыруына мектептегі инновациялық жұмыстың жүйелі жүргізілуінің ықпалын айқындаған.
В.Н.Белослюдцева өз зерттеуінде біліктілікті арттыру институттары әдіскерлерін даярлау мәселесін көтере отырып, мұғалімдер мен әдіскерлердің өзара ынтымақтаса әрекет етулері жалпы біліктілікті арттыру сапасына әсер ететіндігін талдаған.
Б.А.Тұрғынбаева осы саладағы ғылыми - зерттеулерінде шығармашылық әлеует адамды кәсіби әрекеттің биігіне шығаратын сапа деп тұжырымдайды. Ұстаздың акме жағдайға жетуі оның өз бетінше білім алуына, өзін-өзі тәрбиелеуіне, өзін-өзі жетілдіруіне және осының бәрін шығармашылықпен қолдана алуына байланысты екендігін ғылыми негіздеген.
Іс-тәжірибе барысындағы қиындық мұғалімнің кәсіби-педагогикалық қызметі мен даярлық деңгейіне қойылатын талаптар арасындағы сәйкессіздік салдарынан туындайтыны сөзсіз. Жас мұғалімдер оқушылардың өзбетімен әрекет ете білу дағдыларын қалыптастыру, оның қарқынын зерттеу, оқушылардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру мәселелерінде қиындық көреді. Бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың пән мазмұны бойынша білімді меңгеруінен емес, сол бойынша жұмыс істету әдістерінен қиындық көреді. Сонымен бірге мұғалімдер оқу мақсаттарын қою, міндеттерін белгілеу және оның нәтижесін жоспарлау, қиындықты жеңу әдістерін іздестіру т.б. бойынша да қиындықтар көретіндігі байқалады. Көпшілік мұғалімдер оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыруда олардың даму деңгейлеріне жете мән бермейді, мысалы, белгілі бір тапсырманы орындатуда 1-сынып пен 4-сыныпқа бірдей әдіс қолданады. Мұндай жағдайлар болашақ мұғалімді кәсіби даярлаудағы проблемамен байланысты деп ойлаймыз.
Ұлттық білім берудің негізгі бағыты – адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде танып, оның рухани баюына, саяси көзқарасы мен шығармашылық белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына толық мүмкіндік беру, жағдай жасау. Сондықтан жас маманның бойында үш түрлі біліктілік қалыптасуы қажет: а) пәндік біліктілік. Пән бойынша алған теориялық білімі мен іскерлігі жатады. Теориялық білім пән арқылы беріледі. ә) педагогтік біліктілік. Педагогиканың негізін, ұстанымдарын, әдіс –тәсілдерін, сабақты ұйымдастырудың негізгі нысандарын білуі тиіс. б) технологиялық біліктілік. Білім берудің сапасын көтеру, өз бетімен іздену қабілетін қалыптастыру.
Білімді де білікті маман даярлаудың мақсаты – маманның бойында іргелі де жүйелі білім, кәсіби іскерлік пен дағды, шығармашылық белсенділік пен еркіндік, мәдени ойлай білу қабілеттерін қалыптастыру болса, білім ғасырындағы білім берудің жаңа жүйесі нені оқыту (білім мазмұны), қандай жүйеде оқыту (құрылымы), қалай оқыту (педагогикалық технология) мәселелерін шешуге бағытталуда.
Оқытушының қызметін өз дәрежесінде атқара алуы оның біліктілігіне байланысты. Атап айтқанда: гностикалық, педагогтік, қоғамдық –экономикалық, коммуникативтік. Білікті маманның тәрбиелеген шәкірті білімді болары сөзсіз. Ал білім – қоғам дамуының шешуші факторы.
Еліміздің бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бүгінгі таңда жан–жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары өзбетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыны шығармашылыққа жетелеу. Бұл мұғалімнен терең біліктілікті қажет етеді. Себебі шығармашыл ұстаз ғана шығармашыл тұлғаны қалыптастыра алады. Бүгінгі қазақстандық мектептерге қоғамның қарқынды дамуына ілесе алатын, заман талабына сай ойлайтын, ғылыми-әдістемелік білімі жеткілікті, педагогика мен психологияны терең меңгерген ізденімпаз мұғалім қажет. Бұл мұғалімнің кәсіби шеберлігінен көрінеді. Басқаша айтқанда, білім беру үдерісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және өздігінен шығармашылық түрде қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта мұғалім білім беру жүйесіндегі кез келген қайта құрулардағы педагогикалық үдерістің негізгі субъектісіне айналып отыр. Сондықтан мұғалімдерді жаңа заманға бейім болуға жағдай жасайтындай, мүмкіндік туғызатындай кәсіби білімдерін көтеру және қайта даярлау курстарының мазмұнын өзгертіп, жасақтау қажеттілігі туындауы заңдылық. Яғни, педагог мамандар өзін-өзі дамытуына және өздігінен білім алуына мүмкіндік алады. Мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру курстарында, курсаралық кезеңдерде жоғарыдағы сапаларға жету үшін төмендегідей міндеттерді белгілеуге болады:
-
Мұғалімнің шығармашылықпен еңбек етуіне қолайлы жағдай туғызу.
-
Заман талабы, қоғам сұранысына, қажеттігіне сәйкес әлемдегі және отандық озық іс-тәжірибелер, жаңа технологиялар, инновациялық әдістермен ұдайы қаруландырып отыру.
-
Шығармашылық ізденісі мен еңбегіне толық еркіндік бере отырып, оқытуды ізгілендіру мақсатындағы талап, тілектерінің орындалуына, өзіндік іс-тәжірибесін таратуға мүмкіндік туғызу.
-
Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы үшін қажетті бағыт-бағдар беру.
-
Кәсіптік шеберлігін арттырып отыруға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізіп тұру.
-
Мұғалімнің қоғамдағы белсенділігінің артуы үшін кәсіптік мәртебесі мен әлеуметтік беделіне үнемі көңіл бөлу.
«Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер–білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» – деп, шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби ұстаз болмысын айқындаған екен. Олай болса, жауапкершілігі шексіз, қадірі мол мамандық иесінің ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі алар орнын әр мұғалім бар болмысымен сезінгені абзал. Өйткені, бәсекеге қабілетті тұлға даярлауда білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – білімді ұстаз.
Әдебиеттер:
1. Б.А.Альмухамбетов. Тенденции развития системы повышения квалификации педагогических кадров в Казахстане. – Алматы: «Ғылым», 2001. – 290с.
2. Выготский Л. С. Педагогическая психология. / Под ред. В. В. Давыдова. – М.: Педагогика, 1991. – 480с.
3. Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту Алматы – 2005, 208б.
Горбунова Г.А.
Доктор педагогических наук
МПГУ, г.Москва
ХУДОЖЕСТВЕННО-ТВОРЧЕСКИЕ СПОСОБНОСТИ ШКОЛЬНИКОВ В ПРОЦЕССЕ ОБУЧЕНИЯ СРЕДСТВАМИ ИЗОБРАЗИТЕЛЬНОГО ИСКУССТВА
В настоящее время все области науки, культуры, производства, управления, социально-духовной сферы жизни, в том числе педагогики и искусства остро нуждаются в людях, предрасположенных к нестандартному, творческому мышлению, владеющих умением генерировать оригинальные и необычные идеи. Особенно ценится личность, объясняющая иначе, видящая иначе, чем другие; умеющая выделить главное из лежащих на поверхности второстепенных признаков и параметров. Существующие социально-педагогические возможности формирования творческих способностей выпускников общеобразовательных школ далеко не в полной мере удовлетворяют потребности нашего общества и культуры в развитии продуктивной, созидательной деятельности инновативной личности.
В сфере образования успешно работают различные научные учреждения, лаборатории, кафедры, где осуществляется изучение изобразительной деятельности детей. Следует констатировать, что результаты многочисленных научно-практических исследований в области теории и методики обучения и воспитания изобразительному искусству используются лишь в отдельных случаях и редко включаются в целостную систему художественно-педагогического образования общеобразовательных школ.
Исследование, проводимое нами, выявило проблемы и трудности осуществления инноваций на практике обучения изобразительному искусству. Реализация педагогических технологий в общеобразовательных школах в значительной степени затруднялась сложившейся системой образования. Слишком сильными оказались инертность мышления, стереотипы в сознании учителей, распространенная ориентация на формальные результаты обучения. Немногие педагоги имеют целостное видение своего предмета и владеют инновационными педагогическими технологиями организации детского творчества.
Анализ практики преподавания изобразительного искусства в современной школе показал, что у самих учителей, главным образом в начальных классах, не полностью сформирован интерес к урокам, в их работе часто наблюдается односторонний и формальный подход к организации изобразительной деятельности детей, при котором утверждается либо преимущество обучения, либо преимущество воспитания. Это приводит к тому, что занятия рисованием носят пассивный и формальный характер. Рисунок, выполненный учащимися младших классов, рассматривается педагогами как результат изобразительной деятельности без должного обоснования и анализа процессов, лежащих в основе его создания.
Сегодня в школах на уроках предметов эстетического цикла, в лучшем случае осуществляется изучение художественного материала, фактически без внимания остается изучение психологической составляющей возможностей ребенка к изобразительной деятельности. Все это требует преодоления несоответствия в художественном образовании и воспитании в школе: 1) формирование художественно-образного мышления, практической деятельности; 2) воспитание и развитие творческих способностей, изобразительных навыков и эстетического отношения к действительности, к искусству, к явлениям художественной культуры, к народным художественным традициям; 3) обучение основам изобразительной грамотности.
Основой дифференцированного обучения является хорошее знание уровня подготовки и развития каждого ученика, изучение его индивидуальных особенностей. На основе выполнения кратковременных диагностических работ и наблюдений, дети объединяются в группы («сильные», «средние», «слабые») и психологические типы, объединенные по изобразительным способностям и задаткам.
Дифференцированный подход позволяет исправлять наиболее нарушенные процессы художественно-изобразительной деятельности, а значит, дифференцированный подход - это одна из форм корректирующей работы. В результате обучения недостатки (ошибки в рисунках) у учащихся преодолеваются, благодаря чему дети быстрее продвигаются в своем творческом развитии. Формирование и развитие - единый, взаимосвязанный процесс. Таким образом, индивидуальный и дифференцированный подходы помогают решать задачи развивающего обучения.
Индивидуальные особенности, характерные для одних школьников, могут наблюдаться и у других, такие особенности называют типическими, т.е. присущими определенной группе учащихся. Учет типических особенностей младших школьников происходит в процессе дифференцированного подхода. Дифференцированный подход-это учет педагогом индивидуальных особенностей группы учащихся в процессе обучения.
Назначение дифференцированных заданий состоит в том, чтобы, зная и учитывая индивидуальные отличия в учебных возможностях учащихся, обеспечить каждому из них оптимальные условия для формирования познавательной деятельности в процессе рисования.
Решению проблемы дифференцированного и индивидуального подхода в развитии художественно-творческих способностей школьников в процессе обучения средствами изобразительного искусства (на материале работы с натурными постановками) и посвящено данное исследование, в котором осуществлены разработка, создание и обоснование современной технологии обучения. Методическая система основана на достижениях современной психологии, физиологии, педагогики, философии, искусствознания; на духовно-нравственном воспитании школьников; на художественно-творческих традициях реалистической школы; на анализе исторического опыта обучения учителей изобразительного искусства.
При изучении проблемы дифференцированного и индивидуального подхода развития художественно-творческих способностей школьников автором выявлены важнейшие противоречия, возникшие в системе художественно-педагогического образования: общество требует от образования воспитание и развитие культурного, творческого, креативно-мыслящего человека во всех сферах жизнедеятельности, духовно-нравственного, а с другой стороны отсутствует модель такого воспитания и развития личности и отсутствие достаточного количества учебных часов на предмет изобразительного искусства в школах, где развивается эстетический и творческий потенциал обучающихся;
Многие учителя затрудняются проводить уроки таким образом, чтобы занятия стали продуктивными и интересными для ребенка. Они не видят в них средства развития индивидуальных изобразительных способностей детей. Нарушение триединства педагогического процесса, заключенное в неразрывной связи обучения, развития и воспитания остается и на сегодняшний день проблемой художественного образования и воспитания детей. До сих пор остаются недостаточно изученными условия и специфика возникновения творческого замысла рисунка у ребенка младшего школьного возраста в естественных проявлениях и в условиях педагогического воздействия.
Неотъемлемым условием проявления таланта учителя изобразительного искусства, является высокая профессиональная культура педагога, его художественные специальные способности, художественная техника и педагогическое мастерство. Только творческая личность сможет организовать урок так, чтобы у детей в ходе всего процесса обучения развивались индивидуальные художественно-творческие способности.
Диссертационные исследования последних лет в сфере художественного образования показывают значение основных видов искусства в организации образовательного процесса, раскрывают: проблемы в формировании профессиональных художественных качеств личности учителя (Р.И. Барциц, Ф.Ф. Бундыристый, И.Б. Ветрова, Р.А. Гильман, А.А. Ковалев, В.И. Козлов, В.В. Корешков, Е.Ф. Кузнецов, С.П. Ломов, Л.Б. Михаленко, А.А. Прищепа, И.М. Рязанцева, Н.Н.Таранов, И.Н.Туманов и др.);
осмысление художественного образования в интеграции изобразительного искусства и др. наук в системе дошкольного, школьного и высшего образования (И.В. Алексеева, С.А. Аманжолов, В.С. Бадаев, Л.В. Ершова, О.С. Нечаева, С.А. Мочалова, О.К. Савельева, Л.Г. Савенкова, Н.М. Сокольникова, Т.Я. Шпикалова и др.), вопросы формирования и развития творческих способностей (Л.Б. Ермолаева-Томина, Е.И. Игнатьев, С.Е. Игнатьев, Т.С. Комарова, В.Д. Максимова, В.А. Пантиков и др.).
При изучении индивидуальных особенностей, их диагностики, составления на их основе типологий школьников огромное значение имеют исследования ученых о свойствах высшей нервной деятельности, об особенностях темперамента И.П. Павлова, Б.М. Теплова, Б.Г. Ананьева, В.Д. Небылицына, B.C. Мерлина и др., об индивидуальных различиях в психических процессах и познавательной деятельности Б.Г. Ананьева, Д.Н.Богоявленского, Н. А. Менчинской, Е.Н. Кабанова-Меллера, о способностях А.Н.Леонтьева, Б.М. Теплова, Д.Н. Узнадзе В. А. Крутецкого, В.И. Киреенко, Е.И. Игнатьева, о познавательных интересах Л.И. Божовича, Н.Г. Морозовой, Л.С. Славиной Г.И. Щукиной, об индивидуальном стиле учения Е.А. Климова, Н.С. Лейтеса.
На необходимость учета индивидуальных особенностей в обучении изобразительной деятельности детей и взрослых, указывали в своих трудах все ведущие педагоги и педагоги-художники: Н.С. Боголюбов, Д.И. Воробьева, Н.А. Ветлугина, Л.С. Выготский, Т.В. Джоджуа, Е.И. Игнатьев, В.И. Киреенко, Т.С. Комарова, Р.К. Кубышкина, В.С. Кузин, Н.А. Леонтьев, Б.Т. Лихачев, С.П. Ломов, Б.С. Мейлах, Н.Н.Ростовцев, С.Л. Рубинштейн, Б.М. Теплов и др.. Большинство авторов сходятся в одном - главная роль в художественном развитии личности принадлежит прежде всего школе. Школа по их мнению, как ни какое другое образовательное учреждение, позволяет системно выстраивать учебный процесс ориентированный на креативное развитие личности, через вооружение детей методическими ключами к изобразительной деятельности.
Важно найти эффективные подходы к оптимизации этого процесса, чтобы дети могли не только с помощью учителя, но и самостоятельно открывать для себя новый мир красоты и гармонии, через эмоциональное эвристическое состояние. ««Эврика» - я увидел это!», вот, что должно сопровождать всю изобразительную деятельность ребенка.
Изобразительное искусство призвано раскрывать индивидуальные графические и живописные возможности и способности каждого младшего школьника. В связи с этим требуется разработка таких эвристических методов и технологий, в которых бы органически сочеталось овладение обучаемыми необходимыми знаниями, умениями и навыками с полным раскрытием и развитием индивидуальных сторон творчества и способностей.
Знание процессов изобразительной деятельности детей в связи с развитием индивидуальных изобразительных способностей ребенка еще не в полной мере реализуется как в подготовке будущего учителя, так и в практике учителей изобразительного искусства. Анализ показывает, что специальных исследований именно по проблеме индивидуального и дифференцированного подхода недостаточно. В частности, в начальных классах на занятиях изобразительного искусства осуществление индивидуального подхода, в качестве самостоятельной проблемы не исследовано, хотя отдельные ее стороны отражены в трудах Б.Г. Ананьева, Е.И. Игнатьева, B.C. Кузина, Я.А. Пономарева, В.Н. Пушкина, Б. И. Теплова, С.Л. Рубинштейна, Е.В. Шорохова и другие.
Актуальность данной проблемы заключается в и том, что от ее недостаточной разработанности в значительной мере страдает качество, уровень художественного образования, развитие художественно-творческих способностей младших школьников, а также уровень подготовки учителей изобразительного искусства и их профессиональной компетенции.
Самұратова Т.К.
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
халық дәстүрлі өнері - ұлттық мәдени мұра
Қазақ халқының дәстүрлі қолданбалы өнері – көшпелі түркі тектес халықтар әлемінің алып бәйтерегі, қара шаңырағы. Ол ерте кезден-ақ әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін қызықтырған. Мысалы, Геродот былай деп жазып қалдырған: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған жайдың металдан істелген бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан істелген. Бас киім мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған. Сондай-ақ ат омырауындағы өмілдіріктер де мыстан соғылып, жүген сулығы ауыздығы тағы да басқа бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріп, безендірілген». Геродот пен бірге Ктесий, Страбон да қазақ топырағын мекендеген сақтар мен массағаттардың барлық заттарының әшекейленіп, киімдерінің өзіне тән үлгісі барын айтады[1;8].
Академик Ә.Марғұлан: «Есть основание пологать что народное искусство казахов находится в генетической связи с искусством саков, усуней, гуннов и других племен, населявщих в древности территорию Казахстана» [2; 131],- деп көшпенді халық өнерінен бастау алғанын теория жүзінде дәлелдеген.
Тайпалар еңбек құралдарын, қарулар, сәндік заттар, тұрмыстық бұйымдар жасауда құю, қақтау, қысып өрнектеу, жону, тегістеп жылтырату техникасын жақсы меңгерді, заттарға өрнек сала білді. Мысалы, қазақ жерінен табылған айшық түймелер, жылқының сүйегінен ойып жасалған ромб, үшбұрыш тәрізді бейнелерді атауға болады.
Ол кең байтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ тәрізді көне түркі тайпаларының мәдениетінен арқау алғаны ғалымдар өз еңбектерінде сөз етеді. Мысалы, С.Қасиманов: «халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты творчестволық өнер жиынтығы» [3; 10] десе, ал М.С.Мұқанов: «… дәстүрлі халық өнерінің негізі. Халық мұрасынсыз алға басу мүмкін еместігін» [4; 18], - ескертеді.
Ө.Жәнібеков дәстүрлі өнер, халықтың рухани әлемі дей келе, «… бабалар мұрасы ұлттық игі қасиеттерге ұқыпты болуды, жұртты ұлттық мақтанышқа баулу ісін, көп ұлтты Қазақстан халқын ауызбірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу ісін жүйеге келтіруді талап етеді»- деп [5; 108] оның тәрбие берудің барлық саласын қамтитынын тілге тиек етеді.
Қай халықтың болмасын заттық, рухани мәдениетінің жиналу, жариялану, зерттелу тарихының басталған уақыттан дөп басып айту қиын. Халықтық мәдениет қаншалықты қөне болса, оның зерттелу тарихы соншалықты тереңге бой тартады. Сол сияқты қазақ халқының рухани мұраларының бірі қолданбалы өнерінің тасқа қашалған көне іздерін V-VІІІ ғасыр ескерткіштері мен Орта Енисей жазбаларынан тапсақ, одан бергі орта ғасырлық жазба деректердің барлығында да халық мұрасы өз желісін үзбей, әр түрлі деңгейде бой көрсетіп отырады [6;5].
А.Сейдімбектің топшылауынша байырғы көшпенділердің өмір салты дүниеге әкелген мал құлағына ен салу, малдың санына күйдіріп таңба басу, әр рудың өзіндік таңбасының болуы, тіптен денелеріне қара күйе сіңіру арқылы татуировкалау («Пазырық» қорғанының дерегі) сияқты қасиеттердің қай-қайсыда ең алдымен белгі берушілік, хабар білдірушілік, ажыратушылық міндет атқарған. Мұның сыртында белгілі-бір затпен, көрініспен ой айту, ниет құлқын білдіру көшпенділер арасында шыңдалған дәстүрге ұласқан [7].
Көшпелілердің ұлы өркениетін, мәдениетін сөз еткенде оны ешқандай айғақсыз, дерексіз баяндай берудің мүмкін еместігіне көз жеткізе отырып, оны халықтың рухани байлығының жемісі, заттық (тұрмыстық) мәдениеттің айқын айғағы ретінде зерттеу негізгі мақсат. Өйткені көшпелі ғұмыр мен қолданбалы өнер егіз. Ол туралы зерттеуші Б.Сапарұлының «Адалбақан» кітабында жақсы айтылған: «Көшпелілер қайталанбас сын-сипаты мен мейлінше қарапайым қолданысы бар қолөнер бұйымдарын аспан асты – жарық дүниеге келтірді. Қолданды. Қайта әсемдеп жасады. Қолдан қолға таратты… Тайпа, ұлыс, халық қолөнері сабақтаса дамыды. Көшпелі тіршілік барда қайран бабам қолөнері көзіне құрт түспеген» [8; 31].
Ата-бабаларымыздың рухани болмысының «көшпелі» еместігі көшпелілер мәдениетімен салыстыра қарағанда айқын байқалады. Көшпелілердің өмір салтында айнала қоршаған ортаны, табиғатты, космосты, яғни әлемді танып-білуде өзіндік ережесі болған, өткен мен болашақ арасындағы қөзқарастардың біртұтас жүйесі қалыптасқан. Бұл номаттардың этномәдениетінің өзіндік ерекшелігінен айқын танылады. Өйткені халық өнері – этностың ой-санасы мен дүниетанымының, өмір болмысы мен көзқарасының өзара байланысын береді. Бірақ қоғамдық сана шындықтың жансыз көшірмесі емес, ол заманның этномәдени рухани мәнін, көркем-эстетикалық идеяларын мағыналы мазмұнға айналдырған биік этникалық қасиеттерінің нышаны.
Біріншіден, өнерді жасаушы халық, өйткені халық тарихқа өз бейнесін сурет қылып салып кеткен. Екіншіден, бабалар мұрасы ғасырлар бойы сұрыпталып, ұзақ уақыт сыннан өткен. Оның бастапқы мазмұнын шындай түсуге қаншама ұрпақтың ақыл-ойы, дүниетанымдық ой-түсінігі, эстетикалық сана-сезімі жұмсалған.
Осынау халық мұрасындағы көркем мәдениетті жіктейтін болсақ, ол тас дәуіріндегі геометриялық өрнектер мен сақ дәуіріндегі «жануарлық таңбадан» басталып, қазіргі ұлттық жаңару төл өнерімізде дәстүрлі (қазақ қолданбалы өнерінің зергерлік, тас қашау, мүсіндеу, киіз үй жасау т.б. түрлерінде) заттанған көрініс алады. Негізінен қолданбалы өнерді көркем мәдениет туралы ұғымдардың қалыптасу тарихынан бөліп қарауға болмайды. Онда бейнеленген бедерлер қашан?, қайда?, қалай? пайда болғанын ғана емес, ішкі терең мазмұнды, өрелі ойдың мәні неде, тәрбие беру жолдары қандай? - деген сұрақтарға жауап беруге жетелейді. Алайда, олар бойына таңғажайып қиял мен шыңдалған шеберлікті жинаған, өмір тәжірибесімен сабақтасқан мәңгілік өнер туындысы болып табылады. Ол бұйымдар сол кезеңде ерекше қасиетке ие болып, дүниетанымдық жүйе қалыптастырған. Олар бір жағынан, әр түрлі жан-жануарлардың күштілігі, көрегендігі сол мүліктің иесіне дарысын деген сенім, яғни жануарларға сиыну ұғымын қалыптастырған. Екіншіден, қолданбалы өнер бұйымдары тәлім-тәрбиенің негізі болған. Көшпелілер күн көріс көзі малды өз қажеттілігіне пайдаланып, металды өңдеп, жауынгерлік тәртіпті меңгеріп, ат әбзелдерін, тұрмыс бұйымдарын жасауға әбден бейімделген. Қолдан-қолға таратып, қолданбалы өнермен айналысқан. Сондықтан да көшпелі мен қазақ қолданбалы өнері егіз, біртұтас рухани дүниетаным.
Сақ кезеңінің (VІІ-VІ ғ. б.э.д.) көркем мәдениеті жануарлық стильде дамыған. Онда көбінесе тау ешкі, арқар, бұғы, т.б. жануарлар бейнеленген. Бұған «Сақ бегзадасының» киімдері мен сән-салтанат бұйымдарындағы көріністер мысал болады.
Сол сияқты жануарлар бейнесі қапсырмалар, білезіктерде де салынған. Мысалы, «Ағаш түбіндегі көшпелілер демалуы» атты қапсырмада ағаш түбінде отырған әйел және ер адамдар, ерттеулі аттар бейнеленген. Бұл Алтай және қазақ халқының «Қозы-Көрпеш және Баян-Сұлу» поэмасының желісінде жасалғанын ғалымдар (В.Чепелев,С.Дудин) еңбектерінде айтылады. Бұл қолданбалы өнердегі этномәдени сәйкестік. Кейіннен жануарлардың дене мүшелері ою-өрнектермен алмастырылады. Соның нәтижесінде тұлпар тұяқ, ат бас, қошқар мүйіз, түйе табан, т.б. өрнектері пайда болған. Мысалы, ертеде оғыздар мен қыпшақтар, кейіннен қазақтар тас бетіндегі тұлпар тұяғына сиынған. Ондай тастар «тұлпар тас» деп аталған.
Тұтастай алғанда сақтардың «аң стилі» дүниетанымның заңды көрінісі көшпелілер идеологиясын білдіретін айрықша бейнелер ретінде құрылып қалыптасады. Мысалы, Сынтас қорымынан табылған сүйек қасықтың сабында бірнеше мүсін бар. Біріншісі – басын артқа қаратып, аузын ақситып жатқан қасқыр, келесісі – бұл да басын артқа қаратқан бүркіт мүсіні[9; 137-156].
Түрік қағанаты көркем мәдениетінде тас өндеу мен сүйек ұқсату өнерінің өркендеуіне сай сүйек пен металдан жасалатын бұйымдарды әсемдеу барысында негізінен геометриялық (ирек, дөңгелек тәріздес), өсімдік тектес және зооморфтық мотивтер қолданылды.
VІІІ-ІХ ғасырда қолданбалы өнері қазақ жерінде өмір сүрген қыпшақ, қарлұқ тайпаларының көркем мәдениетінде жалғасын табады. Бұл кезде тас өңдеу, зергерлік бұйымдар жасау жақсы дамыған. Қыпшақтар зергерлік бұйымдары көбінесе құс бейнесінде болып, аспан белгісі көрініс алған.
Бұл кезеңде ер адамдар тастан, балшықтан, сүйек пен мүйізден, метал мен ағаштан бұйымдар жасап оны әсемдеуді, ал әйелдер кесте тігу, өрмек тоқу, ши орау, киіз бастыру, сырмақ сыру, тері киім тігумен әйелдер айналысқан. Қыз келіншектердің қолынан тоқылған кілем, алашалар, басылған киіз, текеметтер, сырылған сырмақ, көрпелер шеберден асқан ісмерлікті, бояу түрлерін сезіне білуді, үлкен эстетикалық талғамды талап етті.
Қазақтардың ою-өрнектері негізінен тұрмысқа қажетті заттарды әшекейлеу үшін пайдаланса, жалпы қолданбалы өнері тұрмысты әшекейлеу үшін пайдаланған мәні бар шығармаларына айналды.
«Орта Азиядағы көшпелілердің өмірінде – деп жазды А.А.Боголюбов, - кілемдерден бірнеше ұрпақтар қолымен жасалған, тұрақты, бүкіл тайпаға тиесілді және жеке бастың емес, ортақ эстетикалық қажеттіліктерді бейнелейтін суреттерді кездестіреміз». Зергерлік өнердің магиялық қызметі де басым болғанын Окладников еңбегінде де дәлелденген [10;84-103].
Қолданбалы өнерінің бел туындыларының бірі – тас өңдеу. Оның негізгі түрлері тас ескерткіштер, мүсінтастар. Ә.Марғұлан тарихи дәуірден сақталып келе жатқан тас мүсіндер біріншіден, ата–ананың рухын қадірлеуден, аспанға, күнге табынудың бір белгісі; екіншіден, тек басын жұмырлап келтіру, өзге денені бедерлемеу және іргесіне төрт бұрышты тас шарбақ тұрғызып отырғаны дүниенің төрт бұрышын меңзегені; үшіншіден, VІІ-Х ғасырдағы мүсіндер өте реалистік бағытқа сүйеніп, шындықтан ауытқымауды, адамның келбетін (портретін) тура өзіндей қылып жасауды мақсат еткен.
Жас әйелді суреттеген тас мүсіндер «қыз тас», «келіншек тас» деп үлкендерін «кемпір тас» деп атаған. «Кемпір тас» пен «қойшы тастың» келбеті біріне бірі өте жақын. Екеуіде қолын бауырына қысып, кіндігінен жоғары құты сауыт ұстап отырады. Бұл да күнге аспанға табынудың, малымыз көп болсын деген тілек. Олар тас мүсіндерін екі жүйе болып созылған ұзын қанаты (жол) бар үлкен тас обалардың шығыс жағына орнатып бетін шығып келе жатқан күнге қаратып қойған. Шығып келе жатқан күнге бас иіп, табынып, одан жақсылық күткен [11;14-15].
Тасқа қашалып жазылған жырлар («Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк») еркіндік аңсаған халықтың бақытты өмірі жайлы арман-қиялын, тәуелсіздік үшін ғасырлар бойы күресіп келе жатқан ерлердің қаһармандықтарын келер ұрпаққа үлгі-өнеге етіп, тәлім-тәрбиелік әсер қалдырған. Өнер қиял-ғажайыптан пайда болған – нақыш. Ол мәңгілік өмір, қоғам, адамдар болмысы туралы сыр шертеді. Демек, жаратылыстығы үштік құрылым, дүниенің төрт бұрышы сияқты ұғым, түсініктер, таңбалардағы (реальды, концептуальды, перцептуальды) кеңістік пен уақытта заттанған көрініс алады. Өйткені ертеде көшпелілер айтқысы келген ойларын қолданбалы өнері арқылы жеткізе білген.
Халқымыздың сарқылмас бай қазынасы, рухани мұрасы болып табылатын қазақ қолданбалы өнеріне деген алғашқы негізі, ұлттық мәдени құндылықтарға баулу ісі мектептегі бейнелеу өнері пәнінен басталатыны белгілі.
Осы тұрғыдан бейнелеу өнері пәнін мектепте оқытудың негізгі мақсаты қоршаған орта әсемдігін көру, сезіну, қабылдау қасиеттерін қалыптастыру, эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілетін жетілдіру, көркемдік қаракеттерді өз бетімен орындауға үйрету болып табылады.
Қазақстандағы мектеп оқушыларының көркем мәдениетін қалыптастыруда дәстүрлі өнердің ерекшеліктері мынадай міндеттерді алға қояды:
- қолданбалы және бейнелеу өнерінің мәнерлеу тілін меңгеру арқылы қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты қалыптастыру;
- қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыда бағалауға қажетті білім қалыптастыру;
- бейнелеу өнері сабақтарында оқушының шығармашылық қарекеттерінің потенциалын жетілдіру;
-оқушылардың ұлттық өнерге деген мақтаныш сезімі мен елжандылығын қалыптастыру.
Мұндай міндеттерді шешу барысында бағдарламалардағы берілген тапсырмалардың мазмұнындағы ұлттық мәдени мұраны тиімді пайдалану қажет.
пайдаланған Әдебиеттер
-
Балкенов Ж. Халық мұрасындағы ұлттық өрнек және рең. Ғылыми әдістемелік монография. –Қарағанды: КарГУ, 1996. – 198 б.
-
Маргулан А.Х. Казахское декоративное прикладное искусство. –Алма-Ата: Өнер, 1986. – 256 с.
-
Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. - Алматы: Қазақстан, 1995. – 240б.
-
Муканов М.С. Казахские домашние художественные ремесла. –А.: Казахстан, 1979.
-
Жәнібеков Ө. Жолайрықта. – Алматы: Рауан, 1965. -109 б.
-
Жолдасбекова С.А. Бастауыш класс оқушыларының сәндік қолданбалы өнерге эстетикалық қызығушылығын қалыптастыру. П.ғ.к. дисс. - А., 1993. – 165 б.
-
Сейдімбек А. Қазақ әлемі: этномәдени пайымдау. Оқу құралы. – Алматы: Санат, 1997. – 464 б.
-
Сапарұлы Б. Адалбақан: Ғылыми-көсемсөздік желілер. – Алматы: Өнер, 1992. – 384 б.
-
Уалиханов Ш. Таңдамалы шығармалары. – Алматы, 1985. - 348 б.
-
Әбдіғапбарова Ұ.М. Оқушыларды тәрбиелеуде қазақ ұлттық ою-өрнек өнерін пайдалануға студенттерді даярлау. Канд. дисс. – Алматы. - 1998.
-
Козыбаев Е. Формирование эстетической культуры старшеклассников средствами казахского музыкального фольклора. –Алматы, 1998.
Достарыңызбен бөлісу: |